Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.24 Кб
Скачать

4.3. Тауарлардың эргономикалық және гигиеналық қасиеттері

Эргономикалық қасиеттер – тұтынушының гигиеналық, антропометриялық, психологиялық және психофизикалық сипаттамаларына сәйкес тауарлардың жанға жайлылықты, өажеттілікті толық қанағаттандыру қабілеттілігі.

Эргономика – еңбек құралдары мен процестерін оңтайландыру немесе пайдалану не тұтыну мақсатында адамды оның әрекетінің нақты жағдайларында кешенді зерделейтін ғылым. Алғашқы кезде эргономика бұйымдарды, еңбек шарттары мен үрдістерін оңтайландыру үшін еңбек қызметін кешенді зерделеумен және жобалаумен ған айналысты. Қазіргі кезде оның қолданылу аясы кеңейді және ол тауарларды тұтынуды (пайдалануды) да қамтиды.

Эргономикалық қасиеттер тұтынушының белгілі бір сипаттамасына сәйкес физиологиялық және психологиялық қажеттілігін қанағаттандырады. Осы сипаттамаларға байланысты эргономикалық қасиеттер: гигиеналық, антропометрлік, психологиялық топшаларға бөлінеді.

Гигиеналық қасиеттер ─ адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін сырқы жағдайларды көрсететін тауардың қабілеттілігі. Оларға үй-жайлардың жарықтығы мен шаң болуы, ауа қысымы мен ылғалдылығы, шу, діріл, адамның денесінің жанасуынан бөлшектердің қызуы және т.б. жатады. Адам әрекетінің қалыпты жағдайлары көбінесе аяқ киім мен киімдердің, әсіресе, полиметрлік материалдардан жасалғандарының гигиеналық қасиеттеріне байланысты болады. Себебі олар статистикалық электр зарядтарын жинауға қабілетті және олардың ылғал тартқыштығы, бу өткізгіштігі төмен.

Гигиеналық қасиеттерге бұйымдарды таза ұстау мүмкіндігін де жатқызуға болады. Ол материалдардың табилығына, бұйым нысанына және оның беткі сипатына байланысты болады. Тәк және тегіс нысанды, беті айнадай жылтыр бұйымдар едәуір таза болады.

Антрополиметрикалық қасиеттері – тауарларды тұтыну (пайдалану) кезінде тұтынушының өлшенетін сипатының едәуір деңгейіне сәйкес жайлы жағдайлар жасау қабілеттілігі. Олардың азық-түлік емес тауарлардың, әсіресе, киім – аяқ киімдердің сапасына баға беру кезінде едәуір маңызы бар. Сондықтан өнімді жобалау және әзірлеу кезінде халықтың антропометрикалық өлшемдері туралы мәліметтер қолданылады. Олардың негізінде киімнің, аяқ киімнің, бас киімнің мөлшері белгіленеді.

Жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамдардың антропометрикалық сипаты (бойы, толықтылығы, белінің көлемі, ұзындығы, ені және т.б.) бірдей болмайды. Нәтижесінде әр түрлі елдерде өндірілетін киімнің және аяқ киімнің мөлшерлерінің айырмашылығы болады. Мәселен, бірдеймөлшерде маркаланған итальян, қытай, вьетнам аяқ киімдері ресей аяқ киімдерінен кішірек болады. Саудагерлер мен сатушылар осыны ескере отырып, тұтынушыларға ол жөнінде ақпарат берілуі керек.

Киім, аяқ киім, бас киім мөлшерлері ғана емес, сондай-ақ ұйымдастыру техникасының, тұрмыстық техниканың, кеңсе тауарларының және басқалардың жұмыс детальдарының мөлшерлері де антрополиметрикалық қасиеттердің көрсеткіштері болып қызмет етеді. Қаламдардың, қарандаштардың, фломастерлердің диаметрлері кездейсоқтық емес, олар адам қолының антрополиметрикалық сипатын белгілейді және пайдалануға жайлы болуын қамтамасыз етеді. Олардың көлемі үлкен немесе кішкентай болса адам тез шаршайды, жайсыздық пайда болады.