
- •«Ақпараттық жүйенің Деректер базасының жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
- •050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1. Глоссарий
- •1. Глоссарий
- •2. Дәрістер
- •Реляциондық дқ жобалау
- •Қосымша әдебиет: [9] с.92-119, 505-527, [10] с.104-134.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.22-28.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1025-1040.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.1028-1040.
- •Қосымша әдебиет: [9] с.944-960.
- •Қосымша әдебиет:[9] с.958-962.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.159-164, [9] с. 81-83,792-794.
- •Қосымша әдебиет:[8] с. 28-36, [9] с. 65-88.
- •Қосымша әдебиет:[8] с.56-70, [9] с.56-58.
- •3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
- •1 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Зертханалық сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Зертханалық сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58.
- •1 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Тәжірибелік сабақ
- •Бақылау сұрақтары:
- •7 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с.1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •8 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •9 Тәжірибелік сабақ
- •Қосымша әдебиет: [9] с. 1028-1040. Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Студент
- •Қосымша әдебиет:[9] с.56-58. Бақылау сұрақтары:
- •4. Студенттің өздік жұмысы
Қосымша әдебиет: [9] с.92-119, 505-527, [10] с.104-134.
Бақылау сұрақтары:
1. ДҚ жобалау кезеңдері қандай?
2. Инфологикалық модель.
3. Даталогикалық модель.
№3 дәріс
Реляциондық ДҚЖ тілдік ортасы
Реляциялық ДҚБЖ (РДҚБЖ) деректердің реляциялық үлгісін қолданады және деректерді кесте түрінде көрсетеді. ДҚ ретінде түрлі РДҚБЖ деректердің кестеде сақталуы түсінігі болып табылады, бірақ «Дерекқор» аты тек қана кестелерді біріктірмейді және сол кестелерді туындыларын (отчеттер, пішіндер, виртуалды кестелер – көрсетімдер ретінде, сұраныс пішіндері, программалық модульдер және т.б.).
Кестені екілік массив ретінде немесе жазба жиынтығы ретінде (нақты кесте үшін) бірдей құрылымды жазбаларды жол, қатар деп те атайды. Кестенің бағаналары өрістер немесе атрибуттары деп аталады. Басқаша айтқанда, кесте жазбалардан және өрістерден тұрады. Өрістер саны (бағаналар) және жазбалар (жол) сандары әр кесте үшін теоретикалық шектелмейді, бірақ практикада шектеулер болады.
ДҚ жұмыс жасау үшін арнайы тілдер қолданылады, оларды ДҚ тілдері деп атайды. Тілдік құралдар қолданушылардың ДҚ әрекеттесуі үшін арналған. Олар түрлі компоненттерді сипаттау үшін, ДҚ қажет бөліктеріне әрекет жасау үшін қызмет етеді және т.б. ДҚБЖ деректер басқару жүйелерінің шарттары бойынша сипаттау операторларын және процедуралық операторларды бөлуге және келесі тілдер ретінде көрсетуге болады, олар деректерді сипаттау тілдері және ДҚ әрекеттесу тілдері.
Деректерді сипаттау тілі (ДСТ)– Data Definition Language (DDL) деректерді логикалық сипаттау үшін қолданылады және келесі функцияларды орындау қажет: деректердің типін идентификациялау, деректер элементінің әр типіне уникалды ат меншіктеу, кілттерді анықтау, бір деректердің басқа деректерде кіру ретін спецификациялау, деректер арасында қатынастарды орнату.
Олардың арасында сұлбаларды сипаттау тілдерін, бағыныңқы сұлбаларды сипаттау тілдерін, сақтау құрылымдарын сипаттау тілдерін, сыртқы деректерді сипаттау тілдерін ерекшелеуге болады.
Сұлбаларды сипаттау тілдері (SDL – Schema Definition Language) деректердің барлық байланыстарымен логикалық құрылмын сипаттауға мүмкіндік береді.
Бағыныңқы сұлбаларды сипаттау – сұлбадағы деректердің логикалық сипаттауымен және пайдаланушылардың сұранысы бойынша деректердің арасында сәйкестік орнатады.
Деректерді сақтау құрылымдарын сипаттау тілдері мекендеу және индекстеу әдістерін, деректерді орналастыру тәсілдерін, оларға қатынау тәсілдерін, жадыны басқару тәсілдерін және т.б. анықтайды.
Сыртқы деректерді сипаттау тілдері өте сирек қолданылады, тек кейбір жоғарғы деңгейлі алгоритмді емес тілдерінде бар.
Өте үлкен мәнді дерекқормен әректтесу тілдері болады, олар төменде сипатталған. Базалық тіл – ДҚБЖ құруына қолданылған программалау тілі.
Деректерді манипуляциялау тілі (ДМТ) – Data Manipulation Language (DML), ДҚБЖ мен пайдаланушы арасында интерфейсті орнатады.
Егер деректерді манипуляциялау базалық тілге құрамдас болса, онда базалық тіл ДҚБЖ программалау тілі болып табылады. Қазіргі кезде автономды программалау тілдері қолданылады, оларға DMT құрамдас болады және программалау үрдісін оңайлатады. Сұраныс тілдері – терминалды тілдер, олар программист-мамандарды емес ДҚБЖ әрекеттесуін жасайды. Жаңа ДҚБЖ бұл бөлу функционалды болып табылады. Әдетте, ДСТ және ДМТ операторлары жүзеге асырылған кезде біртілдік ортаға бірігеді және біріккен интеграцияланған тіл қолданылады, ДҚ жұмыс жасайтын барлық қажет құралдарды қамтитын, құрылуымен бастап және ДҚ жұмыс жасайтын базалық пайдаланушылар интерфейсін жасайды.
х-Base дерекқор программалау тілі 4 GL (4 Generation Language) 4-буынды тілдеріне жатады және реляционды d-Base сияқты ДҚБЖ қолданылады. d-Base сияқты ДҚБЖ Ashton-Tate фирмасымен 80 жылдардың басында берілген. Бұл жанұяға d-Base ДҚБЖ тын басқа фирмалармен құрылған дерекқорды басқару жүйелері кіреді. Оларды біріктіретін бірнеше айырмашылықтарымен d-Base сияқты процедуралық типті тіл, ол х-Base программалау тілі. Әрі қарай х-Base программалау тілі негізгі жағдайлары және командалары қарастырылады, өйткені ол кез келген d-Base сияқты ДҚБЖ жүзеге асырылуында қолданылады, сонымен қатар объектті бағытталған версияларында программалаудың визуалды құралдарымен. Егер түрлі ДҚБЖ бір команданың бірнеше версияларында қолданылуы мүмкін болса, онда ол команданың версиясы Windows ОЖ Visual FoxPro ДҚБЖ сиппаталған. Visual FoxPro көп таратылған және дербес компьютерлер үшін ДҚ басқаратын жоғары жылдамдықты локалды жүйе болып табылады және есептеу қорларына төмен сұраулармен сипатталады, ол оны дербес компьютердің кез келген класында қолдануға мүмкіндік береді. Кәзіргі кезде бұл жүйенің бірнеше модификациясы бар, ол кеңауқымда жұмыс істеуге бағытталған, операциялық жүйелерде (MS-DOS тан Unix дейін), және аппараттық платформаларда (IBM PC ден және олардың аналогтары VAX типті мини ЭЕМ).
Қазіргі кезде кең тараған ДҚБЖ xBase жүйесі жатады. Бұл жүйе қатынас аралық (реляциялық) типке қарайды, онда мәліметтер кесте түрінде бейнеленіп, магниттік құрылғылардағы әртүрлі файлдарда сақталады. ДҚ пайдаланатын программалардан тәуелсіз құрастырылған xBase ДҚБЖ мәліметтер файлы (мәліметтер кестесі) бағаналар (өрістер) мен қатарлардан (жазбалар) тұрады да, файл атының тіркеуі .dbf болады.
Файлдардағы әрбір өрістің өзіндік аты, типі, көлемі, (бір жазбадағы өрістің символдар саны) және дәлдігі – сандардың үтірден кейінгі таңбалар саны болады. Өрістердің типтері символдық (өріс мәндері – кез келген символдар), сандық (өріс мәні - кез келген сан), даталық не мерзімдік (өріс мәні – жылы, күні , айы көрсетілген мерзім), логикалық (өріс мәні - .F. (FALSE - жалған) немесе .Т. (TRUE - ақиқат)) түрлерден және МЕМО типтес ескертпелерден тұрады. Бір жазбадағы өрістер саны 128-ден, символдар саны 4000-нан, ал бір өрістегі символдар саны 254-тен, ДҚ файлындағы жазбалар саны
1 млрд-тан аспауы тиіс.
xBase жүйесінде берілген екі түрлі режимнің (тәртіптің) бірінде жұмыс істеуге болады. Интерактивті жұмыс тәртібі – сұхбаттасу (диалог) режиміндегі команда - жауап арқылы жүргізіледі де, программалық тәртіп xBase программалау тілінде жазылған программаларды орындаудан тұрады. xBase қолданатын барлық ДҚБЖ SQL деректерін басқаратын ендірілген тілді қолдайды. Сондықтан xBase программаларына SQL командаларын қосуға болады.
xBase ортасында жұмыс істегенде алгоритмдік тілдердегі сияқты мынадай лексикалық белгілер пайдаланылады: ағылшын алфавитінің үлкен және кіші әріптері мен астын сызу таңбасы; 0-ден 9-ға дейінгі ондық цифрлар; +, -, *, /, =, ?, !, >, <, т.с.с арнайы символдар.
xBase командасының құрылымы:
ЕТІСТІК [<әсер_ету_аймағы>] [<өрнектер _тізімі>]
[<FOR/WHILE <шарттар>]
мұндағы ЕТІСТІК – команданың аты; <әсер_ету_аймағы> - команданың қандай жазбаларға қатысы бар екенін көрсететін әсер ету аймағы; <өрнектер _тізімі> - команданың операндалары болып табылатын ДҚ өрісінің аты. ЭЕМ жадының уақытша айнымалылары, операторлар, тұрақтылар т.б; <шарттар> - FOR және WHILE опцияларының (мүмкіндіктерінің) шарттары. Тік жақшаға міндетті түрде қажет емес параметрлер алынады. Әсер ету аймағын көрсету үшін ALL (әсер ету аймағы – ДҚ барлық жазбалары), RECORD N (әсер ету аймағы – ДҚ файлының N-ші жазбасы); NEXT Z (әсер ету аймағы – ішкі жазба сілтемесі көрсетіп тұрған жазбадан бастап келесі Z жазба).
Белгілі бір мамандық саласы үшін ДҚ жасау кезеңінде өзімізге керекті объектілермен олардың сипаттамаларын анықтап алуымыз қажет. Мысалы, керекті сала – деканат, объект – студент болсын. Мұндағы бізге қажет студенттің сипаттамалары – фамилиясы, туған жылы, сынақ кірапшасының, номері, семьялық жағдайы, степендиясы болады. ДҚ әрбір студентке сәйкес жазба (қатар), ал оның әрбір сипаттамасына сәйкес - өріс (бағана) болуы тиіс. ДҚ жасау үшін алдымен оның құрамын анықтау керек, яғни кестедегі өріс (бағана) сандары және олардың параметрлері: аты, типі, ұзындығы, дәлдігі көрсетілуі тиіс.
Негізгі әдебиет: [1] с.12-13, 92-105, [3] с.5-14.