
- •«Ақпараттық жүйенің Деректер базасының жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Реляциондық дқ жобалау
- •Қосымша әдебиет: [9] с.92-119, 505-527, [10] с.104-134.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.22-28.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1025-1040.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1028-1040.
- •Қосымша әдебиет: [9] с.944-960.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.958-962.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.159-164, [9] с. 81-83,792-794.
- •Қосымша әдебиет:[8] с. 28-36, [9] с. 65-88.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.56-70, [9] с.56-58.
- •3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
- •1 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58.
- •1 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58. Бақылау сұрақтары:
- •4. Студенттің өздік жұмысы
Қосымша әдебиет: [9] с.944-960.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай түсінік объектті-бағытталған программалауда негізгі болып табылады?
2. Әдіс және объект қасиеті дегеніміз не?
3. Объектті-бағытталған программалауда басқарудың қандай моделі қолданылады?
4. Жағдай дегеніміз не?
5. Объектті-бағытталған программалауға қандай сипаттамалар тәң?
6. Объектке қандай түсініктеме беруге болады?
7. Объектті-бағытталған программалауда класс түсінігі не білдіреді?
8. Кластың қандай негізгі типтері бар?
9. Класс-контейнердің класс-басқару элементінен айырмашылығы?
№11 дәріс
ДҚБЖ-да визуальды (көрсетімдік) бағдарламалау
ДҚБЖ визуальды (көрсетімдік) бағдарламалаудың негізін ДҚ экрандағы болашақтағы қолданбасының объектілерін (олардың іске асуының ең мүмкін кезінде) басқару құрайды.
Қазіргі кездегі ДҚБЖ әдетте негізгі сыныптардың кең жиыны (объектілердің прототиптері) – контейнерлер және басқару элементтері болады, олардың көмегімен өз объектілеріңді анықтауға болады. Негізгі сыныптардың көбі көрінетін (визуалды) болып келеді, кейбір сыныптар объектілерді біріктіру үшін қолданылады және пішінде көрінбейді (визуалды емес). Visual FoxPro клиенттік ДҚБЖ негізгі сыныптары 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Атауы |
Тағайындалуы |
Сыныптың типі |
ToolBar |
Құралдар панелі |
Контейнер, визуалды |
Form |
Пішін |
Контейнер, визуалды |
FormSet |
Пішіндер тобы |
Контейнер, визуалды емес |
Page |
Пішіннің парағы |
Контейнер, визуалды |
PageFrame |
Парақтар жиыны |
Контейнер, визуалды емес |
Grid |
Кесте |
Контейнер, визуалды |
CommandGroup |
Басқару батырмаларының жиыны |
Контейнер, визуалды |
OptionGroup |
Ауыстырып-қосқыштар жиыны |
Контейнер, визуалды |
Header |
Кестенің бағанының тақырыбы |
Басқару элементі, визуалды |
Command |
Басқару батырмасы |
Басқару элементі, визуалды |
OptionButton |
Ауыстырып-қосқыш |
Басқару элементі, визуалды |
CheckBox |
Жалауша |
Басқару элементі, визуалды |
Spinner |
Санағыш |
Басқару элементі, визуалды |
TextBox |
Енгізу өрісі |
Басқару элементі, визуалды |
EditBox |
Жөндеу аймағы |
Басқару элементі, визуалды |
Label |
Жазба |
Басқару элементі, визуалды |
ComboBox және ListBox |
Аралас тізім және Тізім |
Басқару элементтері, визуалды |
Line және Shape |
Сызық және Жақтау |
Басқару элементтері, визуалды |
Image |
Бейне |
Басқару элементі, визуалды |
Timer |
Таймер |
Басқару элементі, визуалды |
Әр объект үшін бағдарламаны басқару үшін қолданылатын өзінің оқиғалар жиыны болады. Төменде Visual FoxPro ДҚБЖ оқиғалық басқару үлгісінде қолданылатын негізгі оқиғалар сипатталады.
Load – оқиға пішін немесе пішіндер жиыны жадыға жүктелген кезде пайда болады.
Unload – оқиға пішін немесе пішіндер жиыны жадыдан жүктелген кезде пайда болады.
Init – оқиға объектіні орнатқан кезде пайда болады.
Destroy – оқиға объектіні жойған кезде пайда болады.
Activate – оқиға объектіні жандандырған кезде пайда болады.
Click – оқиға объектіні тышқанмен басқан кезде пайда болады.
DblClick – оқиға объектіні тышқанмен екі рет басқан кезде пайда болады.
RightClick – оқиға объектіні тышқанның оң жақ батырмасымен басқан кезде пайда болады.
MouseDown – оқиға тышқанның курсоры объектіге көрсетіп тұрғанда, объектіні тышқанмен басқан кезде пайда болады.
MouseUp – оқиға тышқанның курсоры объектіге көрсетіп тұрғанда, объекті тышқаннан босаған кезде пайда болады.
KeyPress – оқиға активті тұрған объект үшін кез-келген пернені басқан кезде пайда болады.
InteractiveChange – оқиға объектінің мәні интерактивті режімде өзгерген кезде пайда болады.
ProgrammaticChange – оқиға объектінің мәні бағдарламалық режімде өзгерген кезде пайда болады.
GetFocus – оқиға объектінің кез-келген активтендірілуінде пайда болады.
LostFocus – оқиға объекті активтендірілмегенде пайда болады.
Error – оқиға объектімен байланысқан қате пайда болғанда пайда болады.
Жоғарыда айтылған оқиғалардың барлығы жеке объектілер үшін тиесілі емес, бірақ әр объектінің міндетті түрде үш оқиғасы болады: Init (объектіні орнатқан кезде пайда болады), Destroy (объектіні жойған кезде пайда болады) және Error (объектімен байланысқан қате пайда болғанда пайда болады).
Сыныптар негізінде құрылатын объектіні белгілі бір қолданысқа баптау қасиеттердің көмегімен іске асырылады. Қасиеттерді объектінің физикалық атрибуттары деп санауға болады. Әрбір атрибут объектіні сипаттайды және оны бірегей етеді.
Базалық сыныптың негізінде жасалған объектінің қасиеттерінің тізімі базалық сыныптың қасиеттерімен анықталады (мұраға алу қағидаты). Қасиеттер айнымалылар сияқты, бірақ олардан ерекшелігі – бұлар объектінің сыртында бола алмайды.
Әрбір базалық сыныпта өзінің қасиеттер жиыны болады, ондай қасиеттер бүкіл сыныптарда және олардың негізінде жасалған сыныптарда болады:
Class – сыныптың типі;
BaseClass – базалық сынып, осының негізінде берілген сынып (объект) жасалған;
ClassLibrary – сыныптар кітапханасы, онда берілген сынып сақталады;
ParentClass – қолданушы анықтаған сынып, осының негізінде берілген сынып (объект) жасалған.
Visual FoxPro объектілердің қасиеттерін өзгерту мүмкіндігі интерактивті режімде деректерді басқарудың күшті құралы болып табылады. Мысалы, мыналарды істеуге болады:
экрандық пішіннің қасиетін өзгерту (тақырыбын, өлшемін және т.б.);
шығару өрістерінің түстерін, бейнелену пішімдерін өзгерту;
өріске енгізуді немесе оларға көшуді тыйым салу немесе оларды көрінбейтін жасау және т.б.
Жобалаудың интерактивті режімінде объектінің қандай да бір қасиеттерін анықтау үшін қажетті объектіні таңдау қажет және тышқанның оң жақ батырмасые басу керек, ал ашылған объектінің менюінен Қасиеттер (Propeties) командасын таңдау керек. Нәтижесінде экранда ағымдағы объектінің қасиеттер терезесі пайда болады. Объектілердің қасиеттерінің мәндері символдық, логикалық және сандық болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері кез-келген мәндер қабылдауы мүмкін (мысалы, өрістің тақырыбы, өрістің объектісінің координаттары). Басқа қасиеттер белгілі бір тізімнен мәндер қабылдауы мүмкін.
Негізгі әдебиет: [1] с.171-178, [6] с.469-486.