
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Банкноттар тарихы
Лексикалық тақырып: Қазақстан Республикасының банкноттары. АҚШ банкноттарында кімдер тұр? АҚШ президенттері.
Грамматика: Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас сөйлем.
Сөздік:
тігінен – вертикально
көлденеңінен – горизонтально
тұтастай алғанда – в целом
сәулет – архитектура
жасырын – подпольно, скрыто
түпнұсқалылығы – оригинальность
1-тапсырма. Сөздерге барыс септігі жалғауын жалғаңыз.
аудитория... , айналым... , шекара... , аймақ...
бөлме... , хаттама... , тізім... , ұсыныс...
емделу... , оқу..., демалу... , анықтау ...
көшелер... , мұражайлар... , кешендер... , орталықтар...
2-тапсырма. Керек жалғауларды қойып, сөз тіркестері мен сөйлемдерді аударыңыздар.
аудитория... енеді –
емделу... мүмкіндіктер жасайды –
бөлме... кіреді –
Ұзын көшелер... Абай көшесі жатады –
айналым... енеді –
оқу... мүмкіндіктер жасайды –
тізім... кіреді –
Ірі мұражайлар... мәдениет орталығы жатады –
шекара... енеді –
демалу... мүмкіндіктер жасайды –
ұсыныс... кіреді –
Үлкен спорт кешендер... «Алатау» жатады. –
аймақ... енеді –
хаттама... кіреді –
анықтау ... мүмкіндіктер жасайды –
Сауда орталықтар... «Еуразия», «АймақТау» жатады. –
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Қазақстан Республикасының банкноттары
Қазақстан Республикасының жаңа банкноттары 2006 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға енді. Жаңа банкноттар бірыңғай үлгіде орындалған. Бет жағындағы суреттер тігінен, сырт жағындағы суреттер көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді. Оған барлық мемлекеттік нышандар, сәулет нысандарының және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноттар бетінің орта бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынған. Ол – қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны болып табылады. Банкноттың ортасында ҚР-ның мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген. «Бәйтеректің» сол жағында елтаңба, ал оң жағында мемлекеттік жалаудың бейнесі келтірілген. Төменгі жағын ашық алақан бейнесі алып жатыр.
Банкноттардың сырт жағында ландшафтардың және қазіргі сәулет нысандары бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жағында төменде және оң жағында жоғарыда теңге номиналының сандық белгісі бейнеленген. Жоғары жақта ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу жазылған. Банкноттарда арнайы техника көмегімен ғана анықталатын жасырын элементтер бар. Бірақ ақшаның түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым жолмен-ақ анықтауға мүмкіндіктер жасалған.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Жаңа банкноттар сізге қандай әсер қалдырды?
Сәулет нышандары бейнесі нені білдіреді деп ойлайсыз?
Банкноттардың барлығында «Бәйтерек» бейнеленген, себебін айта аласыз ба?
Мемлекеттік нышандар не үшін салынды деп ойлайсыз?
Ескі банкноттармен салыстырып көріңіз. Артықшылығы неде?
5-тапсырма. Банкноттардың түстері төмендегідей суреттелген. Орыс тіліне аударып, ол түстердің қай теңге номиналына жататынын айтыңыз.
күлгін-көк – ( ... теңге)
күрең қоңыр-қызыл – ( ... теңге)
сарғыш-жасыл – ( ... теңге)
сарғыш-қоңыр – ( ... теңге)
көкшіл-сұр – ( ... теңге)
қою және ақшыл-жасыл – ( ... теңге)
6-тапсырма. 2-тапсырмадағы сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңыз. Сұрақтарды қалай толықтыруға болады?
7-тапсырма. Айналымда жүрген жаңа банкноттарға қарап, олардың түсі туралы сөйлемдер жазыңыз. Үлгі:
200 теңгенің түсі – сарғыш-жасыл.