
- •1. Жалпы Банк құрылымы мен оның бөлімдерімен танысу
- •1.2 «Қазақстан Халық Банкі» ақ Астаналық облыстық филиал.
- •2 «Қазақстан Халық Банкі» ақ негізгі қаржылық көрсеткіштері.
- •2.1 Банктің 2006 жыл бойынша қызметін талдау
- •2006 Жыл бойынша қаржылық қызметі
- •2.2 Банктің 2007 жыл бойынша қызметін талдау
- •2.3 Банктің 2008 жыл бойынша қызметін талдау
- •3. Банктің ұйымдық құрылымы
- •3.1 Кассалық есеп айырысу бөлімінде тәжірибе
- •Коммуналдық және басқа қызметтер үшін төлемдер
- •2. Бюджеттік төлемдер
- •3. Зейнетақылық төлемдер
- •4. Бюджетке әлеуметтік төлемдерді аудару
- •3.2 Несие менеджерлер бөлімінде тәжірибе
- •3.3 Жеке қызмет көрсету орталығында тәжірибе
- •3.4 Орта және шағын бизнесті несиелеу бөлімінде тәжірибе
- •3.5 Заң бөлімінде тәжірибие
- •2006 Жылдың қорытынды негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- •2007 Жыл бойынша қорытынды негізгі қаржылық көрсеткіштер:
- •2008 Жыл бойынша қорытнды қаржылық көрсеткіштер:
3. Банктің ұйымдық құрылымы
3.1 Кассалық есеп айырысу бөлімінде тәжірибе
Кассалық есеп айырысу бөлімшелері бұл массалық сегментке есеп айырысулық, картшоттық, аударымдық, айырбастау қызметтерін атқарады. Яғни кассалық есеп айырысу бөлімінде тек қана жеке тұлғаларды қабылдайды. Онда менеджерлер, кассирлер, котролер кассир, аудит, оқыту бөлімі және банкоматтың жұмысын қамтамасыз ететіндер отырады.
Кассирлер және контролер кассир келесі қызметтерді орындайды:
кіріс кассалық операцияларды
комуналдық және басқа да төлемдерді
ақшаны қабылдау және беру
шетел валютасын сату сатып алу
менеджерлер болмаған кезде олардың орнына қызмет атқару, келісім шарттарға отыруға
инкассация жүргізуге.
Коммуналдық және басқа қызметтер үшін төлемдер
Банктің есеп айырысу-касса бөлімшелері клиенттерден қолма-қол ақшамен бюджетке, мемлекеттік қорларға төлем қабылдайды, сондай-ақ жеке тұлғалардың және заңды тұлға құрмастан қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлердің ерікті жарналарын (меншік нысанына қарамастан) қабылдайды.
Заңды тұлғалардың шоттарына төлем ұлттық валютамен қабылданады.
Коммуналдық қызмет үшін төлем тек жеке тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден қабылданады, заңды тұлғалар төлемі тек олардың шоттары болған жағдайда жүргізіледі.
Төлем қызмет көрсетушінің бланкінде (есеп айырысу кітапшасы, түбіртек), Банк бланкінде (ПД-4; ФЛ; МБ, 143А) қабылданады, түбіртек нысаны сондай-ақ Банктің өз бағдарламасында да жасалады.
Кіріс құжаттары екі бөліктен құралады - хабарлама және түбіртек, бұларда мынадай деректемелер беріледі:
- Алушы - заңды тұлғаны атауы
- Алушы банктің атауы
- Алушының банк шотының нөмірі (ЖСК)
- БСК
- Төлем сомасы
- Төлеушінің мәліметтері
Төлемдер мынадай түрлерге бөлінеді:
Коммуналдық, телекоммуникациялық және өзге қызметтер үшін төлемақы
Бюджеттік төлемдер
МЗТО зейнетақылық төлемдері (міндетті)
Жинақтаушы зейнетақы қорларына (ЖЗҚ) төлемдер (ерікті)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына төлемдер (міндетті және ерікті).
Банк бөлімшелері «Colvir» жүйесінде «Colvir RS» модулінде жұмыс істейді.
Төлем қабылдау операциялары жүргізілгенде түбіртек-хабарлама
бланктерінде автоматтандырылған режимде бақылау жазба жасалады.
Коммуналдық және өзге қызметтер үшін төлемдер түбіртегінде «Colvir RS» қамтамасыз ету бағдарламасынан (ҚБ) алынған мөр бедерінен басқа мөртабандар мен мөр бедерлерін қоюға тыйым салынады («Colvir RS» бағдарламасында қабылданатын төлем туралы ақпарат пен бақылау кілті болады).
Мына жағдайларды бұған қосуға болмайды:
а) мөр бедерін басқанда техникалық ақау жіберілсе, клиент төлем сомасына кассалық кіріс ордерінің бір данасын ұсынуы қажет;
б) бұл жағдайда клиенттің өтініші бойынша төлем құжатында міндетті түрде «Colvir RS» бағдарламасынан алынған мөр бедері қойылуға тиіс.
Егер түбіртек нысаны «Colvir RS» ҚБ-да жасалатын болса,
бұл жағдайда төлем құжатында мөр бедері басылмайды, хабарлама-түбіртектің шығыс нысаны клиентке танысуға және қол қоюға беріледі, одан әрі бір данасы Банкте қалады және күн құжаттарына тіркеледі, ал екіншісі клиенттің қолына беріледі.
Клиент түбіртекті, негізінен, өз қолымен - шарикті қаламмен толтырады немесе түбіртекті төлемді алушы заңды тұлғаның өзі әзірлейді.
Құжатта түзету жасауға жол берілмейді.
Егер қате жіберілсе, оны төлеушінің қолымен растау қажет.
Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бірнеше режимде жүргізіледі:
Бірыңғай төлем құжаттарын (БДҚ) делдал-ұйымдарға (есептеу орталықтары - ЕО) одан әрі алушылар бойынша тарату үшін жөнелту режимінде өңдеу.
Бұл режим Банкте клиенттерден коммуналдық төлемнің бірнеше түрі бойынша БТҚ қабылдауды, одан әрі оларды алушылар бойынша делдал ұйымдардың (ЕО) атына ажыратуды және бұдан кейін Банктің ақшаны қызмет көрсетушілер атына жөнелтуін білдіреді.
Жекелеген коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу жөніндегі клиент тапсырмасын қызмет көрсетушінің хабарламасы немесе Банк бланкісі бойынша қабылдау және орындау.
Төлемнің бұл түріне сәйкес төлеушінің толтырған барлық деректемелері енгізіліп, әрбір төлем жекелеген тапсырмамен аударылуы керек.
Төлемді ҚБ-на енгізгенде СТН, есеп шоттары, қызмет көрсетушілер-алушылар атауы бойынша анықтамамен жұмыс істеуге мүмкіндік болады.
БТҚ (бірыңғай төлем құжаты) - қызмет көрсетушінің атынан жеке тұлғаға (тұтынушыға) бір шотпен қойылатын, барлық коммуналдық қызметті біріктіретін құжат;
БТҚ делдал-заңды тұлғалар (ЕО) құрастырады;
ЕО (есептеу орталығы) - қызмет көрсетушілерге мынадай қызмет түрлерін ұсынатын заңды тұлға:
- тұрғын үй-коммуналдық қызмет тұтынушыларының жеке шоттарын жүргізу;
- коммуналдық қызмет тұтынушы әрбір төлеуші бойынша БТҚ құрастыру және оның жеке шотын жүргізу;
- тиісті шарттарға сәйкес төлеуші-тұтынушылар бойынша қызмет көрсетушілерге ақы төлеу жөнінде ақпарат ұсыну;
- Банктен ақысы төленген БТҚ қабылдау және қызмет көрсетушілер бойынша ақша аударуға төлем құжаттарын құрастыру.
Қазіргі уақытта мұндай қызметтер нарығында екі заңды тұлға жұмыс істейді:
- АЕО (ақпараттық есептеу орталығы)
- Алсеко.
ҚБ-да АЕО бланктері бойынша екі кодпен және екі арна бойынша төлем жүргіземіз:
- АЕО (ұсақ) - 3 арна
- АЕО - 2 арна
АЛСЕКО бланктері бойынша төлемдер де екі кодпен және екі арнамен жүргізіледі:
- Алсеко (ұсақ) - 165 арна
- Алсеко - 166 арна
Хабарлама-шоттарында Қызмет көрсетуші тарапынан қойылатын сомаға бөлек баған және Төлеуші төлейтін ақша сомасына бөлек баған болады.
Төлем сомасы «төленетін сома» деген бағанда көрсетіледі;
Егер бұл баған толтырылмаса, кассир соманы «төлемге қойылғаны» деген бағанда көрсете алады;
Төлемді кешіктіргені үшін Банк өсімпұл ұстамайды;
Қабылданған төлем сомасын бухгалтерия, ЕО бойынша, көрсетілген шоттарға аударады;
Төлем құжаттарын қағаздық тасымалдаушылармен (бандерольдер, хабаралама) қызмет көрсетушілерге жеткізуді АОФ бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты қызметкері құжаттар берудің арнаулы журналда белгілеп көрсетеді.
Клиент төлемақылық шот-хабарламаны ұсынғанда кассирдің орындайтын міндеттері:
Клиентке операция үшін ұсталатын комиссиялық сыйақы және оның мөлшері туралы хабарлайды;
Егер клиент комиссиялық сыйақы төлемі бойынша жеңілдігі бар клиенттер санатына жататын болса, бақылаушы кассир тиісті құжатты (зейнетақылық куәлік, ҰОС-қа қатысушының куәлігі) ұсынуды сұрайды және оның мәліметтерін төлем құжатының хабарламасында көрсетеді;
Құжаттарды алып, қарап шығады, төлем сомасы (+Банк комиссиясы) туралы Төлеушімен келіседі;
Төлеушіден қолма-қол ақшаны қабылдап, оны есептейді және ақшаның сапасын, төлем құндылығын тексеріп алады;
түбіртектегі мәліметтерді «Colvir RS» бағдарламасындағы «Коммуналдық төлемдерге» енгізеді (жалпы менюге кіріп, мына схемамен жұмыс істеу керек: КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ /КҮНІ /ОК / ЖАСАУ/ ҚҰЖАТ ТҮРІ / 1200 / ОК/ ТӨЛЕМ КОДЫ /ENTER /СОМАСЫ / ЖЕҢІЛДІКТЕР /сақтау (Page Down);
Хабарлама-түбіртекті Банк мөртабаны бедерін басу үшін принтер арқылы өткізеді (басып шығару /ок);
Банктің мөртабан бедері бар түбіртекті хабарламадан бөліп алады да, клиентке береді және ақшаның артығын қайтарады;
Хабарламаларды төлемді алушылар бойынша бөліп қояды.
Мәліметтерді енгізуді төлем коды, алушының шот нөмірі, ұйым атауы бойынша жүргізілуі мүмкін немесе жүйе анықтамалығынан (Фильтр арқылы) таңдалады.
Коммуналдық қызмет үшін аударым арқылы төлем тек жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден қабылданады, заңды тұлғалардың аударымдары олардың шоттары болған жағдайда ғана қабылданады.
Кейбір төлемдерге қосымша мәлімет енгізу қажет болады: мәселен, жеке шоттың нөмірі және №4 «Қазақтелеком» коды бойынша шот-хабарламаның нөмірі немесе «Алма ТВ» шотын төлегенде келісім-шарт нөмірі.
Бұл мәліметтер Төлеушінің өзінде болуға тиіс, дегенмен, бағдарламаның жұмыс сапасын жақсарту үшін ақпаратты билинг базасынан (Ғ5) алуға болады. Мұндай төлемдерде базадан төлем бойынша барлық қажетті мәліметті көруге болады, алайда төлем сомасы мен төлеу үшін қойылған сома және клиенттің нақты төлейтін сомасы сәйкес келмеген жағдайда, нақты төленетін ақша сомасына өзгеріс енгізуге болады.
Бағдарламада арнайы анықтама жұмыс істейді, онда есеп айырысу шоты бойынша, бенефициардың атауы, БЖК, төлемнің атауы бойынша іздестіру жүргізуге болады.
Егер белгілі бір себеппен түбіртек бланкінде автоматты түрде мөр /мөртабан бедері қойылмаған болса, қайталау мүмкін емес!
Жұмыс күнінің аяғында:
хабарламалар төлемді алушылар бойынша бөлініп қойылады;
төлемнің әр түрі бойынша ілеспе жапсырма қағаз басылады және ол әрбір бандерольдің ішіне салынады немесе тігілген құжаттар пакетіне қоса жапсырылады;
ілеспе жапсырма қағазда мынадай мәлімет көрсетіледі:
-
- ЖСК (есеп шоты)
- Филиал коды
- бақылаушының коды
- төлем коды
- бума №
-түбіртектің бастапқы №
- түбіртектің соңғы №
-құжаттар саны
- бақылау сома
- кассирдің қолы