Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать

18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)

Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді.

1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі. элемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жа-пония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2% болған. 1949 жылы салык жүйесінде реформа жүргізілді. Жал-пы алганда салықтар көтерілді, тек корпорацияларга салына-тын салык төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпка келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары кысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы катардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.

Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мем-лекет бакылап отырды. Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жогары көрсеткіштер көрсетті. 50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасынын өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге беталды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаган болатын.

2-кезең: (1970 ж.) Жапония экономикасында айтарлықтай кұрылымдық өзгерістер орын алды. 1951-1970 жж. аралағындаөнеркэсіпөнімініңорташажылдык көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%. 1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі элем бойынша 2-ші орынға ие болды, ал 1970 жылы Жапония элемдік экспортта 4-ші орынға шықты.

Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар эсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:

  • энергоматериалдарды азайту аркылы өндірісті белсендіру;

  • электроника және технология салаларын толықтай игеру;

  • экономиканы реттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инф- ляция, ұлттық валютанын тұрақтануы, нарықтық меха- низмдерді кұру секілді қосалқы әдістер арқылы экономи- каны реггеу;

  • сырткы экономикалык катынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі ин- вестиция күйып, экспортка деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.

3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қаркынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер. Жапонияның сыртқы экономикалық катынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті:

  • Ғылыми-техникалык өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;

  • Өндірістің орталықтануы мен шогырлануын мемлекеттің реттеуі;

  • Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал келемінің көбеюі;

  • Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;

  • Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;

  • Ұлттык кірісті мемлекет саясатымен кайта қарауы.

Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия жэне Жаңа Зеландияның нарык жүйелерін кеңінен басып алды. Жапония Шыгыс Азиядағы 4 ірі-ірі - Хоккайдо, Хансю, Си-коку жэне Кюсю аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы - 372,2 мың кв км. Халкы - 122,2 млн-ға жуық. Астанасы - Токио. Ресми тілі - жапон тілі. Негізгі діндері - синтоизм жэне буддизм.Ұлттық валютасы - иена.Жапония - конституциялық монархия.Конституция бойынша император«мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады.

Бүгінгі таңда өзінің экономикалык потенциалы жагынан әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн $ (доллар). Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12% Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңцеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, роботтар шығарудан элем бойынша бірінші орында.

Ауыл шаруашылығында шағын шаруа кожалығы жаксы дамыған. Басты ауылшаруашылық өнім – күріш, сонымен катар жеміс-жидек, көкөніс өндірісі, сондай-ак балық аулау саласы. Негізгі экспорт тауарлары: машиналар мен жабдыктар, электроника, металдар және металл бұйымдары, химиялык өнімдер. Негізгі импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жарты-лай шикізаттар. жанармай жэне азык-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4% тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып, импорт - 126 млрд доллар болған.

90-шы жылдардағы Жапония экономикасы ұзаққа созылган тоқыраудан бір жола шыға койган жоқ, бұған бірден бір себеп болғаны - қозғалмайтын мүлік нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынга ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жүйесі де көптеген қайта қарауга тэн жақтарын көрсете бастады. Осылайша 90-шы жылдардагы үкіметтің алға қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру, тоқыраудан шығу сиякты мемлекет деңгейіндегі өзекті мэселелер болып саналды.