Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
  1. Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз

Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді. 1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі. элемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2% болған. 1949 жылы салык жүйесінде реформа жүргізілді. Жал-пы алганда салықтар көтерілді, тек корпорацияларга салына-тын салык төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпка келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары кысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы катардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мем-лекет бакылап отырды. Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жогары көрсеткіштер көрсетті. 50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасынын өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге беталды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаган болатын. 2-кезең: (1970 ж.) Жапония экономикасында айтарлықтай кұрылымдық өзгерістер орын алды. 1951-1970 жж. Аралағында өнеркэсіп өнімінің орташа жылдык көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%. 1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі элем бойынша 2-ші орынға ие болды, ал 1970 жылы Жапония элемдік экспортта 4-ші орынға шықты. Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар эсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:

  • энергоматериалдарды азайту аркылы өндірісті белсендіру;

  • электроника және технология салаларын толықтай игеру;

  • экономиканы реттеуші мемлекет ролінің өзгеруі,

  • инф-ляция, ұлттық валютанын тұрақтануы, нарықтық механизмдерді кұру секілді қосалқы әдістер арқылы экономи-каны реггеу;

  • сырткы экономикалык катынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция күйып, экспортка деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.

3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қаркынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер. Жапонияның сыртқы экономикалық катынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті: Ғылыми-техникалык өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;

Өндірістің орталықтануы мен шогырлануын мемлекеттің реттеуі;

Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал келемінің көбеюі;

Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;

Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;

Ұлттык кірісті мемлекет саясатымен кайта қарауы Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия жэне Жаңа Зеландияның нарык жүйелерін кеңінен басып алды. Жапония Шыгыс Азиядағы 4 ірі-ірі - Хоккайдо, Хансю, Си-коку жэне Кюсю аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы - 372,2 мың кв км. Халкы - 122,2 млн-ға жуық. Астанасы - Токио. Ресми тілі - жапон тілі. Негізгі діндері - синтоизм жэне буддизм. Ұлттық валютасы - иена. Жапония - конституциялық монархия. Конституция бойынша император «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады.

  1. Жапонияның “экономикалық ғажайыбының” мәні мен себептерін түсіндіріңіз

  1. Жапонияның экономикалық ғажайыбы” жылдары мен оның басты бағыттарын түсіндіріңіз

Жапондык экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ак көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде? Бұл сұрақтардың жауабы болып келесі факторлар саналады:

  • шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пай- далана білу;

  • негізгі капиталды жаппай жаңарту;

  • ішкі нарыкты ұлгайту, соның ішінде аграрлық реформа есебінен;

  • шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану. Сонымен қатар Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап қөрсетуде:

  • жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ Жапонияда 9-жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;

  • жапон кэсіпкерлерінің сирек кездесетін ақыл-ой өрісі;

  • әкімшілік пен персонал арасында үйлесімдік таба білген жалдамалы еңбектің дэстүрлі калыптасқан жүйесі;

  • капитал жинаудың жоғары мелшері;

  • жеке ғылыми - техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.

Сонғы кездері бұл факторлар мыналармен толықтырылды: шикізат ресурстарының жоқтығы, Жапония импортпен қажетті ресурстарының 99% алады, соның ішінде 100% боксит, мата, табиғи каучук, 99,7% мүнай, 99,5% темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымыи әрдайым жаңалап отыруға, энергия мен ресурстарды үқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді. Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңгы қатарлы дамыган капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды мықтап ұстанды. Жапон тауарларының бэсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар болып саналатындар:

  • өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;

  • еңбек өнімділігінің өсімі;

еңбек ету саласындатүсінбеушіліктің болмауынан жүмыс уақытын жоғалту;

  • жан басына шыккандағы табыс көлемінің өте жогары- лығы.