Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод Grade 12 Kazakhstan in the Modern World...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

3.2 Презентацияны жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар

Төмендегі түсіндірмеде жақсы тұстары қанат белгісімен (), жетілдіруге келетін әлсіз тұстары (x) және жетілдіруге қажетті ұсыныстар () көрсетілген.

Бағалау міндеттері

Түсіндірмелер

БМ1

Білу және түсіну

  • Тақырып біріңғай жақсы анықталған және ашылған

  • Зерттеу тапсырмасымен тура байланыс

  • Назар аудартатын қамту және егжей-тегжейлі нақтылаудың "үлкен суреті"

  • Қажетті сәйкес қосымша ақпаратты жақсы іріктеген

  • Егжей-тегжейге түсу үрдісінен кете алған.

  • Зерттеудің жүйелілік сипаты

  • Тиімді жоспарлаудың жақсы үлгісі

БМ2

Білік: талдау, бағалау және мәселені шешуі

  • Талдаудың жоғары деңгейі

  • Презентацияда да, туындаған сұрақтарда да қатысушының талдауды жақсы түсінуі.

  • Тақырыпты тереңнен игерген және сұрау нәтижесінде байқалған ҚР мен әлемдегі кең көлемді мәселелер бойынша хабардар екендігі

  • Тепе-теңдіктің ісерлі деңгейі, мәселен, пікірталас барысында энергияның балама көздерін және оларды қолдануды еске алу ой-пікірдің жетілгендігін көрсетеді.

  • Әрбір сұраққа жауаптың қысқа әрі нұсқа екендігінің көрсеткіші болып табылатын сұрақтарға жауап берер алдын кішкене тоқталысы байқалмайды да.

БМ3

Дағдылар: коммуникация және презентация

  • БАҚ мәліметтерін жеткілікті қолдану

  • Презентациялық дағдылардың жоғары деңгейі

  • Аудиторияны сезіндіре алуы және шамамен даулы мәселенің күрделілігін түсіну

  • Бірнеше пункттерде ақпараттың көптілігі

  • Материалдарды тақырыптың презентациясымен қатар тарату сәтсіз болды.

  • Ой-пікір мен ақпараттар ағымын үзбес үшін материалды басында немесе соңында тарату

3.3 2-презентация үлгісі (C деңгейіне сәйкес)

Қош келдіңіздер!

Кіріспе: 2010 жылдан бастап Қазақстан Кедендік Одаққа мүше болып табылады. Мұның артықшылығы мен кемшілігі неде болып отыр, және уағдаластықтың нақты баламасы бар ма? Біз бұл мәселені Еуразиялық интеграциямен байланысты қарауымыз қажет. Және де бұл тақырыпты қазіргі уақытта талқылау өзекті болып табылады.

  • Кедендік Одақ: ортақ сыртқы тарифі мен сыртқы сауда саясаты бар 3 еркін сауда аумағынан құралған сауда блогі; тәжірибеде - Беларусь, Қазақстан, Ресей жағдайындағы Кедендік Одақ (географиялық жақындық пен Қазақстан, Беларусь, Ресейден алынатын бірегей тариф, Кедендік Одақ аясында емін-еркін қозағала алады).

  • Еуропалық одақтағы интеграциялық үдерістерге байланысты Кедендік Одақтың басқа да үлгілері.

  • Кедендік Одақ жаһандану жағдайындағы өмір сүру стратегиясы ретінде. Бірлескен кәсіпорындар, сауда блогінің қуаты, көші-қонды (миграция) мәмілелесу және оңтайлылық.

  • Қазақстан, Беларусь, Ресей Кедендік Одағының тарихы: 1.1.10 ,1.1.12, Еуразиялық Одақ 2015 жылға жоспарлануда (бұған соңында ораламыз!) , Біріңғай Экономикалық Кеңістік.

  • Кедендік Одақты Еуразиялық Экономикалық Комиссия және елдің халқына тиесілі тұлғамен (Ресей ықпалының басымдығы - бұған соңында ораламыз) басқарылады. 2011 жылы 19-шы қарашада Еуразиялық Одақтың 2015 жылға дейінгі қызметін басқару мақсатында құрылған болатын. Комиссия кеденге, бәсекелестікке және көші-қонға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Комиссия КО пен ЕЭҚ келісім-құқықтық негізін құрайтын халықаралық келісім-шарттардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Ресей, Қазақстан және Беларусь біріккен сауда күші ретінде 17.1 триллион АҚШ долларын құрайтын ЕО ЖІӨ-мен және 14.8 триллион АҚШ долларын құрайтын (2011 ж. мәлімет) АҚШ ЖІӨ-мен бәсекеге түсу үшін 2.1 триллион АҚШ долларын (3% әлемдіктен) құрайтын атаулы ЖІӨ бар.

  • Үміткер қатысушылар: Қырғызстан, Тәжікстан, Армения - мәселе көтеру!

Соңы: мұнда Кедендік Одақтың әлемдегі тұрған орнын көрсететін көмекші картасы көрсетілген. (Бұл - жаһандануға сілтеме және Қазақстанның осы үдерістегі рөлі).

Оң жағы:

- Араласқан сауда державасы мәртебесінің экономикалық бекітуі

- Сауда қызметтері үшін кеден тарифтерін үйлестірудің артықшылығы

- Кең мағынасындағы Еуразиялық (экономикалық) интеграцияға "алғашқы қадам" түсінігі.

- Капиталдың, жұмыс күшінің және тауарлардың еркін қозғалысы. Еркін сауда (капитализм, жаһандану) қамқорлығымен қазіргі әлемдегі ҚАЗАҚСТАН МӘРТЕБЕСІН көтеру.

Теріс жағы:

- Осы мәселенің халықтың ойында, жүрегінде және бұқаралық ақпарат құралдарында саясиландырылуы.Күрделі мәселелердің Ресейдің "ішкі және сыртқы" ықпалы аясында жарылуы. Осы үдерістегі ҚАЗАҚСТАННЫҢ рөлі қандай? Оданда осы міселе жөнінде ойланайық.

- Кедендік Одақ құрылымында Ресейдің басымдылығы, мысалы, Қазақстан кейбір пункттер бойынша артық төлейді, яғни барлық тарифтер мен ережелер келісілмеген. Әділеттілік орнайтын күн туады ма?! (талқылау үшін)

- Тарифтердің келісудің шамадан тыс бюракратиялық және күрделі келісуі. Ресей ДСҰ мүше, Қазақстан мүше емес. Бұл айырмашылқтарды қандай жолмен келісіуге, шешуге болады? Өте күрделі сауда мәселелері.

Мұнда ескерту қажет: мен жүргізген зерттеулер бейтарап. Талдау барысында біз зерттеу жұмысын жүргізгендегідей бейтарап болуымыз қажет.

Қатаң экономикалық және саяси фактілерден сақ болыңыз.

Сосын өз пікіріңізді қабылдаңыз. Мысалы, қолданылған кейбір қорларды еске түсіріңіз (экономикалық есептер - үзінді мәтіндерден аулақ болыңыз). Сөйтіп,

Еуразиялық интеграция Кедендік Одақтың "ия және қарсы" шешімдерімен тығыз байланысты болғандықтан, мен осы пунктті нақтылай түсейін деп едім. Менің зерттеулерім, Кедендік Одақ Еуразиялық интеграция туралы мәселенің тууына әкеледі. Қызықтыратыны Еуразиялық Одақ идеясы 1990 жылдары Н.Ә. Назарбаевтың Мәскеу Мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде бастама алған болатын. Шын мәнісінде бұл Путинның жобасы емес. Бұл туралы әділетін айту керек.

Еуразиялық интеграцияның тағы қандай белгілері бар?

Еуразиялық Экономикалық Кеңістіктің 2015 жылға қорытушы жоспарлары

Үдеріс шындыққа айналу үшін, ол әлі де болса даму үстінде

Жауапсыз қалған сұрақтар да бар?

Қатысушылар?

Ережелер?

Талаптар?

Ерекшеліктер?

Аудитория үшін ерекшеленуі тиіс пункттер: Вильнюстегі ЕО Шығыспен ынтымақтастығы Саммитіне қатысты және Украинаның ЕО қатысты ағымдағы қайшылықтары. Бұл қайшылықтардың Қазақстанға және Кедендік Одаққа әсері қандай?

Біз мұндай мәселелеріді көтеріп, оны талқылауға және шешімін табыға тырысудан қорықпаумыз керек. Біз осы мәселелер жөнінде хабардар болып жүруге тиістілердің қатарынанбыз, себебі, бүгінгі шешімдермен ертең өмір сүретін бізбіз.

"Жұмыс үдерісте" - сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың қолданатын термині. Қазақстанның көпқырлы сыртқы саясатының маңызы (Қазақстан-2050 стратегиясын еске түсір). В. Путиннің Кедендік Одақ кең ауқымды Еуразиялық интеграцияның бастауы деген сөзін айтыңыз.

Кез-келген ынтымақтастық механизмінде өзіне сай мәселелері болады. Соған сай, бұл да солай. Еуропалық Одақ аясындағы әр-түрлілікпен салыстырсақ, бәріне бастапқыда өз ойын айту қиынға соғады және мінсіз жасай бастайды. Алдыңғы слайдтағы оң және теріс жағын еске салыңыз.

МЕНІҢ ПІКІРІМ (+ өз ойыңызды қорғауға қайындалыңыз): Кедендік одақ - Еуразиялық интеграция мханизмдерінің бірі болып табылады. Және ондағы рөлдің бірі өазіргі әлемдегі Қазақстанға тиесілі. Көңіл-күй мәселелеріне мән бермеңіз! Мен бұдан мәселе жасамауды маңызды деп санаймын. Біз Еуропамен де, Ресеймен де бола аламыз. Қазақстан бұл механизмді дипломатиялық құрал ретінде басқа салаларда қолдана алады: сыртқы саясатында Қазақстан ТМД, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және т.б ұйымдарда өз күшін көрсетуде. Кедендік одақ - мәселелерді шешуге кілт, дегенмен, абайлап әрекет ету керек. ЖӘНЕ ЕҢ БАСТЫСЫ, біз Қазақстанға бұдан пайда келетініне сенімді болуымыз керек. Біз жас мемлекет ретінде, және өткен тәжірибелерді жөн санап артықшылықтарға үлкен мән беруіміз қажет. Қазақстан Еуразияда ғана емес әлемде маңызды рөлде екенін есте сақтауымыз керек. Мысалы, ядролық қарусыздандыру, басқа елдереге инвистиция салу, әлемдік майдандағы өсіп келе жатқан рөлі. Бізге болашақ туралы жағымды ниеттенген болуымыз жөн. Назарларыңызға рахмет. Қандай да бір сұрақтарыңыз бар болса, мархаббат?

.