Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.24 Кб
Скачать

9. Кедендік сараптама жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер

9.1. Тауарларды зерттеу бойынша негізгі түсініктер мен терминдер

Кедендік сараптама – бұл ғылым мен техниканың белгілі бір салаларында білімі бар кедендік зертхананың (аумақтық кеден органдарының кедендік сараптама қызметтері мен бөлімдерінің) мамандарымен кедендік мақсаттар үшін жүргізілетін тауарларды зерттеу.

Кедендік зертхана – Қазақстан Республикасының кеден органдарының бірыңғай жүйесіне енетін арнайы мамандандырылған кедендік мекеме.

Кедендік сарапшы – ғылым мен техниканың белгілі бір саласында арнайы ғылыми білімі бар кедендік зертхананың лауазымды тұлғасы.

Сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасының Кеден Кодексімен бекітілген тәртіпте рәсімделген кедендік сараптаманы тағайындаған кедендік сарапшы тұлғасының алдына қойылған мәселе бойынша орнықты дәйектемелі шешімдер.

Тауарлардың үлгісін (сынамасын) теңестіру – тауарлардың стандарттық және салыстырмалы үлгілерге, сондай-ақ оларға берілген құжатталған тұтынушылық ақпараттарға сәйкестігін бекіту.

Сынама – зерттелетін тауарлардың бүкіл көлемінің (мөлшерінің) құрамы мен қасиетін сипаттайтын тауарлардың ең қажетті бөлігі.

Үлгі – өнімнің бүкіл партиясының (сериясының) құрамы мен қасиетін, құрылымын толық бейнелейтін өнім бірлігі.

Партия – кеден органына ұсынылған бір жүктік кедендік декларациямен немесе сапасын куәландыратын бір құжатпен рәсімделген және кедендік шекара арқылы тасымалдауға арналған атауы мен сапасы бойынша біртекті тауарлардың кез келген мөлшері (біртекті тұтынушылық немесе транспорттық қорапта (ыдыста), құйылудың бірдей уақытында, бір технологиялық үлгі бойынша өндірілген және т.б.)

Қорап бірлігі – стандарттармен және техникалық шарттармен қарастырылған автокөлік / теміржолдық цистерна, бөшке, фляга, жәшік, контейнер және қораптығ басқа да түрлері.

Таңдама – соңғы үлгіні жасауға арналған әр қорап бірлігінен бір алғанда таңдалатын тауарлардың белгілі бір мөлшері.

Сынама іріктеуші – сынаманы іріктеуге арналған құрал немесе сайман.

Нүктелі (бір реттік) сынама – бір қораптық (ыдыстық) орында немесе белгілі бір берілген дәрежедегі резервуарда немесе көліктік құралда тауарлардың сапасын сипаттайтын бір алғанда іріктелген сынама.

Орташа (біріктірілген) сынама – белгіленген қатынаста біріктірілген және сәйкес тәртіпте жиналған бірнеше нүктелі (бір реттік) сынамалардың мұқият араластырылуынан құралған сынама.

Бақылау (арбитраждық) сынамасы – талдауды орындау үшін қолданылатын, сонымен қатар арбитраждық сынақтар жағдайларына сақталатын орташа (біріктірілген) сынаманың бір бөлігі.

Бұрмаланған (жалған) тауар – тауарлардың қасиеттерін алмастыру немесе қысқарту жолымен оның бір немесе бірнеше негізгі (нақты) қасиеттерінің жалғандығы жасалған тауар,оларға жатады: атауы, құрылымы (сапасы), белгіленуі, дайындаушы-фирма (сауда маркасы), шығу орны (елі), саны, бағасы, жарамдылық мерзімі, тауар туралы ақпарат, әдетте тауарларға қойылатын үлгіге, стандартқа, бейнелеуге, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, тауарға қойылатын шектеулік және тыйым салулық шарттарға сәйкестігі.

Сапалы талдау – талданушы заттардың компоненттерін (құрамын) нақтыдау (теңестіру).

Сандық талдау – физикалық, химиялық және басқа да тәсілдермен сынамадағы заттар компоненттерінің бір немесе бірнеше құрамын анықтау.

Өлшеу құралы - өлшеулерде қолданылатын және нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құрал.

Өлшеу құралын тексеру (поверка) – метрологиялық органмен өлшеу қателерін анықтау және оның қолдануға жарамдылығын бекіту.

Сынақ зертханасы немесе сертификаттау жөніндегі органның аккредитациясы – жұмыстарды белгілі бір салада сынақ зертханасы немесе сертификаттау жөніндегі орган ретінде жүзеге асыру құқықтарын уәкілетті мемлекеттік органмен ресми тану.

Аккредитация аттестаты – сынақ зертханасының (орталықтың) немесе сертификаттау жөніндегі органның белгілі бір қызмет аясында нақты жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелеріне сәйкес берілетін құжат.

Сынақ зертханасы (орталық) - өнімнің сынағын нормативтік құжат талаптарының сәйкестігіне жүргізетін зертхана (орталық).

Сертификаттау – дайындаушыдан (сатушыдан, орындаушыдан) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен өнімнің, үрдістің, жұмыстың нормативтік құжаттарда бекітілген талаптарына сәйкестігін жазбаша растау.

Стандарттау - іс жүзінде бар немесе потенциалды тапсырмаларға қатысты жалпыға ортақ немесе көп реттік қолдануға арналған белгілі бір саладағы жағдайды оптималды дәрежеде реттеудің жетістікке бағытталған қызметі.

Стандарттау бойынша нормативтік құжат – тұтынушылардың кең ортасына қол жетімді және мемлекеттік басқарудың уәкілетті органымен бекітілген стандарттау жөніндегі қызметтің немесе оның нәтижелерінің көптеген түрлеріне қатысты қағидаларды, сипаттамаларды, ережелерді, нормаларды белгілейтін құжат.

Сертификаттау бойынша нормативтік құжат – стандарттау туралы заңнамада белгіленген тәртіпте білікті органмен бекітілген сертификаттау бойынша қызметтің немесе оның нәтижелерінің көптеген түрлеріне қатысты қағидаларды, сипаттамаларды, ережелерді, нормаларды белгілейтін құжат.

Стандарт – қызметтің немесе оның нәтижелерінің көптеген түрлеріне қатысты ережелерді, жалпы қағидаларды немесе сипаттамаларды жалпыға ортақ және көп реттік қолдану үшін белгіленетін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша танылған органмен бекітілген және қызығушылығы бар тараптардың келісімі негізінде жасалған құжат.

Сәйкестік сертификаты – теңестірілген өнім, жұмыс, қызмет техникалық регламенттердің, стандартардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай үлгіге сәйкестігіне қажетті сенім қамтамасыз етілуін көрсететін сертификаттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелерімен берілген құжат.

Шығу сертификаты – белгіленген нысандағы өнімнің шығу елін куәландыратын құжат.

Сертификаттық сынақтар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген кедендік зертханамен жүргізілетін өнімнің қауіпсіздік крсеткіштеріне белгіленген талаптарға тауар сынамасының (үлгісінің) сәйкестігін растайтын қызмет.

Өнертанушылық сараптама – антиквариат заттары мен өнер туындыларының тарихи, көркем-мәдени, ғылыми маңыздылығын белгілеу мақсатындағы тауарлар сараптамасы.

Сыныптамалық сараптама – ЕврАзЭс сыртқы экономикалық Тауар номенклатурасында көрсетілген позицияларға (орындарға) нақты тауарды жатқызу мақсатында жүргізілетін сараптама.

Материалтанушылық сараптама – тауарларды заттардың, бұйымдардың және материалдарлдың нақты сыныбына нақтыдау мақсатында жүргізілетін тауарларды зерттеу.

Минералогиялық (геммологиялық) сараптама – бағалы, жартылай бағалы, бөлінетін тастардың, минералдардың, таулық тектер мен олардан жасалған бүйымдардың табиғатын, олардың сапасының дәрежесін белгілеу мақсатында жүргізілетін сараптама.

Радиологиялық сараптама – тауарларды мына мақсаттарда зерттеу:

    1. құрамында бөлінетін радиоактивті заттары бар тауарларды анықтау;

    2. радионуклидтердің сапалық және сандық құрамын анықтау;

    3. тауарларды өндірісте, ауыл шаруашылығында және тұрмыста қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды жасау.

Сұрыптамалық сараптама – тауарларды олардың сапасын, маркасын, сұрыпын белгілеу мақсатында зерттеу.

Тауартанушылық сараптама – ЕврАзЭс СЭҚТН бойынша тауарлардың кедендік атауын анықтау, оның бағасына әсер ететін факторлар мен оның негізгі қасиеттерін, тауарлардың сапасын анықтау мақсатында жүргізілетін сараптама.

Құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасы – құжаттарды келесілерді белгілеу мақсатында зерттеу : тауарлардың дайындалу тәсілін; құжаттың алғашқы мазмұнының өзгеру фактісін; ҚТС өзіне, сондай-ақ мөрлер мен штамптардың оттисктерін , қол таңбаларды, ақшалық белгілер мен құнды қағаздарды, фототүсірілімдерді, құжат материалдарын, құжаттардың текст мазмұнын зерттеуді қосады.

Химиялық сараптама – зерттелетін объектінің сапалық және сандық химиялық құрамын нақтыдау, есірткі құралдарына, қатты әсер етуші және улы заттарға тиістілігін нақтыдау, тауарлардың сапасы мен қасиеті мәлімделген құжаттамаға сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізілетін сараптама,

Экологиялық сараптама – тауарлардың экологиялық немесе пайдаланушылық қауіпсіздігін, озон бұзушы заттардың болуын анықтау, тауарларды әкелу мүмкіндігін немесе оның нақты кедендік режимге орналасуын анықтау мақсатында жүргізілетін тауарларды зерттеу.

Тауар сапасы - тауардың тағайындалуына сәйкес оның адамның белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілетіне себепші болатын тауарлар қасиетінің жиынтығы.

Тауартану – тауарлардың тұтынушылық құнын нақтыдайтын негізін қалаушы сипаттамалары және осы сипаттамаларды қамтамасыз ету факторлары туралы ғылым.

9.2. КЕЛІСІМ

Тауарларды диагностикалау және теңестіру жөнінде сараптамалық, зерттемелік және ғылыми-зерттеулік қызметтері саласында ТМД қатысушы-мемлекеттердің кеден қызметтерінің өзара қарым-қатынастары туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы-мемлекеттерінің, ары қарай Тараптар деп аталатын, кедендік қызметтері,

Тауартану саласында тауарлардың сараптамасы бойынша арнайы білімдерді қажет ететін кәсіби қызметте туындайтын, сонымен бірге кеден ісіндегі сараптаманың өзектілігі мәселелерін назарға ала отырып,

1994 жылдың 15 сәуірінен бастап кеден ісіндегі өзара көмек және әріптестік туралы Келісімге негізделе отырып,

Тараптардың кедендік зертханаларының сараптамалық, зерттемелік және ғылыми-зерттеулік іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында,

Келесі төмендегілермен келісті:

1-бап

Тараптар кеден ісіндегі сараптама саласында және кедендік мақсаттарда сараптамалық, зерттемелік және ғылыми-зерттеулік іс-әрекеттерді жетілдіру және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қызметтес болады және жәрдем көрсетеді.

2-бап

Тараптар толық емес декларациялау, тауарлардың ТМД СЭҚ ТН бөлек топтарының жалғандығы, контрафактілі тауарлар, құжаттарың жасандылығы фактілерін нақтыдау бойынша әдістемелік құралдарды жасауды жүзеге асырады.

3-бап

Тараптар сараптамалық, зерттемелік және ғылыми-зерттеулік қызметтерді қамтамасыз ету үшін әр түрлі тасушылардағы мәліметтердің ақпараттық-анықтамалық базасын құрады.

4-бап

Сұраныс салу негізінде, Тараптар кедендік мақсаттар үшін тауарлардың сараптамалары мен зерттеулерін жүргізу кезінде техникалық құралдар мен жаңа әдістерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

5-бап

Тараптар жиналыстар, конференциялар және ғылыми әдістемелік семинарлар жұмыстарын, сонымен қатар кедендік сараптама саласында жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша іс-шараларды қамтамасыз етуде және ұйымдастыруда ат салысады.

6-бап

Тараптар сараптамалық, зерттемелік және ғылыми-зерттеулік мәліметтер негізінде СЭҚ ТН бойынша тауарлардың сыныптамасына қатысты әдістемелік материалдарды дайындауды жүзеге асырады.

7-бап

Осы Келісімнің іс жүзіне асуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар:

  • сараптамалық зерттеулерді техникалық қамсыздандыру бойынша, жаңа әдістер, әдістемелік және техникалық құралдар туралы жедел ақпараттармен алмасып отырады;

  • тауарлардың эталондық үлгілері мен салыстыру үлгілерін қолдану жөнінде, сонымен бірге интеллектуалдық меншікке жататын мәселелер жнінде кепілдемелер береді;

  • жүргізілген сараптамалардың нәтижелері негізінде тауарлардың сыныптамасы жөніндегі күрделі талас тудыратын мәселелерде кепілдеме береді;

  • кедендік мақсаттарда тауарлардың сараптамасы мен зерттеулерін жүргізу саласындағы кадоларды оқытуда және біліктілігін жоғарылатуда бір-біріне жәрдем көрсетіп отырады;

  • осы Келісімнің ережелерін әске асыру бойынша қаржылық шығындар өтеледі. Шығындардың өтелуі Тараптар арасындағы бөлек келісімдердің құралы болып табылады.

8-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімдері бойынша ажыратылмас бөлігі болып табылатын бөлек хаттамалармен рәсімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осындай өзгертулер мен толықтырулар осы Келісімнің 11-бабына сәйкес өз күшіне енеді.

9-бап

Осы Келісімді қолданумен және талқылаумен байланысты таласты мәселелер Тараптардың сөйлесулері және кеңестері жолдарымен шешіледі.

10-бап

Осы Келісімнің ережелері Тараптар қатысушылары болып табылатын өзге де халықаралық келісімдер бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

11-бап

Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Келісім автоматты түрде келесі бес жылдық кезеңге созылып отырады. Тараптардың әр қайсысы осы Келісімнің басқа Тараптарына 6 ай бұрын жазбаша нысанда ескерте отырып, осы Келісімнен шығуы туралы мәлімдей алады.

Осы Келісім Тараптардың келісімдері негізінде кез келген кедендік қызметтердің қосылуы үшін ашық.

Мәскеу қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқалық данада 2003 жылдың «24» желтоқсанында жасалды.

Кедендік қызметтердің өкілдерімен қол қойылды:

Әзірбайжан Республикасының

Молдава Республикасының

Армения Республикасының

Ресей Федерациясының

Беларусь Республикасының

Грузияның

Қазақстан Республикасының

Қырғызстан Республикасының

Тәжікстан Республикасының

Түркменстанның

Өзбекстан Республикасының

Украинаның