Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод ТЭ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.24 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қамшыбаев Р.А.

Кедендік сараптама

Оқу құралы

Алматы

2009

ББК 65.428

К 40

Қамшыбаев Р.А Кедендік сараптама. –Оқу құралы.

- Алматы; Экономика, 2009.- 121 бет.

Кедендік сараптама негізі мен маңызы, кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама, сараптама қызметінің пайда болу және даму тарихы, тауардың тұтыну қасиеті мен олардың сапа көрсеткіші, кедендік сараптама әдістері мен технологиялары, сараптама қызметінің негізгі бағыты, кедендік сараптаманы ұйымдастыру және кедендік зертханаларды қаржыландыру саласындағы халықаралық тәжірибесі, сонымен қатар құқықтық-нормативті актілер Қазақ Республикасының кедендік сараптамасына қатысты қарастырылады.

«Кедендік қызмет» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мен мамандарға арналған, сыртқы-экономикалық қызметпен айналысатын мамандарға арналған.

Пікір жазғандар:

Әлібеков С.Т. – з.ғ.д., профессор, Абылай хан атындағы ҚазМХҚ және ӘТУ «Халықаралық құқық» кафедрасының меңгеруші

Дәуренбекова Ә.Н. – э.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі

Кенжебаева З.С. – э.ғ.д., Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «ӘЭ және ХҚ» кафедрасының профессоры

ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтар бойынша ОӘБ және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің ғылыми кеңесі ұсынған.

© Қамшыбаев Р.А., 2009

© «Экономика» баспасы, 2009

Бұл еңбекті немесе оның бөліктерін автордың келісімінсіз таратуға және авторлық құқық жөніндегі нормаларға қайшы келетін басқа да әрекеттерге тыйым салынады әрі заң бойынша жазаланады.

Кіріспе

Мемлекеттің сыртқы-экономикалық қызметіне қатысуы арқылы, кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту барысында заңды және жеке тұлғалар кедендік шекарадан әр түрлі тауар және транспорт құрылғылары еркін өткізуге құқығы бар.

Алайда Қазақстан Республикасының заң шығару актілеріне сәйкес, сонымен қатар халықаралық келісім бойынша мемелекет қауіпсіздігі үшін жеке тауарды кіргізу және шығару тыйым салынуы мүмкін, қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындар көзқарасын, адам өмірін, қоршаған ортаны қорғау, халықтардың археологиялық және мәдени байлықтарын, жекеменшік құқығын қорғау және т.б. Кейбір жағдайларда тауарларды кіргізу және шығаруға шек қою, экономикалық саясат көзқарастарына қатысты, Қазақстанның халықаралық міндеттерін орындау, ішкі тұтыну аумақтарын және отандық өндірушілерді қорғау жатады.

Тауарлар мен транспорт құрылғылары, ҚР шекарасынан кедендік кодексте көрсетілгендей шарттарға сай кіргізіледі. Сол үшін бір шама кедендік сараптама жүзеге асырылады, оның мақсаты тауардың сапалы құрылымын анықтау СЭҚ Тауарлы номенклатурасына сай дұрыс топтастыру.

Сараптама ғылыми-тәжірибелік зерттеудің оңаша түрі болып саналады, ол сараптаушылардың жүргізілуімен мынадай мақсаттарда жүзеге асады: нақтыдалған, көзжетерлік және тәуелсіз қорытынды алу, адамның қызмет аумағында болып тұратын сұрақтарға қатысты шешім қабылдау үшін.

Кедендік жұмысты ұйымдастыру барысында бір топ ортақ мақсат шешу үшін фискалды бақылау, экономикалық, құқық қорғау статистика және қорғау сипатында әр-түрлі сараптама жүргізуде талап ететін тауар сапасын сараптау аса маңызды орын алады.

Кедендік сараптама сапасын зерттеу мақсатында теориялық білім алушыны қалыптастыру және маңызын анық түсіну, сараптаманы жүзеге асыру әдістері, кедендік жұмыс аймағындағы.