- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
- •Кедендік сараптама
- •1. Сараптама негізі және оның маңызы
- •Ғылыми-тәжірибелік зерттеудің жеке түрі болып саналатын сараптама
- •1.2. Сараптаманың сыныпталуы
- •Тауар сараптамасының негізгі элементтері
- •Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама
- •2.1. Сараптаушы қызметінің пайда болу және даму тарихы
- •2.2. Кедендік зертхана қызметінің халықаралық тәжірибесі
- •2.3. Сараптама қызметінің құқықтық негізгі қызметі және мазмұны
- •3. Кеден сараптамасының құралы және объектісі оның жүзеге асырылу негізі
- •3.1. Кеден сараптамасының құралы және объектісі
- •3.2. Сараптама нәтижелерінің қателіктерінің қайнар көздері
- •3.3. Тауар номенклатурасы сэқ- маманданған сараптаманы тиімді жүргізудің негізі
- •4. Тауардың тұтынушылық қасиеттері және олардың сапалық көрсеткіштері
- •4.1. Тағайындау – тауарлар сапасының нақтыдаушы қасиеттерінің бірі
- •Тауарлардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы
- •4.3. Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері
- •4.4. Тауарлардың психологиялық және эстетикалық қасиеттері
- •5. Сараптамалық зерттеу әдістері
- •5.1. Кедендік сараптаманың жіктелуі
- •Сараптамалардың негізгі сыныптары
- •Криминалистикалық сараптамалар :
- •2. Трассологиялық сараптама:
- •5.3. Сараптамалардың негізгі түрлерінің мәні
- •ЕврАзЭс сэқ тн бойынша зерттеу объектілері мен жабдықтарының негізгі түрлері
- •5.4. Сараптамалардың методологиясы (жалпы, жеке)
- •6. Кедендік сараптаманың технологиясы
- •6.1. Сараптамалық зерттеу технологиясының ұғымы
- •6.2. Геммологиялық сараптаманың технологиялық циклі
- •6.3. Кеден сараптамасын жүргізудің технологиялық кестесі
- •6.4. Кеден рәсімдерінің бұзушылық түрлері мен кезеңдері
- •6.5. Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде шешілетін мәселелер
- •Тауарлардың кейбір топтарын зерттеу кезінде анықтауға жататын мәселелер
- •Мұнай өнімдері, жанар-жағар май және жеңіл тұтанатын заттар.
- •3.Бағалы металдар, қорытпалар және олардан жасалған бұйымдар:
- •4. Полимерлік материалдар және олардан жасалған бұйымдар:
- •6. Алкогольдік сусындар:
- •7. Сарапшы қызметінің негізгі бағыттары
- •7.1. Сарапшы және оның құзреті, сарапшының жеке қасиеттері
- •7.2. Сарапшының білімі мен арнайы білімдері
- •7.3. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •8. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру
- •8.1. Орталық кедендік зертхана (окз)
- •8.2. Аумақтық кедендік зертханалар : тапсырмалары мен қызметтері
- •8.3. Окз, акз жұмыстарының тиімділігі
- •9. Кедендік сараптама жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер
- •9.1. Тауарларды зерттеу бойынша негізгі түсініктер мен терминдер
- •Тмд сртс күн тәртібіндегі 38-отырысының 8-мәселесі бойынша Қырғыз тарапының ескертуі (оговорка)
- •Тмд сртс күн тәртібіндегі 38-отырысының 8-мәселесі бойынша Грузия кі ескертуі (оговорка)
- •9.3. Кедендік сараптама туралы қазақстан республикасының кеден кодексі
- •9.4. Тауарлардың үлгілері мен сынамаларын алу ережелері және кедендік сараптама жүргізу бұйрығы Қазақстан Республикасының Кедендік Бақылау Агенттігі
- •Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың ережелері
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысатын тұлғалар
- •3. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізу орны
- •4. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу процедурасы
- •Қорытынды ережелер
- •Қазақстан Кедендік Бақылау Агенттігі
- •Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу
- •9.5. Техникалық қауіпсіздіктің инструкциясы және кедендік сараптама жүргізу ережесі Кедендік зертханаларда кедендік сараптамалар жүргізу ережелері
- •1. Ортақ түсінігі
- •2. Сараптама түрлері
- •3.Сараптама жүргізу орны
- •4. Сараптама жүргізілу уақыты
- •5. Сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
- •6. Сараптаушы қорытындысы
- •Қорытынды жағдайы
- •Кедендік сараптамаға нұсқау
- •Кедендік сараптама жүргізу туралы қабылдама
- •Қазақстан Республикасының кедендік бақылау ұйымы
- •Сарапшының қорытындысы
- •Журнал кедендік сараптама жүргізуге нұсқаулар мен қабылдамаларды тіркеуі
- •Инструкциясы
- •1. Ортақ түсінігі
- •4. Химиялық реактивтермен жұмыс жасау
- •6. Ұшқыш өрт қауіпі бар заттар
- •9.6. Қазақстан Республикасының кедендік бақылау ұйымының орталық кедендік зертханасының жағдайы
- •1.Ортақ жағдайы
- •4.Окз құқықтары
- •Окз меншігі
- •Окз қызметін ұйымдастыру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •5. Сараптаушы зерттеу әдістері.......................................................................45
- •6. Кедендік сараптама технологиясы.............................................................53
- •7. Сараптаушы қызметінің негізгі бағыты.................................................60
- •8. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру.......................................................65
- •050063, Алматы қ-сы, Сайын көшесі, 81
8. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру
8.1. Орталық кедендік зертхана (окз)
Кез келген сараптамалық ұйымдар, соның ішінде, кедендік зертханалар техникалық құралдардың қажетті жиынтығы мен санын және зерттеудің әдістерін, мәліметтер банкін, бақылау үлгілерінің эталондық жинағын, осы қызметке сай жұмыс орындары мен кеңістіктерін және ең бастысы – сарапшылардың жоғары білікті кадрларын иеленулері қажет. Оларда, сондай-ақ, сараптаманың теориясы мен тәжірибесіне, техникалық қауіпсіздік ережелері мен зерттелетін объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларға, меншік құқығы мен құпия ақпараттарға қатысты қажетті нормативтік-техникалық құжаттары (НТҚ) мен басқарушылық материалдарының пакеті бар болуы міндетті.
Сараптамалық ұйымдар, меншік түріне қарамастан (мемлекеттік, кооперативтік, жалға алынған), заңды тұлға мәртебесіне ие болулары қажет. Олар өздерінің әкімшілік бағыныштылығы мен қаржылық жағдайы әкімшілік, коммерциялық немесе құқық қорғау ұйымдары жақтарынан сараптама нәтижелеріне немесе тұлғаға қандай да болмасын әсер ету мүмкіншілігін толығымен жоққа шығаратындай тәуелсіз болулары керек. Олардың тәуелсіздіін қамтамасыз ететін міндетті шарттарға мыналардв жатқызады;
- зерттелетін өнімнің тұтынушыларымен немесе жеткізушілерімен бірлескен коммерциялық қызығушылықтарының болмауы;
- зерттелетін өнімнің дайындалу немесе қайта өңдеу саласында шаруашылық қызметтердің болмауы;
- сарапшылардың сараптама жүргізудегі қызығушылығы бар әкімшіліктен тәуелсіз болулары.
Егемендік алу және СЭҚ-ті либерализациялау Қазақстан Республикасынан кедендік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қуатты шараларды қажет етті. Қазақстан халықаралық саудаға қосылып, тек қана кедендік заңнаманы ғана емес, сонымен қатар кедендік-зерттеу қызметтерімен де байланысты сұрақтарды жетілдіре бастады.
Қазақстан Республикасының кедендік сараптама қызметі 1944 жылы қаланды. Кедендік басқаруда штаттық саны 3-10 бірлік қызметтер мен бөлімдер, кедендерде – штаттық саны - 1-2 бірлік қызметтер пайда болды. 1995 жылы ҚР Қаржы Министрлігінің Бас кедендік басқармасында 26 қызметкері бар Орталық кедендік зертхана (ОКЗ) құрылды.
ОКЗ және аумақтық кеден органының сараптамалық қызметтері өз жұмыстарын үш бағытта жүргізді:
кеден ісін сараптамалық қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы аналитикалық жабдықпен жабдықтандыру;
сараптамалық кадрларды және резервті дайындауды қамтамасыз ету.
ҚР ҚМ КБК жүйесіндегі кедендік зертхананың рөлі мен орны, ең алдымен, беделінің деңгейімен және бас сараптамалық мекеменің – ОКЗ – жұмыс көрсеткіштерімен анықталады. КБК қолдауымен ОКЗ қосымша өндірістік алаңдарды, қажетті қаржыландыруды алды және де алып келеді. Өзіндік база мен құралдардың бар болуы қазіргі заманғы зерттеу аспаптары мен жабдықтарды табуға, орналастыруға және пайдаланымға енгізуге, жоғары білікті мамандарды сараптамалық қызметтің нақты приоритетті бағыттарына жұмылдыруға және тиісті үлгіде олардың жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде ОКЗ туралы және олардың тапсырмалары мен қызметтерін кеңейткен бөлек кедендік сараптамалар туралы жаңа ережелері бекітілді.
ОКЗ заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық түрі ретінде өзінің жеке балансы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының суреті бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде өздерінің аты жазылған мөрі, штамптары, қалыптасқан үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес банктерде есеп шоттары бар. ОКЗ азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседі. ОКЗ аппаратын қамсыздандыру шығындарын қаржыландыру тек Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
ОКЗ-ның негізгі тапсырмалары.
ОКЗ-ның өз құзіреті шегіндегі негізгі тапсырмалары болып табылады;
Қазақстан Республикасының экономикалыққауіпсіздігі мен экономикалық қызығушылықтарын қорғау;
Қазақстан Республикасының кедендік саясатын қалыптастыру мен жүргізуде ат салысу;
Мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, адам өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, республикалық тұтынушылық тауарларының қызығушылықтарын қорғау бойынша шараларды іске асыруға жәрдемдесу;
Қазақстан Рспубликасының кеден органдарының сараптамалық қызметін жетілдіру және ұйымдастыру;
кедендік мақсаттар үшін тауарлардың сараптамасы мен зерттеулерін жүргізу;
басшылық, материалды-техникалық қамтамасыз етуде жәрдемдесу, аумақтық кедендік зертханалар қызметін үйлестіру және бақылау, кедендік сараптама мен зерттеулердің бөлімдері мен қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету;
кедендік сараптама мен зерттеулердің бөлімдері мен қызметтерінің, кедендік зертханалардың қызметтерінің құқықтық реттелуін және әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;
кеден ісін сараптамалық, әдістемелік және техникалық қамсыздандыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мен ұйымдастыру және қалыптастыру;
кедендік сараптама бойынша мамандардың біліктілігін жоғарылатуды және қайта даярлауды, даярлауды, кедендік мамандарды кедендік зертханалар мен басқа да ведомствоға бағынышты ұйымдардың жұмыстары үшін даярлауды қамтамасыз ету.
ОКЗ-ның негізгі қызметтері.
Заңнамаға сәйкес ОКЗ өз құзіреті шегінде келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының кеден органдарының шешімдері бойынша, сонымен бірге СЭҚ-ке қатысушылардың өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сараптамасы мен зерттеулерін олардың СЭҚ ТН-на сәйкес дұрыс сыныпталуы үшін жүргізеді (материалтанушылық, теңестірулік, химиялық, сертификаттық, технологиялық, тауартанушылық, экологиялық, радиологиялық және басқалары) және мынадай бекітілім бойынша кепілдеме дайындайды:
СЭҚ ТН бойынша тауар коды;
тауарларды теңестіру, соның ішінде қайта өңдеу бойынша операциялар жүргізілгеннен кейінгі шикізаттар;
тауарлардың құрамы мен физикалық және химиялық құрылымы;
тауарлардың сапасы, маркасы, сорты, түрі;
тауарларды өндіру үшін шикізат көздері;
тауарлардың радиациялық қауіпсіздік нормаларына сай болуы;
шикізаттар мен тауарларды қайта өңдеуде шыққан өнімнің нормасы;
тауарлардың есірткі заттарына, қатты ісер ететін улы, улағыш заттарға жатуы.
Құжаттардың және кедендік теңестіру белгілерінің техникалық зеттеуін жүргізеді.
бөлінетін және радиоактивті материалдардың кедендік бақылауын ұйымдастыруда тәжірибелік көмек пен әдістемелік басқаруды жүзеге асырады;
бөлінетін және радиоактивті материалдардың зерттеуін жүргізуді және ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруды, кедендік бақылаудың лауазымды адамдарын оқытуды жүзеге асырады;
дозиметрлік аппаратураларды, интроскопиялық тексеру техникаларын қолдану жөнінде КБК-нің аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын оқытуды ұйымдастырады;
тауарлардың сертификаттық сынақтарын өткізеді;
КБК-нің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып тауарлардың үлгілері мен сынамаларын жинау технологияларын жетілдіреді және енгізеді, Қазақстан Республикасының кеден органдарымен кедендік зертханалардың өзара қарым-қатынасын одан әрі жетілдіру және ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
аумақтық кедендік зертханалары, кедендік сараптама мен зерттеулер қызметтері мен бөлімдері жүргізетін тауарларды зерттеу мен сараптама жүргізу әдістерін және түрлерін, сондай-ақ сараптама мен зерттеулер жүргізудің нәтижелерін талдайды және жариялайды, олардың жұмыстарының тиімділігін жоғарылату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды және жетілдіруді ұйымдастырады;
орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының заңнамасын, КБК-нің нормативтік және құқықтық актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды КБК-не енгізеді;
зертханалардың, кедендік сараптама мен зерттеулердің қызметтері мен бөлімдерінің қызмет атқаруы, олардың кеден органдарымен өзара қарым-қатынастарының тәртібі, тауарлардың сараптамасы мен зерттеулерін жүргізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша КБК-нің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлейді;
тауарлардың сараптамасы мен зерттеуін жүргізу, жаңа әдістерді енгізу және меңгеру және оларды жүргізудің техникалық құралдарының мәселелері бойынша әдістемелік сипаттағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді жүзеге асырады;
қазақстандық тұтынушылардың қызығушылығын қорғау мақсатында сапасыз және жалған заттарды енгізуді анықтау және болдырмау үшін кедендік бақылауды одан әрі жақсарту жөніндегі іс-шараларды жетілдіруде ат салысады;
кедендік сараптама мен зерттеулердің қызметтері мен бөлімдерінің, аумақтық кедендік зертханалардың техникалық жабдықталуының типтік табелін (есебін) жасайды. ОКЗ, кедендік зертханалар, кедендік сараптама мен зерттеулердің қызметтері мен бөлімдері үшін жабдықтардың қажеттілігін анықтайды, бөлінген қаржы-қаражатарға сәйкес оларды сатып алудың перспективті жоспарларын құрады;
тауарлардың бақылауға жататын үлгілерінің жинағы, СЭҚ-тің ықылассыз қатысушылары және сараптамалық қызмет бойынша мәліметтердің бірегей банкін қалыптастырады;
аумақтық кедендік зертханалардың, кедендік сараптама мен зерттеулердің қызметтері мен бөлімдерінің есептілік нысанын жасайды, олардың қызметтерінің нәтижелерін жинауды, жариялауды және талдауды жүргізеді;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Еуропалық азиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы елдердің кедендік зертханаларымен өзара қарым-қатынасты және әріптестікті жүзеге асырады;
КБК-нің нормативтік құқықтық актілерімен ОКЗ-на жүктелген өзге де қызметтерді атқарады.
ОКЗ-ның құқықтары. ОКЗ өзіне жүктелген қызметтер мен тапсырмаларды орындау үшін келесі құқықтарды иеленеді:
А) Жүгізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер жөнінде КБК-нің аумақтық бөлімшелерінен ақпараттарды алу және сұрату;
Ә) Мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда аумақтық кедендік зертханалардың, сонымен қатар КБК арқылы – кедендік сараптама мен зерттеулердің қызметтері мен бөлімшелерінің қызығушылықтарын ұсыну;
Б) Қазақстан Республикасының кеден органдарының шешімдері бойынша тауарлар көрсеткіштерінің оларға КБК-нің жүйесіне енбейтін сараптамалық және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен кедендік мақсаттар үшін берілетін сертификаттарға және анықтамаларға, мамандардың қорытындыларына сәйкестігін қайта зерттеуді жүзеге асырады;
В) ОКЗ-ның қызметтерін ұйымдастыру бойынша КБК-не ұсыныстар енгізу;
Г) Өзінің қызметтік қыры негізінде баспалық өнімдерді басып шығару;
Ғ) Өзінің құзіреті шегінде меншіктің барлық түрінде азаиаттармен және ұйымдармен келісімдерге отыру.
Соңғы кезде қауіпсіз тұтынушылық тауарлардың енгізілуі мәселелері шиеленісіп кетті. Олардың көбісі адам өмірі мен денсаулығына төндіреді, себебі шикізаттардың, материалдардың, компоненттердің санитарлық нормаларына, сапа талаптарына жауап бермейді. Бұған қоса, кедендік щекара арқылы тек қарапайым жүктер ғана емес, сонымен бірге шектеулі және айналымға тыйым салынған тауарлар да өтеді.
ОКЗ-мен және сараптамалық қызметтермен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың бүкіл спектрі, соның ішінде тағамдық өнім, алкогольдік және алкогольсіз сусындар, химиялық өндіріс өнімдері, дәрілік заттар, мұнай және мұнай өнімдері және т. б. тауарлардың декларацияланған атаулары мен сапалық сипаттамаларына сәйкестігі зерттеледі.
Ұлттық нарыққа тыйым салынған және сапасыз тауарлардың өтуінен қорғауды қамтамасыз еу үшін бақылау мен қадағалауды күшейту мақсатында нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, өлшеудің, диагностиканың, талдау әдістерінің құралдарын қолдану, орталық кедендік зертхананың да, аумақтық кедендік органдардың да материалды-техникалық базаларын орнықтыру және дамыту, кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу технологияларының сараптамалық қолдауын қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кеден органдарында кедендік сараптама қызметі екі зертханамен ұсынылған – Астана қаласының ОКЗ-мен және ОКЗ-ның Алматы аймақтық зертханасымен , жалпы саны 110 адамды құрайтын кедендік сараптама мен зерттеулердің он қызметі және сегіз бөлімі. ОКЗ құрылымының қайта ұымдастырылуы жүргізілді, соның нәтижесінде зерттемелік жаңа бағыттар құрылды: радиологиялық зерттеулер бөлімі, мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу бөлімі, техникалық және кедендік теңестіру белгілерін зерттеу қызметі. КБК-нің құрылымы 5-суретте ұсынылған.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіндегі аса маңызды оқиғалардың бірі зертхананы сынау зертханасы ретінде техникалық жетілдіруге аккредитация болып табылады. Берілген дерек тауарлардың зерттеуін (сынауын) аккредитация саласына қатысты жүзеге асыру құқық қабілеттілігін куәландырады.
-
О
КЗ
бастығы
ОКЗ бастығының орынбасары - ААЗ бастығы/Алматы аймақтық зертханасы |
-
О
КЗ
бастығының орынбасары
-
Ұ йымдастыушылық-талдау жұмыс бөлімі
Физико -химиялық зеттеулер бөлімі
Алматы аймақтық зертханасы
-
Техникалық және тауарлық сараптама бөлімі
Экспорттық зерттеулерді қамтамасыз ету мен ұйымдастыру бөлімі
-
Қаржылық -шаруашылық бөлімі
Минералды шикізат пен радиологиялық сараптама бөлімі
Азық - түліктік емес тауарларды зерттеу бөлімі
5-сурет. ҚР Қаржы Министрлігінің Кедендік Бақылау Комитетінің Орталық кедендік зертханасының құрылымы.
ОКЗ-ның акккредитация саласына тауарлардың келесі түрлері енді:
азық-түлік тауарлары;
халықтық тұтыну тауарлары - аяқ-киім, киім, ойыншықтар жән басқалары;
маталар;
қағаздар және одан жасалған бұйымдар;
құрылыс материалдары;
мұнай және мұнай өнімдері (яғни, СЭҚ ТН бойынша 104- тауарлық позицияға жататын тауарлар).
Кедендік сараптаманың нормативтік базасы жетілдірілуде. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алудың ережелері, сараптамалық қызметтерде кедендік сараптаманы жүргізу ережелері, кедендік сараптама жүргізуге ұсынылатын тауарлар тізімі және тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу нормалары жаңартылды және бекітілді. Қазіргі уақытта осы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Кеден Кодексімен сәйкестендірілді. Аудандық кеден органдарының кедендік сараптама мен зерттеулер жүргізу кезінде техника қауіпсіздігі бойынша Нұсқау жасалды және бекітілді.
Кеден органдарының сараптамалық қызметтерімен жүргізілген зерттеулердің талдауы кодтары нақты мәлімделмейтін тауарлардың 100-ден астам атауларын анықтады. Олардың ішінен тауарлардың мына түрлері жиі кездеседі:
азық-түлік топтарынан - өсімдік майы, алкогольсіз газдалмаған сусындар, кофе концентраттары, тағамдық стабилизаторлар (тұрақтандырғыштар) балалар тағамы, жеміс шырындары, шырын концентраттары;
жабдықтар мен аспаптапдың топтарынан – кешенді орнатылған жабдықтардың көптеген түрлері, көшірме техникасы, тігін машиналары, полиэтиленді құбырлар, бекініс материалдары, трансформаторлар, құс фабрикалары мен фармацевтикалық дәрі-дәрмектерге арналған жабдыұтар, насостар (сорғыштар) және т.с.с.;
фармацевтикалық өнім;
құрылыс материалдарының топтарынан – сантехника, ағаш қапталдар, ДВП-дан жасалған панельдер, венто еден (ламинат) және басқалары;
Рвит, Ундевит, Пентавит және т.б. сияқты витаминді құрамды минералды кешендер;
металдан жасалған бұйымдар, қара металдардың сынықтары;
қара металдардан жасалған металлоқұрылымдар, қара металдардан жасалған бұйымдар, темір жол рельстері, құбырлар және мерзімдері өткен баса да заттар және т.б.;
керамикалық бұйымдар – плиткалар, әйнекелейленген және әйнекеленбеген керамикалық плиткалар;
толығымен синтетикалық негізде жасалған синтетикалық мотор майлары;
өздігінен жабысатын қағаз және т.б.
Тұтастай алғанда, кеден органдарының және Орталық кеден зертханасының сараптамалық қызметінің дамуының талдауы берілген қызметтің құрылу кезеңдерін сызба түрде жалпы кескіндеме ретінде елестетуге мүмкіндік береді:
1994 ж. – ҚР ҚМ жанындағы МТУ-дегі кедендік сараптама мен зерттеулер бөлімінің және нормативтік-құқықтық базасының құрылуы;
1995 ж. – кедендер мен кедендік басқармаларда қызметтер мен бөлімдердің құрылуы, ҚР ҚМ МТУ кедендік сараптама мен зерттеулер бөлімінің негізінде Алматы қаласындағы Орталық кедендік зерханасының (ОКЗ) құрылуы, нормативтік-құқықтық базасын жасау және өндірістік алаңдарды орнықтыру;
1996 ж. - ОКЗ-ның ары қарай қалыптасуы, материалды-техникалық және нормативтік-құқықтық базаны нығайту;
1997 ж. – зертханаларды Республиканың Мемлекеттік стандарттау органдарында техникалық жетіктігіне аттестациялау, сараптамалық және ғылыми зерттеулер деңгейін көтеру;
1998 ж. – кеден органдарының бөлімшелерінің және ОКЗ-ның материалды-техникалық базасын ары қарай нығайту, сараптама сапасын, зерттеу әдістеріншыңдай түсу, мәліметтер банкісінің, оқу көрнекі материалдарының және салыстыру экпонаттарын қалыптастыру,
1999 ж. – сараптамалық-зерттеу жұмыстарын жүргізу, материалды-техникалық базаны нығайту, Астанаға қайта дислокациялауға (ОКЗ-ны) дайындау;
2000 ж. - ОКЗ-ны Астанаға қайта дислокациялау, кадрлық құрамының және аспаптық базасының сақталуы, Астанадағы зертхананы қалыптастыру бастамасы;
2001 ж. – Астанадағы ОКЗ-ның қалыптаса бастауы;
2002 ж. - ОКЗ-ның материалды-техникалық және нормативтік-құқықтық базасының нығаюы;
2003 ж. - ОКЗ-ның ҚР кеден органдарының жүйесіне енуі;
2004 ж. – зерттеу жұмыстарының сапасының жоғарылауы;
2005 ж. – аймақтық кедендік зертханаларды дамыту;
2006 ж. және кейінгі жылдар – арнайы мамандандырылған зертханаларды құру мәселесін қоса алғанда, ОКЗ мен АКЗ-ның кадрлық құрамы мен материалды- техникалық базасын нығайту.
