- •Калам ілімінің анықтамасы, тақырыбы
- •Калам ілімінің пайда болуы
- •Каламды дүниеге әкелген себептер
- •Ә) Исламдық теологияның дүниеге келуі
- •Калам ілімінде үкімдер мен дәлелдер
- •Әдістер
- •Каламның қайнарлары
- •Хадистер:
- •Әһли Сунна каламшыларына қарағанда иман мен амал қатынасы
- •Ижмали және тафсили иман
- •Куфр, ширк, иртидад және нифақ
- •Кабира (фисқ/үлкен күнә)
- •Иман негіздері
- •Алланың есімдері.
- •Алланың сипаттары
- •Ііі. Фиили сипаттар
- •Іү. Хабари сипаттар
- •Мазхабтардың хабари сипаттарға деген көзқарастары
- •Афалу-л-ибад (құлдардың әрекеттері)
- •Қаза және қадар
- •Нубууат (пайғамбарлық)
- •Нубууаттың мүмкіндіктері
- •Пайғамбарлықтың дәлелі және мұғжиза
- •Басқа ғажайып жағдайлар.
- •Ахирет жағдайлары
- •Жаңа калам ілімі
- •Османдық Түркия
Кабира (фисқ/үлкен күнә)
Кабираның анықтамасы. Кабира (көпше түрі Кабаир) – аяттар мен хадистерде үлкен күнә ретінде баяндалған, оның қауіпті екендігін мәлімдейтін аяттар мен хадистер бар, бұл дүниеде немесе о дүниеде жазалануға себепші болып табылатын, нәтижесі күнә деңгейіне жетелейтін әрекеттер мен амалдар жиындығы. Үлкен күнәлар ішіндегі ең үлкені және кешірілмейтіні – Аллаға серік қосу және куфр.
«اِنَّ اللهَ لا يَغْفِرُ اَنْ يُشْرَكَ بِه وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذٰلِكَ لِمَنْ يَشَاۤءُ» (Алланың кешірмейтін күнәсі - өзіне серік қосу. Одан басқа күәларды егер қаласа кешіреді.) (Ниса 4/48)
«اِنَّ اللهَ لاَ يَغْفِرُ اَنْ يُشْرَكَ بِه وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذٰلِكَ لِمَنْ يَشَاۤءُ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلالاً بَعيدًا» (Алла өзіне басқа теңеуді кешірмейді. Одан басқа күнәсі болса, ықыласы ауған адамын кешіреді. Кімде кім Аллаға серік қосса, барып тұрған азғын болғаны) Ниса 4/116).
Үлкен күнәлардың саны. Үлкен күнәлдардың саны жайында тартыстар бар. Оның басты себебі – хадистердің әр алуан риуаят етілуі. Пайғамбарымыздың бір хадисі былай риуаят етілген: «сендерге үлкен күнәлардың ең үлкенін айтайын ба? Олар: Аллаға серік қосу, әке-шешеге бағынбау және жалған куәгерлік» (Бухари, Адаб 6; Муслим, Иман 38; Тирмизи, Тафсир 5; Дарими, Диат 9).
Келесі бір хадисінде: «Құрдымға жіберетін жеті күнәдан сақтаныңдар. Олар: Аллаға серік қосу, сиқыр жасау, хақсыз жерде адам өлтіру, жетім малын жеу, пайыз жеу, соғыстан қашу, таза, иманды әйелге зина жасады деп жала жабу» (Бухари, Уасауя 23; Муслим Иман 38; Әбу Даууд Уасая 10), - деп үлкен күнәнің саны жеті деп белгілеген. Әбу Дауудтың (ө. 889 ж.) мәлімдеуі бойынша үлкен күнәнің саны келесі бір хадисте тоғыз. Жоғарыда жеті күнәға ата-анаға бағынбау және Масжид Харамда тиым салынған әрекеттерді істеу қосылған. (Әбу Даууд Уасаия 10).
Үлкен күнәларды қарастыратын кітаптардың бірі Хафыз Захабидің (ө. 13347) «Китабу-л-Кабаирінде» үлкен күнәлардың санын жетпіске, Хайтамидің (1566 ж.) «аз-Зауажир ан Иқтирафи-л- Кабаирінде» 465-ге жеткізілген.
Үлкен күнә істеген адамның жағдайы. Үлкен күнә істеген адам «муртакиб кабира» немесе «фасиқ» деп аталады. Иманның тасдиқтан, иқрардан және амалдан тұратынын қуаттайтын харижилер мен мутазилиттерге қарағанда фасық мүмінге жатпайды. Харижиттердің пікірі бойынша олар кәпір, ал мутазила өкілдері үлкен күнә істеген адам иман мен куфр арасындағы орында тұрады (фисқ мәртебесі). Фисқ мәртебесіндегілер тәубеге келмей өлсе, мәңгілікке жаханнамда қалады, ал тәубеге келсе, мүмін қатарына енеді.
Әһли сунна ғұламаларының пікірі бойынша әртүрлі себептермен амалды орындамай, үлкен күнә істеген адам (фасиқ) мүмін қатарына жатады. Алайда, үлкен күнә істегеніне байланысты жазаланатыны рас. Ондай адамға тәубе жасау мүмкіндігі үнемі бар. Алла Тағала ондай адамды ахиретте қаласа кешіреді, қаласа шапағат жасалауына рұқсат етіледі және қаласа күнәсінің дәрежесіне қарай жазалайды. Жүрегіндегі иманына байланысты соңында оны жаннатқа кіргізеді.
Ширк пен куфрдан басқа үлкен күнәларды істеген адамның кәпір емес, мүмін болып табытанын дәлелдейтін аяттар да бар:
«يَاۤ اَيُّهَا الَّذينَ اٰمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِصَاصُ فِي الْقَتْلٰى» (Ей иман келтіргендер өлтірілгенге сендерге қысас жазылды) (Бақара 2/178) аятында адам өлтіргендер туралы «ей иман келтіргендер» деп үндеу тасталып тұр.
«وَاِنْ طَاۤئِفَتَانِ مِنَ الْمُؤْمِنينَ اقْتَتَلُوا فَاَصْلِحُوا بَيْنَهُمَا» (Егер мүміндердің екі тобы бір-бірімен шайқасса, олардың араларын жарастырыңдар (татуластырыңдар)) (Хужурат 49/9)
Осы тақырып жайлы Пайғамбар хадисіне тоқталар болсақ:
Әбу Зарр әл-Ғыфари (ө. 652 ж.) былай деп жеткізеді: Алланың елшісі: «Алладан басқа ешбір құдай жоқ деп, осы сөзін берік ұстап өлген адамның ешбірі жаннаттан махрұм қалмайды», - деп айтты. Сонда мен:
- ол адам зина жасаса да, ұрлық та істесе де ме? – дедім. Сондай ардақты Пайғамбар:
- ия, зина жасаса да, ұрлық істесе де (жаннатқа кіреді), - деп жауап берді. Мен қайтадан сұрадым, дәл сол жауапты берді. Мен үш мәрте сұрадым. Төртіншісінде Расулуллаһ:
Әбу Заррға бұл ұнамаса да (жаннатқа кіреді), - деп жауап берді (Бухари, Таухид 33; Риқақ, 16; Муслим Иман 40; Тирмизи Иман 18).
Пайғамбар заманынан бүгінгі күнге дейін үлкен күнә істеген адам істеген күнәсін өзі халал деп санамаса, мүмін ретінде қабылданған, олардың жаназасын шығарған, артынан дұға жасап, күнәларының кешірілуіне тілеу тіленеді.
