
- •Калам ілімінің анықтамасы, тақырыбы
- •Калам ілімінің пайда болуы
- •Каламды дүниеге әкелген себептер
- •Ә) Исламдық теологияның дүниеге келуі
- •Калам ілімінде үкімдер мен дәлелдер
- •Әдістер
- •Каламның қайнарлары
- •Хадистер:
- •Әһли Сунна каламшыларына қарағанда иман мен амал қатынасы
- •Ижмали және тафсили иман
- •Куфр, ширк, иртидад және нифақ
- •Кабира (фисқ/үлкен күнә)
- •Иман негіздері
- •Алланың есімдері.
- •Алланың сипаттары
- •Ііі. Фиили сипаттар
- •Іү. Хабари сипаттар
- •Мазхабтардың хабари сипаттарға деген көзқарастары
- •Афалу-л-ибад (құлдардың әрекеттері)
- •Қаза және қадар
- •Нубууат (пайғамбарлық)
- •Нубууаттың мүмкіндіктері
- •Пайғамбарлықтың дәлелі және мұғжиза
- •Басқа ғажайып жағдайлар.
- •Ахирет жағдайлары
- •Жаңа калам ілімі
- •Османдық Түркия
Иман негіздері
Бастапқы кезден-ақ каламшылар арасында дқалыптасқан дәстүр бойынша иман негіздері теорияда үшке бөлініп қарастырылған. Осы «Усулу Саласаға» қарай иман негіздері:
а) Алланың бар екендігіне, жалғаз жаратушы және әлемнің қожайыны екендігіне сену (илаһиат);
ә) Пайғамбарлардың Алла тарапынан таблиғ қызметіне жауапты етілгендігіне, олардың Алланың елшілері мен құлдары екендігіне сену (нубууат);
б) Ахирет күніне сену (самииат).
Ал қалған иманның үш негізі осылардың ішінде қарастырылады. Мысалы, қаза мен қадарға иман Ұлы Алланың «илм», «ирада», «қудрат», «такуин» сипаттары қарастырылатын илаһиат бөлімінде зерделенеді. Осы тәртіп аясында илаһиат бөлімінде Аллаға иман, қаза мен қадарға иман, нубууат бөлімінде пайғамбарларға және кітаптарға иман, самииат бөлімінде періштелерге және ахиретке иман тақырыптары қарастырылады.
А) ИЛАҺИАТ БӨЛІМІ
Аллаға иман
Аллаға сенудің қажеттілігі. Адамзат тарихына көз жіберер болсақ, ең алғашқы дәуірлерден бері әр кезеңде өмір сүрген адамдарда құдайға деген сенім және оған табыну, бір діни сенім бар екендігі рас. Адам ең ежелгі заманнан бері әлемнен жоғары бір құдіретті күшке сенген және оған табынған. Тарих бойында үңгірлердегі тас бедерлеріне салынған құдай суреттері оларда әйтеуір бір құдай сенімі болғандығын көрсетеді. Алқашқы қауымдық адамның сенімі мен өркениетті замандағы адамның сенімі арасындағы айырмашылық әлгі құдіретті күштің айқындалуында, оған берілген атауда және сипаттарда жатыр. Демек, құдайға деген сенім сезімі адамның жаратылысында бар деген сөз. Адам өзін тани бастаған күннен бастап, құдіретті және барлығын игеретін ұлы күшке бағынған, одан рухани нәр алған, одан көмек сұраған, ненің жақсы, ненің жаман екендігін оған деген құрметімен өлшеген, осы құдірет иесі алдында қорқыныш пен үміт арасында байланыс орнатқан, оның алдында тізе бүккен, жалбарынған, құрбандық шалумен, ғибадат жасаумен әлгі құдайға жақындауға тырысқан. Бұл да адамның табиғи қажеттілігінің жемісі екендігі даусыз.
Барлығын білетін және барлық нәрсенің жаратуға қуаты жететін бір Аллаға сену кәмелетке жеткен әрбір адамға парыз. Бастапқы илаһи діндердің мәні жойылған кезеңдердегі немесе ешбір діннен хабары жоқ тауларда, ормандарда өмір сүретін адамдардың өздері де ақылымен құдайдың бар және бір екендігін табуға міндетті. Өйткені, әлмнің жаратушысы бар екендігін тануға өзге жаратылыстарға нәсіп болмаған санасы бар: «اَفِي اللهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمٰوَاتِ وَالاَرْضِ» (Көк пен жердің жаратушысы болып табылатын Алланың бар екендігінде күмән бар ма?) (Ибраһим 14/10).
Алланың бар екендігіне дәлелдер. Кейбір мұсылман ғұламаларының пікірі бойынша адамдағы Алла сенімінің міндетті және жаратыста бар (фытри) болғандықтан Алланың бар екендігіне сырттан дәлелдер іздеуге, пайымдаулар жасауға, логикалық және саналық дәлелдер ұсынуға қажеттілік жоқ. Жаратылысы бұзылмаған және психикалық ауруға шалдықпаған әрбір адам Алланың бар және бір екендігіне көзі жетеді және түсінеді. Осы жолдағы дәлелдер адамның ішіндегі Алланың бар және бір екендігі туралы білімін дамыту үшін ғана қажет. Адам ішкі және сыртқы әлемде Алланың бар екендігіне дәлел болып табылатын нәрселерге қарай отырып, Алланың бар екендігіне түсіне алатын қабілетпен жаратылған. Осылармен қатар адамның өз жаратылысы да Алланың бар екендігіне анық дәлел екендігі даусыз. Иман әл-Ғазали (ө.1111 ж.) мен Шахристиани (ө. 1153 ж.) осы көзқарасты қолдайды.
Ал келесі топтағы ислам ғұламаларының пікірі бойынша адам ішкі және сыртқы әлемде Алланың бар екендігін қуаттайтын дәлелдерге тоқталып, Алланың бар екендігіне көз жеткізуіе тиіс. Өйткені адам сезім мүшелерімен Алланы тікелей біле алмайды.
«لا تُدْرِكُهُ الاَبْصَارُ وَهُوَ يُدْرِكُ الاَبْصَارَ» (оны көздер көре алмайды, бірақ, ол көздерді көреді.) Анам 6/103). Десек те сезім мүшелеріміз Алланы танитын мәліметтерді ақылға жеткізеді. Бұл мәліметтер – жаратылған барлық болмыс, әлемнің тәртібі мен үйлесімі. Демек адам жаратқанға қарай отырып, оның жаратушысын тануға толық мүмкіндігі бар деген сөз.
Алла Тағаланы танудың (мағрифатуллаһ) жолдары және Алланың бар екендігіне дәлелдер шексіз. Осы дәлелдердің ең бастыларына ғана қысқаша түрде тоқталмақпыз.
1. Құранда Исбат Уажиб. Құран Кәрімде Алла Тағаланы баяндайтын аяттардың көпшілігі оның сипаттарына тоқталады. Осы аяттар әсіресе таухидқа ерекше тоқталып, Алланың серігі мен теңі жоқ екендігін қуаттайды. Алланың бар екендігі мәселесі Құранда адамға танылуы табиғи , тіпті міндетті құбылыс ретінде баяндалады. Өйткені артық қабілетпен жаратылған адамның жаратушысын тани алады.
Құран Кәрімдегі аяттарды талдар болсақ, адам ойын мына баптарға жіктеуге болатынына тоқталған:
1. Құдіретпен, даналықпен және аса шеберлікпен жаратылған адамның болмыс-бітімі, мүшелері және олардың қызметтері негізге алына отырып, адамды жаратқан Алланың бар екендігіне қол жеткізу;
2. Жүретін, ұшатын, жүхетін екі немесе төрт аяқты жан-жануарлардың шеберлікпен жаратылғандығына ой жүгірте отырып, оның жаратушысына сену;
3. Ешбір кемшілігі жоқ табаиғат құбылыстарының кемел тәртібі, аспан күмбезінің таулардың және теңіздердің орналасуы, аспан мен жер тәртібінің үйлесімділігі, жыл мезгілерінің бір тәртіппен, кезегімен келуі, ащы және тұщы сулардың бір теңізде орын алуы, жер мен көктегі барлық жаратылыс адамның әміріне бой ұсынуы назарға алына отырып, Алланың бар екендігіне қол жеткізу;
2. Фытрат дәлелі. Кемел дәрежеде жаратылған адам өз күші мен қауқарынан жоғары, құдірет иесі ұлы жаратушының бар екендігін мойындайтыны шындық. Алланың бар екендігіне сену – адамның жаратылысында бар табиғи құбылыс. Бұл надандық, менмендік, қыңырлық сияқты кейбір моральдық кемістіктер осы сезімінді бүркемелейді. Бірақ бұл сезім мүлдем жоғалып кетпейді.
Пжамдағы осы сезімнің қалыптасуында адамның өз талпынысының, теориямен тұжырымның ешбір әсері жоқ. Адам бір тығырыққа, қайғы-қасіретке тап болған кезде құдайға сиынады, дұға жасайды. Оның бұл әрекеті оның жаратылысында бар деген сөз.
3. Худус дәлелі. Каламшылардың Алланың бар әкендігіне ұсынған ең негізгі дәлелдерінің бірі – худус дәлелі. Оған былай сипаттама жасауға болады: әлем хадис (кейіннен жаратылған). Демек, әрбір хадистің бір мухдисі (жаратушысы) бар екендігі сөзсіз. Әлемнің мухдисі – Алла Тағала. Осы дәлелдің бастапқы кіріспесі болап табылатын әлемнің хадис екендігін қарастырар болсақ, әлем жаухарлардан (бостықта орын алған), денелерден (екі немесе одан да көп жаухарлардан құралғанмүмкін болмыс) және араздардан (өздігімен бостықта орын алмайтын, бар болуы үшін бір жаухарға немесе денеге мұқтаж болған түс, иіс, дәм т.б.) пайда болған. Жаухарлар мен денелер аразсыз бар болуын елестетудің өзі қиын. Араздар мен сипаттар үнемі жаңарып, өзгеріп отырады. Ал жаңаланып, өзгеріп отыратын нәрселердің азали (әуелден бері бар) болуы мүмкін емес.
Әлемнің хадис, яғни, бар болуының бастамасы жоқ болғанына орай, оның бар болуы мен жоқ болуы тең дәрежеде. Оның барлық әлеміне шығуы үшін бір мухдиске мұқтаж еекендігі айқын. Себеп пен салдар принципіне қарай әрбір хадистің бір мухдисі болуы тиіс. Міне осы мухдис қалау иесі азали болмыс – Алла Тағала. Хадисті жаратқан мухдистің де мухдисі болуы да мүмкін емес. Өйткені осындай себеп пен салдарлардың шексіздікке жалғасуын адам санасы қабылдамайды.
4. Имкан дәлелі. Әлем – мүмкін. Өйткені ол бөліктерден құралған. Бөліктерден құралған нәрсе уажиб (міндетті) бола алмайды. Себебі, уажиб ешқандай нәрседен құралмайды. Мүмкіннің бар болуы мен жоқ болуы тең дәрежеде. Мүмкін бар болғандықтан оның барлығын жоқтықтан шығарған бір әсер етуші (муассир) бар. Егер әлгі муассир де мүмкін болса, оның да басқа бір муассирі бар деген сөз. Соңында бұл себептер уажибу-л-вужуд болған бір муассирге барып тіреледі. Олай болса, мүмкіндікке жататын әлемді жаратқан Алла Тағала.
5. Низам дәлелі. Табиғатта және онда орын алған құбылыстар мен оқиғаларда өзгермейтін тәртіп мен үйлесімділік бар. Осы тәртіпке күнделікті өмірде куә болып жүрміз. Әлемдегі бұл тәртіп – алим, және саналы бір иллаттың (себеп) туындысы. олай болса, әлем алыим Алланы Тағаланың туындысы болып табылады. Бұл дәлелді «ғая», «хикмет», «инаят», және «итқан» дәлелі деп те атайды.
6. Қаул Амма (адамзат тарихы) дәлелі. Жер бетіндегі нәсілдердің, халықтардың, ұлттар мен тайпалардың дүниетанымдары, діндері мен мазхабтары әр алуан болғанымен олардың барлығы даналық иесі ұлы жаратушының бар екендігіне сеніп, оған табынады. Дүниенің қай бұрышына барсақ та қарапайым және күрделі болғанымен халықтардың барлығы өздеріне тән құдайға сенеді және осы сенім аясында құлшылықтарын жүзеге асырады. Тарихтың қай заманын алып қарасақ та соқыр сенімдер кездесіп жатқанымен халықтар құдайға сеніп келген. Міне бұл Алланың бар екендігіне дәлел екендігі даусыз.
7. Ихтира дәлелі. Біз маңайымызға ойлы көзбен сүзіп қарар болсақ, барлық болмыстардың кейіннен жаратылғандығына көз жеткіземіз. Денелер бастапқыда жансыз болған кезде, оған өмір, ақыл, сезім берілгендігін байқаймыз әрбір жаратылыстың бір жаратушысы (мухтари) бары айқын. Олай болса, мына болмыстардың азали бір жаратушысы бар, ал ол – ұлы Алла. Мына аят ихтриа дәлелін көрсетеді:
«اَفَلاَ يَنْظُرُونَ اِلَى الاِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ ﴿17﴾ وَاِلَى السَّمَاۤءِ كَيْفَ رُفِعَتْ ﴿18﴾ وَاِلَى الْجِبَالِ كَيْفَ نُصِبَتْ ﴿19﴾ وَاِلَى الاَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ» (Түйелер қалай жаратылды, аспан қалай биік болды, таулар неге тұрғызылды, жер неге жазық? Олар осыған зер салмай ма?) (Ғашия 88/17-20).
8. Әрекет дәлелі. Біз әлемде әрекет үстіндегі болмыстардың бар екендігіне куә болып жүреміз. әрбір әрекет етушінің бір мухарикі (әрекет еттірушісі) бар. Осы мурариктің өзі әрекет үстінде болса, оны да әрекет етіретін басқа бір муррик бары рас. Өйткені кез келген дүние өздігінен әрекет ете алмайды. Олай болса, бастапқы мухаррик – уажибу-л-вужуд болып табылатын Алла екендігі даусыз.
9. Камал дәлелі. Декарттың (1596-1650 жж.) қуаттаған аталған дәлел былай түсіндіріледі. Менде кемелдік ұғымы бар. Мұнда ешқандай да күмән жоқ. Бұл ұғым маған өзімнен келмеген. Өйткені, мен кемшілігі бар болмыспын. Бізді қоршап тұрған әлем де кемшілікке толы болғандықтан әлгі кемелдіктің әлемнен туындауы да мүмкін емес. олай болса аталған кемелдік маған кемел болмыс болып табылатын Ұлы Жаратушыдан келеді. Бұл дәлелді Декарттан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген әл-Фараби қуаттаған және оны «акмал болмыс дәлелі» деп атаған.
10. Намутанахи дәлелі. Менде соңсыздық, мәңгілік идеясы бар. Мен соңы жоқ болмысты ойлаймын. Бұл түсінік өзімнен туындамаған. Өйткені мен уақытшамын ғана. Ол менен тысқары заттардан да туындамайды. Себебі, олардың өздері уақытша дүниелер. Мәңгілік себебі мәңгілік болып табылатын болмыстан бастау алады. Демек осы соңсыздық идеясымен мені рухтандырған соңсыз болмыс бар. Ол – Алла Тағала. Намутанахи дәлелі мен камал дәлелі арасында мәнділік айырмашылық жоқ.
11. Ахлақи дәлел мен өнегелік дәлелі. Әлемді бірі табиғи, екіншісі моральдық деп аталатын екі тәртіп бар. Табиғи тәртіп күштер, моральдық тәртіп қалаулар жүйесінен тұрады. Күштердің заңдылығы міндеттіліктен, қалаудың заңдылығы адамның өз қалауымен жүзеге асады. Халықтар арасындағы өнегелік және салт-дәстүрлік құндылықтар адамды үнемі өнегелікке тәрбиелейді. Осы моральдықт құндылықтардың түп төркіні Ұлы Алланың қойған моральдық заңдылықтарымен астасып жатыр. Демек, өнегелік, моральдық құндылықтар Алланың бар екендігін дәлелдейді.
Моральдық заңдылықтар адамды өнемі бақытты, ізгілікті өмірге жетелйді. Бақытқа жетелейтін қасиеттерді істеу бізге тән болғаныменоның жемісін көру бізге байланысты емес. Ол ұлы Алланың мәрімен жүзеге асады. Демек, бұл Алланың бар екендігін дәлелдейді.
12. Суфилердің пікірі бойынша Алланың бар екендігі. Суфилер Алланың бар екендігін ойлауды дұрыс деп таппанағн. Олар адам ақылы қателікке алып деп білген. Керісінше олар ирфан, мағрифат және мағифатуллаһ деп аталатын және кашфке негізделетін рухани-мистикалық практика нәтижесінде қол жеткізілген Алламен байланысты танымдарға ерекше көңіл аударған. Суфилердің пікірі бойынша адам тарапынан танылатын болмыстардың ең айқыны – Алла. Адам Алла жайлы танымнан да анық, айқын танымға қол жеткізуге қауқарсыз. Осыған орай адамның исбат уажибаға қажеттілігі жоқ. Өйткені, аныққа түсініктеме жасау жолында талпыныс бос әурешілік қана. Оның үстіне Алланың ұлылығын қарапайым логика мен саналық қалыпқа түсіру де Алла алдында әбестік болып табылады. Кемшілігі бар, кейіннен жаратылған болмысқа сүйене отырып, абсолюттік, кемел және азали болмыстың шынайы мәнін ашу мүмкін емес.
13. Бүгінгі күні Алланың бар екендігін дәйектейтін дәлелдердің кейбірі. Қазіргі заманғы ұсынылған дәлелдер негізінен материализм мен кездейсоқтық идеясын жоққа шығару, эволюцияның табиғатьта қаншалықты деңгейде әсері бар екендігін түсіндіруді мақсат етеді. Осылардың бірнешесіне тоқталып өтер болсақ:
Логикалық қағидалар аясында әлемнің бар екендігін негізге ала отырып мына мүмкіндіктерді қарастыруға болады:
1. Әлем өздігінен бар болған, өздігінен жоқтық әлемінен бар әлемге шыққан, жаратылған. Әлем туралы бұлай қуаттаудың ешбір мәні жоқ. Себебі, иллиат (себеп пен салдар) заңдылығына қарағанда әрбір салдардың бір себебі, әрбір туындының бір авторы, әрбір жаралытыстың бір жаратушысы бар екендігі даусыз. Олай болса әлем де бар болса, оның бар қылған бір себеп те бар. Әлемнің өздігінен бар болуы суретшісіз көркем бір сурет туындысының дүниеге келуі, ұшқышсыз ұшақтың ауада ұшуы, басқарушысыз кеменің суда сәтті жүзуі сияқты ақыл мен логика қабылдай алмайтын ойлау түрі болып шығады.
2. Әлемнің және әлемде орын алған тәртіп пен үйлесімділіктің кездейсоқтықтың туындысы ретінде пайда болуы мәселесі: кейбір оқиғалардың пайда болуында кездейсоқтықтың болатынын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, жер бетін, адамдарды, жан-жануарларды, өсімдіктер мен жансыз жаралытыстарды жаратқан, миллиондаған жылдар бойы бір милиметр де болса өз орбитасынан ауытқымай қозғалысы, аса үлкен және аса көп болғанына қарарамастан жұлдыздар мен планеталардың бір-бірімен соқтығысып қалмай, бір жүйе мен тәртіп ішінде қозғалуын ақылы түзу кез келген адам кездейсоқтық деп айта алмасы анық.
Алланың бар екендігін бүгінгі ғылыми жаңалықтармен байланыстырар болсақ, бүгінгі ғылыми жаңалықтар мен Құрандағы үйлесімділікті анық байқай аламыз. Қазіргі ғылымдардың дәлелдегеніндей, тірі организм үшін, судың аса зор маңызы бар. Бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін су қажет. Су – бүкіл табиғаттың, әлемдегі өмірдің, тіршіліктің негізгі элементі, қайнар көзі. Жердің 75 %-і, адам клеткаларының 80 %-і судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендер, теңіздер, мұхиттар арқылы жердің температурасын тұрақты ұстап тұрғанын айтуға болады. Судың мұндай ғаламдық қасиеті Алланың құдіретін, хикметін көрсетеді.
«Ал күн белгіленген жағына қарай, жылжып кете барады. Мұның өзі – әрі үстем, әрі дана Аллаһтың алдын ала белгілеген ісі. Айдың да тұрақтайтын орнын белгіледік, Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін, ол да аспанды кезіп жүредің (Ясин-38-39).
Жердің күнді белгілі бір жүйемен айналып қозғалатыны ІХ ғасырда Бируни, ХҮ ғасырда Коперник ашты. Ал күннің қозғалатындығы, ғылымға ХІХ-ХХ ғасырда белгілі болды. Оған дейін күн түгіл жер қозғалмайды деп келген. Құранның ҮІІ ғасырда түскенін ескерсек, бұл кітаптың әлемді жаратқан Алланың сөзі екендігін көрсетеді.
Әлемдегі заттардың тепе-теңдігі жайлы Аллаһтың кітабында тағы бір ұлы, әлемдік заң бар: "Ол (Аллаһ) барлық нәрсені өлшеп, мөлшерлеп тұрады" (Рағыд-8).
Сондықтан Құран Кәрім адамдардың табиғат жаратылысына қарап, Алланың бар екеніне ой жүгіртуін ұсынады.
«Анығын айтайық, аспанның жердің жаратылысында түн мен күннің алмасып тұруында, пайымдаған пендеге, әрине айқын ғибрет бар. Зерделі жандар тұрса да, отырса да тәңірін ұмытпайды, аспан мен жердің жаратылысына ой жібереді. Сон соң: «Ей Тәңірім! Бұларды бекер жаратқан жоқсың. Сен пәксің, бізді тозақтың тауқыметінен сақта.» (Әли Ғимран, 190-191).