Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №9. Таңдау шарттары.

Сұранысқа таңдау шартын қосу кестеден барлық жазбаларды емес тек қана нақты сындарды (критерилерді) қанағаттандыратын жазбаларды ған таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, сізді 1999 жылдың желтоқсан айында болған байланыстар қызықтыруы мүмкін. Онда таңдау шартына сәйкестенетін сұранысты қосуды түрлендірейік (модификациялайық).

  1. Деректер қоры терезесінен (сурет 2.4.) контактілер тізімі сұраныс белгісін ерекшелеңіз.

Сурет 2.4. Деректер қорының терезесі.

  1. Құрастырушы батырмасына шертіңіз.

  2. Сұраныс бланкісінің бірінші бағанында тышқанның оң жақ батырмасында таңдау шарты (Criteria) ұяшығына шертіңіз және жанама мәзірден Құру (Build) бұйрығын таңдаңыз. Өрнек құрастырушы терезесі ашылады.

  3. Құрастырушының сол жақ тізімінде Операторлар (Operators) бумасына шертіңіз.

  4. Ортаңғы тізімнен Салыстыру (Comparison) категориясын таңдаңыз.

  5. Бұл операторды формула нөліне қосу үшін оң жақтағы тізімнен Between бөліміне екі рет шертіңіз.

  6. Формула өрісінде бірінші «Өрнек» («Ехрг») толтыру орнын шерту арқылы ерекшелеңіз.

  7. Өрнек құрастырушының оң жақтағы тізіміне екі рет шерту арқылы Функция бумасын ашыңыз.

  8. Access-тің стандартты функциясынан тұратын құрама функциялар бумасын шертіңіз.

  9. Өрнек құрастырушының ортаңғы тізімінен Мерзім/уақыт (Data/Time) бөліміне шертіңіз.

  10. Онымен «Өрнек» толтырылу орнын ауыстыру үшін оң жақ тізімдегі DateValue функциясына екі рет шертіңіз.

  11. «Stringexpr» толтыру орнын ерекшелеп -> пернесін екі рет шертіңіз.

  12. "1.12.99" мәтінін енгізіңіз.

  13. 7-13 қадамдарды қайталай отырып «Өрнектің» екінші толтырылу орнын DateValue ("31.12.99") өрнегіне ауыстырыңыз.

Сізде Between DateValue ("1.12.99") And DateValue ("31.12.99") формуласы шығуы керек. Ол 1999 жылдың желтоқсан айының 1-нен 31-не дейінгі аралықтардағы уақытты табу шартын тексереді, яғни 1999 жылдың желтоқсан айына тиісті Мерзім өрісінің мәндерін, жазбаларын ғана таңдайды.

Ескерту

Егер сіз Access-тің өрнек құрастыру ережесін ұғынсаңыз, онда тікелей сұраныс бланкісіне өрнекті енгізе аласыңыз.

  1. Ок батырмасын шертіңіз. Құрастырылғын формула сұраныс бланкінің бірінші бағанындағы таңдау шартының ұяшығында пайда болады. Бір айға қатысты жазбаны таңдау кезінде байланыстың дәл уақыты елеусіз болуы мүмкін. Бұл жолды таңдау шартынан түбегейлі алып тастауға болмайды, себебі ол таңдау шартын жүзеге асыру үшін қажет. Сұраныс нәтижесіне қоспастан кез-келген өрісті жасыруға болады.

  2. Сұраныс бланкісіндегі Экранға шығару (Show) бөлімінің бірінші бағанынан жалаушаны алып тастаңыз (сурет 2.5).

Сурет 2.5. Өрістерді жасыру.

  1. Құрал-саймандар тақтасындағы Орындау (Run) батырмасын шертіп сұранысты орындаңыз. 

Зертханалық жұмыс №10. Нәтижелік сұраныс.

Сұраныстар кестеден жазбаларды таңдап қана қоймай сонымен бірге әртүрлі статистикалық параметрлерді есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, байланыстардың сандық қосындысын есептеуге және Контактілер кестесіне қосылған әрбір адаммен бірінші және соңғы байланыс мерзімін шығаруға болады. Құрастырушы режимінде мұндай сұраныс құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

  1. Деректер қоры терезесінде Сұраныстар батырмасына шертіңіз.

  2. Құрастырушы режимінде сұраныс құру (Create Query In Design View) белгісіне екі рет шертіңіз.

  3. Ашылған сұхбат терезесінен (сурет 2.6.) Контактілер жолын ерекшелеңіз.

  4. Сұраныс құрастырушысының жоғарғы аумығынан таңдалған кестені Қосу батырмасын шерте отырып қосыңыз.

  5. Тізім бөлімін ерекшелеп Қосу батырмасына тағы да шертіңіз.

  6. Кестелерді қосу (Show Table) сұхбат терезесін Жабу батырмасын шерту арқылы жабыңыз. Байланыс сызықтарымен байланысқан екі кесте өрістерінің тізімі құрастырушы терезесінде пайда болады.

  7. Құрал-саймандар тақтасындағы Топтық операциялар (Totals) батырмасына шертіңіз. Сұраныс бланкінде нақты өрістер мәндерімен статистикалық амалдарды орындауға мүмкіндік беретін қосымша Топтық операция жолы пайда болады.

Сурет 2.6. Кесте қосу

  1. Құрастырушының бірінші бағанынан Өріс (Field) ұяшығына фамилия өрісін тасымалдаңыз.

  2. Дәл сол ұяшықтың екінші бағанына Контактілер кестесінің Имя өрісін тасымалдаңыз.

  3. Сұраныс бланкісінің үшінші, төртінші және бесінші бағандарына Тізім кестесінің Мерзім өрісін тасымалдаңыз (суррет 2.7).

Сурет 2.7. Топтық операциялармен сұраныс.

  1. Топтық операция (Total) ашылмалы тізіміндегі сұраныс бланкісінің үшінші бағанынан Min бөлімін таңдаңыз.

  2. Сол ұяшықтың төртінші бағанынан Мах бөлімін таңдаңыз.

  3. Бесінші бағанына Count топтық операциясын беріңіз. Топтық операциямен құрастырылған барлық Тізім кестесіндегі жазбалар қайта өңделеді, сәйкесінше Контактілер кестесінің нақты тізімдері және де Тізім кестесіндегі деректерді сұраныс нәтижесіне сәйкес болғанда ғана нақты формуламен анықтаймыз. Берілген топтық операциялар 2.1.- кестесінде көрсетілген.

КЕСТЕ 2.1. Топтық операциялар.

Атауы 

Функциялары

Шарттар

(Where)

Топтастыру орындалмайтын өрістер үшін таңдау шартының тапсырма режимі. Мұндай өрісті Access автоматты түрде жасырын түрге келтіреді.

Өрнектер

(Expression)

Күрделі формула бойынша есептеу жүргізетін есептеу өрісі.

Group By

Статистикалық параметрлер есептелетін, топтық жазбаларды анықтайтын өріс. Group By (Группировка) топтастыру режимімен бірдей мәндер өрісі үшін барлық жазбалар бір топқа жатады.

 Last 

Топтағы соңғы мән.

 First 

Топтағы бірінші мән.

 Var 

Өріс мәндерінің нұсқалары.

StDev

Ұзындықтың орташадан нолге өзгеру стандарты.

Count 

Null ұзындығынан тұрмайтын нолге сәйкес жазбалар саны.

 Мах 

Ең үлкен мән

Min 

Ең кіші мән

 Avg 

Өрістің орташа мәні.

Sum

Барлық жазбалар бойынша мәндер қосындысы.

Ескерту

Сұраныстың бесінші өрісінде жазбалар саны есептелетін болғандықтан осы бағанның Өріс ұяшығына Тізім кестесінің кез-келген өрісін орнатуға болады.

  1. Сұранысты орындау үшін Түр батырмасына шертіңіз. Бес бағаннан тұратын кесте пайда болады. Бірінші тұрған екі баған адамдар аттары мен фамилияларынан құралады. Осы өрістер бойынша топтастыру орындалады, яғни бір адаммен сәйкестендірілетін Тізім кестесінің жазбалары үшін сұраныстың қалған өрістерінің мәндерін есептеу орындалады. Жоғарыда айтылғандай Контактілер кестесінен алынған адам және Тізім кестесінің байланыстар сәйкестігі осы екі кесте арасында байланыс орнататын Код_Контактілер өрістерімен анықталады. Сұраныстың үшінші және төртінші бағандары нақты адаммен байланыстың сәйкесінше бірінші (функция Min) және соңғы (функция Мах) мерзімін шығарады. Бесінші баған белгілі бір адамның, яғни онымен байланыс жасаған мерзім санынан, Тізім кестесіндегі (функция Count) жазбалар санынан тұрады. Құрылған сұраныстың кемшілігі – бұл бағандардың түсініксіз аттары. Ендеше, оларды қайта қарастырайық.

  2. Түр батырмасына шерту арқылы сұраныс құрастырушысына оралыңыз.

  3. Үшінші бағанның Өріс ұяшығының атын Мерзім, мәтініне біріншібайланы мерзімін: Мерзім деп өзгертіңіз. Осы өрнектің қос нүктеден оңға қарай орналасқан оң жақ бөлігі бұрынғыша өріс атын береді, ал сол жақ бөлігі сұраныс нәтижесіндегі баған атын анықтайды. Осылайша, сұраныстың кез-келген бағанына қолданбалы атау беруге болады.

  4. Төртінші бағанның Өріс ұяшығына Мерзім, соңғы байланыта болған адамның мерзімін енгізіңіз.

  5. Сұраныс бланкінің бесінші бағанның бірінші жолына Мерзім, байланыстар мерзімін енгізіңіз.

Ескерту

Өкінішке орай, мұндай әдіс кестеден жіберілетін, есептелінбейтін мәндері бар өрістер аттарын өзгерту үшін қолданылмайды. Яғни, мұндай әдіспен Имя өрісін өзгерту мүмкін емес.

  1. Қайтадан Түр батырмасына шертіңіз. 

  1. Сұранысты жабыңыз.

  2. Құрылымның өзгерістерін сақтау үшін ИЯ батырмасына шертіңіз.

  3. Сақтау (Save As) сұхбат терезесіне Нәтижелік сұраныс атын енгізіп ОК батырмасын шертіңіз.

Зертханалық жұмыс №11. Әрекеттер сұранысы (запросы действия).

Сіз осығын дейін кейбір есептеулерді жүргізетін және деректерді таңдауды орындайтын сұраныстармен жұмыс жасадыңыз. Сонымен бірге сұраныстарды кесте жазбаларын қосу, жою және жаңарту үшін де қолдануға болады. Мұндай сұраныстар деректерді түрлендірудің күшті құралы болып табылады. Оларды әрекеттер сұранысы деп атайды. Айталық, сізге қандайда бір себептермен Тізім кестесіндегі барлық жазбалардағы 1999 жылға қатысты қараша айын желтоқсан айына өзгертіп, байланыстар мерзімін түрлендіру қажет болды делік. Егер кесте бірнеше мыңдаған жазбалардан тұратын болса, онда мұндай амалды қолмен жасап шығу қиын болады. Әрекеттер сұранысы осындай тапсырмаларды тез шешуге мүмкіндік береді.

  1. Деректер қорының терезесіндегі Кестелер батырмасына шертіңіз.

  2. Деректерін жаңарту қажет болған Тізім кестесін ерекшелеңіз.

  3. Жаңа объект (New Object) батырмасының палитрасынан Сұраныс (Query) бөлімін таңдаңыз. Сурет 2.8. көрсетілген Жаңа сұраныс (New Query) сұхбат терезесі ашылады. Осыған ұқсас терезе деректер қорының терезесіндегі Құру (New) батырмасын шерткенде де ашылады. Ол объектіні құру әдісінің барынша ыңғайлысын таңдауға мүмкіндік береді.

Сурет 2.8. Сұраныс құру.

  1. Құрастырушы (Design View)жолына екі рет шертіңіз. Екінші қадамда деректер қорының терезесінде ерекшеленген Тізім кестесі автоматты түрде сұраныстар құрастырушысы терезесінде пайда болады.

  2. Мәнін жаңарту қажет болған Мерзім өрісін сұраныс бланкісіне тасымалдаңыз.

Ескерту

Тік жақшада жазылған өріс аты өріс мәніне сілтеме болып табылады. Басқа кесте өрісіне сілтеме жасау үшін бірінші - кесте атын, сосын өріс атын (екі атты да тік жақшада жазу керек) көрсетіп, оларды леп белгімен ажырату керек. Мысалы, [Контактілер]! [Фамилиясы].

  1. Сұраныс типі (Query Type) батырмасының палитрасынан Жаңарту (Update Query) бөлімін таңдаңыз. Access бағдарламасы ұсынатын сұраныстарды суреттеудің барлық мүмкін нұсқалары кесте 2.2. келтірілген. Сұраныс бланкінің құрылымы сұраныс типімен сәйкесінше түрленеді. Жаңартуға сұраныс нұсқасынан таңдалған блакіде өрістің жаңа мәнін енгізу қажет болатын Жаңарту (Update To) өрісі пайда болады. Мерзімнің қараша айын желтоқсан айына өзгерту үшін мерзімге 30 күн қосу жеткілікті.

  2. Жаңарту (Update To) ұяшығына [Мерзім] +30 формуласын енгізіңіз.

КЕСТЕ 2.2. Сұраныстар нұсқалары

Типі

Суреттелуі

Таңдау (Select);

Сұраныс нәтижесі кестесінде көрсетілген таңдау шарты негізінде деректерді таңдау.

Айқасқан (Crosstab)

Сұраныс нәтижесі жолдар тақырыптарын және айқасқан сұраныс нәтижесінің бағандарын беретін кестенің өзге өрістерінің екі параметріне тәуелді кесте өрістерінің бірі үшін статистикалық мәндерді (қосындысын, санын немесе орташа мәнін) шығарады.

Кесте құру (Make-Table)

Ағымжағы немесе басқа ақпаратттар қорынан тұратын бұрыннан бар кестеден деректер қорында жаңа кесте құру.

Жаңарту (Update)

Кесте деректерін жаңарту.

Қосу (Append)

Кестеге жазбалар жиынын қосу.

Жою (Delete)

Көрсетілген критерилерге сәйкесінше кесте жазбаларын жою.

  1. 2000 жылдың қарашасына тиісті мерзімді ғана жаңарту үшін осы тақырыптың үшінші тапсырмасында толықтай қарастырылған таңдау шарты ұяшығына Between DateValue ("1.11.99") And DateValue ("30.11.99") формуласын енгізіңіз (сурет 2.2).

  2. Сұранысты Жаңарту атымен сақтап, жабыңыз.

  3. Деректер қорының терезесіндегі Кесте батырмасына шертіңіз және Тізім белгісіне екі рет шерту арқылы осы кестені ашыңыз. Онда 2000 жылдың қарашасына тиісті төрт жазба бар.

Ескерту

Әрекеттер сұранысы деректерді өзгертуді қайтаруға болмайтын кең масштабта өзгерту жасауды орындауы мүмкін. Мұқият болыңыз. Мұндай сұраныстарды жүргізуден бұрын кестелердің алғашқы күйіне қайтуға мүмкіндік беретін деректер қорының резервтік көшірмесін жасаған пайдалы. Әрекеттерге сұраныс белгішелері олардың ерекше рөлі туралы хабарлап отыратын леп белгімен қамтылған.

  1. Деректер қорының терезесіндегі Сұраныстар батырмасына шертіңіз.

  2. Жаңарту белгішесіне екі рет шертіңіз.

Әрекеттер сұранысын жүргізу қажеттілігі туралы сұраққа ИЯ деп жауап беріңіз. Access сізге таңдау шартын қанағаттандыратын төрт жазба табылғаны туралы хабарлап, оларды өзгерту қажеттілігін растауыңызды сұрайды.

Сурет 2.9. Жаңартуға сұраныс.

  1. ИЯ батырмасына шертіп Тізім кестесінің деректерімен болған өзгерістерді зерттеңіз.