Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын есеп копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

3. Зейнетақылық төлемдер

Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар тек жеке тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден қабылданады, заңды тұлғалардың аударымдары банкте ашылған шот арқылы қабылданады.

Зейнетақылық төлемдер: міндетті және ерікті болып бөлінеді

  • Міндетті зейнетақылық төлемдер «МЗТО» РМҚК шотына аударылады

  • Ерікті зейнетақылық төлемдер кез келген ЖЗҚ шотына қабылданады

Төлемдер жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден қабылданады

Төлемдер ұлттық валютамен және ПД-4 нысанындағы бланкте қабылданады

Төлемдер тізіммен немесе әрбір жеке тұлғаға бөлек түбіртекпен қабылданады.

  • Аталған төлемдерді жүргізгені үшін Банк комиссиялық ұстап қалады.

Зейнетақы қорына төлем жүргізу үшін клиент мыналарды ұсынуға тиіс:

  • Зейнетақылық жарналарды төлеу үшін (зейнетақылық төлем үшін) толтырылған ПД-4 бланкісі;

  • Зейнетақы қорымен жасалған шарттың көшірмесі немесе ӘЖК көшірмесі (егер «Төлеуші» заңды тұлға болса, Т.А.Ә., туған күні мен жылы, СТН-і, ӘЖК, төлем сомасы және төлем кезеңі көрсетілген клиенттердің тізімі қоса тіркеледі).

Кесте № 46 Зейнетақы қорларының тізімі

Төлем коды

Атауы

ЖСК

35008

Міндетті зейнетақылық жарналар

413609816

43649

Мемлекеттік зейнетақы қоры

368609316

43653

Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ)

000609117

43654

«ҰларҮмiт» ЖЗҚ

025467063

43656

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

001609241

43657

«Атамекен» АЖЗҚ ЖТАҚ

022467804

43659

«Сенiм» ҰЖЗҚ

001467382

43661

«Валют-транзит қоры» ЖЗҚ ЖАО

002609114

43887

«Отан» АЖЗҚ АҚ

504467249

43895

«МұнайГаз-Дем» АЖЗҚ ЖАҚ

027467553

43905

Қонаев атындағы ашық

тұрпатты мемлекеттік емес ЖЗҚ

000609722

43906

«Қазақмыс» ЖЗҚ ЖАҚ (корпоративтік)

024467912

43907

«Филипп Морис» Корп ЖЗҚ ЖАҚ

019009975

43908

«АБН АМРО» ЖЗҚ ЖАҚ

020916675

43909

«КАПИТАЛ» ЖЗҚ ЖАҚ

00609081

1133

«ГРАНТУМ» ЖЗҚ АҚ

020916675

1136

/ҰЛАР ҮМІТ/ АЖЗҚ / ЖАҚ

025467063

1137

«ҚОРҒАУ» ЖЗҚ

037467525

1138

«АТАМЕКЕН» ЖЗҚ АҚ

022467804

  • Жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдер қабылдағанда клиент толтырылған бланкті немесе ПД-4 нысанындағы Банк бланкін ұсынады.

Мына деректемелер міндетті түрде болуға тиіс:

- Аударым түрі - міндетті немесе ерікті

- Клиенттің ӘЖК

- Клиенттің СТН-і

- Клиенттің ТАӘ және мекен-жайы

- Алушының шоты

- ЖЗҚ атауы

- Алушының банкі

- БСК

- Алушының СТН-і

- төлем кезеңі

Бланкке сонымен қатар мыналарды міндетті түрде тіркеу қажет:

  • Зейнетақылық шарттың немесе кітапшаның көшірмесі

  • ӘЖК көшірмесі (егер шартта ӘЖК көрсетілмесе)

ЖЗҚ-на төлемдер қабылдағанда кассирдің орындайтын міндеттері:

  • Клиентке операция үшін ұсталатын комиссиялық сыйақы және оның мөлшері туралы хабарлайды;

  • Егер клиент комиссиялық сыйақы төлемі бойынша жеңілдігі бар клиенттер санатына жататын болса, бақылаушы кассир тиісті құжатты (зейнетақылық куәлік, ҰОС-қа қатысушының куәлігі) ұсынуды сұрайды және оның мәліметтерін төлем құжатының хабарламасында көрсетеді;

  • Құжаттарды алып, қарап шығады, төлем сомасы (+Банк комиссиясы) туралы Төлеушімен келіседі;

  • Төлеушіден қолма-қол ақшаны қабылдап, оны есептейді және ақшаның сапасын, төлем құндылығын тексеріп алады;

  • «Colvir RS» бағдарламасындағы «Зейнетақылық төлемдерді аудару» деген бетті немесе егер Төлеуші ЖК (жеке кәсіпкер) болса, ҚБ-нан «Зейнетақылық төлемдерді тізіммен аудару» бетін ашады;

  • егер зейнетақы төлемінің сәйкестендірмесі - міндетті болса, «Colvir RS» бағдарламасына «Зейнетақы қорына аудару» енгізеді, бенефициар - МЗТО. Егер төлем ерікті жарна болса, зейнетақылық қорлар анықтамалығынан Алушы-қорды таңдайды, бұдан кейін «Colvir RS» бағдарламасында автоматты түрде алушының Банкі шығады;

  • «Colvir RS» бағдарламасына төлем жүргізілетін кезеңді, айы мен жылын, төлем сомасын енгізеді;

  • егер «Colvir RS» бағдарламасында СТН анықтамалығы бар болса, клиенттің СТН-н енгізеді, егер ол дұрыс көрсетілсе, бағдарламада автоматты түрде құжаттың электронды бейнесі шығады, клиенттің Т.А.Ә., егер төлем жеке тұлғадан қабылданған болса, оның үйінің мекен-жайы көрсетіледі. Егер «Төлеуші» заңды тұлға болса, «Ұйымның атауы» мен заңды мекен-жайы беріледі. Клиенттің СТН анықтамалығы болмаса, оның Т.А.Ә. мен мекен-жайы қолмен жазу арқылы енгізіледі.;

  • операцияны сақтайды және тіркейді;

  • егер клиент анықтамалықтағы мәліметтермен сәйкес келмейтін басқа бір деректемелер енгізген болса, клиентке бұларды нақтылау ұсынылады, егер клиент мәліметтердің дұрыс толтырылғандығын баса айтатын болса, сәйкес келмейтін деректемелерді толығымен «қолмен жазу режимінде» енгізу керек;

  • құжатты екіге бөліп кеседі: түбіртекті хабарламадан бөліп алып, Клиентке береді, хабарлама - Банкте қалады;

  • түбіртек артық ақшамен бірге Клиентке қайтарылады.

Төлеуші тізімді электрондық тасымалдаушымен (дискета) ұсынуына болады.

Бұл жағдайда да төлем сомасына толтырылған бланк пен Төлеушінің уәкілетті тұлғалары растаған тізім ұсынылады.

Бұл ретте кассир:

  • «Colvir RS» бағдарламасын ашады, дискетаны дисководқа салады да, меңзерді (курсор) «МТ» белгісіне қояды, сонда экранда қағаз түрінде берілген тізімге сәйкес клиенттер тізімі көрінеді.

  • дискетадағы клиенттер туралы мәліметті қағаздағы тізім мәліметтерімен салыстырып тексереді;

  • қолма-қол ақшаны әрбір түбіртек пен әрбір клиент үшін комиссиялық сыйақыны есепке ала отырып, аударады;

  • операцияны тіркейді және мөртабанды басып шығарады;

  • құжатты екіге бөліп кеседі: түбіртекті хабарламадан бөліп алып, Клиентке береді, хабарлама Банкте қалады;

  • түбіртек артық ақшамен бірге Клиентке қайтарылады.

Жұмыс күнінің аяғында төлем құжаттары жеке-жеке бөлініп, бандерольге салынады.

Бандерольдерде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

  • ЖСК (есеп айырысу шоты)

  • Құжаттар саны

  • Құжаттар бойынша ақша сомасы

  • Күні

  • ЕКБ №

Құжаттардың барлығы есептемемен бірге Облыстық филиалдың бухгалтерлік есеп бөліміне жіберіледі.