
- •Мазмұны:
- •I Бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- •Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары;
- •1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
- •Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
- •2. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары.
- •2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары.
- •2.Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін жетілдіру жолдары.
- •2. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
Мазмұны:
Кіріспе
I Бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
2. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары
2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары
2. Кәсіпорын табыстылығы (рентабельділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және жетілдіру жолдары
2. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін экономикалық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек. «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді (Президент Республики Казахстан. О дальнейших мерах по реализации стратегии развития Казахстана до 2030 года. Указ от 17 февраля 2004 года №344: официальный текст).
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік. Ол 2004 жылы 18-наурызда құрылған. Меншік түрі - жеке. Негізгі қызмет түрі – жиһаздарды сату және сатып алумен айналысады. Шетелдерден жиһаздарды дайын өнім ретінде алып келеді. «Футура» ЖШС-ң өзінің балансы, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі, эмблемасы және сауда белгісі бар.
Курстық жүмыстың мақсаты: «Футура» ЖШС-ң экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары;
Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары;
Кәсіпорын табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және жетілдіру жолдары.
Осы міндеттері орындау барысында кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның экономикалық қауіпсіздіген жалпы жетілдіру жолдары, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың қауіпсіздіге мен қозғаласын жетілдіру жолдары, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін жетілдіру жолдары жүзеге асырылады.
Курстық жұмысты орындау барысында «Футура» ЖШС-ң есеп беру формалары пайдаланылады. Атап атқанда 2011, 2010 жылдың Бухгалтерлік балансы, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Түсініктеме хат және «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің Жарғысы.
1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып , өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады .
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік , сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
Қазақстанның азаматтары
Шетел мемлекетінің азаматтары
Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Кәсіпорын құрылымы
Негізгі өндіріс
Көмекші өндіріс бөлімшесі
Қызмет көрсету, жанама және қосалқы
бөлімшесі
Басқарушылық қызметі және бөлімшесі
Экономикалық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді экономикалық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау фирманың экономикалық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын экономикалық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.