
- •«Ақпараттық жүйенің Деректер базасының жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Реляциондық дқ жобалау
- •Қосымша әдебиет: [9] с.92-119, 505-527, [10] с.104-134.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.22-28.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1025-1040.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1028-1040.
- •Қосымша әдебиет: [9] с.944-960.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.958-962.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.159-164, [9] с. 81-83,792-794.
- •Қосымша әдебиет:[8] с. 28-36, [9] с. 65-88.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.56-70, [9] с.56-58.
- •3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
- •1 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58.
- •1 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58. Бақылау сұрақтары:
- •4. Студенттің өздік жұмысы
Қосымша әдебиет:[8] с.159-164, [9] с. 81-83,792-794.
Бақылау сұрақтары:
1. ДҚЖ қандай қасиеттері бойынша жіктеуге болады?
2. Деректерді өңдеудің файл-серверлік технологиясының клиент-серверлік технологиядан қандай айырмашылығы бар?
3. Деректерді өңдеудің клиент-серверлік технологиясының негізгі артықшылығы неде?
4. Клиент-серверлік технологияның екі тізбектісінің үш тізбектісінен ұандай айырмашылығы бар?
№14 дәріс
ДҚЖ сәулеті
Деректердің күрделі типтерінің көптеген түрлері бар, бірақ үлкен тәжірибелік материалда жүргізілген зерттеулер сол түрлердің ішінен бірнеше жалпы түрлерін бөліп көрсетуге болатынын көрсетті. Жалпылама құрылымдарды сонымен қоса деректер үлгілері деп те атайды, өйткені олар қолданушының шынайы өмірдің деректерін елестетуін бейнелейді.
Деректердің құрылымының осы түріне тиесілі қасиеттерінің жиынытығын деректердің құрылымының сұлбасы белгілейді. Әрбір белгілі бір деректер үлгісінде деректер құрылымын құру анықталған ережелер бойынша орындалады. Деректер құрылымының сұлбалары топтардың және топтық қарым-қатынастың типтерін сипаттау үшін қолданылады, яғни ДҚ құрылымының сипаттамасын оның сұлбасы белгілейді.
Деректердің сұлбасын көрсету үшін көбіне деректерді көрсетудің екі түрі қолданылады: графтық түрі, кестелік түрі.
Сұлбаны графтық түрде көрсеткен кезде топтардың типтері графтың төбелерімен бейнеленеді, ал топтық қарым-қатынастар – сәйкес доғалармен.
Сұлбаны кестелік түрде көрсету әдетте екі өлшемді кесте болып келеді. Түсіну және интерпретациялау жағынан осы әдіс ыңғайлырақ. Машиналық өңдеу кезінде кестелердің және олардың элементтерінің аналогтары ретінде файлдар, жазбалар, өрістер болуы мүмкін.
Дерекқор белгілі бір пәндік аймаққа арналып жасалады және оның үлгісі болып табылады, өйткені белгілі бір мәселелерді шешу кезінде шынайылық сол мезетке бар шектеулермен іске асады, ал ол шектеулер жұмыс аймағына, алдыға қойылған мақсаттарға және есептеу жабдықтарының қуатына тәуелді.
ДҚ жұмыс кезінде әртүрлі адамдар болады және осы әртүрлі адамдар іске қосатын әртүрлі бағдарламалар болады, адамдар ДҚ әртүрлі көреді.
Соңғы қолданушы қандай да бір қолданбада жұмыс істейді және ішкі құрылым жайлы ешнәрсе білмейді. Бұл қолданушы пайдаланып отырған бағдарлама және сәйкесінше осы бағдарламаны жазған бағдарламашы дерекқордың тек қана оларға көруге рұқсат етілген бөлігін көреді.
Қандай да бір қолданушыларға қандай да бір деректерді көруге рұқсат ететін әкімші дерекқордың бүкіл сұлбасын көреді.
ДҚБЖ ядросын жасаған және әкімшіге дерекқордың сұлбасын жасауға мүмкіндік берген бағдарламашылар тобы дерекқордың сыртқы құрылғыларға және жадыға бейнеленуін іске асырды.
Сондықтан деректер үлгісін көрсетудің үш түрі қолданылады:
Концептуалдық – ақпараттық жүйенің әкімшісінің, яғни ДҚ жұмысына толығымен жауапты адамның көзқарасы бойынша, бүкіл тапсырманы қамтитын;
Сыртқы – нақты қолданушының, яғни белгілі бір жұмыс орнында жүйенің жұмысының тар тапсырмасын шешетін адамның көзқарасы бойынша, тапсырма жайлы көрсетімді бейнелейді (әрбір ақпараттық жүйе деректер үлгісінің бірнеше сыртқы көрсетімдерін иемденетін болады – А, В, С және т.б.);
Ішкі – шешілетін тапсырма іске асыраылатын белгілі бір ДҚБЖ мен компьютерлердің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлеушінің (бағдарламашының) ақпараттық тапсырмасы жайлы көрсетімді бейнелейді.
Осыған сәйкес деректерді көрсетудің бірнеше деңгейлерін бөледі, олардың жиынтығы дерекқорлар жүйесінің сәулетін құрады.
Дерекқорлар жүйесінің стандартты сәулеті (ANSI стандарты – American National Standart Institut, сосын ISO – International Standart Organization) сәулеттің үш деңгейін иемденеді: сыртқы, концептуалды, ішкі. Әрбір деңгейде өзінің үлгісі (көрсетімі) қолданылады, ол жазбалардан тұрады (әрбір жазба объектінің бір данасы жайлы деректерден тұрады).
Сыртқы үлгілер деңгейі – ең жоғарғы деңгей, мұнда әрбір үлгінің өзінің деректер «көрсетмі» болады. Бұл деңгей жеке қолданбалардың ДҚ көзқарасын анықтайды. Әрбір қолданба дәл осы қолданбаға қажетті деректерді ғана көреді және өңдейді.
Концептуалды деңгей – мұнда дерекқор жалпылама түрде келтірілген, ол осы дерекқормен жұмыс істейтін барлық қолданбалар пайдаланатын деректерді біріктіреді. Шынында, концептуалды деңгей осы дерекқор арналып жасалған пәндік аймақтың (шынайы өмірдің объектілерідің) жалпыланған үлгісін бейнелейді. Кез-келген үлгі сияқты, концептуалды үлгі шынайы өмірдің объектілерінің, өңдеу жағынан алып қарағанда, тек қана маңыздыларын бейнелейді.
Физикалық деңгей – файлдарда немесе сыртқы ақпарат тасуыштарда орналасқан парақтық құрылымдарда орналасқан деректер.
Бұл сәулет деректермен жұмыс істеген кезде логикалық (1 және 2 деңгейлерінің арасында) және физикалық (2 және 3 деңгейлерінің арасында) тәуелсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Логикалық тәуелсіздік дегеніміз бір қолданбаны дәл осы дерекқормен жқмыс істейтін басқа қолданбаларды өзгерту енгізусіз өзгерту мүмкіндігін білдіреді. Физикалық тәуелсіздік осы дерекқормен жұмыс істейтін барлық қолданбалардың жұмыс істеу қабілетін сақтаған кезде сақталып тұрған ақпаратты бір тасуыштардан екіншілерге көшіру мүмкіндігін білдіреді. Бұл файлдық жүйелерді қолданған кезде жетіспеген нәрсенің дәл өзі.
Концептуалды деңгейді бөлу дерекқорды ориталықтан басқару аппаратын әзірлеуге мүмкіндік берді.
Пайдаланушының сұранысының өту үрдісі:
Пайдаланушы ДҚ деректер алуға сұранысын ДҚБЖ жібереді.
Осы пайдаланушы мен деректердің сыртқы үлгісіне сәйкес құқықтарды талдайды және сұралған деректерге осы қолданушының қатынас құруын растайды немесе рұқсат бермейді.
Деректерге рұқсат бермеу жағдайында ДҚБЖ пайдаланушыға осы жайлы хабарлайды және деректерді ары қарай өңдеу үрдісін тоқтатады, керісінше жағдай болса, онда ДҚБЖ концептуалды үлгінің қолданушының сұранысы қозғайтын бөлігін анықтайды.
ДҚБЖ концептуалдық үлгінің сұратылған бөлігі жайлы ақпаратты алады.
ДҚБЖ физикалық деңгейде (файлдар және физикалық мекен-жайлар) деректердің қайда орналасқаны жайлы ақпарат сұрайды.
ДҚБЖ-ға операциялық жүйенің терминдерінде деректердің қайда орналасқаны жайлы ақпарат қайтарылады.
ДҚБЖ операциялық жүйенің өз жабдықтарын қолдана отырып қажетті деректерді беруді сұрайды.
Операциялық жүйе сақтау құрылғысынан ақпаратты шығарады және оны жүйелік буферге жібереді.
Операциялық жүйе ДҚБЖ жіберудің аяқталғаны жайлы хабардар етеді.
ДҚБЖ жүйелік буферде орналастырылған жеткізілген ақпараттан тек қана қолданушыға керекгін алады да, бұл деректерді қолданушының жұмыс аймағына жібереді.
Әрине, шын ДҚБЖ сұраныстың өту тетігі бұдан әлдеқайда күрделірек, бірақ соған қарамастан келтірілген қысқа сұлба да шынай ДҚБЖ сұранысты өңдеу тетіктері қаншалықты күрделі және қиын болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Негізгі әдебиет: [1] с. 7-11.