
- •«Ақпараттық жүйенің Деректер базасының жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Реляциондық дқ жобалау
- •Қосымша әдебиет: [9] с.92-119, 505-527, [10] с.104-134.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.22-28.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1025-1040.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1028-1040.
- •Қосымша әдебиет: [9] с.944-960.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.958-962.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.159-164, [9] с. 81-83,792-794.
- •Қосымша әдебиет:[8] с. 28-36, [9] с. 65-88.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.56-70, [9] с.56-58.
- •3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
- •1 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58.
- •1 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58. Бақылау сұрақтары:
- •4. Студенттің өздік жұмысы
Қосымша әдебиет:[9] с.1028-1040.
Бақылау сұрақтары:
Бағыныңқы сұраныстарды қолдану қандай мүмкіншіліктер береді?
Корреляцияланбаған бағыныңқы сұраныстар дегеніміз не?
Корреляцияланған бағыныңқы сұраныстар дегеніміз не?
Қандай оператор бірнеше таңдаманың нәтижесін бір сұранысқа біріктіруге мүмкіндік береді?
5. Алғашқы таңдамалардың нәтижесі оларды бір сұранысқа біріктірген жағдайда, қандай шарттарға қанағаттандырылуы қажет?
№10 дәріс
ДҚБЖ объектті бағытталған программалау (ОБП)
Объектті бағытталған программалау (ОБП) объект түсінігіне негізделеді, ал процедуралық программалау процедураларға негізделеді. ОБП негізі болып табылатын объект түсінігі, программаларды құратын модульді принципті өте тиімді қолдануға және визуалды программалауға, ДҚ және оның қолданбаларын жобалауға мүмкіндік береді.
Объектті бағытталған программалау тілінің негізгі ерекшелігі ол программаның программалау объекттері арқылы ұйымдастырылуы. Объекттер инструкцияларға (әдістер деп аталатын) және деректерге (қасиеттері деп аталатын) ие, олар объекттің қылқын анықтайды. Әдіс – объекттің жұмысын басқаратын функция немесе процедура. Сыртқы түрі және объекттің жұмысы объекттің қасиеттері болып табылатын сипаттамалармен анықталады. Объекттің қасиеттері өзгеретін және өзгермейтін болуы мүмкін, бірақ олардың мәндерін әр қашан оқуға болады.
Бір функционалды байланысқан есепті орындайтын және бір бүтін болатын объектті, программалы байланысқан әдістер мен қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға болады. Программаның орындалу үрдісінде объект өзінің стандартты қылқын орындайды, тек қана қажет болған жағдайда берілген әрекет бойынша деректерді өзгертеді.Объект деп кез келген пәнді айтуға болады: терезе, енгізу өрісі, батырма және т.б.
Объектті бағытталған программалауда объектер жәйлі ақпарат тасыйтын және объектер арасында ақпараттың алмасуын орындайтын деректер бірінші жоспарда болады. Электрондық сұлба үлгісінде басқару деректерінің ролін электірлік сигналдар атқаруы мүмкін, экономика үлгісінде – нарықтағы тауарлар саны, көптерезелі операциялық қоршам үлгісінде – жүйеде болып жатқан барлық жағдайлар. ОБП басқаратын деректерді хабарлар деп атау керек.
ОБП жағдайлы басқару үлгісі қолданылады. Объекттің стандартты реакциясын активтейтін жағдай өзімен бір әрекетті білдіреді. Жағдай әдіспен өңделеді. Жағдай ретінде тышқанның батырмасын басу, менюдің пунктін таңдау, кестені ашу ж.т.б. қарастыруға болады. Әрекеттердің орындалу тәртібі жүйеде пайда болатын жағдайлармен және объекттердің оларға реакциясымен анықталады. Төменде жүйедегі алдын ала программаланған жүйе реакциясының шарты бойынша әрекеттердің орындалу реттілігі көрсетілген.
Жүйеде жағдай пайда болады (пернені басу, өрістің мәнін өзгерту ж т.б.)
Осы жағдаймен байланысты объект анықталады (кесте өрісі, батырма, пішін ж т.б.)
Жағдайға сәйкес объект әдісі шақырылады, ол осы пайда болған жағдайға сәйкес өңдеу әрекеттерінен тұрады.
Объектті бағытталған программалау тілінде объект кілтті түсінігінен басқа класс түсінігі көп қолданылады. Класс негізінде объектті программалы немесе визуалды құруға болады. Кластар мен объекттер бір бірімен тығыз байланысады, бірақ бұл түсініктер тепе-тең емес. Класс объект қалай болу керек екен жайлы ақпаратты сақтайды және оның орындайтын әрекеттерін анықтайды. Объект – кластың сипаттамасын сақтайтын кластың экземпляры болып табылады.
Объектті бағытталған программалаудың үш негізгі сипаттамасын ажыратады: туындалу, инкапсуляция, полиморфизм.
Туындалу. Барлық объекттер кластар негізінде құрылады және кластардың әдістері мен қасиеттерін сақтайды. Кластар өз кезегінде басқа кластар негізінде құрылуы мүмкін. Бұндай кластар бағыныңқы кластар деп аталады. Олар өздерінің аталық кластарының барлық әдістері мен қасиеттерін сақтайды. Бағыныңқы класқа қосымша жаңа әдістер мен қасиеттерді анықтауға болады. Бағыныңқы кластар программалаудың көлемін қысқартуға және алдыңғы жұмыстың тәжиребесін максималды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталық кластың қасиеттерінің және әдістерінің өзгеруі осы кластың және бағыныңқы кластардың негізінде құрылған объекттердің бағыныңқы кластарында қадағаланады.
Инкапсуляция. Объектте біріккен әдістер мен қасиеттер одан тыс бола алмайды. Көшірме кезінде объект бір бүтін сияқты көшіріледі. Объекттің қасиеттерінің қылқын сипаттайтын деректер мен программалық кодты бір бүтінге біріктіру принципі инкапсуляция терминімен танымал. Бұл жағдайда ОБП технологияларын жүзеге асыру үшін программалау тілдеріне енгізілген арнайы деректер типтерін (мысалы, С++, Simula, Prolog) және де кәдімгі синтаксистік конструкцияларды қолдануға болады.
Полиморфизм. Процедуралық программалау кезінде шақырылатын бағыныңқы программаның немесе функцияның аты орындалатын кодты анықтайды. Объектті бағытталған программалауда түрлі әрекеттерді орындау үшін әдістердің бірдей аттарын қолдануға болады. Мысалы open() әдісін пішінді және дерекқорды ашу үшін қолданылуы мүмкін. Түрлі әрекеттерді орындау үшін бірдей аттарды қолдануға мүмкіндік береді және программалауды қысқартады.
Класс деп үлгіні атайды, ол нақты объект типіне қолданылатын әдістерді және қасиеттерді сипаттайды. Кластар иерархиялық құрылымға ие. Жүйенің класының негізінде (базалық класс) қолданбаларды құратын класс құруға болады, ал ол өз кезегімен қолданушылардың бағыныңқы кластары үшін аталық класс болуы мүмкін. Базалық және құрылған кластар кластардың кітапханаларында сақталады. Объект құрған кезде жүйенің базалық кластарын және арнайы құрылған жаңа кластармен бағыныңқы кластарды қолдануға болады.
Түрлі типті кластар бар. Базалық кластар көбінесе көрінетін болып табылады, ал кейбір кластар объекттерді біріктіру үшін қолданылады және пішінде бейнеленбейді. Сонымен қатар, бір кластар басқа кластардың қабаттасуын қолдайды, ал кейбірлері қолдамайды. Төменде кластардың негізгі типтеріне қысқаша сипаттама беріледі.
Класс - басқару элементтері, объекттерді құруға мүмкіндік береді және олармен тек бір бүтін ретінде қатынасуға болады (тізбек, батырма, тізім, таймер және басқарудың басқа элементтері).
Кластар-контейнерлер, өзінің ішінде басқа объекттерді сақтайтын объекттерді құруға мүмкіндік береді, және сол ішкі объекттермен манипуляциялауға мүмкіндік береді. Мысалы, контейнер-кесте бағаналардан және бағана тақырыбынан тұрады, контейнер-пішін – басқарудың түрлі элементтерінен тұрады.
Экранда көрінетін және қолданбалық интерфейстін негізін құратын визуалды кластарды ажыратады (мысалы, батырма, кесте, пішін ж.т б) және визуалды емес, олар тек жобалау үрдісінде көрінеді (мысалы, таймер).
Негізгі әдебиет: [1] с.157-160.