
- •Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
- •Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз
- •4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз
- •6. Ата елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашлықтарын сүреттеңіз
- •7. Ата елдерінің өзара экономикалық қатынастарының объективтік негіздерін көрсетіңіз
- •Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз
- •Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •14.Экономикалық дамудағы экспортқа бағытталған стратегияның теориялық негіздерін анықтаңыз және нақты нәтижелерін көрсетіңіз
- •Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз
- •16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз
- •17. Жапонияның табиғи-шикізат және демографиялық ресурстарын суреттеңіз
- •18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)
- •Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз
- •Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз
- •23. Жапонияның экспортқа бейімделу стратегиясының себептері мен салдарларын анықтаңыз
- •24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз
- •Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз
- •Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз
- •27. Жапонияда экономикалық басқару (менеджмент) жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және Жапонияның экономикалық мәселелерінің арақатынасын анықтаңыз
- •29. 1990-Ы жылдардағы “бабуру”(көпіршік) экономикасыныңмәні мен салдарларын көрсетіңіз
- •1990-Ы жылдарданкейінЖапонэкономикасының даму қарқыны мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Фукусима апаты мен Жапон экономикасының даму мүмкіншіліктеріне болжау жасаңыз
- •Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
- •37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
- •1978 Ж. Кейінгі Қытай экономикасының дамуы мен құрылымдық өзгерістерін сүреттеңіз
- •43. Қытай экономикасының болашақ дамуына әсер ететін факторлардың қайшылығын атап, түсінік беріңіз
- •44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
- •47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
- •48.Оңтүстік Корея (Корея республикасы) экономикасының жалпы сипаттарын көрсетіңіз
- •Корея түбегіндегі экономикалық дамудың екі моделіне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Корея республикасының экономикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін суреттеңіз
- •Тайвань экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •54.Индонезия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Таиланд экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Индия экономикасын ажалпы сипаттама беріңіз
- •57. Индияның өнеркәсіптік дамуының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •58.Индияныңтабиғи-шикізатжәнедемографиялықресурстарына шолу жасап, оның экономикалық дамуға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
- •Пакистан экономикасынажалпысипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз
Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Әлемдік экономиканың жаһандануының жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер технологилық үдерістердің жекелеген салаларына мамандана бастады. Мұның өзі интернационалданудың одан әрі дамуына негіз болды. Осы жылдары байланыс құралдары мен ақпараттық желілер жетілдіріліп, солардың негізінде қаржы аясы Әлемдік экономиканың жаһандануының жаңа деңгейіне өтуіне мүмкіндік алды. Мұның өзі инвестициялау мен несиелендіру саласында жаңа мүмкіндіктер туғызды, сондай-ақ сауданың бұрын болып көрмеген деңгейде дамуына алып келді. Ұлттық шекаралардың мәні күрт төмендеді. Бұрын сыртқы факторлар деп есептелетін елдің экономикалық дамуы ұлтаралық бизнес үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық кәсіпкерлік үшін де бейне бір ішкі факторларға айналып қалды. Бұл құбылыс интернационалдану деп аталды. Әлемдік экономиканың жаһандануы елдерді өздерінің басқару атқарымдарының бір бөлігін халықаралық ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік сауда ұйымына беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасының нормалары мен ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі мен салдарларына түрліше баға беруде. Алайда жаҺандық экономиканың аса маңызды белгілері қазірдің өзінде айқындалды. Атқарымдық тұрғыдан жаҺандық экономикада мына белгілерді баса көрсетуге болады: жаҺандық қаржы жүйесі (электрондық байланыс құралдарының дамуы және компьютерлік технологиялардың пайдаланылуы арқасында осындай жүйеге айналып отыр); зияткерлік қызметтің нәтижелерін алмасудың жаҺандық жүйесі (технологияларды пайдалануға берілген лицензиялармен дәстүрлі сауда жасаудан бастап, интернетке біріктірілген компьютерлік ақпараттық желіге дейін); тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қозғалысының желісі (тасымалдау, сақтау, сақтандыру, маркетинг, жарнама, тауар ағынын ұйымдастыру, т.б.). Сонымен бірге Әлемдік экономиканың жаһандануының кейбір бағыттарын асыра бағалаудың жөні жоқ. Мысалы, халықаралық өндіріс оның негізгі бағытына айналған жоқ. Әзірге негізінен жаҺандық сауда жүйесі ұлттық өндірістің нәтижелеріне арқа сүйеп келеді. Сонымен қатар Әлемдік экономиканың жаһандануы әркелкі даму мәселесін де шешкен жоқ, тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік ағынына да ықпалын тигізе алмай отыр.
Әлемдік экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды:
Халықаралық сауда:
тауарлармен;
қызметтермен;
технологиялармен;
интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.
2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы:
- капитал (тікелей инвестициялар түрінде);
- жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).
3. Халықаралық қаржылық операциялар:
- несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың);
- негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар);
- туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.)
- валюталық операциялар.