Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
415.23 Кб
Скачать

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

з.ғ.д., профессор Нұртаев Р.Т

__________________________

«_______»_____________2010ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері

Орындаған 4 курс студенті_______________ Сатканова А.А.

Ғылыми жетекші _______________ оқытушы, Айтбаева Г.Б.

Норма қадағалаушы

з.ғ.к. _______________ аға оқытушы, Жанай Е.Ж.

Астана, 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң университеті

Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы

Сатканова Арайлым Алтынбековна

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері

050301 «Заңтану»

Астана 2010

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................. 3

I Қазақстан Республикасында Бөлшектеп сатып алу-сату шартының құқықтық және теориялық негіздері.................................................................................................................. 0

    1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсінігі және негізгі ерекшеліктері.......................................................................................................... 0

    2. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түрлері..................................................................................................................... 0

II Бөлшектеп сатып алу-сату шарты: практикалық проблемалары және оларды шешудің жолдары........................................................................ 0

    1. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, шартты орындау және тоқтатудың құқықтық проблемалары......................................................... 0

    2. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың

құқықтары мен міндеттері............................................................................. 0

Қорытынды...................................................................................................... 0

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 0

Қосымша А...................................................................................................... 0

Кіріспе

Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екенін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Қазіргі таңда сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылатын бөлшектеп сатып алу-сату шартын біз тұтынушылық мақсатта күнделікті өмірде қолданамыз. Негізінен, сатып алу-сату шарты мазмұны сатушының тауар беру жөніндегі міндеттерін орындау, тауарды беру міндетін орындау мерзімін сақтау, сатушының тауар беру міндетін орындау кезін бұзбау, сатушының сатылған тауарды сақтау жөніндегі міндетін сақтауға, сатушының үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру міндетін беруге, сатушыға шартты тиісінше орындамағаны туралы хабарлау міндеттілігін, сатушының тауарға меншік құқығының сақталуы бойынша – сату шартының мазмұны болып танылады. Сатып алу-сату шартының мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттеріне келіп соғады. Яғни, заңда белгіленген сатушы мен сатып алушының құқықтары мен міндеттерін түсінеміз.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамғарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады. Материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдау, қатысушылардың өзара келісіп және шарт жасауы.

Сатып алу-сату "тауар-ақша" қатынасына негізделіп бағынышты болатын экономикалық қатынастарының бір түрі ретінде сипатталады. Құқықтағы сатып алу-сату шартының пайда болуы ақшаның пайда болып, оның құн эквиваленті рөлін алуы мен тауар қатынастарының өркениетті дамуы арқылы түсіндіріледі. Сатып алу-сатудың экономикалық қатынастарын оларды жекешелендіретін құқықтық нысанның сатып алу-сату шартымен ұқсастыруға болмайды.

Сатып алу-сатудың даму тарихы сонау Рим құқығынан. Оның маңызы: Рим құқығына тек мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы себебін тигізді. Мәдениет саласының қалыптасуы арқасында сауда саттықта қарқын алды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады.

Сатып алу-сату шарты (emtio-venditio) бойынша бір тарап сатушы (vendition) мүлікті (тауарды(merx)) екінші тараптың сатып алушының (emptor) меншігіне беруге міндеттенеді. Ал сатып алушы мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (pretium) (бағасын) төлеуге міндеттенеді.

Сатып алу-сату шары – консенсуалды, екі-жақты, ақылы контрактіні құрайды.

Шарт талаптарын сатушы және сатып алушы деп атаған. Сатып алу-сату шартының пәні ретінде кез келген зат кірген.

Шарттың бағасы – ақша сомасымен белгіленетін. Баға – анық және тараптардың келісімімен қойылатын.

Тараптардың міндеттері. Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге міндетті болған, ал сатып алушы тауарға шартта көзделген бағасымен төлеп қабылдауға міндетті болған.

Сатып алу-сату шарты азаматтық құқық ғылымында қилы кезеңдерге толы. Революцияға дейінгі цивилистер шарттың бұл түрін шарт деп есептеуге бола ма деген сұрақпен айналысты. Бір авторлар сатып алу-сатуды шарт емес деп санап, көпестік салт ретінде санады. Мысалы, Сперанскийдің заңдар жинағында былай делінген "Көпестік traditio symbolika-шарт емес ол ақырғы акт", яғни ол арқылы меншік беріледі. Революция кезінде "запродажа" деген термин көп кездесті және ол 1922 жылғы Азаматтық кодексте де қалдырылды. Сонымен қатар осы 1922 жылғы және 1964 жылғы Азаматтық кодекстерде құқық нормасының ішкі дифференциясы көрініс таппады. Сонымен бірге бұл кодекстерде тауар жеткізілімі сатып алу-сату шартымен бірге қарастырылып, қазіргі сатып алу-сату шартының кейбір түрлері, мысалы энергиямен жабдықтау мүлдем болмады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты басқа аталған шарттардан ерекшелігі және оның өзіндік ерекшелігі - бұл шартқа сәйкес тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы (бөлшек сауда кәсіпорны бірлестігі) бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-бабы).

Бөлшектеп сатып сату-алу шартында басты болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдалануы (тағайындалуы) емес, бастысы сатып алушының тауарды көрсетілген мақсатта алу ниеті және сатушының бұл жайында хабардар болуы.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез-келген шарт жасауға міндетті. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және оның қажеттілігі туралы кемінде бір торап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып саналады.

Сатушы тауарды көрсетеді (көрмеге қояды), үлгілерін көрсетеді, сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді береді (бейнелеу, каталогтар, фотосуреттер ж.б.). Мәліметтер тауар сатылатын жерде беріледі. тауардың әрбір үлгісінде онда тауардың атауы, бағасы (бір келі, дана және тауардың өзге мөлшері үшін) салмағы көрсетілген қағазы болуы керек.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жасалу әдісі бойынша қосылу шартына жатады, соңғысы сатушы формулярларда немесе өзге де стандартты нысандарда біржақты тәртіппен белгіленген ережелерін сатып алушының қабылдауы арқылы ғана жасалуы мүмкін.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты, егер заң актілерінде немесе шарттың өзінде, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың тараптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар шегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды (АК-тің 446-б.).

АК-тің келтірілген бабының (446) мазмұны бөлшектеп сатып алу-сату шартын нақты шартқа айналдыратын сияқты, себебі оның жасалу уақытын сатып алушының сатып алу бағасын төлеу міндетімен байланыстырады, бұл өз кезегінде сатушының тауар не касса шегін немесе өзге де құжатты беруімен дәлелденеді. Шын мәнінде қарастырылып отырған шарт сатып алу-сату шартының бір түрі ғана болғандықтан, ол тек консенсуалды бола алады. Соңғысы ретінде тараптардың шарттың барлық елеулі ережелері бойынша талап етілетін нысанда келісімге келген уақытынан бастап жасалды деп есептелетін шарт түсініледі. Келісімге келу офертаны акцепттеу жолымен жүзеге асады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшелігі сонда, ол жария офертаны сатып алушының акцепттеуі арқылы жасалады. Сонымен бірге ол қосылу шарттарына жататындықтан, сатып алушы сатушының біржақты тәртіппен құрған шарт ережелерімен толық келісе отырып, өзінің акцептін шартқа қосылу жолымен ғана растайды. Сатып алушының сатып алу бағасын төлеу жөніндегі әрекетін бір мезгілде екі мағынада түсінген дұрыс. Біріншіден, сатып алушы аталған әрекетті жасау арқылы шартқа отыруға келісімін білдіреді. «... Сатып алушының әрекеті (өзіне-өзі қызмет көрсету дүкенінде тауарды таңдап алу, сатушының кассасына сатып алу бағасын төлеу, тауарды автоматтан алу үшін қажет әрекеттерді жасау және т.б.) - әрқашан стандартты тауарға қатысты сатып алушының шартты жасасуға еркін білдірудің жалғыз жолы (дәлірек айтсақ, шартқа оған қосылу арқылы кіру)». Осы тұрғыдан алғанда сатып алу бағасын төлеу шартты жасасу стадияларының бірі – акцепт болып табылады. Екіншіден, сатып алушы сатып алу бағасын төлеу арқылы шартты орындайды. Мұнда жасалған шартты орындау туралы сөз етеліп тұр. Ендеше АК-тің 446-бабы жасалу мен орындалу уақыты сәйкес келетін бөлшектеп сатып алу-сату шартына арналған деген қорытынды жасауға болады.