
- •Мазмұны:
- •I Бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- •Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары;
- •1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- •Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
- •2. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары.
- •2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары.
- •2.Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін жетілдіру жолдары.
- •2. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
2. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары.
Іс жүзінде қолданылып жүрген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің экономикалық көрсеткіштері әдетте екі үлкен топтарға бөлінеді. Бірінші топқа нормативтік мәндері бекітілген көрсеткіштер жатады. Бұл: экономикалық тұрақтылық, төлем қабілеттілік пен өтімділік көрсеткіштері. Екінші топтағы көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндер бекітілмейді. Бұл топқа табыстылық (рентабельділік), тиімді басқару мен іскерлік белсенділік көрсеткіштері жатады.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем қабілеттілікпен тығыз байланысты. Экономикалық тұрақтылықты жетілдіру жолдары талдаудың сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономика қауіпсіздігенда өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту, кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда - қарыз қаражаттары есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен экономикалық тәуелсіз болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті мүмкін емес. Сондықтан заемдық, меншікті және жалпы капиталдардың ара-қатынастары әр түрлі қырынан зерттеледі. Ол үшін бірнеше жылдардағы К³1, K³2, К³3 капитал құрылымының коэффициенттері есептеледі және талданады:
K³1 = Заемдық қаражаттар
Жалпы капитал
Осы жағдайдағы заемдық қаражаттар кәсіпорынның міндеттемелерін білдіретін ағымды пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді, басқа да пассивтерді білдіреді (яғни II және III баланс пассиві бөлімінің қорытындысы ).
Экономикалық тұақтылық дегеніміз сенімді кепілдігі бар төлем қабілеттілік, нарық конъюктурасының кездейсоқтығы мен серіктестердің әрекеттеріне тәуелді болмау. Сондықтан жетілдіру жолдарыдың осы түрі, жақыннан қараған кезде, төлем қабілеттілікке жатады. Көбінесе төлем қабілеттілікті өтімділікке ұқсатады және керісіше. Сондықтан кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы деп, менің ойымша, экономикалық тұрақтылықты біршама ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін экономикалық теңдестік нүктесін түсіну керек. Теңдестік нүктесі - бұл нормативтік база емес, қауіпсіздік алаңы, бұл қаражаттарды қарызға алуға тиым салуды және меншікті қаражаттарды жинауды емес, керісінше тек теңдестіктің ұтымды деңгейін білдіреді. Яғни бір сөзбен айтқанда мүмкін болатын шеткі деңгей (өзін-өзі өтеу нүктесі).
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігенының маңызды сипаттамаларының бірі - ұзақ мерзімді болашақ позициясынан қызметінің тұрақтылығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі жан-жақты сипатталуы мүмкін, бірақ ең жалпы жағдайда оны ақша қаржаттарының кезектескен ағып келуі мен ағып кетуінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ақша ағымының бір бөлігі кәсіпорын қызметінің кысқа мерзімді болашағы сипаттамасына жатады, ал екінші бөлігі осы қызметті ұзақ мерзімді аспектіде сипаттайды. Соңғысы ең алдымен кәсіпорынның жалпы экономикалық құрылымына және кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты болады (Ковалев В.В.,2007).
Кез-келген кәсіпорынның көптеген қаржыландыру көздері бар. Олардың мөлшерін, құрамы мен құрылымын таңдай отырып, кәсіпорын белгілі мүмкіндіктер алады да, өзіне кейбір міндеттемелерді жүктейді. Қаражаттарды қатыстыру әдісін басқару мүмкіндігі нарықтық қатынас жүйелерінің келесі ерекшеліктерімен анықталады.
Біріншіден, ресурстар (материалды, экономикалық, интеллектуалды, ақпараттық және т.б.) жеке меншік иелері арасында тең бөлінбеген.
Екіншіден, белгілі көлемді және құрылымды ресурстарды қалай және қайда пайдамен салуды білетін, бірақ ресурстары жоқ, немесе, керісінше, уақытша бос ресурстарды иемденетін, бірақ оларды қолданудың нақты жолын білмейтін көптеген жеке және заңды тұлғалар кездеседі.
Үшіншіден, ресурстарды қайта бөлуді реттеу жүйесінің екі жағы бар: нормативті (бизнес жүргізудің әртүрлі аспектілері заң жүзінде реттеледі, мысалы, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі) және көтермелеу (ресурстарды уақытша пайдалануға беру кейбір сыйақы орнату жолымен көтермеленеді: еңбекақы, жалдық төлем, пайыздар, дивидендтер және т.б., көтермелеу мөлшері көптеген факторлармен белгіленеді, соның ішінде ұсынылған ресурстарды жоғалту тәуекелі факторларымен).
Экономикалық ресурс қосымшасында нарықтың қалыптасқан ерекшеліктері капиталды оның иелері қарыз алушыларға ұсынуында көрінеді. Бұл процедура екі жаққа да пайдалы екен; кейде қарыз алушы позициясынан капиталды негіздеген түрде қатыстыру меншікті қаражаттар көздерін қосымша мобилизациялаумен салыстырғанда эконмикалық жағынан тиімдірек болуы мүмкін.
Сонымен бірге қандай да бір пайда алу тілегі әрқашанда міндеттемелерді орындау қажеттілігімен үйлесіп жатады, соның ішінде өзіне белгілі бір тәуекелді алумен байланысты. Уақытша алынған ұзақ мерзімді болса да, акша қаражаттарын пайдалану үшін міндетті түрде төлем жасап түру қажет; одан басқа, қатыстырылған қаражаттарды қайтару керек.
Сондықтан кәсіпорын өзінің ұзақ мерзімді экономикалық міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттігін жетілдіру жолдары мәселесі туады – кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын жетілдіру жолдарыдың мәні осыда.
Мен ең алдымен баланс активтерінің және олардың құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаймын. Ол үшін 2011, 2010 жылдардағы баланс мәліметтерін мұқият зерттеу қажет.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау — кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Экономикалық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтерінің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсетеді. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Кесте-1.
«Футура» ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер |
2011 жыл басы |
2011 жыл соңы |
Жыл бойындағы өзгеріс (+, -) |
|||
|
сомасы мың тг |
үлес і % |
сомасы мың тг |
үлесі % |
мың тг (Згр-ігр) |
5:1*100 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Активтер құны, барлығы соның |
53636,0 |
100 |
52810,3 |
100 |
-825,7 |
-1,5 |
Ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.1.Ұзақ мерзімді активтер: |
20553,5 |
38,3 |
25760,9 |
48,8 |
5207,4 |
25,3 |
-Негізгі құралдар |
20529,7 |
38,3 |
25723,5 |
48,4 |
5193,8 |
10,4 |
1.2.Ағымдағы активтер: |
33082,5 |
61,7 |
2709,4 |
51,2 |
-6033,1 |
-18,2 |
-Тауарлық материалды босалқылар |
27607,1 |
51,5 |
21822,8 |
41,3 |
-5784,3 |
-20,9 |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы мәліметтері негізінде жасалған.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы -825,7 мың теңгеге немесе 1,5%-ке төмендегенін көруге болады. Бүл кәсіпорынның қызметінің теріс нәтижесін сипаттайды. Сонымен қатар 3-1-кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын активтерінің құрамында негізгі құралдар үлесі өте аз, себебі кәсіпорын қажетті негізгі құралдарды (ғимаратты, көлікті т.б.) жалға алады. Баланста тек өзге де негізгі құралдар есептеледі. Ал дайын өнім немесе тауар үлесі 100%-дай үлесін алады. Себебі кәсіпорынның негізгі қызметі - тауарларды сату болып табылады.
Кәсіпорын мүлкіндегі маңызды орынды айналым капитал-ағымдағы активтерге салынған капиталдың бір бөлігі алады. Айналым капиталын талдаудың негізгі мақсаттары:
Айналым капиталының құрамы мен құрылымының өзгерістерін зерттеу;
Айналым капиталын негізгі белгілері бойынша топтастыру;
Айналым капиталының қалыптасуының негізгі көздерін анықтау;
Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштерді анықтау.
Айналым капиталын талдаудың мәні өндірісті, айналымды, өнім, тауар, қызметті тұтынуды, ресурстарды тиімді пайдалануды т.б. сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің көлемін және өзгерісін анықтау. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген қазақстандық кәсіпорындар банкроттыққа ұшырады. Оның көптеген себептері бар. Кәсіпорынды банкроттықтан сақтау үшін оның айналым капиталын (дебиторлық борыштарын, материалдық қорларын, ақшаларын) талдау маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорынның ағымдағы активтерін жан-жақты зерттеу қажет екендігін көрсетеді (Артеменко В.Г. жэне т.б.,2003; Абрютина М.С.,2004; Под ред. Л.Т. Гиляровской, 2005; Жүйриков К.К.,2007).
Тауарлы-материалдық қорларды талдау. Кәсіпорынға қалыпты өндірістік қызметпен айналысу үшін қажетті айналым қаражаттардың мөлшерін, айналым қаражаттардың нормалары мен нормативтерін жасау жолымен кәсіпорын анықтайды және бекітеді. Олар кәсіпорынның өндірістік қорларға, аяқталмаған өндіріске, алдағы кезең шығындарға арналған қаражаттарға, жоспарланған жабдықтау және өнімді өткізу қауіпсіздіген есепке ала отырып тұрақты мұқтаждығын қамтамасыз етуі тиіс.
Норма — айналым қаражаттардың белгіленген шамасы (күн, % т.б. өлшем).
Норматив — айналым қаражаттары элементтері бойынша ауыспалы ең аз шамадағы қорларды құруға арналған қандай да бір жоспарлы кезеңде кәсіпорынға қажетті ақшалай қаражаттың реттелген сомасының көлемі.
Тауарлы — материалдық құндылықтардың нормадан артық қорлардың пайда болуының себептерінің бірі нормалар мен нормативтердің жеткіліксіз түрде негізделгені болып табылады.
Шығындар нормасы — бұл шикізаттың, материалдарың, отынның, электр энергияның және т.б. өнім бірлігін дайындауға немесе жұмыс бірлігін орындау үшін шығатын шығындардың ең көп рұқсат етілетін және қажеттілігі ең аз жоспарлы көлем. Шығындар нормасы материалдардың қажеттілігін есептеу үшін негіз болып табылады.
Қорларды және соған сәйкес өндірістік қорларға салынған қаражат сомасын басқарудың мақсаттарының бірі - қор қауіпсіздіген бақылап отыру болып табылады («Канбан» жүйесі). Қорларды басқару жүйесінің барлық түрлері 2 негізгі түрлерге келіп тіреледі:
1) Тапсырыс белгіленген мөлшерде;
2) Тапсырыс өзгермелі мөлшерде.
Мөлшері белгіленген тапсырыс жүйесін пайдаланған кезде қор қауіпсіздіген талдау үнемі жүргізіледі және қорлардың деңгейі шегіне жеткен кезде, жаңа партияға тапсырыс жасалады (3-сурет). Графиктен көріп отырғанымыздай, тапсырыстар арасындағы уақыт сәйкес келмейді, алайда тапсырыс мөлшері тұрақты.
Тапсырыс мөлшері
------------------------------------
t0 t1 t2 t3 t
3-сурет. Тапсырыс белгіленген мөлшерде болғанда тапсырыс мөлшерін оптимизациялау Андлер формуласы негізінде табылады:
gопт. = √ 2·С1 · Q
C2
Мұндағы: С1, С2 — сәйкесінше тауарларға тапсырыс берумен және сақтаумен байланысты тұрақты және ауыспалы шығындар;
Q — осы өнімнің қажеттілігінің (жеткізудің) жылдық көлемі.
Тапсырыс мөлшері
t0 t1 t2 t3 t
4-сурет. Тапсырыс өзгермелі мөлшерде болғанда.
Тапсырыс өзгермелі мөлшерде болғанда уақыт бірдей болады. Кезекті партия келген сайын қор шегіне дейін жетіп толтырылады (4-сурет).
Осы суретте көріп отырғанымыздай жеткізу арасындағы уақыт кезеңдері тең, тапсырыс көлемі мен айналым капиталдың көлемі өткен кезеңдегі өнімді тұтыну көлеміне байланысты.
Кәсіпорынның өндірістік нәтижелері мен экономикалық қауіпсіздігена өнірістік қорлардың сапасы көп әсер етеді. Өндірістің барысы мен өнім сатудың қалыптылығы үшін қорлар оңтайлы болуы керек. Қорлардың көптеп жиналып қалуы кәсіпорын белсенділігінің төмендеуін білдіреді. Жоспардан тыс көп қорлар айналым капиталының айналымдылығын баяулатады, оның салдарынан кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіге нашарлайды, мүлік салығы көбейеді, өтімділік мәселесі пайда болады, шикізаттар мен материалдардың бұзылуы жоғарылайды, қоймада сақтау шығыны өседі, осының бәрі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне теріс әсерін тигізеді.
Сонымен қатар қордың жетіспеушілігі (шикізат, материалдар, отын, т.б.) кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігена теріс әсер етеді, өйткені жеткізуді тездеткені үшін баға көтеріледі, өндірістің тоқтап қалуына байланысты өнім өндіру қысқарады, шикізат қорлары бағасының өсуі сезіледі, табыс сомасы азаяды. Сонықтан әр кәсіпорын өндірісті уақтылы және толық көлемде барлық қажетті қорлармен қамтамасыз етуге және олардың қоймада жатып қалмауын болдырмауға тырысу керек.
Біздің кәсіпорынымызда ағымдағы активтердегі үлкен үлес салмақты дайын өнім (тауар) алады және кәсіпорының негізгі қызметі тауарларды өткізу болып табылады.
Дайын өнімдер қорларының айналымдылығы дайын өнімді тұтынушыға жеткізу ұзақтығына тең. Ол мына формуламен анықталады:
Длгп = ДӨХТ
ӨӨТТ
мұндағы: ДӨ — дайын өнімнің орташа көлемі (мың тг);
ӨӨТТ - өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім (мың тг).
Бұл көрсеткіштің қысқаруы кәсіпорынның өніміне сұраныстың өскенін білдіруі мүмкін, ал көбеюі сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің жиналып қалуын, өткізудегі қиындықтардың болуын көрсетеді. Дайын өнімнің қорларын ішкі талдау кезінде талдамалық есептің деректері пайдаланады.
Кесте-2.
«Футура» ЖШС-ң дайын өнім (тауар) айналымын талдау
Көрсеткіштер |
Өткен жыл, 2011 |
Есепті жыл, 2010 |
1. Дайын өнімнің орташа қалдықтары, мың тг |
177104,4 |
162564,2 |
2. Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім, млн тг |
141819,6 |
146731,4 |
1.Дайын өнім айналымының ұзақтығы, күн (1х 360) |
287,3 |
468,6 |
2 |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
Кестеден көріп отырғанымыздай дайын өнім айналымының ұзақтығы 181,3 күнге көбейді, демек тауарларға деген сұраныс төмендеді. Бұған бағалық және бағалық емес факторлар (тұтынушылардың табыс деңгейі, олардың талғамы, бәсекелестер саны т.б.) әсер етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорын басшылығы шұғыл шаралар колдануы тиіс.
Дайын өнім қалдықтарының әрбір түрі бойынша құрылымын, ұзақтығын және шектен тыс қалдықтарының себептерін талдау үшін аналитикалық және қоймалық есеп мәліметтері, түгендеу және өткізу бөлімінің деректері, маркетинг бөлімінің деректері қолданылады.
Дебиторлық берешек қауіпсіздіген талдау.
Ағымдағы активтерге салынған капиталдың айналымдылығына, демек, көсіпорынның экономикалық қауіпсіздігена дебиторлық берешектің азаюы мен көбеюі көп әсер етеді. Дебиторлық берешекті талдау әсіресе инфляция кезеңдерінде маңызды болып табылады.
Дебиторлық берешектердің және оның үлесінің ағымдағы активтерде күрт ұлғаюы кәсіпорынның сатып алушыларға қатысты қате несиелік саясатын жүргізуі немесе сатып алушылардың бір бөлігінің төлем қабілетсіздігі мен банкроттығы туралы хабар береді. Дебиторлық берешектердің өсуі барлық кезде теріс бағаланбайды. Қалыпты және мерзімі өтіп кеткен берешектерді айыра білу керек. Соңғысының болуы экономикалық қиындықтарды тудырады, өйткені кәсіпорын өндірістік қорларды сатып алуда, еңбекақы төлеуде қаржы қорының жеткіліксіздігі пайда болады. Сонымен қатар, қаражаттарды дебиторлық берешектерге салып тоқтатып тастау, капитал айналымдылығын баяулатады.
Сондықтан әрбір кәсіпорын өзіне тиеселі төлемдердің уақытын қысқартуға мүдделі. Д. Стоун мен К. Хитчиннің айтуынша, бұл бейне түрінде автомобиль қозғалысын еске түсіреді. Дебиторларды күштірек "қысқан" сайын, кәсіпорын айналымына тезірек ақша түседі.
Талдау процесінде дебиторлық берешктердің қарқынын, себептері мен қашан пайда болғанын зерттеу қажет, оның құрамында өтелуге келмейтін немесе мерзімі өтіп кеткен соманың барлығын анықтау керек (кесте-4). Егер мұндайлар бар болса, онда оларды қайтарып алу бойынша шұғыл шараларды қарастыру қажет (вексельдерді рәсімдеу, сот орындарына хабарлау, т.б.).
Қолдағы ақшаның қалдығы мен қозғалысын талдау.
Ақшалай қаражаттарды басқару қорлар мен дебиторлық берешектерді басқару сияқты өте маңызды. Ағымдағы активтерді басқару өнері есеп-шоттарда ағымдағы жедел жұмыстарға қажетті ақша қаражаттарының сомасының ең аз мөлшерін ұстауында жатыр. Жақсы басқарылатын кәсіпорынға қажетті ақша қаражаттарының сомасы - ақша ағымдарының қысқа мерзімді теңгерімсіздікті жабуға арналған сақтандыру қоры. Сома барлық алдыңғы кезектегі төлемдерді жүргізу үшін жететіндей болуы керек. Өйткені, ақша қаражаттары кассада немесе банктегі есеп айырысу шотында жатса, табыс әкелмейді. Оларды қолда қауіпсіз ең аз шамада ұстау керек. Ұзақ уақыт бойы ақшаның көп қалуы айналым капиталын дұрыс қолдана білмеудің нәтижесі болуы мүмкін.
Кез-келген бизнес капиталдан басталады, олар өндірісті бастау үшін қорларға айналады (немесе алып-сату тауарларына). Одан соң тауар өндіріледі, өткізу сатысында — ақшаға айналады. Айналым капиталдың айналуы негізгі шаруашылык операциялармен тікелей байланысты:
сатып алу шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың және берешектердің ұлғаюына алып келеді;
өндіру дебиторлық берешектердің және касса мен есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарының өсуіне алып келеді.
Бұл операциялар көп рет қайталанады және ақшалай түсімдер мен ақшалай төлемдерге келіп тіреледі.
Осылайша, ақша қаражаттарының қозғалысы шикізатқа, материалдарға (тауарларға) ақша төлеу мен дайын өнімді (тауарларды) сатқаннан ақшаның түсуі арасындағы кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің ұзақтығына мыналар әсер етеді: кәсіпорынды жабдықтаушылардың несиелеу кезеңі; кәсіпорынның сатып алушыларды несиелеу кезеңі; шикізаттар мен материалдардың қорда болу кезеңі; дайын өнімді өндіру мен қоймада сақтау кезеңі.
Ақшалай қаражаттардың айналым кезеңін есептеу мысалын қарастырайық:
Шикізатардың кәсіпорын қоймасына түсуі - 10 қазан
Шикізаттарды қайта өңдеуге беру - 20 қазан
Жеткізушілермен есеп айырысу ақшаның - 15 қазан
Дайын өнімді жөнелту - 27 қазан
Айналу }
Сатып алушылардан ақшаның түсуі - 1 желтоқсан
кезеңі
Ақша қаражаттарының айналу кезеңін шикізаттар бойынша жабдықтаушылармен есеп айырысқаннан бастап (15 қазан) және сатып алушылардан дайын өнім үшін ақшаның түсуі кезеңімен (1 желтоқсан) анықтаймыз. Біздің мысалымызда осы кезең 1,5 айды құрады.
Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау № 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралың есеп нысаны деректері және бухгалтерлік есеп (синтетикалық есеп-шоттар бойынша айналымдар)» бойынша жүргізіледі.
Банктегі есеп айырысу шотында жатқан ақша қалдықтарының көбеюі немесе азаюы ақша ағымының теңгерімсіздік (несбалансированность) деңгейімен белгіленеді, яғни ақшаның келуі (приток) және кетуімен (отток). Сонымен қатар экономикалық ресурстар ағымдарының кіруі мен шығуына жоспарлау мен бақылауды күшейту керек. Кәсіпорын үшін ең бастысы меншікті айналым қаражаттарының көлемін оңтайлы қалыптастыру болып табылады.
Ақшаның келуінің ақшаның кетуінен асып кетуі еркін ақшаның қалдығын көбейтеді және керісінше кетудің келуден асып кетуі ақшаның жетіспеуіне және несие алу қажеттілігін ұлғайтады. 5- суретте ішке қарай бағытталған жебелер (стрелки) ақша қаражаттарының келуін, сыртқа қарай — кетуін
көрсетеді.
Ақша ағымдары жоспарланады, ол үшін 1 жылды айларға бөле отырып, ал жедел басқару үшін тоқсандарға және бес күндерге бөліп, кірістер мен шығыстар жоспарлары құрылады. Егер біршама уақыт бойы ақша қаражаттарының оң қалдықтары болжамалса, онда оларды алдын ала тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек. Кейбір кезде қалдығы ақшаның жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін. Онда заемдық қаражаттарды тарту көздерін жоспарлау керек.
Талдау процесінде банктегі ақша қалдықтарының қарқыны мен активінің осы түрде болу кезеңін зерттеу қажет. Капиталдың қолдағы ақша түрінде болу кезеңі мына формуламен анықталады:
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі қүралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруіне ерекше назар аударылады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активінің барлық сомасының 50 пайызынан кем бомауы тиіс (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б., 2005).
Біздің кәсіпорынымызда баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында, ал жыл сонында. Негізгі құралдар үлес салмағының кемуі қор қайтарымдылығының кемуіне әкеледі.
Негізгі құралдардың техникалық қауіпсіздіген сипаттайтын маңызды көрсеткіш - негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті деп аталады.
Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында- 11,8% (2,736 : 23,017), жыл аяғында 14 % (4,575 : 32,452), яғни 2,2 пунктке өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы мен олардың табиғи (физикалық) ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономисттердің жетілдіру жолдарылары бойынша 50% -дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жетілдіруға қатаң қөңіл аударуы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында ұзақ мерзімді активтерден-материалдарды емес активтер (ветеринарлық қызметке лицензия) мен басқа да негізгі құралдар (компьютерлер, факс, ксерокс, офистік жиһаз, т.б.) бар. Ал қалған негізгі құралдар жалға алынған.
Баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
Нарық қатынастары қауіпсіздігенда кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Айналым қаражаттарды меншікті және қарыз деп бөледі. Әр елде меншікті және қарыз капиталы арасында әр түрлі пропорциялар пайдаланылады.- Мысалы, Ресейде 50/50, АҚШ-та 40/60, Жапонияда 30/70. Меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын көрсетеді. Ең бастысы кәсіпорынның меншікті капиталына назар аудару қажет.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын аңықтау маңызды. Бұл көрсеткіш – тәуелсіздік коэффициенті деп аталады. Осы коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықталады:
Ктс = Мк : Ак
мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы).
Біздің кәсіпорынымызда есепті жылдың соңында (2011 ж) Ктс = 47421 : 13819498 = 0,0034 тең болды. Жыл басында кәсіпорын зиян шеккендіктен коэффициенттің жыл басындағы мәні есептелінбейді.
Баланс мәліметтерін қарайтын болсақ 2011 және 2010 жылдары кәсіпорын ұзақ және қысқа мерзімді қарыз капиталын алмағанын көреміз. Бұл кәсіпорынның экономикалық тәуелсіз екенін көрсетеді.
Осы коэффициенттің өсуі кәсіпорынның экономикалық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық қауіпсіздігенда алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Бірқатар авторлар коэффициенттің ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. АҚШ пен Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғарғы деңгейі болып 0,5-0,6 саналады.
Келесі көрсеткіш тәуелділік коэффиценті деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Кт = Қк : Ак немесе К, = 1 - Ктс
мұндағы: Кт – тәуелділік коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы);
Ктс — тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың , жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кэсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда қатыстырылған капитал (кредиттер мен заемдар) болмағандықтан бұл коэффициент есептелінбейді.
Келесі, кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кк = Мк : Қк
мұндағы: Кқ- қаржыландыру коэффициенті;
Мк — меншікті капитал;
Қк - қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициенті < 1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де есептейді. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол жыл басында 2,7-ге тең (62004/23017), ал жыл соңында 1,9-ға (62004/32425) тең болды. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды астып алуға ғана емес, кәсіпорынның экономикалық есеп беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.
Меншікті капиталды талдау. Меншікті капиталға: жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.
Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.
Жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі есептелінбейді, өйткені кәсіпорын зиян шекті (-198), ал жыл аяғына -15,793 мың теңгеге (47,421-31,628), яғни меншікті айналым қаражаты көбейген. Ол өз кезегінде тауарларды өткізу көлеміне тікелей байланысты болып табылады (13358,133-5504,288) - 7853,845 мың теңгеге.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Ол көрсеткіш-маневрлық коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жүмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:
Кж = Ма.к.
Мк
мұндағы: Кж - маневрлық (жүмсау) коэффициенті;
Ма к - меншікті айналым капиталы;
Мк — меншікті капитал.
«Футура» ЖШС-те жыл соңында Кж = 0,33 ( 15,793 / 47,421) тең болды, яғни жұмсау коэффициентінің өскенін көріп отырмыз. Бұл кәсіпорын үшін жетістік деуге болады.
Экономикалық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген оңды деп сипаттайды : бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған.
Оптималды мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті > 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы -материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы - материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі.
Ққ/қ = Ма.к.
Қтм
мұндағы: Ққ/қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
Ма.к. - меншікті айналым капиталы;
Қтм - тауарлы - материалдық қорлар.
Бұл коэффициент қандай дәрежеде ТМҚ мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Оның қалыпты мәні (А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин) – Кқ/қ > 0,6-0,8.
Біздің кәсіпорынымызда бұл коэффициент мәні жыл соңында Кқ/қ = 0,0011 (15,793.: 13358,133) тең болды, яғни жыл соңында тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен көбірек жабылғанын көрсетеді. Көрсеткіштің тым аз мәні қарыз қаражатын тарту қажеттілігін көрсетеді. Бірақ кәсіпорын алдағы уақытта қарыз қаражаттарымен жұмыс істемейтіндіктен, өзінің ішкі шаруашылық қажеттіліктерін меншікті қаражаттар есебінен толық қанағаттандыруға тырысуы қажет (Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б.,2005).
Қарастырылған көрсеткіштер үшін тұтас нормативті критерийлердің жоқтығын тағы бір рет атап өтейік. Олар көптеген факторлаға байланысты: кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне, несиелеу принциптеріне, қаражат көздерінің қалыптасқан құрылымына, айналым қаражаттарының айналымдылығына, кәсіпорын беделіне және т.б. Тек бір ғана ереже қалыптастыруға болады, ол әр типті кәсіпорын үшін "жұмыс істейді": кәсіпорын иелері (акционерлер, инвесторлар жэне жарғылық капиталға салымдарын қосқан енгізеген басқа да тұлғалар) динамикада қарызға алынған құралдар үлесінің парасатты өсуін қалайды; керісінше кредиторлар (шикізаттар мен материал жеткізушілер, қысқа мерзімді несие беретін банктер және басқа контрагенттер) жеке капиал үлесі жоғары, экономикалық автономдылығы үлкен кәсіпорындарды артық көреді.