Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
л-Аида.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.15 Mб
Скачать

Калам ілімінде үкімдер мен дәлелдер

Үкімдер. Үкім бір нәрсеге сену немесе жоққа шығару, екі идея, екі нәрсе арасында оңды немесе теріс байланыс орнату деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, құрылған байланыстың нәтижесі және оны түйсіну де үкім деп аталады. Бұлар – үкімнің логика іліміне тән анықтамасы. Ал дінде ақыл иесі, балағат жасына жеткен адамдардың (мукаллаф) әрекеттерімен байланысты парыз, уажіп, сүннет, харам, макрух ... сияқты діни және құдайлық бұйрық болып табылады. Үкімдер сүйенген дереккөзіне қарай «діни үкімдер», «ақли үкімдер» деп екіге бөлінеді.

Діни үкімдер. «Ахками илаһия», «ахками шария» деп те аталатын діни үкімдер – настардан шығарылған үкімдер. Діни үкімдер Алланың бар екендігі сияқты тікелей ақыл меңгере алатын үкім болуы да, намаздың парыз болуы сияқты діннің түсініктемесі арқылы анықталатын болуы да мүмкін. Діни үкімдердің түп бастауы – насс, яғни, Құран, Сүннет, ижма және қияс. Ижма мен қияс бастапқы екі дереккөзбен байланысты. Сүннет Құранның түсініктемесі мазмұнында болса, ал Құран «аслу-л-усул» (негіздердің негізі) деп аталады. Діни үкімдер үш топқа бөлінеді: амалмен байланысы жоқ үкімдер асли, итиқади үкімдер, амалмен байланысты амали, фари үкімдер. Жүрек пен ар-ожданға байланысты діни үкімдер ахлақи үкімдер деген атауды иеленеді.

Итиқади үкімдер. Ислам дінінің теориялық үкімдерін құрайтын итиқади мәселелер алты негізде жинақталған. Оларды ішіндегі Аллаға иман, пайғамбарларға иман сияқты тақырыптарда ақли түсініктемелер, дәйектемелер жасау мүмкін болса, періштелерге, ахиретке иман сияқты тақырыптарда ақли дәлелдерге негізделмейді, тек нақлға жүгініледі. Бірақ, осындай типтегі мәселелерде ақыл мүмкін емес деп қабылдамайтын нәрселер жоқ,

Итиқади үкімдерде бірнеше шарттар қарастырылады:

1. Итиқади үкімдер қати, кесінді білім беруі тиіс. Осыған орай, бір үкім итиқадтық тақырыптарда нақты дәлел болуы үшін Құран аяты немесе мутауатир хадис болуы тиіс (қатииат).

2. Итиқадтық үкімдердің дәлел болуы үшін Құран аяттары мен мутауатир хадистердің ұсынған мағынасы нақты, анық және кесінді болуы тиіс, екі түрлі мағынаны білдірмеуі қажет.

3. Итиқади үкімдер уақытқа, аймаққа, индивид пен қоғамға қарай өзгермейді, үнемі тұрақты болады (ла ятағаййар). Осы себеппен барлық пайғамбарлар иман мәселесінде бір сенімді насихаттаған. Алғашқы пайғамбар Адамның итиқады қалай болса, соңғы пайғамбардың сенімі де солай.

4. Итиқади үкімдер – тұтас, олар бөлінбейді. Яғни адам Алланың бар екендігіне сеніп, періштелерге сенбесе иман келтіргендер қатарына жатпайды. Итиқади үкімдердің негізі мен мәні – Алланың бар және бір екендігі. Осыған орай, каламшылар Аллаға иман келтіруді «аслу-л-усул» деген ат берген. Итиқади үкімдермен калам және ақаид ілімі айналысады.

Амали үкімдер. Мукаллаф иесінің орындауы тиіс практикалық амалдар мен міндеттер деген мағынаны білдіретін амали үкімдер екіге бөлінеді: ғибадаттар және муамалаттар.

Ғибадаттар адам ойын, рухын және қалауын тәрбиелейді. Ғибадаттардың рухы – ықылас. Ғибадаттардың орындалуында дүниелік пайдалар көзделмейді, ол тек Алланың ризалығын алуды мақсат етеді. Ғибадаттардың түп бастауы Құран, Сүннет және осы екеуіне негізделген ижма мен қияс. Ғибадаттар Алла үшін жасалады, ол көбеймейді, азаймайды. Уақыт пен әдет-ғұрыптың өзгеруімен ол өзгеріске ұшырамайды.

Муамалат – адамдар арасындағы құқықтық, адамдық және әлеуметтік қатынастарды реттейтін үкімдер. Муамалаттың рухы - әділдік. Оның негіздері Құран мен Сүннетте орын алған. Муамалат үкімдері Құран мен Сүннетке қайшы келмейтін шартпен уақыттың, кеңістіктің, әдет-ғұрыптың өзгеріске түсуіне қарай бейімделе береді. Амали үкімдермен фиқх және ислам құқығы айналысады.

Ахлақи үкімдер – адамдардың өз арасында және өзге жанды мақұлықтармен (тіпті жансыз жаратылыстармен де) болатын қатынастарды реттейтін, тәрбиелік құралдар қоятын, нәпсінің тәрбиеленуіне негізделген үкімдер. Ислам ахлағына қатысты үкімдер Құран мен Сүннетте кең түрде қарастырылған. Ахлақта «Алланың бұйрығына құрмет, оның жаратқандарына мейрімділік, жаратылғанды жаратушысына орай құрмет көрсету» маңызды принцип болып табылады. Ахлақи үкімдер «қалби» немесе «ождандық үкімдер» деп те аталады. Осындай типтегі үкімдермен ахлақ пен тасаууф ілімі айналысады.

Діни үкімдердің итиқади жағы. Адамның орындауы жағынан исламның қойған үкімдері итиқади, амали және ахлақи деп үшкі бөлінгенімен, олардың барлығының итиқади қыры бар. Діни үкім қандай топта болса да Құранмен немесе мутауатир сүннетпен қуаттандырылса, оның діннен екендігіне, ислами үкім екендігіне сену уәжіп. Осы жағынан Құран аяттары мен мутауатир хадистермен қуаттандырылған барлық діни үкімдер субут (келу) жағынан итиқади деп есептеледі. Мысалы, адам өлтіру харам, намаз оқу парыз деп сену керек. Бұл – итиқади үкім. Бірақ, адам - өлтіру, намаз оқу амалдық әрекет. Осының мәнін ашар болсақ, бір адам бір мұсылманды өлтіру харам деп есептемесе кәпір болады. Ал харам екендігіне сенгенімен, адам өлтірсе, күнәһар мүмін болып шығады.

Ақли үкімдер. Ақылдық үкім де үшке бөлінеді: вужуб, имкан және имтина. Егер бір нәрсенің бар екендігі міндетті болса уәжіп (Алланың бар екендігі сияқты), бар екендігі мен жоқ екендігі бірдей болса, мумкин (адамның бар екендігі сияқты), жоқ екендігі міндетті болса, оны мумтани (құдайдың екеу болуы, бөліктің бүтіннен үлкен болуы сияқты) деп аталады.

Уәжіп. Бар болуы затының негізі болатын, заты мен бар болуы арасында өзгешелік болмайтын, бар болуы себепке мұқтаж болмайтын болмыс уәжиб болып табылады.

1. Уажибтің бар болуынан бұрын жоқтық деген нәрсе жоқ. Уәжіптің жоқ екендігін бір сәтте болса ойлау мүмкін емес, ол – қадим, азали, хадис емес.

2. Азали болатын заттың абади (мәңгі) болуы да міндеті. Уәжіптің соңы жоқ.

3. Уажиб ли затиһи ешнәрседен құралмаған. Ол атомдардан бөліктерден денелерден, бейнелерден, араздардан тұрмайды.

Мумкинге бар және жоқ екендігі затының негізі емес, заты тұрғысынан қарастырылғанда бар екендігі мен жоқ екендігі бірдей, жоқ болуы да мүмкін, бар болуы үшін бір себепке мұқтаж болатын деп анықтама жасалады. Мүмкиннің екі ерекшелігі бар.

1. бар болуы үшін бір себепке мұқтаж, осы себеп оның бар болуын жоқ болуынан таңдап алады. Мумкиннің жоқ болуы себептің жоқ болуымен байланысты.

2. Мумкиннің себебінен бұрын, себебімен бірге бар болуы мүмкін емес. Осы себепке байланысты мумкин хадис (кейіннен жаралған).

Мумтани – жоқ екендігі затының жоқ екендігімен байланысты, оны бар деп ойлау мүмкін емес болмыс.