
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Көсемшенің жасалуы мен түрлері
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •Сауда. Сауда орталығы
- •Сыртқы экономикалық байланыстар
- •Құнды қағаздар. Банк билеттері, ақша
- •Ұлы Жібек жолы
- •Ұлы Жібек жолы тауарлары
- •Шенген келісімі
- •Шенген визасын қалай алуға болады?
- •Шенген визасы. Виза үшін қажетті құжаттар
- •Как вести себя в непредвиденых ситуациях
- •Поведение во время землетресения и стихийных бедствий
- •Қазақстанның сәулет өнері
- •Батыс Қазақстан
- •Тараз шаһары
- •Киім үлгісінің құпиялары
- •Киімдердің түсі туралы
- •Костюмдер, шалбарлар
- •Шалбар, аяқ киім
- •Қазақстанда жоғары туристік білім орнықтыру
- •Банкноттар тарихы
- •Қазақстан Республикасының банкноттары
- •Ақш банкноттарында кімдер тұр?
- •Ақтөбе облысының этнографиялық ерекшелігі – туристік мотивацияның факторы
- •Ағаш ою, зергерлік жұмыстары
- •Ақтөбе облысындағы әйелдер қолөнері
- •Тарихи-этнографиялық туристік нысандар
- •Күлтегін тас жазуы
- •Күлтегін тас жазуы
- •Турист өміріне қауіп төндіретін факторлар
- •Саяхат проблемалары
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристер үшін қауіпсіздігі төмен аумақтар
- •Туристерге кеңес
- •Шығыс елдеріндегі тәртіп
- •Іссапарды ұйымдастыру
- •Іссапардағы ережелер
- •Шартты рай
- •Туризм жұмысын жандандыру жолдары
- •Тыңдалым (аудирование)
- •Қалау рай
- •Жиналыстар мен конференциялардағы әдеп
- •Келіссөздер жүргізу техникасы
- •Сізге аудармашы қажет пе?
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •IV. Сөйлемді аяқтаңыз, етістіктің астын сызыңыз.
- •Қорытынды бақылау жұмысы
- •10.Аударыңыз: «Честь быть изображенным на однодолларовой купюре предоставлена Джорджу Вашингтону»
- •15.Жақшадағы сөздерді аударыңыз: Мамандардың (качественно) және (выгодно) жұмыс жасауы үшін оларды (квалификацию) арттыратын курстарға (направлять) отыруы тиіс.»
- •20.Керек сөзді қойыңыз: «Мұражайлар ... Әсер қалдырды.»
Глоссарий – сөздік
Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі.
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады.
Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.
Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.
Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.
Жағдаяттық тапсырма –білім алушының белгілі бір оқиғаға және жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.
Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.
Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.
Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хабарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видео құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау, айтып беруге үйрену.
Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
Міндетті әдебиет:
1. Бектұров Ш., Бектұрова А. Казахский язык для всех. - Алматы: Атамұра, 2004.
Ж.Түймебаев. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. - Алматы: Ғылым, 2004.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, І, ІІ том, 1998.
Советский энциклопедический словарь. - Москва: Советская энциклопедия, 1987
Деловой туризм (журнал). - Москва, № 4,5,6,7,8, 2006.
Хабаршы. География сериясы. - Алматы: әл Фараби атындағы ҚазМу, № 1,2,3,4,5,6, 2006.
Қосымша әдебиеттер:
1.С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Уюкбаев. Казахский язык. - Алма-Ата: Мектеп, 1974.
2. К.Жолымбетов. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы: Қазақ университеті, 1991.
3. Күзекова З.С. Қазақ тілі. – Астана: Таным, 2003.
4. Г.Камешева, Г.Мұқанова. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін. - Астана, 2004.
5. Орфографиялық сөздік. - Алматы, 2007.
Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес тақырыптар негізінде мәтіндерді оқып, берілген тапсырмалар бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады.
Білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру кезеңдері тәлімгерлерге арналған оқу-әдістемелік кешен негізінде, оқытылған лексика-грамматикалық тақырыптарға сай жасалады. Білімгерлердің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тексеру тапсырмалары аралық және ағымдық бақылаулар бойынша жүргізіледі.
Кәсіби қазақ тілінен білім алушылар үшін бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар, өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға, олардың қорытынды деңгейлерін анықтауға көмектеседі. Оқытушы осы міндеттердің нәтижелілігін көтеруге қол жеткізуді мақсат етеді.