Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.24 Кб
Скачать
    1. Тауарлардың сенімділігі: ұзақ мерзімділігі, бас тартпаушылық, жөндеуге жарамдылығы және сақталуы

Сенімділік – тауарлардың сақтау және/немесе тұтыну (пайдалану) үрдісінде алдын-ала ескертілген мерзім ішінде функционалдық тағайындалуын сақтау қабілеттілігі.

Тауарлардың сенімділігі оларлы сақтау, тұтыну және пайдалану кезінде болатын үрдістердің салдарынан үнемі өзгеріп отырады. Бұл қасиет шектелген болуы мүмкін. Сөз тауардың бастапқы қасиетін сәл өзгертетін белгілі бір уақыт бөлігімен өлшенетін сенімділіктің шектелген ресурсы туралы болуы мүмкін.

Сенімділіктің белгілеріне байланысты ұзақ мерзімділік, бас тартпаушылық, жөндеуг жарамдылық және сақталу болып бірнеше қосымша топтарға (топшаларға) бөлінеді.

Ұзақ мерзімділік – тауарлардың шектелген жай-күйі немесе техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеудің белгіленген уақыты жеткенге дейін жұмысқа қабілеттілігін сақтай алу қабілеті.

Ұзақ мерзімділік – ұзақ мерзім бойы пайдаланылатын азық-түліктік емес тауарлардың қасиеті. Бұл азық-түліктік тауарларына, сондай-ақ тікелей тұтынуға арналған азық-түліктік емес тауарларға тән қасиет емес, тұтыну барысында олар ішінара не толықтай қайтарымсыз жойылады (мысалы, парфюмерлік-косметикалық тауарлар). Ұзақ мерзімділік – функционалдық белгілердің сақталу көрсеткіші. Ол, көбінесе, аяқ-киімге, бас киімге, кейбір күрделі техникалық тауарларға қатысты.

Ұзақ мерзімділіктің көрсеткіштері бұйымды, ресурсты және басқаларды пайдалану мерзіміне қызмет етуі мүмкін.

Пайдалану мерзімі – бұл тауарлардың негізгі функцияларын атқару аралығында тауарларды пайдаланудың ұзақтығы.

Ресурс – нормативтік құжаттарда жазылған тауарларды пайдаланудың шекті мүмкіндігі, мысалы жұмыстың уақыт саны, қосу және сөндіру саны (сөндіргіштерді).

Үздіксіздік – тауарларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігін және қиындығын тудыратын ақауларсыз тауарлардың функционалдық тағайындалуын атқарушылық қабілеттілігі.

Үздіксіздік тауарлардың үзіліссіз және үздіксіз пайдаланылатын мерзімімен, сондай-ақ келісілген кезең ішінде пайда болған ақаулардың санымен сипатталады. Үздіксіздік сенімділік құралы ретінде техникалық тауарлар (тұрмыстық техника), жабдықтар, көлік құралдары және т.б. үшін жиі қолданылады. Үздіксіздік көрсеткіштері ретінде бірінші бас тартуға дейінгі орташа жұмыс, үздіксіздіктің қарқындылығы, үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігі қызмет ете алады.

Бұйымның үздіксіздік жұмыс істеу мүмкіндігі P(t) дегеніміз – белгіленген жұмыс шегінде бас тартудың болмауы. Бұл көрсеткішті анықтау үшін пайдалану үрдісінде бұйымның жұмысын қадағалайды және арнайы сынақ жүргізеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

P(t) =N-m / N

мұнда,

N – қадағаланатын бұйым заты;

m – жұмыс аяқталғанға дейін сынақтан өтпеген бұйым саны.

Бұйымның үздіксіздік мүмкіндігі оның элементтеріне кіретін үздіксіздік жұмыс істеуіне байланысты болады.

Жөндеуге жарамдылығы – анықталған ақауларды жойғаннан кейін тауарлардың бастапқы қасиеттерін қайта орнына келтіру қабілеттілігі, бірінші кезекте, функционалдық тағайындалуы.

Жөндеу жұмыстары пайдалану кезінде немесе ақаулардың пайда болуы салдарынан жойылған тауарлардың негізгі қасиеттерін қайта орнына келтіру үшін жүргізіледі. Қосалқы бөлшектер немесе кешендік бұйымдар болған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

Жөндеуге жарамдылық көпшілік азық-түліктік емес тауарларға, әсіресе, күрделі техникалық тауарларға тән, сол себептен олар жөндеуге жарамды және жөндеуге жарамсыз болып бөлінеді.

Жөндеуге жарамды тауарлар ақаулар пайда болғаннан соң да, оларды жойғаннан кейін де тағайындау бойынша пайдалана беруі мүмкін. Мұндай тауарларға тұрмыстық техника құралдарын (мысалы, автомобильдер, теледидарлар, өтектің көптеген марқалары) жатқызуға болады.

Жөндеуге жарамсыз тауарлар белгілі бір конструктивті ерекшеліктеріне байланысты және қосалқы бөлшектердің болмауынан жөндеуге жатпайды. Мысалы, электр лампалары, батарейкалар, розеткалардың кейбір түрлері, бір жолғы әрекет ететін автоқаламдар және т.б. Мұндай тауарлардағы үздіксіздік ұзақ мерзімділікпен сәйкес келеді.

Жөндеуге жарамдылық тауардың пайдаланылу мерзімін ұзартады.

Сатылатын тауарларды қосалқы бөлшектермен, кешенді бұйымдармен, жөндеу жұмыстарының бөлігін өз бетінше жүргізу жөніндегі нұсқаулықтармен жабдықтау тұтынудың артықшылығын көрсету құралы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мысалы, киімге қосымша түймелер, сол матаның қиындысы; тұрмыстық техникаға – жиі бұзылып қалатын қосымша кешендік бөлшектер қоса берілуі мүмкін. Бұлар, сондай-ақ аз төлем үшін тұрмыстық қызмет көрсететін ұйымдармен жүргізілетін жөндеу секілді жұмыстар тауарлардың жөндеуге жарамдылығын іске асыруға әсерін тигізеді.

Тұтынушылар жөндеуге жарамды тауарлардың жоғары тарифпен жөндейтін қызмет көрсетулерін пайдаланбауы мүмкін. Мысалы, егер тұтынушы арзан бағалы аяқ-киімді, киімді, тұрмыстық техниканы қымбатқа жөндететін болса, онда жаңа тауарды сатып алуды таңдайды.

Тауарларды берілген уақытта орнына келтіру мүмкіндігі; орташа уақытта орнына келтіру (кепілдік берілген және ағымдағы жөндеу, жедел жөндеу және үйде жөндеу), сондай-ақ жөндеудің қиындылығы және басқалар жөндеуге жарамдылықтың көрсеткіштері үшін қызмет етеді.

Сақталуы – тауарлардың бастапқы санды және сапалық сипатын елеусіз шығындармен белгілі бір мерзім ішінде ұстап тұруы. Егер осындай шығындар болатын болса, онда олар үнемділікпен өзін-өзі ақтағаны болып саналады.

Сақталуы – барлық тұтынушылық тауарларға тән, себебі сақтау – кез келген тауар қозғалысының болмай қоймайтын кезеңі. Тауардың сақталуы дайын өнімді шығарған сәттен басталады және ол әстен шыққанға дейін жалғасады. Сақтау кезеңін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: өндірушінің көтерме және бөлшектеп сату кезінде оларды қоймада сақтауы; тұтынушының үйде сақтауы.

Тауарлардың сақталуы олардың құрылымымен немесе құрылысымен, химиялық құрамымен және заттардың қасиеттерімен, сыртқы қолайсыз әсерден сақтаудың (орама, сақтау үшін арналған жапқыштар) ол сақталу шарттары мен мерзімдеріне байланысты болады. Бұл қасиетті анықтайтын көп факторлық сақталуды қамтамасыз ету үшін кәсіби білімдері мен дағдыны талап етеді. Сақтаудың бірінші кезеңінде тауарды сатушылар, материалдық жауапты адам және техникалық қызметтердің мамандары сақтаудың соңғы режимін уақытылы белгіленуіне және ұсталуынағ сақтау мерзімінің сақталуына (бұл тауарларды аз мөлшердегі шығынмен сақтауға мүмкіндік береді) бақылауды жүзеге асырады.

Тауарларды сақтаудың екінші кезеңінде оларды тұтынуға дейін немесе қолдану кезінде оларды пайдаланбаса (жұмыс істемейтін күйде болса), тұтынушы оларды қалай дұрыс және ұзақ сақтауға болатынын білмейді. Сондықтан тауарлардың сапалық, кейде сандық сипаттамаларын сақтау үшін тұтынушыға маркалаудың немесе пайдалану құжаттарының көмегімен сақтау шарттары мен мерзімдері туралы ақпарат беру қажет.

Шығындар, тауарлық (стандарттық) өнімдердің шығуы, сақтау мерзімдері тұтыну тауарларының сақталу көрсеткіштері болып табылады. Сақталу көптеген тауарлардың, әсіресе, тез бүлінетін ас өнімдерінің қауіпсіздігімен тығыз байланысты, себебі сақтаудың маңызды мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.