
- •Калам ілімінің анықтамасы, тақырыбы
- •Калам ілімінің пайда болуы
- •Каламды дүниеге әкелген себептер
- •Ә) Исламдық теологияның дүниеге келуі
- •Калам ілімінде үкімдер мен дәлелдер
- •Әдістер
- •Каламның қайнарлары
- •Хадистер:
- •Әһли Сунна каламшыларына қарағанда иман мен амал қатынасы
- •Ижмали және тафсили иман
- •Куфр, ширк, иртидад және нифақ
- •Кабира (фисқ/үлкен күнә)
- •Иман негіздері
- •Алланың есімдері.
- •Алланың сипаттары
- •Ііі. Фиили сипаттар
- •Іү. Хабари сипаттар
- •Мазхабтардың хабари сипаттарға деген көзқарастары
- •Афалу-л-ибад (құлдардың әрекеттері)
- •Қаза және қадар
- •Нубууат (пайғамбарлық)
- •Нубууаттың мүмкіндіктері
- •Пайғамбарлықтың дәлелі және мұғжиза
- •Басқа ғажайып жағдайлар.
- •Ахирет жағдайлары
- •Жаңа калам ілімі
- •Османдық Түркия
Османдық Түркия
Абдуллатиф әл-Харпути (1842-1914 жж.). Абдуллатиф әл-Харпутидің калам іліміне қатысты маңызды екі еңбегі бар. Олардың бірі – «Тарих-и Илми-и Калам», келесісі – «Танкиху-л-Калам фи Ақади Әһли-л-Ислам». әл-Харпути осы кітаптарын жарыққа шығаруда Дару-л-Фунун Теология факультетінде калам дәрістерін оқытып жүрген кезде замынының бидғат сенімдеріне жауап беретін, атеистердің аузына құм құятын қасиетке ие каламдық кітапты жазу қажеттілігі туындағанын алға тартады. әл-Харпутидің ғылым мен философияда пайда болған өзгерістерді, ғылымды дінге қарсы қолдануға талпыныс жасалғанын аңғарғандығы байқалады. Ол ғылым мен діннің үнемі үндесетінін үнемі насихаттады. Физикамен, және астрономиямен айналысқан біршама батыстық ғалымдар мен мұсылман зиялыларының модернизмге сүйене отырып, исламға немесе діннің өзіне жасаған айыптауларын негізсіз деп табуға тырысты.
әл-Харпути жаңа ғылыми жетістіктер алдында енжар болмағандығы байқалады. Ол жаңа ғылыми жетістіктердің ішінде пайдалануға болатын мәліметтердің бар екендігі, оларды қажетінше пайдалануға болатынын, келесі жағынан дінмен үндесуі және тауил жасалуы мүмкін еместерін жоққа шығару қажеттігін алға тарта отырып, эклектикалық әдісті қолданды. әл-Харпутидің пікірі бойынша алғашқы дәуірдегі каламшылар осындай әдісті пайдаланған. Алайда мутақаддимин және мутааххирин кезеңдерінен соң үшінші бір каламдық кезеңнің болғанын алға тартты ол. әл-Харпути калам ғұламаларының материя мен қуаттың жаратылғандығына, материяның ешнәрсені дүниеге әкеле алмайтындығына, әлемнің тек материямен ғана шектелмейтіндігіне, көрініп тұрған дүниеден басқа мән мен рух әлемінің бар екендігіне тоқталу қажеттігін қуаттады. Әсіресе, философиялық тақырыптар зерделенген кезде діни әдістерге бой ұсыну қажет екендігін ұмытпаған жөн.
Измирли Исмаил Хаққы (1868-1946 жж.). Исламдық сенімді жаңаша түсініктеме жасау әрекетінің Түркиядағы басты өкілдерінің бірі – Измирли Исмаил Хаққы. Негізінде осы кезеңде тоқыраудан шығу үшін екі түрлі көзқарас ортаға шыққандығы байқалады. Олардың біріншісі – негізгі мақсаты исламның түп бастауларына қайта оралып, уақыт ішінде дәстүрден және модернистік Батыс философиясынан исламға енген жат элементтерді тазалау болған реформалық әрекет. Ал келесісі модернистік бағыт. Измирли Осман империясының соңғы кезеңдерінде өмір сүрген исламшылдық ағымының модернистік бағытының өкілі болып табылды. Набык Кемал, Муса Жаруллаһ, М.Шамсаддин сияқты өкілдері бар аталған бағыт исламдық құндылықтар мен принциптерді Батыстың белгілеген модернистік ой-сана критерийлеріне қарай жаңадан түсініктеме жасауды, исламды модернистік философиямен, мекемелерімен үндестіруді мақсат етті. Измирли және онымен үзеңгілестер мұсылмандардың таза сенім иесі болуын, оқу-ағартушылық пен суфизмнің реформалануын, ислам әлемінде орын алған моральдық түсінікті өзгертуді, жихадқа жаңадан түсініктеме жасап, ауқымды да көлемді мәнде түсіндірілу қажеттігін ортаға тастады.
Измирли мен оның жолдастары назарларын бүгінгі өркениетке аударып, бүгінгі күннің талаптары мен ислам діни сенімі арасында үндестік орнатуға талпыныс жасады. Оның «Жаңа Калам ілімі» (Yeni İlm-i Kelâm) атты еңбегі мен осы еңбекті жарыққа шығарғаннан соң «Сабилу-р-Рашад» атты журналға берген репортажында жаңа калам ілімінің не екендігі, оның қалау қалыптасуы қажет екендігі жайлы көзқарастарын егжей-тегжейлі қамтып өтті.
Измирлинің пікірі бойынша калам ілімі – исламдық ілімдердің атасы. Осыған орай, калам ілімі аясында бірнеше жетістіктерге қол жеткізуге болады. Измирли калам іліміне деген қажеттіліктерді былай түсіндіреді: калам ілімі грек философиясынан бастап, кейінірек осы философияна тарату мақсатымен исламдық ой-сананы грек философиясына жақындатуға тырысқан ибн Сина сияқты ислам философтарының философиясына және сол заманда пайда болған бидғатшыл, құдайсыз ағымдарға қарсы дүниеге келген. Ал бүгін аталған ілімнің қарсыластары өзгерді. Исламдық калам ілімінің қарсыласы болып табылатын грек философиясы үш ғасырдан бері құлдырай бастады да өзінің орнын ағылшын, француз және неміс философиясына қалдырды. Ескі каламшылардың қарсыластары Фалес, Анаксагор, Эмпедокль, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель болғандықтан калам кітаптарында табиғи түрде осы ойшылдардың аттары орын алады. Қарсыластары өзгергеніне байланысты ендігі аталған философтардың орнын Бэкон, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Локк, Мальбранш сияқтылар алуы тиіс. Калами ілімі өзінің табиғатынан бастап заманының дамуларымен үндесуі, санасуы қажет. Қарсыластары мен олардың филсоофиясы өзгергеніне байланысты калам ілімі жаңа қарсыластар және олардың қолданған әдістері мен тәсілдерін назарға ала отырып, өзін қайта қрау қажет. Бұрынғы кезеңде калам ілімі осыны жүзеге асырды және табыстарға қол жеткізді. Рази мен Бақилланидің заманында қолданылған әдістерге қанағаттанбағандығы, Ғазалидің өзі қарсы шыққан Аристотель логикасын калам іліміне енгізгендігі белгілі. Оларды осындай дәрежеге алып барған басты себеп – уақыт, кеңістік және қарсыластардың өзгеруі.
Измирлинің ерекше мән берген мәселенің бірі мынау: оның пікірі бойынша исламның сенімімен үйлеспейтін кезкелген философиялық заңдылық жоққа шығарылуы тиіс. Ондай тақырыпқа мүлдем орын берілмеуі қажет. Исламмен үндесетін дәлелдер қабылданып, жоққа шығарылғандары да дәлелдермен теріске шығарылуы тиіс. Измирлинің пікірі бойынша жаратылыстану ғылымдары мен астрономияны тікелей калам іліміне енгізу дұрыс емес. Қарсыластары болып табылатын философтар табиғатты философияның бір бөлімі қылғандығына байланысты классикалық каламшылар да болмыс, табиғат сияқты тақырыптармен айналысты. Ал бүгінгі мәселе – олардың шығарған қорытындылары мен заңдылықтарын зерттеу. Измирли калам ілімінің жандануына талпыныс жасады. Осыған орай, жаңа калам ілімінде ықпалы жоғалған исламдық ағымдардың, философиялық мектептердің орнына бүгінгі күні әлі де бар исламдық ағымдарға, философиялық мектептерге және олардың көзқарастарына көп мән берілген жөн.
Мысыр
Мысыр – ХҮІІІ ғасырда-ақ Батыспен тығыз байланыс орнатқан мұсылман елдерінің бірі. Наполеонның Мысырды жаулап алуы (1798-1801 жж.) ислам әлемінде жаңа кезеңнің бастамасы саналады. Француздан Мысырды азат ету үшін жіберілген Мухаммад Али Паша (Қауалалы Мехмет Али Паша) Наполеонның Мысырды тастап кетуінен соң Осман империясынан тәуелсіз түрде Мысырды биледі. Али Паша Мысырдың экономикалық, әлеуметтік және ағартушылық жүйесінде үлкен өзгерістер алып келді. Наполеоннан қалған машиналарды қолдана отырып, Булақта баспанаша ашты. Сонымен қатар ол алуан түрлі әскери, инжинерлік және медициналық мектептер ашты. Осы мектептерге мамандар мен ұстаздарды Францияның офицерлерін, дәрігерлерін және инжинерлерін алдырды. Али Паша Парижге мысырлық шәкірттер жіберді. 1839 жылы аудармалық және филологиялық мектеп ашып, әртүрлі салаларда аударма орталықтарын қалыптастырды. Мухаммад Али Пашаның дүние салуынан соң осы жұмыстар баяуласа да Хидив Исмаил Паша (1863-1879) заманында қайта жанданды. Ұзақ уақытқа созылған француз үстемдігінен соң Мысырға ағылшын билігі орнады. Осы кезеңде әдебиет, өнер және философия салаларында аударма жұмыстары артты.
Мухаммад Абдух (1849-1905 жж.).