- •Мазмұны:
- •I Бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- •Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары;
- •1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- •Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
- •2. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары.
- •2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары.
- •2.Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін жетілдіру жолдары.
- •2. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принциптері |
Принциптердің мазмұны |
Нақтылығы |
Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады. |
Жиынтылығы |
Процесті объективті жетілдіру жолдары мақсатында оны жан-жақты зерделеу |
Жүйелілігі |
Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес. |
Тұрақтылығы |
Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес. |
Объективтілігі |
Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау. |
Пәрменділігі |
Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы. |
Үнемділігі |
Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек. |
Салыстырымдылығы |
Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет. |
Ғылымдылығы |
Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек. |
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы қауіпсіздігеның бағалылығы болып табылыады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі экономикалық коэфициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
өтімділік (төлем қабілеттілігі);
пайдалылық (табыстылық);
активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға қауіпсіздіге болса.
Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.
Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда бірнеше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу қауіпсіздігена жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері ) ара салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент көрсеткіштер кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрым оның тұрақсыз ақуалы да орын алады.
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыпалы айналым жасайды. Бірінші сатыда фирма ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп , әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А – Қ ... Ө ... Д – А1 ,
мұнда А- шараушылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаржаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе қауіпсіздігенда кәсіпорын эконмикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішінде ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:
,
мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны.
Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде , онда айналым қаражатының орташа қалдығы сол жылға алынады.
Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – коммерциялық банктің экономикалық қауіпсіздіген талдау, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр. Соның ішіне 2012 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Мемлекет, Үкімет
және де қарапайым халық үшін фирманың
рейтингін талдаудың маңызы өте зор.
Әрине, оны халық анықтамайды, жоғарыда
айтып кеткенімдей оған Шағын Кәсіпкерлік
Ұйымдастыру Ұйымы басшылық етеді.
Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін
құру өте бір маңызды шаралардың бірі
болып отыр. Фирманың рейтингін жариялау
тек оның таза жұмыс істейтінін,
көрсеткіштерінің жоғары не төмен
екендігін білдіріп қоймай, фирма
компания корпарация
дәрежесіне жетіп елімізде ғана емес
сондай-ақ шетелдерде де танымал бола
бастайды. Оның өзі фирманың басқа елдерде
филиалдарын ашуға көмектеседі. Бұның
барлығы сол дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс
істейтін ақпарат жүйесінің қызметіне
тікелей қатысты.
