Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод Grade 12 Kazakhstan in the Modern World...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Кіріктірілген білім бағдарламасы

Қазіргі әлемдегі Қазақстан 12-сынып

Курстық жұмысқа басшылық

Мазмұны

Кіріктірілген білім бағдарламасы 1

Қазіргі әлемдегі Қазақстан 12-сынып 1

Курстық жұмысқа басшылық 1

1 Кіріспе 3

2 2-Емтихан жұмысы: Зерттеу жұмысы 3

2.1 1 - тапсырма (В деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі) 6

2.2 Жұмысты жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар 12

2.3 2-тапсырма ( С деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі) 14

2.4 Жұмысты жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар 19

2.5 3-тапсырма (Е деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі) 21

2.6 Жұмысты жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар 27

3 3- емтихан жұмысы: Презентация 27

3.2 Презентацияны жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар 35

3.3 2-презентация үлгісі (C деңгейіне сәйкес) 36

3.4 Презентацияны жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар 41

3.5 3-презентацияның үлгісі (E деңгейіне сәйкес) 43

3.6 Презентацияны жетілдіруге байланысты түсіндірмелер мен нұсқаулар 46

  1. Кіріспе

Басшылықтың негізгі мақсаты "Қазіргі әлемдегі Қазақстан" пәні бойынша мұғалімдер мен 12 сынып оқушыларына 2 және 3-емтихан жұмыстарын орындалуына түсіндірме беру болып табылады.

Сыртқы Жиынтық Бағалаудың 1-емтихан жұмысы пәннің мазмұнына негізделіп емтиханда жазбаша түрде орындалуы қажет. 2-емтихан жұмысы емтиханға дейін 12-ші сынып оқушыларының жасаған зерттеу жұмысымен бағаланады. 3-емтихан жұмысын оқушылар презентация түрінде мұғалімге (мұғалімдерге) көрсетеді; презентация жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелеріне негізделіп жасалынады. Оқушылар 2 және 3-емтихан жұмысы барысында төмендегідей мүмкіндіктерін:

  • жұмыс мазмұны бойынша сұрақтарға даярлығын;

  • өз білімі мен талдағыштық ептілігін;

  • презентациялық (ұсыну) ептілігін көрсетуі тиіс.

  1. 2-Емтихан жұмысы: Зерттеу жұмысы

Жұмыс көлемі

Оқушылар көлемі 2500-3000 сөзден тұратын зерттеу жұмысын дайындауы қажет.

Тақырыптар

11-ші немесе 12-ші сыныпта өтілген зерттеу саласына қатысы бар немесе зерттеу барысында пайда болған тапсырма тақырыбы мәселенің тапсырмасына сәйкес келіп, қазіргі уақытта зерделенген зерттеу мәселесін ашып көрсетуі қажет. Оқушының міндеті өзі тәуелсіз зерттеу жүргізе алатын, өз ой-пікірі мен талдағыштық ебін көрсете алатын, өзін қызықтыратын тақырыпты таңдау болып табылады.

Құрылымы

Зерттеу жұмысының нақты көрсетілген құрылымы берілмеген, себебі кейбір оқушылар жұмыстарын зерттеудің негізгі тәсілдерін, атап айтсақ, сауалнама, пікір жинақтау және т.б қолдану арқылы зерттеуді және баяндауды қалауы мүмкін. Ал, басқа біреулері маңызды мәселелерді дәстүрлі академиялық стильде талқылауды қалауы мүмкін. Дегенмен, зерттеу жұмысында жұмыстың нақты тақырыбы, қысқаша кіріспе және қорытынды болуы қажет. Сондай-ақ әдебиеттер тізімі берілуі керек (бірақ жұмыс көлеміне кіргізілмейді). Сонымен қатар, жұмыс көлеміне жатқызылмайтын карталар / диаграммалар / суреттер енгізуге болады.

Атауы

Тақырыптын атын таңдағанда зерттеу өлшемдерінің сақталуына көңіл бөлінуі қажет. Мысалы, "Қазақ мұнай өнеркәсібі" деген атау БМ2 талаптары бойынша (Білік: талдау, бағалау және мәселе шешімі) жоғарғы зерттеуге жатқызылмайды, себебі, жұмыс шамадан баяндау сипатта жазылады. Ал, "Қазақстан мұнайға аса қатты тәуелділікте болуы мүмкін бе?" деген тақырып БМ2 бойынша жоғары бағалауға ие болып, мақсатты бағытталған жұмыс болуы мүмкін. "Қазақстанның әлеуметтік саясаты" дене атау жоғары бағалауға жарамайды, оған қарағанда "Қазақстанның әлеуметтік саясаты қаншалықты тиімді?" деген тақырып өте қызықты.

Маңыздысы, таңдалған жұмыс тақырыбын талдаудан, талқылау және бағалаудан өткізуі. Айта кететіні, балдың көбі ( жалпы алғанда 25-тің 15-і) бағалау міндетіне (БМ2) беріледі.

Жетекшілік

Тақырыпты оқушы өзі таңдайды, ал, оны мұғалім бекітуі қажет. Мұғалім тақырыпты таңдауға қатыспайды. Мұғалім тек тақырыпты нақтылауға және оған сәйкес келетін атты таңдауға көмек көрсете алады.

Мұғалім оқушыларға зерттеу жұмысының құрылымы, зерттеу тәсілдері, бағалаудың үш тапсырмасы бойынша жоғары бағаға қол жеткізу үшін қойылатын талаптар жайында тренинг өткізуі тиіс.

Оқушылар жұмыстың көп бөлігін сыныптан тыс жерде орындауы қажет, алайда мұғалім оқушының жұмысты өз алдына орындағанын оқу үдерісінде қажетті жетекшілік пен бақылауда ұстауы қажет.

Оқушының міндеті жеке зерттеу жұмысын жүргізіп, өз ой-пікірі мен талдағыштық ептілігін көрсету үшін өзін қызықтыратын тақырыпты таңдауы болып табылады.

Плагиат

Біреудің жұмысын көшіру және плагиат жұмыстың жоққа шығарылуына (дискваликация) және басқа да жазалау түріне алып келеді. Қазіргі қамтамасыз ету бағдарламалары арқылы плагиатты тез тауып алуға мүмкіндік зор. Мұғалімдер оқушыларға зерттеу тапсырмаларының үлгілері өз зерттеу жұмысына басшылық ретінде қолдануға берілгендігін айтуы қажет. Мәліметтердің басқа да түрлері секілді бұл үлгілерді көшіруге және оны плагиат ретінде қолдануға болмайды.

Бағалау өлшемдері

25 балл тапсырмада келесідей үлестірілген:

БМ1 - 5 балл

БМ2 - 15 балл

БМ3 - 5 балл

БМ1

Білу және түсіну

Оқушылар:

  • Қазіргі әлемдегі Қазақстанның алатын орны

  • Қазақстанның саяси және конституциялық дамуы

  • Қазақстанның мәдени және ұлттық құндылықтарын

  • Қазақстанның қазіргі тарихы мен экономикасын

  • Халықаралық деңгейдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі

  • Қазақстан Республикасында және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғалардың маңыздылығы жайлы өз түсініктерін көрсетуі қажет.

БМ2

Білік: талдау, бағалау және мәселенің шешілуі

Оқушылар білуі қажет:

  • өзекті ақпаратты түсіндіру және талдау

  • кең спектрлі мәліметтерге негізделген түрлі көзқарастарды бағалау және жүйелеу

  • ойланып айтылған дәлелдерді құрастыра білу

  • негізделген жұмысты қамту, бағалау, жетілдіру

  • өздігінен зерттеуді жоспарлау және жүргізу, зерттеу жұмысына қатысты мәліметтерді таңдау және қолдану.

БМ3

Дағды: коммуникация және презентация

Оқушылар:

  • зерттеу жұмысын қажетті түсінікті сөздік қорын пайдалана отырып әртүрлі үлгіде, мәселен эссе, баяндама және зерттеу түрінде ұсына алуы

  • компьютерлік құралдарды пайдалану арқылы көпшілікке презентация жасап, емтихан алушының сұрақтарына тиянақты жауап бере алуы ТИІС.

Балдарды қоюдың жалпы тәсімі

Балдар

Дескрипторлардың ауқымы

21-25

Зерттеу жұмысы өте өзекті мәселенің сұрағына жауап береді, яғни байыппен орындалған және зерттеу жұмысы өте жақсы презентацияланған.

  • Таңдалған тақырып өте ұтымды ұсынылып, нақты талқыланды.

  • Дәлелдемелер сәйкесінше толық ойластырылған, талдау қысқа әрі қисынды

  • Зерттеу тапсырмасының тақырыбына қатысты кең спектрлі зерттеулердің маңызды дәлелдемелері

  • Бүкіл жұмысқа қатысты анық жасалған қорытындылар

  • Нақты айғақталған және құрылымы орнықты ұтымды презентация, сонымен қоса, жақсы жинақталған әдебиеттер тізімі

16-20

Зерттеу жұмысы өзекті тақырып болып табылады. Зерттеу жұмысы айқын жинақталған және презентацияланған

  • Таңдалған тақырып жақсы ұсынылып, нақты талқыланды.

  • Дәлелдемелер үйлесімді және талдау қисынды.

  • Зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты кең спектрлі зерттеулердің дұрыс дәлелдемелері

  • Бүкіл жұмысқа қатысты анық жасалған қорытындылар

  • Нақты айғақталған және құрылымы орнықты тәуір презентация, сонымен қоса, дұрыс жинақталған әдебиеттер тізімі

11-15

Зерттеу жұмысы өзекті болғанымен, тақырып нақты ашылмайды және нашар презентация.

  • Таңдалған тақырып ұсынылды және жеткілікті шамада талқыланды

  • Дәлелдеме, жалпы, үйлесімді, дәлелдің талданған айғағы бар.

  • Зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты бірқатар зерттеулердің дәлелдері бар

  • Біршама қорытындылар бар, бірақ та біразының жалпы жұмысқа қатысы жоқ.

  • Құрылым бойынша сәйкес презентация мен әдебиеттер тізімін жасауға, талпыныс бар.

6-10

Зерттеу жұмысы базалық тақырыптарға негізделген сұрақтарға жауап береді, жұмыстың тақырыпқа қатысы және презентациясы да анық емес.

  • Таңдалған тақырып жеткілікті деңгейде ұсынылмады және талқыланбады.

  • Дәлелдемелер кейде үйлесімсіз және дәлелдерге қатысты талданған айғағы аз.

  • Зерттеу тапсырмасының тақырыбына қатысты зерттеулердің дәлелдері жеткіліксіз

  • Қорытындылар аз, көбіне жалпы жұмысқа қатысы жоқ.

  • Презентация сәйкес келмейді, құрылымы жетіспеуі мүмкін, әдебиеттер тізімі толық емес.

1-5

Зерттеу жұмысы тек базалық тақырыптарға негізделген сұрақтарға жауап береді, жұмыстың тақырыпқа қатысы мен презентациясы анық емес.

  • Таңдалған тақырып жеткілікті деңгейде ұсынылмады және талқыланбады.

  • Дәлелдемелер көбіне үйлесімсіз, дәлелге қатысты талданған айғақтары аз.

  • Тақырыпқа қатысты зерттеулердің дәлелдері өте аз.

  • Жалпы жұмысқа қатысы жоқ тиянақсыз қорытындылар

Презентация жұмысқа сәйкес келмейді, құрылымы жеткілікті жасалып бітпеген, әдебиеттер тізімі толық емес немесе жоқ.

0

Мазмұны жұмыс тақырыбына сәйкес келмейді.

2.1 1 - тапсырма (В деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі)

Бағыты: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН БОЛАШАҚ

Тақырыпша: Қазақстан Республикасының экономикалық және техникалық прогресі

"Қазақстан мұнайына қатысты мәселелерді талқылау: пайда мәселелерді шеше алды ма?"

2,616 сөз

КІРІСПЕ

Қазақстан 1991 жылы тәуелсізідігін алған кезден бастап бүкіл әлемге мұнай арқылы танымал бола бастады. Шетелдіктер Қазақстан туралы айтқанда, алдымен олар мұнай туралы және біздің атақты президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы еске алады. Мұнай өндіруші 15 елдің тізімінде болғандықтан, біз Қазақстанның гүлденуі мен табыстарының айтарлықтай өсуіне мұнайдың үлесін теріске шағара алмаймыз. Онымен қоса, Қазақстанның саяси орны мен әлеуметтік табыстар мұнай (жалпы алғанда, энергетикалық) өнеркәсібін дамытуға байланысты жақсарған болатын. Дегенмен, мұнай өнеркәсібінің дамуы саяси, әлеуметтік және экономикалық қосымша келеңсіздіктермен қатар жүреді, олардың қатарына қоршаған орта жағдайының нашарлауы, энергетика саласын қайта мамандандыру, шетелдік энергетикалық компаниялардың үстемдікте болуы мен теңсіздіктің ұлғаюы жатады. Менің қөзқарасым бойынша, бұл бағытты дамытуды жалғастыруымыз қажет, бірақ біз жасыл энергияның көздерін (көмірсутекті емес, мәселен жел, күн және су энергетикасы көздері) қайта жаңғыртып отыруға көп уақытымызды, қаражатымызды және күшімізді салуымыз қажет деп есептеймін. Қазақстан бұл бағытқа қадам басты, енді, біз, энергияның осы тұрақты түріне және болашақта тұрақты дамуға ұмтылуымыз қажет.

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ БАСТАУЫ

Мұнай қабырттануы - миллиондаған жылдарға созылатын жер қыртысының бірнеше қабаттарының астынан шығатын газ секілді көмірсутек. Жанған уақытында электр энергиясын жасауға, автокөліктерді қуаттандыратын жанармай және пластиктер алынатын шикізат ретінде қолданылады. Әлем мұнайға және "қара алтынның" көп қоры бар елдерге барған сайын кіріптар болуда. Ал мұнай өндіретін елдердің экономикасы осы шикізат өнімінің төңірегінде құрылған.

1 Сурет Қазақстанның мұнай және газ кен орындары (nomad.Su)

Қазақстан мұнайы алғаш рет 1899 жылы Қарашұңғыл кен орнынан алынды. Мұнайды өндіру кеңес уақытысында да жалғасты. Тәуелсіздік алғаннан кейін, мұнай өндіру 2000-шы жылдары көбіне шетелдік инвестициялар есебінен бірден өсті. Қазақстан Үкіметі өзінің көптеген энергетикалық қорларына шетелдік қатысуды 50% дейін шектеді. Осындай бақылаудың орнатылуынан мемлекеттің мұнайдан табысы 65-85% аралығында және Қазақстан экспортының 35% мұнай және мұнай өнімдері құрайды. Қазақстан қазіргі уақытта әлемде мұнай қоры бойынша 11-ші орында болса, мұнай өндірудің көлемі бойынша 18-ші орында тұр. Қазақстанның мұнай және газ өндірісінің 76% еліміздегі негізгі үш кен орнына тиесілі. Олар: Тенгиз (290000 баррель / күн), Қарашығанақ (210000 баррель / күн) және Қашаған (210000 баррель / күн). С оңғысында өндіріс бірнеше кейінге шегерулерден кейін барып осы жылы іске қосылды. Басты мемлекеттік мұнай компаниясы - ҚазМұнайГаз. Басқалары бірлескен кәсіпорындар болып табылады, мысалы Тенгизшевройл 50% - ChevronTexaco, 25% - ExxonMobil, 20% - ҚР Үкіметіне, 5% - Ресейдің Lukarco компаниясына тиесілі.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Экономикалық

Мұнай ашылған уақыттан бері аймақтың экономикасында маңызды рөл атқарып келеді, бірақ та кеңес заманында мұнайдан түскен табыс Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынан тыс, жалпы алғанда бүкіл Кеңес Одағына таратылды. Өзбекстанда ЖІӨ жан басына шаққанда USD1,716 және Тәжікстанда USD871 болса, Қазақстандағы ЖІӨ жан басына шаққандағы үлесі USD12,006 болуы мұнайдың қазақстандық экономикадағы басымдылығын көрсетеді. Басқа да көрсеткіштер, мәселен тікелей инвестициялар мен экономикалық өсу айтарлықтай жоғары, сондай-ақ Қазақстанда аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда жұмыссыздық пен құнсыздану көрсеткіші төмен. Қазақстанның әлемдік экономикада ықпалдасуына мұнай маңызды рөл ойнайды. 1990-шы және 2000-шы жылдары Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне шетелдік инвесторлардың көптеп келуі байқалған болатын. Қазақстан өзінің бұрынғы кеңестік мемлекеттік бақылауда болған көптеген энергетикалық қорларын сатып айналымға түсірді. Әйтсе де, Қазақстанның айтарлықтай дамуында дұрыс жұмыс жүргізетін үкімет пен білім саласына инвестициялардың салынуы сынды өзге де факторлар бар. Мұнай қорының айтарлықтай көп болуының арқасында еліміз ХХІ ғасырдағы салмақты экономикалық орында тұрақтады. Қазақстанда, Ресей мен Түркіменстан сияқты "көмірсутектер экономиканың құтқарушысы болып табылады" (Калюжнова, 2008). Жақында мұнай және газ министрі Қарабалинның Петролеум Journal-на берген сұхбатында инвестициялар мен күш әлі де барлау жұмыстарына кетіп жатыр, осы уақытта мұнай мен газдың жаңа кен орындары анықталуы мүмкін деген болатын.

Саяси

Қазақстанның мұнай саласындағы саясатының арқасында әлемдік энергетикалық нарықта мемлекеттің орны бекітілсе, демек аймақтық және жаһандық ойыншы ретіндегі мемлекеттің саяси ықпалы да нығайтылды деген сөз. Көршілес Түркіменстанға қарағанда Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін мұнай нарығының біршама ашықтығы мен бәсекелестігі жалпы мемлекеттік маңызға ие аймақтық экономикалық және басқа да салаға қатысты келіссөздерде мемлекеттің өз ұстанымында болуына айтарлықтай мүмкіндік береді. Мұнай, немесе мұнай саласын дамытудың өзі Қазақстанға халықаралық майданда бейімделуіне мүмкіндік береді. Лыонга, Вейнтхал (Weinthal, 2010) және басқалары "меншік құрылымы сол бір институтционалдық мұраларды бөліп отырған түрлі мемлекеттерде өзгеруі мүмкін" және "бұл өзгерістер салық тәртібіндегі айырмашылықты, демек даму жолын түсінуге көмектеседі" деп атап өткен. Қазақстан өзінің көптеген ұлттық қорларына бақылауды сақтай алған мемлекет ретінде Қазақстан экономикасына салық пен шығындар арқылы әсер етуі туралы шетелдік мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізуде басымдылығы зор. Н.Ә. Назарбаев Reuters-ке берген сұхбатында Венесуэла сияқты мұнай қорларын шетелдік мұнай компаниялары үшін қолайлы нивестициялық жағдай туғызу үшін мемлекеттендірілмейтіндігі туралы Қазақстанның ұстанымын бекітті. Мұнай кен орындарынан басқа, мұнай құбырына деген меншік саяси мәселе болып табылады. Қазақстан шенеуніктерінің мұнайға қатысты дипломатиясы әсіресе Каспий өңірінде мұнайдың кен орнынан нарыққа жылжитынына кепілдік береді. Экспорттың басты екі бағыты Каспий құбыр жүргізу консорциумы, Ресейге кететін Атырау-Самара мұнай құбыры және Қазақстанның Қытайға кететін мұнай құбыры болып табылады.

Әлеуметтік

Мұнай саласынан түскен ұлттық табыстың көбеюі халыққа беріледі де, ұлттық шығындардың көбеюіне әкеледі. Ал, ол шығындар білім, қауіпсіздік, ұлттық экономиканы және инфрақұрылымға инвистициялауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалады. Айтылған салалардың бәрі де Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін көтереді. Мемлекет "шетелдік инвестицияларды мұнайға бай өңірден [мысалы, Атырау] мұнайы жоқ өңірлерге [мысалы, елдің оңтүстігі] бөліп бере алды". Республикада шығындарды шектеуге институтшылдандыру енгізілді, бұл үкіметке шығындар бойынша негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік бере алады (Лыонг, Вейнтхал/Weinthal (2010г.: 261). Жекеменшік компаниялар халыққа бағытталмаған. Үкіметтің мұндай қайта бөлуді ұйымдастыруы мемлекет бойынша 2000 жыл мен 2005 жыл аралығында екі есеге азайған кедейлік деңгейін төмендетуге көмектесті (USAID, 2006). Үкіметтің ең үлкен жетістігінің бірі 2008 жылы мұнайдан түскен табысты халық игілігіне жарататын Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорын құруы болатын. Самұрық-Қазына ұлттық қоры Қазақстан Темір Жолы, Қазақтелеком және ҚазМұнайГаз сынды маңызды ұлттық компаниялардың басты акционері болып табылады. Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің дамуы келетін инвестицияларды мұнайшы-мамандарды даярлауға және жас қазақстандықтарға көмек көрсетуге байланысты үкімет көтерген мәселені шешуге бағыттауға мүмкіндік берді. Сайып келгенде, мұнай Қазақстанның ұлттық рухын көтеруге әсер етеді. Бұған қарамастан, қазақстандықтар көшпелілердің бай мұрасымен берілген тағылымды терең тарихымыз арқылы өздерін бақытты санаса, мұнай және басқа да пайдалы қазбаларымыздан түсетін табыс пен пайда арқылы мақтана алады.

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ

Экономикалық

Бастапқы қорлардың ашылуына орай инвистициялар тек бір салаға ғана жинақталуы, мысалы мұнай саласына, басқа өнеркәсіп салаларына деген, мысалы жеңіл өнрекәсіп және ауыл шаруашылығы сынды салаларға инвистициялар салудың азаюына қауіп бар. Мұндай салдар алғаш рет 1970- ші жылдары Нидерландыда пайда болғандықтан "голландтық ауру" деген атаумен белгілі. Яғни, басылымдылықтардың барлығы басқа өнеркәсіптерге нұқсан келтіру арқылы газ саласына берілген. Шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқып отыруына шамадан тыс тәуелді болуы (мұнайға деген бағаның өзгергіштігі) өнеркәсіптің басқа салаларына қауіп тудырады. Сонымен қоса, мұнайға деген шамадан тыс тәуелділік әлеуеттік теңсіздікке, жемқорлықтың өсуіне және билікті асыра пайдалануға алып келеді. Біздің жоғары қызметтегі шенеуніктер Қазақстанды тек мұнайлы мемлекет ретінде ғана емес басқа салаларда да танытуды ойластыруда. КНБК.ком берген сұхбатында вице-премьер: " Біз жаңа экономика жасағымыз келеді. Біздің экономикалық стратегиямыз экономиканы әртараптандыруға және шикізат емес секторларын жасауға негізделген" деп айтты. Өкінішке орай, енді жай айтып қана қоймай осы бағытта нақты іс-шаралар жасалуы қажет.

Саяси

Шетелдік инвесторлардың жобаларымен байланысты бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдар уақытында шетелдік мұнай компанияларының жеке меншік құқығы туралы жымысқы мәселелерін оңтайлы басқарумен Қазақстан әлдеқашан таныс болатын. Бұл тек қатысушы компаниялардың абыройына ғана қаяу түсірмейді, сондай-ақ инвестицияға қолайлы экономикалық жағдай туғызып отырған жаһандық ойыншы мемлекет ретінде Қазақстанға да кірбің түсіреді. Ең соңғы жанжал 2012 жылы Қашаған мұнай кен орны үшін келісім-шарт жасауға сан миллиондаған пара берген итальяндық ENI компаниясына қатысты айыптар пайда болғанда кезде туындаған (Tengrinews). Сонымен қатар, мұнай инвистициялары, әсіресе "құбыр жүргізу дипломатиясының" жоғары деңгейде саяси сипат алуы мұнай құбырларын жобалау мен құрылыс жүргізу мәселесіне келгенде Қазақстан секілді жас мемлекетке тиімді келіссөздерден айырылуы мүмкін. Соның ішінде, даулы мәселе мұнай құбырының бағдарына байланысты. Ресей, Қазақстан, Беларусь арасында Кеден Одағының құрылуы Қазақстан мен Белоруссияға ресейлік арзан мұнайдың сатылуына байланысты шиеленіскен саяси мәселелерді көтерді. "Ресейге қарсы Еуропа" сынды мәселелер қазақстандық мұнай саясаты саласына қатысты жанжалдарда көп айтылады.

Әлеуметтік

Мұнай шын мәнісінде өзі шығатын өңірмен тығыз байланысты, алайда біздің еліміздің барлық облыстарында мұнай кен орындары жоқ. Батыс Қазақстанда әлеуметтік сипат мұнай мен тау-кен өнеркәсібінен түсетін экономикалық түсіммен тығыз байланысты. Дегенмен, мұнай өнеркәсібінен түсетін пайда қалың бұқара топтарының барлық өкіліне жетпейді. Бұл шындық түрлі аудандарға, тіпті мұнай өндіретін аудандарға қатысты. Алайда, Джинидің (теңсіздік өлшемі) ресми коэффициенті қазіргі таңда тіпті қолайлы және 28-ге тең, бұл статистика Қазақстанның ішкі теңсіздіктің анықталған деңгейінің шынайы ауқымы емес. 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылардың тәртіпсіздігі мен Қазақстандағы еңбекке қатысты туындап отырған даулар - мұнай саласының дамуынан түсетін пайданы қоғамның барлық салалары көрмейтіндігінің көрінісі.

Бірақ та, жағымды белгісі Қазақстанның 2013 жылы Өндіруші салалар жұмысының айқындығы бастамасына мүше болуы. Бұл бастама - табиғат қорларынан түсетін табыстың жариялылығын күшейтуге және есепті басқаруды бірлесіп жүргізетін үкіметтердің, компаниялардың және азаматтық қоғамдардың дүниежүзілік қауымдастығы болып табылады. ӨСЖА-ға мүше болу қоршаған орта жағдайының нашарлауына қатысты мәселелерді шешуге алып келеді. Қазақстанда мұнайдың тез қарқынмен дамуы қоршаған ортаға зиян келтірді, атап айтар болсақ, ауаның ластануы, геология мен жер астындағы сулардың өзгеруі, ең алдымен шикізатты пайдаланудың тұрақсыздығы сынды залалдар орын алды. Табиғат қорлары шынайы байлықтың көзі болып табылады, алайда бүгінгі күнде қуаттың (энергияның) мұнай секілді қайта орны толтырылмайтын көздері қалпына келіп үлгермейтін үлкен қарқынмен пайдаланылады.

БОЛАШАҚТЫҢ ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯСЫ

Қазақстан дамуының басты белгісі елімізге айтарлықтай табыс түсіретін мұнай болып табылады. Алдымен, Қазақстан жас мемлекет ретінде басқа мемлекеттердің қателерінен сабақ алуы қажет. Бірақ қазіргі ахуал, яғни еліміздің белгілі аудандары мұнай өнеркәсібіне тәуелді болса, басқа облыстардың табыстары мұнай инвестициялардың экологиялық және әлеуметтік салдарынан жапа шегіп, тұрақсыз деп сипатталады. Бүкіл елді-мекен тәуелді болып отырған мұнай ұңғымасы бір ғана сала бойынша "моно-қалада" тұрып қалған (жұмыс жасай алмай) жағдай болады. Ал, бұған жауап - жасыл энергия деп есептеймін.

Жасыл энергия тұрақты дамуға алып келеді. Адамзат қоғамындағы өмір жағдайы мен қорларды қолдану табиғат жүйелері мен қоршаған ортаның беріктігін бұзбай отырып, бүгінгі күннің және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруы қажет. Тұжырымдаманың Қазақстан үшін зор маңызы бар. Мұнай үлкен экономикалық және техникалық дамуды алып келді. Дегенмен, Қазақстан қазір Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін "өз орнын тапты", сондықтан жасыл энергияның көмегімен тура сондай экономикалық және әлеуметтік дамудың және соған сай инвистициялық энергетикалық саясатты жасаудың кезі туды. Ағымдағы энергетикалық саясат атом энергетикасы, газ және көмір өнеркәсібі үшін уран өндіруді де қосатынын ұмытпағанымыз жөн. Жасыл энергияны қосатын аралас саясаттың амалы негізгі болып табылады, себебі:

  1. Жасыл энергия тек қана Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем үшін дамудың ұзақ мерзімді нұсқасы болып табылады. Мұнай қайта қалпына келетін қуат көзі емес, болашақта олардың кен орындары қайта толтырылмайды. Осы аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған алғашқы инвистициялардың бөлінуінен-ақ жасыл энергияны барлық ұрпақ қолдана алады. Тұрғындар есебінен қуат көзін пайдаланудың қажеттілігі өсіп келе жатқан жас мемлекет ретінде Қазақстан үшін бұның маңызы зор.

  2. Мұнайдың тасуынан туындаған экологиялық салдардың көптілігі соншалық олардың теріске шығару мүмкін емес. Табиғат-ана өте сезімтал екенін білсек, Қазақстандағы табиғи ортаны (далалық биомдар, Арал теңізі, топыраққа шамадан тыс суару мен ауыл шаруашылығының әсері) қатаң бақылауда ұстауымыз қажет және де біздің бұл қайтымсыз салдарларды алдын-алу үшін күшіміз жеткілікті. Қуаттың жасыл көздері қоршаған ортаны қолдай отырып пайдаланады.

  3. Экологиялық таза энергияға назарды аудара отырып, Қазақстан өзін технологиялық инновациялардың алдыңғы қатарында болатыны сөзсіз. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Жолдауы, Қазақстан-2050 стратегиясы да Қазақстанның 2050 жылғы қарай әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне бағытталған. Бұл мақсатқа Қазақстан өзінің жасыл технологияларын (су энергиясы, жел, күн энергиясы) дамытуда алдыңғы қатарда болуына байланысты, ал оған Қазақстанды дала мен күннің есебінен жел және күн энергиясын алатын идеалды жер ретінде танытып отырған географиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді. Бұл экономикалық инвистицияларды қамтамасыз етуге, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге және дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасыл технологиялардың қатарында өздері тудыратын энергияны жасауға жұмсаған энергияның шығынын азайтатын энергия үнемдейтін технологиялары да бар.

  4. Жасыл энергияның бастамасы кіші ауқымда да көрінетіндіктен, жасыл энергиямен Қазақстанның әрбір азаматына назар аударуға болады, соған орай ол азаматтардың ел дамуында нақты бір орны болады.Елімізде мұнай өнеркәсібінің ауыр экологиялық салдарын көргіміз келмейтіні анық, ал жасыл энергия болса энергияның тұрақты түрін жасауға қатысуыма мүмкіндік береді, мысалы, өз үйімнің шатырында күннен қуат алатын батарея орната аламын. Әрине, жасыл энергияны жасауда шетелдік компаниялардың тәжірибесін алуға болады, бірақ түсетін барлық пайда шетел асып кетеді. Сондай-ақ жасыл энергия Қазақстанның әлемдік экономикалық үдерістерге ықпалдасуына мүмкіндік тудырады. Қазақстан электр желілерінен шалғай жатқан аудандары көп үлкен мемлекет болып табылады. Сондықтан осы аймақтарда күн батареясы мен қайта қалпына келетін басқа да энергия көздерін пайдалануды қолға алу оң шешім болар еді.

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбев тұрақты дамудың қолдаушысы болып табылады. Оның "Жасыл көпір" атты серіктестік бағдарламасы Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынылып, Қазақстанды "жасыл энергияны" жақтаушы ретінде әлемдік майданға шығарды. "Жасыл көпір" бағдарламасының тапсырмасы: "Конференция барысында Орталық Азия елдерінде экономикалық дамудың "жасыл" саясаты ұсынылды. Конференцияда "Жасыл көпір" бағдарламасының жүзеге асыруға көмектесу және халықаралық ынтымақтастық жөнінде құжаттарға қол қойылды. Бағдарлама Орталық Азия мемлекеттерінің және оған шектес жатқан елдердің ынтымақтастық, қаржылай көмек, технологияларды тапсыру, халықаралық ұйымдар мен жеке меншік секторларының көмегімен білімді пайдалана алу арқылы аумақта "жасыл" экономиканың өсуін басқару бойынша одақтасуын бағамдайды". "Жасыл көпір - 2013" конференциясы 2013 жылы 30-шы қыркүйек пен 1-ші қазақ аралығында Астанада өткен болатын. Бағдарламаны тақылауда көптеген халықаралық деңгейдегі қайраткерлер қатысты. Келесі бір жағымды белгі ол "Энергия үнемдеу -2020" мемлекеттік бағдарламасының жасалуы болып табылады. Бағдарлама 2015 жылға дейін жылдық қалдықтарды 10% - ға дейін қысқарту мақсатымен 2013 жылы қабылданды. Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы - "Болашақ энергиясы", осы арқылы Астана өзіне болашақта дамуы үшін "жасыл" энергияға сүйенетін "болашақтың" қаласы ретінде назар аудартады. Бағдарламаның жүзеге асуы, бұл арманның шындыққа айналуы үшін саясаткерлердің де, жас ұрпақтың да күш салуы қажет. Өкінішке орай, бұл тенденцияны өзгерту үшін қазіргі бастамалар жеткіліксіз. Қазақстан әлі де болса "жасыл" болып ойлана алмай жатыр. Мұнай және газ министрінің сөзіне қарасақ, 2022 жылы мұнай және газды өндіру 1,6 есеге өседі.

Су эенргетикасы ұлттық энергетикалық саясаттың басты элементі болып табылады. Қазақстанда еліміздегі электрэнергияның 12% өндіретін 5 су электр станциясы жұмыс жасайды. Энергияның қайта қалпына келетін саласындағы маңызды орын негізінен су энергетикасына беріледі. Қазақстан су энергетикасына қатысты көршілес Орталық Азия елдерімен трансшекаралық су нысандарына, өзен тораптарына және тоғандарды салуға байланысты біршама мәселелерге тап болды. Су қорына бай Тәжікстан сынды елдермен және де су қоры тапшы Өзбекстан мен Қазақстан сынды елдердің өзара әрекеттесуі қазіргі таңдағы шетін мәселе болып отыр. Әртүрлілік үшін, "су энергетикасынан тыс жасыл энергия" түсінігін қарастырып көрейік. Әлемде үйреншікті энергия көздерімен қатар энергия үнемдеу құрылымын әртараптандыру тәсілімен "жасыл энергияға" көшірген мемлекеттер бар. Бұны бүкіл әлемге үлгі болу үшін Қазақстанға тәжірибе алуға және жаңа тәсілдерді жасау тұрғысында жақсы мүмкіндіктер береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, біз тәуелсіздігімізді алғаннан мұнай Қазақстанның экономика, саясат және әлеуметтік дамуында маңызды орын алады. Осы уақытқа дейін, Қазақстан қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, ол халықтың барлық өкіліне теңдей таратылған жоқ. Бұл Қазақстан үшін жіберілген қателіктерді зерделеудің бір үлгісі. Яғни, Қазақстан қайта қалпына келмейтін энергия көздеріне көп инвестиция жасады және де соған шамадан тыс тәуелді болып қалды. Мен, жасыл энергияның болашақта қазақстандық энергетикалық саясаттың элементі болатынына сенемін. Қазақстан президент басшылығының, сондай-ақ халық күші мен оның санасы арқылы өзге елдердің тәжірибиесі негізінде "жасыл бастаманың" бастамашысы бола алады және болуы қажет. Сонымен қатар, біз еліміздің қоршаған ортасы, экономикасы, саясаты мен қоғамы үшін келешекте орны толатын энергия көздерін әртараптандыруға, экологиялық таза энергияға көңіл аударуға ұмтылуымыз қажет.

Тізім

Әдебиеттер тізімі

  • Калюжнова, У. Экономика Каспийского нефтегазового богатства: компании, правительства, политика, (2008)

  • Луионг, П и Уинтхал, Е. Нефть – не проклятие, (2010)

  • USAID региональные различия Казахстана: Экономическая Производительность по областям http://pdf.usaid.gov/pdf_docs/PNADG258.pdf (2006)

Онлайн материалдар

  • http://www.cnbc.com/id/49474343 - CNBC вице-министр Қайрат Келімбетовтің түсініктемелерімен қоса берілген сұхбаты.

  • www.expo2017astana.com – Вебсайт EXPO2017 Астана

  • http://gbpp.org/ru/ - Green Bridge ресми вебсайты

  • www.kazenergy.com – вебсайт KazEnergy

  • www.kmgep.kz – КазМунайГаз уикипедия

  • www.mgm.gov.kz - Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрлігінің вебсайты

  • www.nomad.su - Қазақстандағы мұнайға қатысты әртүрлі жаңалықтар, мақалалар.

  • http://www.petroleumjournal.kz//index.php?p=article&aid1=41&aid2=199&id=457&outlang=3 – мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің Petroleum журналына сұхбаты

  • http://uk.reuters.com/article/2008/03/28/kazakhstan-nazarbayev-kashagan-idUKL2886149020080328 - Reuters президент Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаты.

  • http://www.rfcaratings.kz/reports/oilandgas_report.pdf - Қазақстандағы мұнай мен газ жөнінде есеп.

  • http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ministerstvo-nefti-gaza-kazahstana-svedeniya-korruptsii-otrazyatsya-proekte-213849/ - Қашағандағы ENI сыбайлас жемқорлығы туралы жаңалықтар

  • http://ru.wikipedia.org/wiki/Нефтяная_отрасль_Казахстана

  • http://www.renewableenergyworld.com/rea/news/article/2013/08/kazakhstan-uses-renewable-energy-to-expand-regional-leadership - бүкіл әлем бойынша қайта қалпына келетін энергия туралы мақала