Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.24 Кб
Скачать

4. Химиялық реактивтермен жұмыс жасау

30. Қышқылдар мен сілтелермен жұмыс істеу, әсіресе ыдыстан алу, сифон арқылы немесе әдейі арналған алмұрт тәрізді резеңке пипеткамен алынуы тиіс.

31. Аралас қышқылдар сілтелері бар ыдыстарды ашу және оларды араластыру, тек қана ауашығарушы суырмада, ауашығарушы құрылғының қосылуымен іске асырылуы тиіс.

32. Қышқылдарды араластыру кезінде, қышқыл суға қосылуы тиіс, су қышқылға емес.

33. Қышқыл, сілте және басқа ауыр иісі ыдыстар әдейі арналған жәшіктер екі адам болып тасымалданады, немесе әдейі арналған арбада тасымалданады. Бұл заттарды басқа ыдыстарға құю кезінде, міндетті түрде қорғаушы көзілдірік, резеңке қолғап, фартук және резеңке етік пайдаланған жөн.

34. Егер сілте төгілген жағдайда, ол жерге құм немесе кебек себу керек, сонан соң ол жерді аралас тұз немесе құмырсқа қышқылымен шаю керек. Содан кейін қышқылды сүлгімен сүртіп, қолғап пен столды сумен жуу керек.

35. Егер қышқыл төгілсе құммен себілуі керек (кебек себуге болмайды), онан соң сіңіп алған құмды күрекпен алып тастап, ол жерге сода себу керек, одан кейін соданы тазалап, ол жерді сумен жуу керек.

36. Пайдаланылған қышқылдар мен сілтелер бөлек-бөлек арнайы ыдысқа салынады. Аз мөлшердегі ауыр иісті заттарды құбырға төгілуі мүмкін, егер көп сумен араластырылған болса ғана.

5. Химиялық реактивтерді сақтау

37. Артық реактивтер арнайы арналған құрылығыларда, ауа еркін өтетін құрғақ бөлмелерде сақталуы тиіс.

38. Бір-бірімен жылу бөліну, өртті газ және бу бөліну арқылы әсерлесетін реактивті, бір-бірімен бөлек болу керек.

39. Реактиві бар ыдыстарға анық жазылған ескертпе қағаздар жапсырылуы тиіс, ол жерде химиялық формуламен бірігуі көрсетілуі қажет.

40. Жұмыс бөлмелерінде кез-келген артық реактивтер жасалуы тыйым салынады.

41. Өртенгіш және жарылу қауіпі бар заттар қалың қабатты ыдыстарда (банкілерде) сақталуы тиіс.

6. Ұшқыш өрт қауіпі бар заттар

42. Ұшқыш заттары бар ыдыстар, тек қана пайдаланылуы керек алдында ғана ашылуы тиіс.

43. Өрт қауіпі бар заттарды қыздыру тек арнайы түбі домалақ колбаларда (нық еруші айнадан жасалған) іске асырылуы міндетті.

44. Жарылу қауіпі бар сусындармен жұмыс жасалынған ыдыстар, тез арада зерттеу аяқталғаннан кейін шайылуы қажет.

45. Пайдаланылған жанатын сұйықтықтар арнайы герметикалық жабылатын ыдыста, келешекте өзгерту және жою үшін, сақталуы керек.

46. Оңай өртенуші заттар мен жанатын сұйықтықтармен жұмыс ауа шығарушы суырмада жасалуы керек. Сол кезде тартылымның жұмысын қадағалау керек.

7. Шыны ыдыстармен жұмыс

47. Жұмыс орнында және суырмада тек ең қажетті жиі пайдаланылатын шыны ыдыстар болу керек.

48. Сұйықтығы бар ірі ыдыстар (бөтелкелер) арнайы арнадған қолұстағышы бар жәшіктерде тасымалданады.

8. Ыдыстарды жуу

49. Ыдыстарды жуу пайдаланылғаннан кейін, болмаса жұмыс уүні аяқталғаннан кейін іске асырылуы керек.

50. Кір ыдыстарды ұқыпты түрде арнайы бөлімдерге жинайды.

51. Ыдыс жуу кезінде міндетті түрде резеңке қолғап, ал егер ауыр сұйықтар болса қауіптен сақтайтын көзілдірік кию керек.

52. Ұшқыш лас, зиянды заттары бар ыдыстарды алғаш жанған кезде ауа шығарғыш астында істеу керек.

53. Егер де тазалау әдісінің қайсысы тиімділік екені белгісіз болса, онда ең оңайынан бастау керек-ыстық немесе сабын сумен жуу қажет.

54. Егер ластық сумен жуылмайтын болса, онда хромды аралас, сілте органикалық еріткіш пайдаланылуы мүмкін.

55. Ыдыс жуар кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелері қышқылмен жұмыс жасағанда сақталатын қауіпсіздік ережесіндегі.

9.Алғашқы көмек көрсету

56. Теріге қышқыл тисе, ол жерді 3% араласпа, ішуге жарамды содамен шаю керек (1 стақан суға 1 қасық).

57. Сілтемен зақымданғанда ол жерді сумен шайып 20% араласпа борлы немесе құмырсқа қышқылымен тазарту керек. Қажет болса дәрігерге көрсету керек.

58. Шынымен зақымданған кезде, жарада үгінділер (сынықтар)қалмағанына көз жеткізіп, жараны иодпен жағып, орап тастау керек.

59. Жедел жәрдемді алғашқы жедел медициналық көмек ережелеріне сәйкес көрсетілуі керек. Салынған қысушы орам, қанды тоқтату үшін, бір жерде 1,5 сағаттан артық, байланған орган өлімсіреп қалмау үшін, тұрмау керек.

60. Газдармен уланған жағдайда жапа шегушіні таза ауаға немесе бөлмеге шығару керек. Сонан соң көзін, мұрнын, аузын 2% араласпа содамен жуу керек, онан кейін жағасын ағытып, жамылғымен жауып, жылытқыш салып, ыстық сүт немесе кофе береді. Егер жөтел, дем алыс жиілеп, еріні көгеріп кетсе, жапа шегушіге демалғыш жастықпен демалдырады және жедел түрде медициналық бөлімшеге жеткізіледі.

61. Дәрежелі жалын отымен зақымданғанда күйген жерді спиртті араласпамен ысқылау керек, сонда ауырғаны басылады, сонан соң марганцовканың араласпасымен шаяды. Аса ауыр жарақт алса күйген жерді киімнен босатып, тазалағыш ораманы салып немесе күйген жерлерді мақтамен жауып, жедел түрде медициналық бөлімшеге жеткізу керек.

10. Өртке қарсы дайындық

62. Өртке қарсы дайындық үшін жүргізілетін амалдар:

1) жарылу немесе өртену қауіпін жою;жарылу немесе өрт қауіпін ескерту, от көздерін, жану қауіпі бар затпен қарым-қатынасын шектеу, зерттеу және сараптама жүргізу технологиясын жетілдіру;электр жүйесіндұрыс орналастыру; құрылғылардың жағдайын уақытылы бақылап отыру (жөндеу, тексеру, қарау) және тағы басқа.

2) Жарылыс немесе өрттің таралуына жол бермеу. Өртке қарсы сұраныстарға сай ішіндегі заттарды дұрыс орналастыру, бөлмені дұрыс жобалау керек.

3) Бағалы заттар мен адамдарды құтқаруды толық қамтамасыз еткізу.

4) Өртті аман есен өшіру үшін алдын-ала жағдай жасау,өрт сөндіру құрылғыларды дұрыс таңдау және орналастыру.

11. Ыдырату радиоактивті материалдармен (ЫРМ) иондаушы сәулелермен шағылу көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік әрекеттері

63. Радиациялық қауіпсіздік сұраныстары, кедендік органлердің барлығына орындалу міндетті, Қазақстан Республикасының нормалары мен ережелері-Радиация қауіпсіздік нормалары (РҚН-99) және Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі санитарлы ережелері (РҚҚЕНСЕ-99).

64. ЫРМ және ИСЖ жұмыс істеу кезінде, қатаң түрде қауіпсіздік әрекеттерін сақтау керек, Негізгі санитарлы ережелеріне сәйкес (НСЕ-72/87) жеке бас қорғанысы мен өзіндік тазалық ережелерін ұстау керек.

Арнайы киімде ғана жұмыс істеу керек (халаттар), жұмыс үстінде темекі тартуға, ас қабылдауға, боянғыш заттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар барлық жұмыстарды, қабылданған нормативтерге сәйкес, респираторлармен мен резеңке қолғаптармен ғана істеуге болады, қажет болмаған жағдайда ЫРМ және ИСЖ ға толық жақындауға және қол тигізуге болмайды, өзінде міндетті түрде жеке бас дозиметр, келешекте бағалау үшін, болу керек; Жұмыс біткен соң қолды жуып, душ қабылдау керек.

65. Қауіпті жағдай орнаған болса, ЫРМ немесе ИСЖға қатысты, зертхана қызмет өкілдері осындай жағдайларға арналған қауіпке қарсы іс-әрекет жүргізу жобасына сай жұмыс жасау керек.

Қауіпке қарсы іс-әрекет жоспарына кіреді:

Мекемелерді ескерту жүйесі, тиісті қызмет өкілдерін және тұрғындарды, радиациялық қауіп-қатер болған кезде;

Қауіп болған жағдайда алғашқы жедел жәрдем және радиацияға қарсы көмек жүйесі.

Радиациялық қауіп-қатерді жою және бөліп тастау жүйесі, соның ішінде шағылу және ластану кезінде уақытылы іс-әрекет жүргізілуі керек.

Қауіпке қарсы іс-әрекет жүргізуге қатысушы мекемелер мен өкілдер міндеттемелері.

Тұрғындар және зертханалық жұмысшыларға қатысты қорғаныс іс-әрекеттері.

12. Тыйым салынады

66. Қосылып тұрған құрылғыларды қараусыз қалдыруға, жанып тұрған от және электрқыздырғыш құрылғыларды да, оттың маңында мақта, марля спирт және тағы басқа өртенентін заттар қалдыруға.

67. Жанып тұрған от және қосылып тұрған электрқыздырғыш құрылығылардың қасында, жайбарақат төгілген өртқауіпі бар сұйықтықты жинауға.

68. Желтартқыш жұмыссыз кезінде зиянды заттарды араластыру, ысқылау, тасымалдау жұмыстарын жасауға.

69. Белгісіз заттарды дәмтатуға және иіскеуге.

70. Химиялық реактивтер және басқа да зиянды қауіпті заттармен жұмыс жасағанда арнайы киімдер мен қорғаулы құрылғыларсыз жұмыс жасауға.

71. Жұмысәдістемесіне сай емес және берілген тапсырмаға қатысы жоқ жұмыстармен айналысуға.

72. Жылыту құрылғыларында бірдеңені кептіруге.

73. Өтетін жерлер мен коридорларды жауып тастау сонымен қатар өртсөндіру құрылғыларына жолды жабу.

74. Қауіп-қатер төнген кезде алғашқы жедел жәрдем көрсетуге болмайтын жағдайда жұмыс жасауға.

75. Көзілдірік немесе маскасыз жұмыс жасау, көз жанарын бұзу немесе көзіне кіріп кету қауіпі бар жағдайларда жұмыс істеуге.

76. Реактивтерді ескерту қағасызысыз пайдалану.

77. Сақтауға: артық улы, жарылғыш, аса қауіпті әсер еткіш және аралас қоспаларды стол үстінде.

78. Зерттеу жүргізілетін бөлмеде тамақ ішуге, темекі тартуға.

79. Жұмыссыз электрқұрылғыларында жұмыс істеуге.

80. Мамандардың қатысуысыз құрылғылар мен техника орындарын ауыстыруға.

81. Оңай жанғыш және жарылғыш қауіпі бар заттарды қышқыл мен сілтелермен бірге сақтауға.

82. Ескету қағаздардың жазуын өзгерту, ескісін алып тастамай, жаңасын жабыстыру, шыны бетіне оңай өшкіш жазу жазуға.

83. Жазуы жоқ реактивтерді пайдалануға.

84. Шеттері сынық немесе жырасы бар шыны пайдалануға.

85. Шыны ыдыстарды шөмек жағынан көтеруге (бөтелке т.б)

86. Сынған шынының сынықтарын қолмен жинауға.

87. Ауамен байланысы жоқ құралдар мен жабық колбаларда сұйықтықты қыздыруға.

13. ҚР ҚБҰ сараптама қызметіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша әдістемені тіркеу журналында сол әдістемеге байланысты жасалынған әдістемені тіркейтін жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы болуына болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының кедендік бақылау ұйымы және кедендік бақылауды зерттеу және кедендік сараптама бөлімдері мен қызметінде, соның ішінде Орталық кедендік зертханада тауарларды зерттеу және кедендік сараптама жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау туралы әдістемеге қосымша.

А.(Бастапқы бет) Қазақстан Республикасының кедендік бақылау ұйымы, Орталық кедендік зертхана.

( Кедендік сараптама қызметі және КБ зерттеулері бөлімі)

ЖУРНАЛ

Қауіпсіздік техникасы бойынша оқуды тіркеу

Басталды 200_____ж

200_____ж

Б.(Журналдың жұмыс беттерін толтыру және толықтыру тәртібі)

Оқыту уақыты

Тегі,

әдістеме оқушының аты-жөні,

оқыту түрлері

Қызметі

Жұмыс істейтін

бөлімі

Тегі,

әдістеме оқытушының аты-жөні, қызметі

Әдістеме оқытушының қолы

Қазақстан Республикасының

кедендік басқару ұйымының

басшысы бұйрығымен

__________Б.Сапарбаев

«14» мамыр 2003 ж