
Бақылау сұрақтары
Кестелер арасындағы байланысты қалай орнату мүмкін?
Аccess те байланыстың қандай типтерін жасау мүмкін.
Бірі көбіне (один ко многим) байланысты орнату?
Деректерді іріктеу және фильтрлеу
Жұмыстың мақсаты: Деректер қорынан қажетті деректерді (фильтрация) іріктеп алуды үйрену.
Теориялық мәлімет
Сұрыптау, іздеу және фильтрлеу деректер қоры кестесінде қажетті ақпаратты табу үшін пайдаланылады.
Кесте Кесте режимінде ашылған кезде ол кілттік өріс мәні бойынша реттеледі. Егер кесте үшін кілттік өріс анықталмаған болса, жазбалар кестеге енгізілу реті бойынша шығады.
Сұрыптау ережелері:
жазбаларды өсу реті бойынша сұрыптау кезінде бос өрістер тізімде бірінші болып көрсетіледі.
Мәтіндік өрістердегі сандар символдар қатары болып сұрыпталады: егер оларды сандық рет бойынша сұрыптау керек болса, барлық мәтіндік қатарлардың символдар саны бірдей болуы керек; егер қатарда символ саны аз болса, онда қатар басына нөлдерді жазу керек.
Сұрыптауды орындау үшін курсорды сұрыптау орындалатын өрістің кез-келген жазбасына орналастыру қажет және Жазбалар-Сұрыптау-Өсу реті бойынша сұрыптау (Кему реті бойынша сұрыптау) командаларын орындау керек немесе пиктограммаларды пайдалануға болады.
Бірнеше өрістердің мәні бойынша сұрыптау үшін сұрыпталатын бағандарды бірінші болып шеткі сол жақтағы баған сұрыпталатынын ескере қатар орналастырып, сұрыпталатын бағандарды ерекшелеп Жазбалар-Сұрыптау-Өсу реті бойынша сұрыптау (Кему реті бойынша сұрыптау) командаларын орындау керек.
Кестені сақтаған кезде оны сұрыптау реті де сақталып қалады. Бастапқы кілттік өріс мәні бойынша сұрыптау ретіне келтіру үшін Жазбалар-Фильтрді алып тастау командасын орындау керек.
Access-тің деректерді іздеу және алмастыру мүмкіндіктері бар. Осы операцияларды орындау үшін курсорды іздеу қаажет деректер жазылған өріске қою керек. Іздеу кестенің белсенді жерінен басталады (белсенді жазба, белсенді өріс). Кестенің барлығын көру үшін бірінші жазбаға ауысып одан кейін іздеуді бастау керек. Іздеуді орындау үшін Түзету-Табу командасын орындау керек. Алмастыруды орындау үшін Түзету-Алмастыру командасын орындау керек. Өрісте іздеу (Өрісте алмастыру) сұхбаттық терезесінде Үлгі мәтіндік өрісіне ізделінді мәнді енгізіңіз. Іздеуде регистрді және өріс форматын ескермесе де болады. Үлгі мәтіндік өрісінді ізделіп жатқан мәнді бөлшектеп немесе толық алмастыратын шаблондарды пайдалануға болады. Егер іздеу өрісі индекстелген болса іздеу жылдам орындалады.
Жұмыстың орындалу реті:
Access-те фильтрдің 4 түрі бар: ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр, қарапайым фильтр, фильтр өрісі, кеңейтілген фильтр. Фильтрді қолдану нәтижесінде кестеден берілген шартты қанағаттандыратын деректер ғана экранға шығады. Фильтрлеу процесі кезінде алынған жазбалар жиынтығы нәтижелік жиынтық деп аталады.
Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр:
Кестені Кесте режимінде ашу.
Кесте өрісінде нәтижелік жиынтық жазбасы бар мәнді табу керек.
Осы мәнді ерекшелеп Аспаптар панелінде «Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр» батырмасын басыңыз немесе Жазбалар-Фильтр-Записи-Фильтр-Ерекшеленген фрагмент бойынша фильтр командасын орындаңыз.
Кесте бағанында іріктеу үлгісі жылдам табылмаса фильтр өрісі пайдаланылады:
Кестені Кесте режимінде ашу.
Фильтрленетін өрісте тышқанның оң батырмасын басу керек. Контексті-тәуелді мәзірдегі Фильтр үшін... өрісіне іріктеу шартын енгізу керек (өріске тек нақты мәндерді ғана енгізіп қоймай, есептеуді қажет ететін өрнектерді де енгізуге болады).
Фильтрді қолдану үшін пернесін басу керек.
Қарапайым фильтрді қолдану үшін:
Кестені Кесте режимінде ашу.
Фильтрді өзгерту батырмасын басу керек немесе Жазбалр-Фильтр-Фильтрді өзгерту командасын орындау керек. Фильтрді өзгерту терезесі пайда болады.
Осы өрістің кез-келгеніне іріктеу шарты болып табылатын мәнді енгізуге немесе тізімнен таңдауға болады. Бірнеше өрістерге енгізілген шарттар «және» логикалық операторы көмегімен біріктіріледі. Шарттарды «немесе» операторымен біріктіру үшін форманың төменгі бөліміндегі «немесе» жарлығын шерту керек. Іріктеу шартын енгізу кезінде Access-те мүмкін болатын кез-келген өрнекті пайдалануға болады.
Фильтрді қолдану (Применение фильтра) батырмасын басу керек немесе Фильтр-Фильтрді қолдану командасын орындау керек.
Кеңейтілген фильтрді қолдану келесі ретпен орындалады:
Кестені Кесте режимінде ашу.
Жазбалар-Фильтр-Кеңейтілген фильтр командасын орындау керек. Кестенің өрістер тізімі және төменгі жағында бірнеше қатарлы бос бланкісі бар кеңейтілген фильтр терезесі шығады.
Фильтр бланкісінің өріс қатарына мәндері бойынша іріктеу жазбасы орындалатын өрісті жылжытып алып келіңіз.
Нәтижелік жазбалар жиынтығында сұрыптау болмайды. Қажет болса фильтр бланкісінің Сұрыптау (Сортировка) қатарына баған мәндерін шығару тәсілін көрсетуге болады. Бірнеше өрістерде сұрыптау ретін көрсету кезінде шеткі сол жақтағы баған жазбалары содан кейін келесі солдан оңға қарай әр баған жазбалары сұрыпталады.
Фильтр бланкісінде Іріктеу шарты (Условие отбора) қатарында және Немесе (Или, Or) қатарында кестеден таңдау шартын көрсету керек. Бір қатарда орналасқан іріктеу шарттарында And логикалық операциясы орындалады.
Фильтрді қолдану батырмасын басу керек немесе Фильтр-Фильтрді қолдану командасын орындау керек. Кестеге қолданылған соңғы фильтр жүйеде сақьалып қалады. Кестені қайта ашу кезінде Аспаптар панеліндегі Фильтрді қолдану батырмасын басуға болады немесе сақталған фильтрді қолдануға арналған мәзір командаларын пайдалануға болады. Бір мезгілде бір кестемен фильтрдің тек бір түрі ғана байланысқан болуы мүмкін. Кез-келген фильтрді Жазбалар-Фильтрді алып тастау (Записи-Удалить фильтр) командасын орындап болдырмауға болады.