Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод Grade 12 Kazakhstan in the Modern World...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

2.6 Жұмысты жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар

Төмендегі түсіндірмеде күшті тұстары қанат белгісімен (), жетілдіруге келетін әлсіз тұстары (x) және жетілдіруге қажетті ұсыныстар () көрсетілген.

Бағалау тапсырмасы

Түсіндірмелер

БМ1

Білу және түсіну

  • Ақпараттар сауатты жинақталған.

  • Дерек көздері жеткіліксіз қолданылған.

  • Жеке зерттеу жұмысының көлемі үлкен емес.

  • Оқушы мәліметтерді алуда күш салғаны туралы көзге көрінер дәйек жоқ.

  • Оқушылардың өздері кең түрде зерттеу жұмысын жүргізе алатын тақырыптарды таңдауына кеңес береміз.

БМ2

Білік: Талдау, Бағалау және мәселені шеше алуы

  • Талдауды аз жасағаны, көбіне түсіндірмеге көңіл аударғанынан көрінеді.

  • Барынша нақтыланған тәсіл арқылы тақырып бойынша терең талдау мен бағалау жүргізуге болады.

БМ3

Дағдылар: Коммуникация және презентация

  • Жұмыстың түсіндірмелі сипатта жазылуы жоғары ұпай қоюды қиындатып отыр.

  • Алайда жазбаша бөлігі өте сауатты жазылғанымен, ой мен пайымдаудың жоқтығы бағаны төмендетеді.

  • Бірден де көп басқы жолдардың айқын көшірілгені, Интернет арқылы қолжетімді ақпаратпен дәл келуі (бірінші беттегі ақпараттың көп бөлігі www.Wikipedia.com және www.akorda.kz сайттарындағы Президент сөзінің тұжырымымен өте ұқсас).

  • Кейбір дәйексөздерде сілтеме жоқ.

  • "Мен", "біз" деген есімдіктерді көп қолдананады, академиялық жазба нақышын ұстамайды.

  • Іс-шаралардың өткізілген күніне қатысты қателер бар.

3 3- емтихан жұмысы: Презентация

Тапсырма пішімі

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысының негізінде презентация жасауы және зерттеу тақырыбы бойынша 5 минут уақыт аралығында сұралуы қажет.

Презентация барысында үміткерлер өз зерттеулерінің дербестігін, әдіснамалары мен тұжырымдарының негізгі элементтерін көрсете білуі қажет, сондай-ақ аудиторияға жасалған жұмыс туралы мәлімдеуге және жұмысты қалай орындалғанын түсіндіруге қабілетті болуы керек. Одан соң жұмыстың сапасын тексеруге бағытталған сұрақтарға жауап беруі тиіс және де зерттеу тәсілдерін түсіндіріп, тұжырымдарын көрсетуі қажет.

  • Әрбір қатысушыға 15 минут уақыттан беріледі.

  • Презентацияның ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.

  • 5 минут уақыт көрсетілген жұмысқа қатысты сұрақтарға беріледі.

  • Презентация мен қатысушының сұраққа жауап беруі ең көбі 15 ұпайдан аспауы қажет.

Мәліметтер келтірілген презентация көрнекі түрде MS PowerPoint (немесе осыған ұқсас басқа да бағдарламамен) көрсетілуі қажет.

Соңында қатысушылар презентация уақытысында айтатын сөздері мазмұндалған белгілер қойылған презентацияны слайд ретінде баспаға қағаз-белгі ретінде шығарып өткізулер қажет.

Қағаз-белгі ретінде шығарылуы қағаз- түрінде және презентация уақытысында айтатын сөздерін мазмұнын баспадан шығарып беруі керек.

Ескерту! Презентацияда жұмыстың толық мәтінін көрсету міндетті емес және олай жасау ұсынылмайды.

Бағалау өлшемдері

Барлық 15 балл бағалау тапсырмасы бойынша келесідей тәртіппен үлестірген:

БМ1 5 балл

БМ2 5 балл

БМ3 5 балл

Балдарды қоюдың жалпы кестесі

Балдар

БМ1 Білу және түсіну

БМ2 Білік: талдау, бағалау және мәселенің шешілуі

БМ3 Дағдылар: коммуникация және презентация

5

Тақырып ұтымды анықталған және де зерттеу тапсырмасының сәйкес бөліктері сілтеме арқылы ашылған

Зерттеу тақырыбы презентацияда сәйкесінше белгіленген негізгі ережелермен нақты талданған, қарастырылатын мәселелерге талдау жасалған және қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берілген.

Бұқаралық ақпарат құралдарын жетік меңгеруі презентацияның үздік дағдылары арқылы тиімді пайдаланған, аудиторияны дәйекті түрде нақтылы, қысқаша және шынайы хабардар етілді.

4

Тақырып жақсы анықталған және зерттеу тапсырмасының сәйкес бөлімдеріне сілтемемен ашылған.

Зерттеу тақырыбы презентацияда сәйкесінше белгіленген негізгі ережелермен жақсы талданған, қарастырылатын мәселелерге талдау жасалған және қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берілген.

Бұқаралық ақпарат құралдарын жақсы меңгеруі презентацияның жеткілікті дағдылары арқылы жақсы пайдаланған, аудиторияны дәйекті түрде нақтылы, қысқаша және шынайы хабардар етілді.

3

Тақырып қанағаттанарлық деңгейде анықталған және зерттеу тапсырмасының сәйкес бөлімдеріне сілтемемен ашылған

Тақырып презентацияда сәйкесінше белгіленген негізгі ережелермен орташа талданған және қарастырылатын мәселелерге жеткілікті деңгейде талдау жасалған, қатысушының қойылған сұрақтарға жауабы көп жағдайда сәйкес келмейді.

Бұқаралық ақпарат құралдарын орташа меңгеруі презентацияның жеткілікті дағдылары арқылы жақсы пайдаланған, аудиторияны дәйекті түрде нақтылы, қысқаша және шынайы хабардар етілді.

2

Тақырып анықталған және зерттеу тапсырмасының сәйкес бөлімдеріне сілтемемен ашылған

Тақырып презентацияда сәйкесінше белгіленген негізгі ережелермен қысқаша талданған, қатысушы сұрақтарға қанағаттанарлық деңгейде жауап бермеген.

Бұқаралық ақпарат құралдарын презентацияның нашар дағдылары арқылы шектеулі пайдаланған, жеткіліксіз дәйектер арқылы қанағаттанғысыз презентация жасалған және аудитория нашар хабардар етілді.

1

Тақырып қанағаттанғысыз деңгейде анықталған, жеткіліксіз талдау жасалынған және де зерттеуге ешқандай қатысы жоқ

Жұмыста талдау нашар көрсетілген, негізі ережелер зерттеу тақырыбына сай келмейді, қатысушы сұраққа жауап бере алмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын презентацияның нашар дағдылары арқылы жеткіліксіз пайдаланған, презентация жеткіліксіз ұйымдастырылған, аудиторияны ешқалай хабардар ете алмады.

3.1 1 презентация үлгісі (А деңгейіне сәйкес )

Кіріспе (презентация құрылымын түсіндіру): презентацияға шолу жасау (Қазақстандағы мұнай тураы мәліметтер, мұнай өнеркәсібін дамытуға нақты дәлелдер, мұнайға қарсы дәлелдер, Қазақстанның жасыл энергияға мүмкіндігі, зерттеу бойынша қорытынды).

Мұнай секторын зерттеуге байланысты өз әдіснамаңызды атап көрсетіңіз: Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі және кейінгі кезеңдегі мұнай секторының дамуы бойынша деректер; Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және әлемдегі мұнай және газ салаларының дамуы бойынша есептер; Мұнай және газ министрлігінен, баса да мемлекеттік мекемелерден, Дүниежүзілік Банк секілді халықаралық ұйымдардан мәліметтер.

Мұнай өнеркәсібінің ахуалы туралы обьективті зерттеуде бейтараптылықтың маңыздылығын ерекшелеңіз: ұлттық мүдделер әрине, маңызды бірақ оны экономикалық деңгейде қараған жөн.

Қазақстан мұнайының қысқаша тарихы

  • 1899 жылы Қарашұңғылдың ашылуы

  • Кеңес уақытысындағы мұнай табыстарын үлестіру

  • Тәуелсіздік алғаннан кейін: шетелдік фирмалардың келуі, мемлекеттік қорларды жекешелендіру, мұнай инвистициялары (соның ішінде білім саласына).

  • Қазіргі уақыттағы Қазақстанның мәртебесі: қор бойынша 11-ші орында, өндіру бойынша әлемде 18-ші орын.

  • Негізгі бағыттар туралы айтыңыз, құбыр жүргізу туралы ескертіңіз (Транс-ауған мұнай құбыры, Набукко және "қытай" мәселесі).

Экономикалық

- Экономикалық дамудың ұлғаюы (Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда). ЖІӨ өсуі бойынша диаграмма көрсетіңіз. Шетелдік инвестицияларды тарту. Қазақстанның жаһандық майданда ойыншыға айналуы. Өсу бүкіл халықтың жағдайын жақсартуға әкеледі. Негізгі қорларды (толық емес жаппай сатылым) мемлекеттік қолдау мұнайдан түсетін табыстардың мемлекеттің инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау саласы және т.б бойынша шығындарына аударылуы мүмкін.

Саяси

- Мұнай табыстары мен мұнайдың кен әлеуеті Қазақстан аумағында немесе жақын маңайда құбыр жүргізу құрылысын жүргізуде "басты құрал" болып табылады. Қазақстанды инвистиция салу үшін қауіпсіз аймақ ретінде көрсетіңіз (мемлекеттендіру қаупі жоқ), сондай-ақ Қазақстанды әлемнің тұрақсыз аумағындағы мәртебесін көрсетіңіз.

Әлеуметтік

- Мұнайдан түсетін табыстар өте үлкен: табысты халықтың әл-ауқатын көтеру үшін пайдалану; Самұрық - Қазына ұлттық әл-ауқат қоры мұнайдан түсетін табысты тек қана мұнайға тәуелді құрылымдардың таралымын көбейтіп қана қоймай болашақ және мемлекеттік өнеркәсіптік жобаларға бағыттайды.

Экономикалық

  • Мұнай өнерәкісбіне деген үлкен тәуелділік (Голландиялық апатты қараңыз). Қауіпті сипат - "барлық жұмыртқаны бір себетке салу". Мұнай бағасының ауытқушылығына әлсіздігі. Көмірсутекті және тау-кен өндірісі салаларындағы ұқсас жағдайлар. Қазақстанда осының бәрі де экономиканың негізгі белгілері ретінде көрсетілген.

  • Қазақстанның барлық өңірінде мұнай қоры жоқ және бұл аймақтардағы халықтың бәрінің табысы бірдей емес (2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаны қараңыз). Елде тыныштықты орнатуды және өсуді қамтамасыз ету үшін бізде қайта қарастыруды талап ететін бірнеше мәселелер бар: мұнайдың өсуінен түсетін табысты үлестіру. Энергияның ұқсас көздері артықшылыққа ие ма?

Саяси

  • Сыбайлас жемқорлыққа қатысты даулар ресми және шетелдік компанияларды елеңдетеді (Мемлекеттік мұнай өнеркәсіптерінің бірлестігі және Қашаған). Сурет.

  • "Құбыр жүргізу дипломатиясы": барлығы саясиландырылғандықтан және барлық елдердің нақты кестесі болғандықтан ел игілігі үшін мүдделердің жалтақтығындағы қиындықтар. Мысалы, өсіп келе жатқан қытай ықпалынан қорқыныш. Шиеленіскен саяси ахуалда жас Қазақстан қалай жетістікке жете алады?

Әлеуметтік

  • Әлеуметтік теңсіздік (экономикалық теңсіздік туралы 1 пунктті қараңыз). Джини көрсеткіші орнында болуы мүмкін, бірақ бұл шындық па? EITI туралы, бірақ ақиқат туралы сақтықты айтыңыз.

Тұрақты немесе қайта қалпына келетін энергия көздеріне сілтеме??? Бұл арқылы біз әлеуметтік теңсіздікпен күресе аламыз, бастысы қоршаған ортаның күйреуіне жол бермейміз (суретін көрсетіңіз). Ауаның, жер асты суының ластануы, ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛМЕЙТІН ҚОРЛАР! Әрине, бұның барлығы ақша табу басты мақсаты болып табылатын жағдаймен кезігетін мәселе!

Қайта қалпына келетін және қайта қалпына келмейтін знергия көздерінің бастауы туралы мазмұндаңыз: анықтама, көмірсутекті және табиғи орларға шамадан тыс тәуелді Қазақстан үшін өзекті. Мұнай біткен жағдайда немесе бағалар бірден түскен жағдайда не болады(?!) Мемлекет өз болашағын қалай жоспарлайды?

Қоршаған ортаның күйреуі мұнаймен тығыз байланысты. Алдыңғы беттермен байлынсытырып және Қазақстан геогрфаиясы мен қоршаған ортасының артықшылығына жүгініңіз.

Шешім: энергияның қайта қалыпна келтін қорлары, мысалы күн, жел. Анықтама. Суреттер қойыңыз (мысалы, Сахара шөлі).

Технологиялық инновациялардың орны ретінде Қазақстан бұл бастаманы өз қолына ала алады. Жақсы мысал келтіріңіз, мәселен Солтүстік Еуропа елдері өздерін экологиялық таза энергияның жаңашыл табушысы ретінде ұстанады. Қазақстанның қоршаған ортасы жаңа жасыл идеяларға алғашқы алаң бола алады. Жасыл энергияның экономикалық мүмкіндіктері.

Сілтемелер: Қазақстанның географиясы өзіндік кіші көлемдегі жасыл энергияның шынайы мүмкіндігі ретінде көрсетіледі. Мәселен, ұлттық желілерден шалғай жатқан аймақтарда күн батареяларын қолдану. Бұл жастарды ойландыратын мәселе болса керек.

Көпқырлы сыртқы саясатымыз секілді теңестірілген әрі алуан түрлі энергетикалық саясатымыз болуы қажет. Мұнайға шамадан тыс тәуелділіктен құтылғанымыз жөн. Вице-премьер Қ. Келімбетовтің 2013 жылғы мұнайды әртараптандыру туралы мәлімдемесін қараңыз.

Қазақстан дұрыс бағытта келе жатқандығының жағымды белгілері:

  • "Жасыл көпір"

  • ЭКСПО-2017 "жасыл тақырып" (сурет келтіріңіз)

  • "Энергия үнемдеу -2020" бағдарламасы

Энергияның қайта қалпына келетін қорлары мен жаңа технологиялар су энергтеикасынан тысқа шығуы мүмкін (Орталық Азиядағы тоған салу бойынша дауларды және т.б еске салыңыз).

Сөзден іске көшуді қолдаймыз! ЭКСПО жақсы бастама, бірақ дегенмен бұл әлі мұзтаудың басы ғана. Саясаткерлер бұл бағытты қолдауда, енді тек азаматтардың ділін өзгерту қалды.

Бізге бірлесіп жұмыс істеудегі түрлі үлгілердің өзара тиімді әрекеттістігінің тәсілдерін табуға рұқсат беріңіздер. Бұл елеміздің игілігі үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жоспарындағы ең берік шешімі болады. Саясаткерлерді дұрыс шешім қабылдауда ынталандыруға болады, ал біздің өзіміз қалғандарын қызықтыруға күш салуымыз қажет. Мысалы, мен үйімде жел диірменін салғым келеді, себебі менің үцім жел көп болатын аймақта орналасқан. Назарларыңызға рахмет! Сұрақтар болса, мархаббат

БОЛЖАЛДЫ СҰРАҚТАР:

Жасыл энергия: Орталық Азия және Еуропаның басқа елдерімен салыстыру, Қазақстанның болашақтағы энергетикалық саясатының әлеуеті, экономикалық даулар, мысалы жел энергиясының тиімділігі.

Ядролық қарусыздандыру жөніндегі сұрақтар: ядролық қарусыздану мәселесіндегі Қазақстанның рөлі, президент Назарбаевтың жеке күш-жігері.

Мұнай құбырлары: соңғы оқиғалар, негізгі қайшылықтар неде? Трансауғандық мұнай құбыры, Набукко, Қытай газ құбыры туралы ойланыңыз (соңғы мәліметті қолданып отырғаныңызға көз жеткізіңіз)

Мұнай саласындағы соңғы оқиғалар: соның ішінде Қашағандағы, жаңа мұнай және газ министрінің рөлі, Қытайдың Қазақстан мен Орталық Азиядағы қызметі.

Энергетика саласындағы теңестірілген саясат: энергияның тағы да қандай түрлері қосылуы тиіс?