Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать

Сүзгілер (фильтры).

Сүзгілер сұраныстар сияқты деректер қорының нақты жазбаларын таңдау үшін арналған. Бірақ сүзгі кестемен бірге сақталады және ол сұраныс түрінде жазылған болмаса, басқа объектілермен бірге қолданылмайды.

Зертханалық жұмыс №12. Сүзгіні орнату.

Сүзгіні орнату – кесте, сұраныс немесе формадағы жазбалар бөлігін таңдаудың қарапайым әдісі. Бұл жаттығуда сүзгі көмегімен Контактілер кестесінің бірнеше жазбалары ерекшеленіп алынады.

  1. Деректер қоры терезесіндегі Кестелер батырмасына, сосын Контактілер белгісіне екі рет шертіңіз.

  2. Фамилия бағанындағы Петров фамилиялы ұяшыққа шертіңіз.

  3. Ерекшеленуі бойынша сүзгі (Filter By Selection) батырмасына шертіңіз. Нәтижесінде Петров мәні бар Фамилия өрісінің жазбалары ғана көрінетін болады (сурет 2.10).

  4. Сүзгі әсерін қайтару үшін Сүзгіні жою (Remove Filter) батырмасына шертіңіз.

Ескерту

Access соңғы қолданылған сүзгіні есте сақтап қалады. Оны Сүзгіні қолдану (Apply Filter) батырмасына шерту арқылы қайта орнатуға болады. Бұл сүзгі әрекетін қайтаруға көмектесетін бұрыннан бар батырма, тек енді ол басқаша аталады.

Сүзгі бұдан да күрделірек болуы мүмкін. Мысалы, телефон өрістерін бос емес және Петров фамилиясы бар барлық жазбаларды қалдыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

Сурет 2.10. Жазбаларды сүзгілеу

  1. Жазбалар (записи) > Сүзгі (Фильтр) > Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) (Records > Filter > Advanced Filter/Sort) бұйрығын таңдаңыз. Сұраныс құрастырушысына ұқсас терезе ашылады. Сүзгі бланкінде амилия өрісінің Петров мәніне теңестіру критериі бар болады.

  2. Бланкінің екінші бағанына жұмыс телефоны өрісін тасымалдаңыз.

Сурет 2.11. Кеңейтілген сүзгі терезесі. 

  1. Таңдау шарты ұяшығына <>Null формуласын енгізіңіз (сурет 2.11).

Кез-келген бос өріс мәні NuIL ұзындығына тең. < >NuII шарты Null ұзындығына тең емес өрістерді тексереді, яғни барлық бос емес өрістерді алып тастайды.

  1. Сүзгі > Сүзгіні қолдану (Filter > Apply Filter/Sort) бұйрығын таңдаңыз. Орнатылған сүзгі Контактілер кестесіне қолданылатын болады. Нәтижесінде онда тек қана екі жазба қалатын болады.

  2. Жазбалар > Сүзгіні жою (Records > Remove Filter/Sort) бұйрығы көмегімен сүзгілеуді қайтаруға болады.

Зертханалық жұмыс №13. Сұранысқа түрлендіру.

Өкінішке орай, жаңа сүзгіні орнату қайталап қолдануға болмайтын алдыңғылардың барлығын жояды. Егер сүзгі айтарлықтай күрделі болса, онда оны қайта-қайта орнату көп уақыт алуы мүмкін және сізге алып еңбегіңіздің нәтижесін қалайда сақтау керек болса, Access сүзгілерді сақтаудың қарапайым әдісін ұсынады. Сүзгі терезесі сұраныс құрастырушысына ұқсас болғандықтан сүзгіні таңдау шарты сияқты сұраныс түрінде жазу логикалық болар еді. Сүзгіні сұранысқа айналдыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Жазбалар (записи) > Сүзгі (фильтр) > Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) (Records > Filter > Advanced Filter/Sort) бұйрығымен бұған дейінгі тапсырмаларда құрылған күрделі сүзгі терезесін екпінді етіңіз.

  2. Файл > Сұраныс сияқты сақтау (File > Save As Query) бұйрығын орындаңыз.

  3. Ашылған сұхбат терезеде сүзгі атын енгізіп ОК батырмасына шертіңіз.

  4. Сүзгі терезесін жабыңыз.

  5. Деректер қорының терезесінде Сүзгі атымен жаңа сұраныс пайда болады. Осы сұраныс белгісінде екі рет шертіңіз.

Жазбалары Контактілер кестесінің сүзгіленген жазбаларын қайталайтын, орындалған сұраныстың нәтижелік терезесі ашылады. Бұл сұранысты сәйкес критерилері бойынша таңдалған жазбаларды экранға шығарып, кез-келген уақытта қолдануға болады. Сонымен бірге, кез-келген сұранысты сүзгіге айналдыруға болады. Ол келесі түрде орындалады.

  1. Контактілер кестесі терезесін шертіп екпінді етіңіз (егер кесте жабық болса, оны ашыңыз).

  2. Жаңа сүзгі қою үшін (және алдыңғысын кетіру үшін), тышқанның оң жақ батырмасын Петров фамилиясымен ұяшыққа шертіңіз және жанама мәзірден ерекшеленгенді шығару (Filter Excluding Selection) бұйрығын таңдаңыз. Кестеде тек фамилия өрісінде Петров сөзі жоқ жазбалар ғана қалады.

  3. Сүзгіні жою батырмасына шертіп деректерді сүзгілеуді өзгертіңіз. Енді алдыңғы күрделі сүзгіні қайтарайық.

  4. Жазбалар (записи) > Сүзгі (фильтр) > Кеңейтілген сүзгі (расширенный фильтр) бұйрығын таңдаңыз.  

  5. Файл > Сұраныстан жүргізіңіз (загрузить из запроса) (File > Load From Query) бұйрығын таңдаңыз.

  6. Ашылған сұхбат терезеден Сүзгі сұранысын ерекшелеп ОК батырмасын шертіңіз.

Сүзгілеудің ескі шарттары сүзгі терезесінің бланкінде пайда болады. Енді сақталған сүзгіні қолдану үшін құрал-саймандар тақтасындағы сүзгіні қолдану батырмасына шерту жеткілікті.