Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.99 Mб
Скачать

Тапсырма №2

  1. Өріс атына шертіңіз және қандайда бір атты енгізіңіз. Access алдыңғы тапсырмада құрылған бірінші жазбаны автоматты түрде кестеге қосады, ал жаңа жазбаның жолын төменге орналастырады.

  2. Тегі өрісіне тегін енгізіңіз.

  3. Бірінші жазбаның барлық қалған өрістерін толтырыңыз.

  4. Аты өрісінің соңғы жолына шертіп келесі адамның атын, тегін, мекен-жайын, өнеркәсіп атын және телефонын енгізіңіз. Осылайша бірнеше жазбаны сурет 1.3. етіп толтырыңыз. Енгізу барысында қате жіберсеңіз сол ұяшыққа шертіп оны жөнжеңіз. Бағандардың стандартты тақырыптары әрқашанда ыңғайлы бола бермейді, сондықтан Access оларды өзгертуге мүмкіндік береді.

Сурет 1.3. Деректер кестесі.

  1. Тегі тақырыбында тұрып тышқанның оң жақ батырмасын шертіп Переименовать (Rename) бұйрығын таңдаңыз.

  2. Тегі тақырыбын өзгертетін өріс атын енгізіңіз.

  3. 5 және 6 қадамдарды қайталай отырып өріс атына Тегі сөзін қайтарыңыз.

  4. Бірінші жазба (First Record) батырмасына шертіп көрсеткішті кестенің басындағы ағымдағы жазбаға орнатыңыз.

  5. Төртінші жазбаға өту үшін келесі жазба (Next Record) батырмасына екі рет шертіңіз.

  6. Құрал – саймандар панеліндегі жазбаны жою (Delete Record) батырмасына шертіңіз.

  7. Пайда болған жазбаны жою амалын қайтару мүмкін еместігі туралы ақпарат беретін сұраныс терезесінде Ия (Yes) батырмасына шертіп жоюдың қажеттілігін дәлелдеңіз. Код_Контактілер кілттік өрісі автоматты түрде бірнеше сандармен толтыра алатындығына көңіл аударыңыз. Бұл сандардың үзіліссіз бірізділікті орнатуы міндетті емес. Оларға қойылатын негізгі шарт олардың бірегейлігі болып табылады. Кілттік өрістің құрамы бірдей мағынаға теңестіруге рұқсат беретін кестенің барлық жазбасы үшін әртүрлі болады. Мұндай өрістер кестелер арасындағы байланысты түрлендіру үшін қолданылады, ол туралы кейінірек осы дәрістің соңында білесіз.

Зуртханалық жұмыс №2. Кесте құрылымы.

Тапсырма 1-де сіз байланыс жасайтын адамдардың деректерін сақтау үшін кесте құрылған болатын. Енді құрастырушы көмегімен деректер қорына бірінші кестедегі адамдармен байланыстың барлық жағдайларын көрсететін жазбалар үшін арналған тағы да бір кестені қосайық.

  1. Деректер қорының терезесі (Database Window) батырмасына шерту арқылы деректер қорындағы кестелер тізіміне өтіңіз.

  2. Құрастырушы режимінде кесте құру (Create Table In Design View) белгісіне екі рет шертіңіз. Құрастырушы терезесі сурет 1.4.-те көрсетілгендей екі бөлімнен тұрады. Жөғарғы бөлігінде кесте өрістерінің тізімі, ал төменгі бөлікте белгіленген өрістің қасиеті көрсетіледі.

  3. Жаңа өріс атының рөлін ойнайтын Дата сөзін енгізіңіз.

  4. Өрістер тізімінің бірінші жолындағы деректер типі (Data Type) ұяшығына шертіңіз. Мұнда деректердің құрлымын және өлшемін анықтайтын өріс типін таңдау қажет.

Сурет 1.4. Кестелер құрастырушысы.

  1. Деректер типі ұяшығының жинақталған тізім көрсеткішіне шертіп уақыт/мерзім (Date/Time) бөлімін таңдаңыз.

  2. Tab пернесін басып, байланыс мерзімі өрісінің тағайындамасын ашудың шифрін енгізіңіз. Мұндай түсіндірмелерді енгізу міндетті емес, оларды жазып отыру кесте құрлымын тез түсінуге көмектеседі.

  3. Өріс аты (Field Name) бағанының екінші ұяшығына шертіп суреттеу атын енгізіңіз.

  4. Екінші өріс үшін мәтіндік (Text) типін беріңіз.

  5. Сурет 1.4. –пен сәйкесінше өріс тағайындамасын көрсетіңіз.

Деректер кестесі мерзіммен байланыс анықтамасынан басқа сіз кіммен байланыста болғаныңыз туралы ақпаратты да қамтуы тиіс. Адамдар тізімі Контактілер кестесінде сақталады, жаңа кестеге олардың тегімен атын қайта толтырудың қажеті жоқ, Бар болғаны Контактілер кестесінің бір жазбасына сілтеме қосу жеткілікті. Бұл сілтеме контактілер кестесінің жазбаларына сәйкес келетін Код_Контактілер өрісінің мәніне тең санды құрайтын сандық тип болады.

  1.  Типі сандық (Number) болатын Код_Контактілері атымен тағы да бір өрісті қосыңыз.

Енді кесте жазбаларын бірмәнді идентификациялайтын индекстелген өріс қосып, оны кілттік ету қажет. Индекстелген өрістер немесе индекстер қарапайым өрістерден ерекшеленеді, Access оларға тез сұыптауды орындауға және индекстелген өрістер мазмұны бойынша іздеуге мүмкіндік беретін арнайы тізімдер құрады. Кестеде бірнеше индекс болуы мүмкін. Кілт — бұл жазбаларды идентификациялайтын арнайы индекс. Бұндай өрістің мәндері бірегей болуы қажет. Кілттік өрістің болуы міндетті емес, бірақ кілттік өріс болмаған жағдайда Access ол туралы хабарлап, автоматты түрде оны қосуды ұсынады.

  1. Өріске Кілт қосып, оған санауыш (AutoNumber) типін беріңіз. Деректердің мұндай типі пайдаланушыларды кілттік өріс мәндерін енгізу қажеттілігінен құтқарады және бірдей мәндердің генерациясын көрсетеді.

  2. Кілт жолының екпінділігін сақтай отырып, кілттік өріс (Primary Key) батырмасына шертіңіз. Осы жолдың батырмасында өрістің ерекше статусын көрсететін кілт белгісі пайда болады.

  3. Құрастырушы терезесінің жабу батырмасына шертіңіз.

  4. Access кесте құрылымын сақтау қажеттілігін сұрайды. Жауап ретінде ИЯ батырмасына шертіңіз.

  5. Ашылған сұхбат терезеге Тізім атын енгізіңіз (сурет 1.5.).

Сурет 1.5. Кесте атын енгізу

  1.  ОК батырмасына шертіңіз.