- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Қазақстанның сәулет өнері
Біздің еліміздің барлық аймақтарынан туристік нысандар табылады. Олар – Қаратаудан, Орталық Қазақстаннан, Маңғыстаудан, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстаннан, соның ішінде Балхаш көлі маңынан табылған. Бұлардың ең ежелгілері кемінде 1 млн. жыл бұрын пайда болған.
Қаялық, Талғар, Құлан, Тараз, Отырар, Түркістан, Сауран сияқты ежелгі қалалардың орындары ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ежелгі Қазақстанды бүгінгі саяхатшылардың танып-білуіне себеп болуда. Бұл қалалардың орталық бөлігінде құрылыстар, бекіністер, сарайлар, ескерткіштер, кесенелер, мешіттер, мен моншалар салынғаны айқындалады. Олардың қабырғаларына есік, терезелерге, басқа да бұйымдарға әртүрлі сәулет өнеріндегі әшекейлі оюлар қашалып түскен. Саз балшықтан және күйдірілген қыш кірпіштен тұрғызылған ғимараттар Самара, Фустат, Афрасиаб қалаларындағы сәулет өнерінен кем түспейді.
(Ж.Н.Әлиева, Н.С.Алагөзов. Хабаршы. Алматы: әл Фараби атындағы ҚазМУ, 2003, №2)
5-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.
туристік ... (объекты)
ғылыми ... (исследования)
зерттеулер ... (результаты)
орталық ... (часть)
сәулет ... (искусство)
тұрғызылған ... (здания)
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Туристік нысандар қай қалалардан табылған?
Олар қай кезде пайда болған?
Моншалар, бекіністер, мешіттер, ескерткіштер нені айқындайды?
Сен қай қалада тудың? Ол ескі қала ма?
Сенің туған қалаңда тарихи нысандар бар ма?
7-тапсырма. Керек жалғауды қойыңыз.
Мен көше... әмиян тауып алдым.
Оның оқуға түсуі... ата-анасы себеп болды.
Отандық өнімдердің сапасы шетелдік өнімдердің сапасы... кем түспейді.
Еліміздің барлық аймақтары... туристік нысандар табуға болады.
Мараттың кешігуі... ауа райы себеп болды.
Мынау үй сарай... кем емес.
8-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
9-тапсырма. Сөздерді мәтіннен табыңыз, аударыңыз. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.
Сөздік:
ұлу тас –
күмбез –
назар аудару –
шеберлігімен –
бірден-бір –
кешен –
Батыс Қазақстан
Маңғыстау жеріндегі Атырау мен Қарнау қоныстарында ақ, сарғыш, қызғылт түсті ұлу тастардан жасалған әшекейлі мешіт-ғимараттар мен әдемі ескерткіш күмбездер көп кездеседі. Солардың бірі – Шопан ата. Ол ХІІ-ХІІ ғғ. төрт тақта тастан жасалған, Хорезмдіктер мен Маңғыстау түркемдері арасындағы соғыста қаза тапқан ру басыларының бірі Шопан мен оның қызы Айымға арналған. Маңғыстаудың Оңтүстік Шығысында масат зираты, Түпқарағанда Сұлтанепе ғимараттары бар. Сұлтанепе ғимараты, Масат мешіті де өздерінің техникалық шеберлігімен назар аудартады.
Тағы бір нысан – Шақпақ ата жер асты ғимараты. Ғимараттан Үргеніш, Хиуа, Хорасан шеберлерінің стилін байқаймыз. Бұл құрылыс тұтас – архитектуралық кешен ретінде өте жиі кездеседі және Орта Азия мен Қазақстан территориясында бүтін күйінде сақталып отырған ортағасырлық бірден-бір ескерткіш.
(Ж.Н.Әлиева, Н.С.Алагөзов. Хабаршы. Алматы: әл Фараби атындағы ҚазМУ, 2003, №2)
10-тапсырма. Сөз тіркесін жасаңыз.
(памятник) ... күмбездер
(техническое) ... шеберлігі
(подземное) ... ғимарат
(мастеров) ... стилі
(архитектурный) ... кешен
(средневековый) ... ескерткіш
11-тапсырма. Мәтінге қосымша тағы қандай мәліметтер қоса аласыз? Әңгіме-сұхбат құрыңыз.
12-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Туристік нысандарға не жатады?
Туристер неге назар аударады?
Шақпақ ата жер асты ғимаратын көрдің бе?
Шопан ата күмбезі жайында не айта аласың?
Архитектуралық кешен деген не?
13-тапсырма. Мәтіннен нысандарды суреттейтін сөздерді тауып, дәптерге көшіріп жазыңыз.
14-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Қарнау қоныстарында ақ, сарғыш, қызғылт түсті ... ... жасалған ... мешіт-ғимараттар мен әдемі ескерткіш ... көп кездеседі.
Ол ХІІ-ХІІ ғғ. төрт тақта ... жасалған, Шопан мен оның ... Айымға ... .
Маңғыстаудың ... Шығысында масат ... , Түпқарағанда Сұлтанепе ... бар.
Сұлтанепе ... , Масат мешіті де өздерінің ... шеберлігімен назар аудартады.
Ғимараттан Үргеніш, Хиуа, ... шеберлерінің ... байқаймыз.
Бұл құрылыс тұтас – ... кешен ретінде өте жиі ... .
Ол Орта Азия мен ... территориясында бүтін күйінде ... отырған бірден-бір ... ескерткіш.
Керек сөздер: тастан, әшекейлі, архитектуралық, Хорасан, қызы, ұлу тастардан, күмбездер, ғимараты, Оңтүстік, арналған, Қазақстан, стилін, кездеседі, техникалық, ортағасырлық, сақталып, зираты, ғимараттары.
15-тапсырма. Жаңа сөздер мен мәтінге қойылған сұрақтарды пайдаланып, сұбат құрыңыз.
16-тапсырма. Таныс емес сөздерге мән беріңіз. Аударыңыз. Мәтінді оқыңыз.
