Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408.06 Кб
Скачать

62.Сақтандыру қатынастарына қатысушы субъектілердің түсінігі, олардың құқықтық жағдайы (сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, пайда көруші).

Сақтандыру нысандары: Міндеттілік дәрежесі б\ша ерікті ж міндетті. Сақтандыру обектісі б\ша жәке ж мүліктік.

Сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері б\ша жинақтаушы ж жинақтаушы емес болып табылады. Міндетті сақтандыру заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілері мен белгіленеді. Өз өмірін не денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілері мен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Міндетті сақтандыру сақтанушы есебінен жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру тараптардың еркіне карай жүзеге асырылатын сақтандыру. Сақтанушы деп сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Заңды тұлғалармен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтандырушы деп сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға не пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген ж сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқықына лицензиясы бар заңды тұлға не ҚР ның өзара сақтандыру заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады. Пайда алушы деп Сақтандыру шартына ж сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға, Заңды тұлға да азаматта пайда алушы бола алады. Сақтандырылған адам өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылады.

63.Уәкілетті орган банктерге санкция ретінде қандай шаралар қолдана алады? Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға: а) айыппұл салуға; б) барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға; в) банкiнi консервациялауға;   г) банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;   д) банк акцияларын уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiлген банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау; е) банктiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға келiсiмiн бiр мезгiлде керi қайтарып ала отырып басшы қызметкерiнiң iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету. з) банктiң ж банк конгломератының өз капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффициенттерiнiң мәндерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарымен белгiленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейiн төмендеген жағдайда, банк ж\е уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылуға мiндеттi. Акционерлер акцияларын сенiмгерлiкпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы. Уәкiлеттi орган санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған не сайлаған органдар қабылдайды.