Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДКБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
503.3 Кб
Скачать

Реляциондық дқ жобалау

ДҚБЖ бірінші даму этапы ДҚ мынадай үлкен машиналармен- IBM 360/370, ЕС-ЭЕМ, РДР11 типті мини-ЭЕМ (Digital Eguipment Corporation-DEC фирмасының), HP түрлі үлгілерімен (Hewlett Packard) ұйымдастырылуынан басталды.

ДҚ орталық ЭЕМ сыртқы жадында сақталды, және бұл ДҚ пайдаланушылары – негізгі пакеттік режимде іске қосылатын есептер болды.

Барлық ДҚБЖ күшті мультипрограммалық операциялық жійелерге (MVS, SVM, RTE, OSRV, RSV, Unix) негізінен үлестірілген қатынау режиміндегі орталықтанған ДҚ жасалатын жұмыс.

Қорларды бөлуді басқару функциясын негізінен – операциялық жүйе (ОЖ) атқарады. Деректерге қатынаудың навигациялық әдістеріне бағытталған, деректерді манипуляциялайтын төмен деңгейлі тілдер қолданылады. Ерекше рөл – деректерді әкімшілік етуге беріледі.

Дербес компьютерлердің пайда болуымен – деректер қорының дамуының келесі кезеңі тығыз байланысты. Бұл этаптың ерекшеліктері:

  • барлық ДҚБЖ негізінен ДҚ жасау үшін монопольдік қатынау арқылы жүргізуге есептелді;

  • ДҚБЖ басым бөлігінің дамыған және ыңғайлы қолданбалы интерфейсі болды. Және көп бөлігінде ДҚ сипаттау аумағында және сұраныстарды жобалау аумағында да қолданылатын ДҚ интерактивті жұмыс режимі болды. Сонымен қатар, ДҚБЖ бірқатар бөлігі программалауды қажет етпейтін дайын қолданбаларды құру үшін дамыған және ыңғайлы инструментарий ұсынды.

Барлық үстелдік ДҚБЖ реляционды үлгісінің тек қана сыртқы деңгейі қарастырылды, яғни деректер құрылымының сыртқы кестелік түрін ғана.

Реляционды алгебра және SQL типті деректерде жоғары деңгейлі тілдер манипуляцияласа, үстелдік ДҚБЖ кестелердің бөлек қатарлары деңгейінде деректерді төмен деңгейлі тілдермен манипуляциялауы жүрді.

Монопольді жұмыс режимінің болуы ДҚ әкімшілік ету қызметінің пайда болуына алып келді және осыған байланысты ДҚ әкімшілік ету үшін қажет инструментальды құралдардың жоқ болуына әкеліп соқты.

Ал, соңғы және қазіргі уақыттағы айтарлықтай ерекшелік, ол үстелдік ДҚБЖ ақпараттық жабдықтауға салыстырмалы төмен сұраудың болуы.

ДҚ келесі даму кезеңі – ол үлестірілген ДҚ және клиент – серверлі сәулеті.

Жаңаша ДҚБЖ басым бөлігінде – Үстелдік ДҚБЖ және оның пішімдерінің деректерді экспорттау құралдарын қолданып құрылған, клиенттік қолданбаға қосылу құралдары бар.

Пайдаланушының қолданбалы программалары ДҚ деректердің қалай сақталуына байланыссыз, логикалық деңгейде ДҚБЖ сұраныс берілді. Пайдаланушының сұранысына қарай ДҚБЖ деректердің сипаты көрінуіне байланысты және оларға қатынау реті бойынша қажет физикалық файлдарды анықтайды. Деректер оқылып болған соң, ақпарат қолданбалы программаға қажет түрге келтіріледі.

ДҚЖ басқа деректерді ұйымдастыратын әдістерден бірқатар ерекшеліктер ажыратады:

  • ақпараттың шамадан тыс артықшылығының айтарлықтай қысқаруы;

  • деректердің программалардан, ал программалардың деректерден тәуелсіздігі;

  • деректерді сапалы басқару;

  • деректердің толықтығына және қарама-қайшы болмауына бақылау жасау;

  • деректерді сақтау, өңдеуге шығындарды азайту.

ДҚ технологиясының артықшылығы ғана емес, әр кезде ДҚ жұмыс жасау деректерді көрсету, сипаттау көмегімен іске асады және ол осы технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді:

  • сақталатын деректердің жалпы көлеміндегі қызметтік ақпараттар үлесінің артуы;

  • жүйенің техникалық программалық құралдарына жоғары талаптардың болуы, себебі қорлардың жарты бөлігі жүйенің өз қажеттігіне жұмсалады;

  • бөлек қолданбалардың тиімділігін жоғалтуы;

  • деректердің өңдеудің дәстүрлі технологияларымен салыстырғанда, жаңылусулардың тізбектерін түзу қиындайды.

Деректерді сақтау және өңдеу –ақпараттық жүйені құрушылардың алдындағы ең маңызды сұрақ болып табылады. Жүйелерді құру және эксплуатациялау кезінде бірқатар қанағаттандырылуы қажет шарттарды ескеру керек:

  • пәндік аймақты бейнелеу адекваттылығы;

  • әр түрлі режимде және әр түрлі деңгейдегі пайдаланушылар жүйелердің өзара байланысын ұйымдастыру;

  • деректердің құпиялығын, ақиқаттығын және сенімділігін қамтамасыз ету;

  • қолданатын программалардың деректерден және деректердің программалардан тәуелсіз болуы;

қабылдауға болатын сипаттаудың қызмет атқаруын қамтамсыз ету (сұранысты реализациялау уақыты, қажет жадының көлемі, сервис, жүйенің бағасы және т.б.).

Негізгі әдебиет: [1] с.5-11, 36-:43, 76-85.