Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДКБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
503.3 Кб
Скачать

Қосымша әдебиет:[9] с.958-962.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай негізгі сынып-контейнерлер бар?

2. Қандай негізгі сынып-басқару элементтері бар?

3. Visual FoxPro объектілік үлгісінің негізгі оқиғалары.

4. Visual FoxPro-дағы объектілердің негізгі қасиеттері.

5. Visual FoxPro объектілік үлгісінің стандартты әдістері.

12 дәріс

ДҚБЖ аспаптық жабдықтары

Барлық қазіргі ДҚБЖ объектті бағытталған қатыныас қолданылады, бұл ДҚ және олардың қолданбаларын көзбен көріп жобалау технологиясын қолдануға мүмкіншілік береді. Бұл технология арнайы жабдықтардың – конструкторлардың, генераторлардың, жөндегіштердің (редактор), шеберлердің, құрылысшылыардың және т.б. көмегімен іске асырылады.

Конструкторлар (генератолар, жөндегіштер) ДҚ сыңарларын және ДҚ пайдаланушылық қолданбаларының сыңарларын жобалау үшін қолданылады. Оларда арнайы жабдықтардың жиыны (аспаптар, батырмалар, функционалдық терезелер, меню командалары және т.б.) бар, олар әрбір объектінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеу үрдісін өте жеңіл және түсінікті етеді.

Шеберлер – бұл жобалаудың интерактивті визуалды жабдықтары, олар алдын-ала беріліп қойылған терезелер (қадамдар) тізбегінен кейін тапсырманы белгілейді және тапсырманы шешудің стандартты шешімін қолдана отырып қажетті сыңарды әзірлейді. Бұл стандартты шешім болғандықтан, бұл жерде жасалып отырған объектінің немесе деректердің ерекшеліктері көзден таса қалады, бірақ әзірлеу үрдісі қысқарады. Шеберде іске қосқаннан кейін ағымдағы терезедегі сұрақтарға жауап беру, содан кейін шебердің жұмысының келесі қадамына өту жеткілікті.

Құрастырушылар – бұл сол шеберлер немесе конструкторлар, бірақ бұлар әдетте негізгі конструкторлардан шақырылады және конструкторлардың жұмыс істеуі кезінде пайда болатын қосымша тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

Пішіндер – негізінен қолданушының графикалық интерфейсін бағдарламалау үшін, дерекқорлардағы ақпаратты қарау және түзету үшін, түрлі басқару элементтерін қолдана отырып деректерді бейнелеу және енгізу үшін арналған объектілер. Мәселен, бухгалтерия үшін қолданба әзірлеген кезде экранда тұп-тура бухгалтерлік стандартты құжаттар сияқты болатын пішіндер жасауға болады.

Есеп берулер (Есепшоттар) – форматтау үшін, қорытынды есептеу үшін және дерекқордан белгілі бір деректерді басып шығару үшін қолданылады. Есеп берулер, егер ақпаратты басылған күйде шығару керек болса, қолданылады. Есепшоттардың мысалына тауарлардың бағалары тұратын қағазды, сатып алушылардың тізімдерін, әртүрлі ведомосттарды келтіруге болады. Әдетінше, есепшоттарды алдымен экранда қарап алуға болады.

Сұраныстар – бір немесе бірнеше кестелерден деректерді таңдап алу құралы болып табылады. Шамамен барлық реляциялық ДҚБЖ сұранысты жасау үшін арнайыланған тіл – Structured Query Language – SQL қолданылады. Сұраныстың орындалуының нәтижелері формада, бейнеленуі мүмкін, есепшоттар және диаграммалар ретінде шығарылуы және көрсетілген кестеде сақталуы мүмкін. Сұранысты тек таңдауға ғана емес, сонымен қоса деректерді жаңартуға, өшіруге, қосуға жасауға болады.

Дерекқорлардың шебері (Database Wizard) – стандартты типтік дерекқорларды қолдану арқасында дерекқорларды құруды жеңілдетеді.

Кестелер шебері (Table Wizard) - стандартты типтік кестелерді (шамамен 40) қолдану арқасында кестелерді құруды жеңілдетеді.

Сұраныстар шебері (Query Wizard) – деректерді таңдау шартын және кестелер арасындағы байланыс үшін шартты көрсете отырып, бірнеше кестелерден сұраныс жасауға мүмкіндік береді, бұл кезде ДҚ-ң тұрақты байланыстары ескерілмейді.

Айқасқан кестелер шебері (Cross Table Wizard) – электрондық кесте түріндегі сұраныс жасауға мүмкіндік береді, ал ол кестені MS Excel, Lotus1,2,3 электрондық кестелерінің пішімдеріне экспорттауға және онымен кестелік процессорда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Диаграммалар шебері (Graph Wizard) – кестенің деректері бойынша MS Graph графигін (диаграммасын) жасауға және оны VFPgraph атты арнайы кестеге General типтес olegraph атты өріске орналастыруға мүмкіндік береді. Графикті жасау кезінде кестенің бір өрісінің деректері абциссалар осі үшін қолданылады, ал ординаталар сі үшін графиктің тегіне байланысты бірден бірнешеге дейін өрістердің деректері қолданылады. Содан кейін бұл графикті есепшотта, формада қолдануға болады.

Жегілікті қойылымдардың шебері (Local View Wizard) және Сыртқы қойылымдар шебері (Remote View Wizard) – сәйкесінше жергілікті және қашықтатылған қойылымдар (ауани кестелер - түрлер) жасайды, олар ДҚ сақталады. Бұл қойылымдарды қарауға болады, бірақ олар арқылы деректер көзіндегі деректерді өзгертуге болмайды. Деректер көздері жаңару үшін қойылымдарды Қойылымдар құрушысында жөндеу қажет. Сыртқы қойылымдар шебері сыртқы деректерден түрлер жасау үшін, яғни DBF пішімінде емес деректер жасау үшін ODBS (Open Database Connectivity) технологиясын қолданады.

Пішіндер шебері (Form Wizard) – бір кестенің деректерінің негізінде пішін жасайды.

1:М пішіндер шебері (One-to-Many Form Wizard) – 1:М қатынасымен байланысқан екі кестелердің деректерімен пішін жасауға мүмкіндік береді және ішкі (туынды) кестенің деректері Grid объектісі (кесте) ретінде орналасады. Екіден көп кестелердің деректерін бейнелейтін пішіндер шебері жоқ.

Есепшоттар шебері (Report Wizard) – ретке келтірілген деректері бар қарапайым есепшот жасайды.

Деректерді топтастыруы бар есепшоттар шебері (Group/Total Report Wizard) – сонымен қоса деректерді топтау шарттарын (3 деңгей) көрсетуге және әр топ бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

1:М есепшоттар шебері (One-to-Many Report Wizard) – 1:М қатынасымен байланысқан екі кестелердің деректерімен есепшот жасауға мүмкіндік береді. Аталық кестенің, сосын ішкі кестенің өрістері көрсетіледі, ішкі кестенің деректері аталық кестенің деректерінен кейін басылып шығарылады.

Тамғалар шебері (Label Wizard) – бір кестенің деректерінің негізінде этикетка (жапсырма, ярлык) жасауға және ол этикеткаларды басуға арналған бетте дұрыс орналастыруға мүмкіндік береді.

Көптеген ДҚБЖ дәстүрлі болып табылатын бұл шеберлерден басқа тағы ерекше шеберлер де бар, олар төменде келтірілген.

Поштаны тарату шебері (Mail Merge Wizard) – Microsoft Word мәтіндік процессорының пшотасын жіберу құжатына арналған деректер көзін жасайды. MS Word компьютерде орнатылған болуы керек, өйткені шебердің жұмысы аяқталған соң ол автоматты түрде іске қосылады. Құжаттың мәтіні құрылады және деректер көзінен таңдап алынған өрістерді қайда қою керек екендігі көрсетіледі. Бұл шебер сонымен қоса мәтіндік файл жасау үшін де қолданылады, ол файлды кез-келген мәтіндік процессорда қолдануға болады.

Құрама кестелер шебері (Pivot Table Wizard) – электрондық кестені MS Excel объектісі ретінде жасауға немесе Visual Fox Pro пішінінің объектісі ретінде жасауға мүмкіндік береді. Бірінші жағдайда шебердің жұмысының соңында MS Excel автоматты түрде іске қосылады, ал екінші жағдайда – ішінде енгізілген кестесі бар пішін автоматты түрде жасалады және ол пішіндер құрушысында ашылады.

Деректерді импорттау шебері (Import Wizard) – Excel, Lotus, ДҚБЖ кестелерінен, мәтіндік файлдардан DBF пішіміндегі кестелерге деректерді импорттайды. Жаңа кесте жасауға болады немесе бар кестеге деректер қосуға болады.

Құжаттау шебері (Documenting Wizard) – басып шығаруға арнап бағдарлама дайындайды.

Дистрибутив жасау шебері (Setup Wizard) - әзірленген қолданбаның дистрибутивін жасауды қамтамасыз етеді.

Internet парағын жасау шебері (WWW Search Page Wizard) – деректерді парақтық Web-құжат ретінде көрсетуге мүмкіндік береді (HTML пішіміндегі парақ).

Арттыру шебері (Upsizing Wizard) MS SQL Server және Oracle Server үшін – ДҚ жергілікті компьютерден ДҚ серверіне көшіруге мүмкіндік береді.

Көптеген ДҚБЖ (тек қана ДҚБЖ еемес) ДҚ қолданбаларын жасау кезінде жоба түсінігі қолданылады. Жоба – қолданбаның жеке бөлшектерін біріктіру құралы. Жобаны жасау үшін арнайы құралдар қолданылады. Жобалар шебері немесе қолданбалар жасау шебері (Application Wizard) – қолданбаның жобасын тұрғызуды қамтамасыз етеді.

Негізгі әдебиет: [1] с.160-163,178:189, [4] с.4-34.

Бақылау сұрақтары:

1. ДҚБЖ негізгі объектілеріне қандай объектілер жатады?

2. Пішін-объектілер, есепшот-объектілер дегеніміз не болып келеді, олар не үшін қолданылады?

3. Сұраныс-объектілер, бағдарлама-объектілер дегеніміз не болып келеді, олар не үшін қолданылады?

4. Дерекқорларды және олардың қолданбаларын көрсетімдік түрде жобалау технологиясын қолдануды рұқсат ететін қандай арнайы құралдар бар?

5. Құрушылар, шеберлер, құрастырушылар не үшін қолданылады?

13 дәріс

ДҚ технологиясындағы клиент-сервер сәулеті

ДҚЖ жіктелімін көптеген критерийлерге қарап жүргізуге болады, төменде солардың кейбіреуі бойынша жіктелім берілген.

ДҚ жүйелері сәулеттеріндегі деңгейлердің саны бойынша бірдеңгейлік, екідеңгейлік, үшдеңгейлік және көпдеңгейлік болып бөлінеді.ДҚЖ үшдеңгейлік сәулеті стандартты, бірақ міндетті емес.

ДҚБЖ іске асырылған деректердің сұлбасының типіне қарай ДҚ жүйелері форматталған (құрылымдалған) және құрылымдалмаған болып бөлінеді.

Құрылдалған ДҚЖ деректердің детерминалдық сұлбалары қолданылады: объектілердің типтері, олардың қасиеттері, олардың өзара байланыстары алдын-ала анықталып қойылған. Өз кезегінде құрылымдалған ДҚЖ қолданылатын деректер үлгісінің типі бойынша реляциялық, желілік, иерархиялық деп үшке бөлінеді.

Құрылымдалмаған ДҚЖ объектілердің, олардың қасиеттерінің және өзара байланыстарының жиынтығы объектінің ДҚБЖ көріну аймағында пайда болған мезетінде анықталады. Құрылымдалмаған жүйелерде шартты түрде дескрипторлық үлгілер, грамматикасы бар дескрипторлық үлгілер, фреймдік үлгілер, семантикалық желілердегі үлгілер деп бөлуге болады.

Қолданылатын байланыс тілі бойынша ДҚБЖ жабық және ашық деп бөледі. Ашық жүйелерде бағдарламалау үшін базалық қосылған тіл қолданылады, ол деректерді басқару операторларымен толықтырылған. Жабық жүйелерде жоғарғы деңгейдің алгоритмдік емес, табиғи тілге жақын тіл қолданылады.

Тармақталған ДҚЖ қазіргі уақытта қаышқтатылған деректерді өңдеудің екі технологиясы қолданылады: файл-серверлік және клиент-серверлік.

Файл-сервер сәулеті. Стандартты файл-серверлік сәулетте деректер жұмыс станциялары үшін пассивті деректер көзі болып келетін файл-серверде сақталады. Файл-сервер деп кллективті қолданылатын файлдарды орталыққа сақтау орны ретінде қолданылатын компьютерді атаймыз. Жұмыс станциялары – бұл өздерінің қолданбалық мәселелерін шешу кезінде сервердің қорларын ортақ қолданатын, кез-келген сыныптың компьютерлері.

Деректерді алу мен өңдеуге жауапкершілік, сонымен қоса дерекқордың бүтіндігін ұстап тұру жауапкершілігі жұмыс станциясынан іске қосылған қолданбаға жүктеледі. Бұл кезде, деректерді өңдеу жұмыс станциясында өтетіндіктен, желі бойынша осы өңддеуге қажетті бүкіл ақпарат жіберіледі, бірақ та қолданушыға қажетті ақпарат көлемі бұдан әлдеқайда аз болуы мүмкін. Мысалы, егер қолданушыға белгілі бір кәсіпорынның белгілі бір жобада қатысып жүрген оның қолданбасы қызметкерлері жайлы ақпарат қажет болса, онда оның қолданбасы дерекқордан барлық қызметкерлер жайлы және барлық жобалар жайлы деректер алады да, содан кейін қажетті таңдауды іске асырады.

Тарихта дербес компьютерлерде дәл осы әдіс ең қарапайым әдіс ретінде қолданылған. Бірақ желі бойынша жіберілетін деректердің көлемінің үлкен болуы желідегі қолданушылардың санын азайтады. Осы басты және ең маңызды кемшілік желідегі жүктемені азайтудың жолдарын іздеуге мәжбүрледі.

Клиент-сервер сәулеті файл-серверлік қолданбалардың кемшіліктерін қолданбаның сыңарларын бөлу арқылы, сосын оларды тиімдірек жұмыс істейтін ортаға орналастыру арқылы шешуге арналған. Клиент-сервер сәулетінің ерекшелігі – дерекқорлардың бөлінген серверлерін қолдануда, ол серверлер сұраныстарды түсінеді, іздеуді, сұрыптауды орындайды және ешқандай артық жұмыс бекеттеріне деректерді қайта жүктеусіз, сол орнында ақпаратты агрегирлейді.

Клиент-сервер сәулеті. Клиент-сервер сәулетінде деректерді өңдеу үшін арнайы ядро – дерекқорлар сервері бөлінеді, ол енді клиенттер деп аталатын қолданушылардың өңдеу қызметтерін өзіне алады. Клиент-қолданбалар жұмыс бекеттерінен деректерді таңдауға (қоюға, жаңартуға, жоюға) сұраныстар жібереді. Бұл кезде сервер деректерді таңдау бойынша барлық жұмысты орындайды, яғни клиентке тек қана қажетті ақпаратты жібереді, ал бұл жалпы жағдайда ДҚ жалпы көлемінің бірбөлігі болып табылады. Сондықтан желіде клиенттер саны көбейген кезде желідегі жүктеменің артуы байқалмайды. Ал клиенттәк қолданбалар қуаты аз (сервермен салыстырғанда) компьютерлерде орындалуы мүмкін.

Дерекқорлардың қолданбалары соңғы қолданушыға бағытталған әртүрлі тектес ақпараттық жүйелер болып келеді. Олар пайдалануға ыңғайлы және әріптестік жайлы қолданушылық интерфейсі бар болуы керек. Әдетте дерекқорлардың қолданбалары бағдарламалау ортасында ешқандай білімі жоқ және компьютердің жұмысымен тек қана оператор деңгейінде таныс мамандар үшін жасалады. Қарапайымдылық, ыңғайлылық, сенімділік, деректердің бүтіндігін сақтау, қолданушының талаптары мен қалауларын алдығы қойылған мақсаттарға сәйкес ескеру, сонымен қоса ақпаратты қабылдаудың жеңілділігі – осының барлығы қолданба жасау кезіндегі қойылатын негізгі талаптар. Осыған байланысты, жасалып жатқан қолданбаға төменде келтірілгендей бірқатар талаптар құруға болады.

Пайдаланудың автономдылығы. Пайдалану кезінде жүйе басқа ешқай бағдарламалық жабдықтармен байланысқан болмауы керек.

Қызмет көрсетуі. Қолданба өзінің өызметтік тағайындалуына толығымен сәйкес болуы керек.

Үнемділігі. Қолданба аппараттық қамтаманың үлкен емес, экономды пішімүйлесімдерінде қызметтік қабілеттілігін жоғалтпай жұмыс істеу үшін, осы қолданба есептеу қорларын үнемді пайдалану керек.

Қолданудың қарапайымдылығы. Қолданбамен жұмыс істеу кезінде бағадарламалау бойынша арнайы білім қажет болмау керек, пайдаланушыны есептеу техникасы жағынан мамандандырылған түрде дайындауды қажет ететін талаптар болмауы керек. Қолданушының компьютерді іске қоса алғаны, пернетақтамен жұмыс істей алуы, кейбір іс-әрекеттерді, мысалы, тегерішті орнату, ақпаратты көшіру сияқты және т.б. әрекеттерді орындай алуы жеткілікті.

Интерфейстің жылы жүзділгі. Қолданбаның жұмысы қолданушыны белгілі бір әрекеттерді орындауға бағыттап отыратын айтылымдармен қолдалып отыруы қажет. Қолданбада пайдаланушының әрекеттерін бақылап отыру мүмкіндігі, қате іс-әрекеттерді талдау және оларды шешу жолдарының экранға шығып отыруы алдын-ала қарастырылып қоюы қажет.

Интерфейстің ыңғайлылыңы. Диалогтық жүйедегі әрекеттесудің ыңғайлы ортасын қамтамасыз ету үшін бейнеленетін ақпарат құрылымдалған болуы қажет және адамның деректерді қабылдау және өңдеу қабілеттеріне сәйкес болуы керек.

Сенімділік және деректерді қорғау. Деректердің бүтіндігін және бір-біріне қарама-қайшы болмауын сақтау және оларға рұқсатсыз қатынас құруды шектеу қамтамасыз етілуі қажет.

Қазіргі кездегі көрсетімдік технологиялар жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес келетін қолданбаларды (RAD – Rapid Application Designer) тез жасаумен қамтамасыз етеді.

Негізгі әдебиет: [1] с.163-170.