
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
Инфекцияға және вакциналық препараттармен иммунизациялауға берілген иммунды жауап иммундық жүйенің тұтастай функциональді активтілігін бағалауға мүмкіндік береді. Ағзадан иммунды жауап өнімдерінің айқындалуы адамның сәйкес қоздырғышпен инфекцияланғандығының айғағы, және ол үлкен эпидемиологиялық маңызға ие. Нақты бір антигенге спецификалық иммунды жауаптың қандайда-бір айқындалуы көбінесе ауру диагнозын қоюға мүмкіндік береді.
Гуморальді иммунды жауапты бағалау қан сарысуы мен басқа да биологиялық сұйықтықтарда спецификалық антиденелерді айқындауға негізделеді. Әдетте, әңгіме антиденелердің мөлшерін (титрін) анықтауда болып отыр. Инфекциялық аурудың динамикасында анықталдған антиденелер мөлшері едәуір құнды ақпарат береді, өйткені, антиденелердің титрінің өсуі жүріп жатқан инфекцияның айғағы бола алады. Антиденелердің титрінің өсуін жүргізілген вакцинация тиімділігін бағалауда да қолдануға болады. Спецификалық антиденелердің қай иммуноглобулин типіне жататындығын анықтау үлкен диагностикалық маңызға ие: біріншілік инфекцияға Ig M изотипі антиденелерінің жинақталуы тән болса, инфекция рецидиві Ig G изотипі антигендерінің басым жинақталуымен жүреді.
Жасушалық – жанама түрдегі иммунды жауап көбінесе тері сынамалары көмегімен бағаланады. Құрамында антигендері бар микроорганизмдан алынған экстрактінің азғана дозасын тері ішілік енгізгенде оң нәтижеде 24-48 сағаттан соң ендіру орнында қызару, ісіну, тығыздалу (инфильтрат) байқалады. Оң нәтижелі реакция адамның сәйкес микроорганизммен инфекцияланғанына куәлік етеді. Яғни, ол адамның ағзасында сол микробтардың антигенін тануға және активтенуге қабілетті Т-лимфоциттер клоны түзілген. Оң нәтижелі терілік сынама сәйкес инфекцияға қарсы тиімді вакцинация салдары болуы мүмкін.
▲ Әдістемелік нұсқаулар
1. Лейкоциттер миграциясын тежеу реакциясы. Бұл әдістің негізі лимфоциттердің өздері бұрынырақта сенсибилизацияланған антигендермен қайта жанасқан соң әртүрлі л и м ф о к и н д е р д і , соның ішінде индикаторлы жасушалар (гранулоциттер, моноциттер, макрофагтар) миграциясына әсер етушілерді өндіруге қабілеттіліктерінен құралады. Перифериялық қандағы лейкоциттер миграциясының тежелу реакциясы (ЛМТР) себепкер антигеннің қатысуымен Т-лимфоцитердің спецификалық сенсибилизациясын айқындауға мүмкіндік береді. ЛМТР-ын капиллярларда немесе агароза қабаты астында жүргізеді. Қан лейкоциттерін себепкер микробтық антигеннің қатысуымен және қатысуынсыз инкубациялайды. Одан соң бақылаумен салыстыра отырып, (100%-ке баланған) антиген қатысуындағы миграция аймағын өлшейді (процентпен).
Антигенге сенсибилизация айқындалған жағдайда лейкоциттердің миграциясының тежелуі (индекс 100%-тен төмен) байқалады.
К е с т е 10.4.1. Бактериялық вакцинамен вакцинацияланған адамның жұп сарысуларымен және бактериялық диагностикуммен жасалған айқарылған аггглютинация реакциясының нәтижелері
Қанды алу мерзімі |
Сарысу сұйылтпалары |
Сарысу бақылауы |
Диагностикум бақылауы |
||||
1:50 |
1:100 |
1:200 |
1:400 |
1:800 |
|||
Вакцинацияға дейін Вакцинациядан соң 3 сағаттан кейін |
+ + + + + |
+ + + |
– + + |
– + |
– – |
– – |
– – |
Вирустық инфекция немесе вирустық вакциналармен вакцинациялау кезінде жұп сарысулармен КБР-сын, ГАТР-сын және вирустарды бейтараптау реакциясын қояды. (кесте 10.4.2). Антитоксикалы антиденелер титрінің өсуін флоккуляция реакциясы немесе токсиндерді нейтрализациялау реакциясы көмегімен бақылайды.
2. Тері-аллергиялық сынаманы қою және бағалау. Спецификалық сенсибилизацияны айқындау үшін (туберкулезде, бруцеллезде және басқа инфекциялық ауруларда) тері-аллергялық сынама қояды. Мысалы, Манту сынамасын қою кезінде белгілі-бір концентрацияда туберкулин ерітіндісін теріішілік енгізеді. Гиперемия мен енгізу орны айналасындағы инфильтраттың айқындалу дәрежесін бағалай отырып реакция нәтижесін 24-48 сағаттан соң байқайды (сурет 10.4.1; жапсармада). Оң нәтижелі тері сынамасының негізін ағзаның берілген инфекциялық аллергенге спецификалық сенсибилизациясын бейнелейтін баяу типті гиперсезімталдылықтың жасушалық реакциясы құрайды. Ол жүріп жатқан, сауыққан аурудың, вакцинацияның немесе ағзаның инфекциялануының нәтижесінде пайда болады.
3. Науқастың немесе вакцинацияланған адамның жұп сарысуымен серологиялық реакциясындағы антиденелердің титрінің өсуін айқындау. Гуморальді иммунды жауаптың даму көрсеткіші инфекциялану немесе вакцинацияланудан кейін 3-4 апта ішінде қан сарысуындағы спецификалық антиденелер титрінің өсуі болып саналады. Бұл жұп сарысулармен, яғни инфекциялық немесе вакцинациялық үрдісінің динамикасында бір адамнан ғана алынған (мысалы, 1-ші және 3-4 аптада алынған) сарысулармен реакция жасағанда анықталады. Адам сарысуында бұрын соңды болмаған антиденелер пайда болса, бұл сероконвенция деп аталады. Әдетте, антиденелер титрінің 4-мәртелік және одан жоғары өсуі диагностикалық маңыз бере алады.
Бактериялық инфекция немесе бактериялық вакциналармен егу кезінде жұп сарысулармен агглютинация реакциясын, ТЕГАР немесе КБР-ын қояды. (кесте 10.4.1.)
4. IgG мен IgM-ді дифференциациялау мақсатында КБР-ын қою. Серологиялық реакцияларды спецификалық антиденелер иммуноглобулиндердің екі негізгі (IgG немесе IgM) изотиптерінің қайсысына жататындығын жуықтап анықтау үшін қолдануға болады. Иммуноглобулиндердің осы екі изотиптерін дифференциациялау мүмкіндігі олардың 2-меркаптоэтанол, цистеин және басқа да редукциялаушы заттардың әсерлеріне сезімталдылықтары әртүрлілігіне негізделеді. Редукциялаушы заттар IgM молекуласындағы дисульфидті байланысты бұзуға және антиденелік активтіліктен айырылған суббірліктерге ыдырауын туғызуға қабілетті. Сондай концентрациядағы 2-меркаптоэтанолдың әсерінен IgG өзінің бүтіндігі мен антиденелік активтілігін сақтайды. Осыны негізге ала отырып, зерттелуші сарысумен: нативті және 2-меркаптоэтанолмен серологиялық реакция (КБР немесе ГАТР) қояды (кесте 10.4.3).
К е с т е 10.4.2. Грипп эпидемиясы кезінде зерттелген адамның жұп сарысуларымен және грипп вирусының диагностикумымен (эпидемиялық штамм) қойылған КБР-ының нәтижелері
Қанды алу мерзімі |
Сарысу сұйылтпалары |
Сарысу бақылауы |
Диагностикум бақылауы |
||||
1:10 |
1:20 |
1:40 |
1:80 |
1:160 |
|||
Эпидемияның ең басында Эпидемия басталған соң 1 ай өткенде |
+
+ |
+
+ |
–
+ |
–
+ |
–
– |
–
– |
–
– |
Біріншілік инфекцияда гуморальді жауап IgM-ның синтезделуімен басталады, ал инфекция рецидиві кезінде сол антигенмен қайта кездескенде имунды жүйе IgG-дің басым синтезделуімен жауап қайтарады.
2-меркаптоэтанолмен өңдеу нәтижесінде зерттелуші сарысуда спецификалы антиденелердің титрінің төмендеуі біріншілік инфекцияның пайдасына меңзейді.
К е с т е 10.4.3. Антиденелердің иммуноглобулиндер изотиптері IgG немесе IgM-нің қайсысына жататындығын анықтау үшін 2-меркаптоэтанолмен (2МЕ) өңделген науқас сарысуымен жасалған КБР-сын нәтижелері
Зерттелуші сарысу |
Сарысулардың сұйылтпалары |
||||||||
1:100 |
1:200 |
1:300 |
1:400 |
1:500 |
1:600 |
1:700 |
1:800 |
1:1000 |
|
2 МЕ-мен өңдеуден соң 2 МЕ-мен өңдеусіз |
+ + |
+ + |
+ + |
– + |
– + |
– + |
– + |
– + |
– + |
Спецификалық антиденелер иммуноглобулиндердің қай класына (изотипіне) жататындығын анықтау үшін үш фазалы иммуноферментті әдіс те қолданылады. Спецификалық антиген полистерол планшеттерінен тұратын ойықтар беткейіне бекіндіріледі де зерттелуші сарысумен инкубацияланады.
Иммобилизацияланбаған антигендермен байланыспаған сарысу ақуызтарынан шаю жүргізілген соң, байланысқан антидене-имуноглобулиндер антиизотипті антиглобулинді сарысудың немесе сәйкес МКАД көмегімен идентификацияланады. Олардың байланысуы өз кезегінде ковалентті бекінген ферментті антииммуноглобулиндік сарысу көмегімен анықталады.