Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДКБЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
503.3 Кб
Скачать

«Ақпараттық жүйенің Деректер базасының жүйесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен

050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2014

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы

1. Глоссарий

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

1.1. Деректер базасы (ДБ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық деректердің аталынған жиынтығы.

1.2. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) – бұл деректер базасын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені.

1.3. Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін деректерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі.

1.4. Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.

1.5. Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.

1.6. Деректер моделі – деректер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.

1.7. Торап – қандайда бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарынының жиынтығы.

1.8. Концепция жалпы мағынада процестер мен құбылыстарды зерттеудің қандай да бір жүйесін көрсетеді. Концепцияның құрама бөліктеріне принциптер мен әдістемелер жиынтығы жатады.

1.9. Әдістеме –мәселелерді шешу әдістерінің жиынтығы.

1.10. Принцип – бұл ереже. Принциптер жиі шексіздіктер мен талаптар түрінде көрсетіледі.

2. Дәрістер

1 дәріс

ДҚЖ кіріспе, реляциондық ДҚБЖ

Барлық адамзат шығармашылығының аумағында ақпарат деген түсінік кеңінен қолданылады, себебі кез келген өзара байланыс пен жұмыс үйлесімділігі тек ақпарат арқылы іске асады. Адамзат шынайы ақпараттық жүйелерді жасады, өйткені шешімдерді қабылдау және бақылау үшін өндірісті ақпаратпен қамтамасыз ету қажеттілігі туды және сол ақпаратты жинап, қорытып, өз бағытында таратуды үйренді. Ал нарықтық экономика тұсында ақпарат ең маңызды тауарлардың бірі болып саналады.

Ақпарат деп – қабылдау, жіберу, түрлендіру, сақтау және қолдану сияқты операциялардың объектісі болып табылатын қандай да бір оқиға, болмыс, үрдіс туралы кез келген мәліметті айтамыз.

Ақпаратты өңдеудің әр түрлі әдістері мен құралдарын жасау проблемасына әрқашан үлкен көңіл бөлінген. Бірақ ақпаратты өңдеу саласындағы сапалы қадам 40 жылдардың соңында электронды есептеу машиналарын (ЭЕМ) – компьютерлерді ойлап табу нәтижесінде болды. Қазіргі кезде, кейбір дамыған елдерде ақпаратты компьютерлік өңдеу сферасында еңбекке қабілетті тұрғындардың жартысы жұмыс атқаруда, ал осы бағытқа жұмсалынған ақша үлкен табыс әкелуде. Ақпаратты компьютерлік өңдеу – жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ) негізінде жасалады, оның тиімді қолданылуын адам шығармашылығының кез келген аумақтарының үрдісі анықтайды.

Белгілі типтегі ақпараттарды өңдеуді орындауға бағытталған арнайы программалық жүйелер – қолданбалы программаларға жатады. Олардың көмегімен ақпараттарды компьютерлік технологиялар өңдеуге негізделген ақпараттық технологиялар іске асады.

60 жылдары дерекқор жүйесі (ДҚЖ) түсініктеріне негізделген, ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру үрдістеріне жаңа шешім табылды. Дерекқор (ДҚ) деп – есептеу жүйесінде (ЕЖ) сақталатын арнайы аталатын ұйымдастырылған мәліметтерді атайды. Деректер базасы белгілі бір пәндік аймақ үшін (банк, биржа, дүкен, қойма, кітапхана және т.б.) жасалады. Бүгінгі таңда деректер қорын шамамен барлық жерде кездестіруге болады. ДҚ медицинада, транспортта, құқық қорғау органдарында, қалалық анықтама қызметтерінде, өндірісте және оқу орындарында қолданады. ДҚ компьютер пернетақтасының бірнеше пернесін басу арқылы санаулы секундтарда алуға болатын әр түрлі ақпараттарды өзінде сақтайды.

Программалық жабдықтау аумағының мөлшерінде және біздің күнделікті өмірімізде ерекше орын алатын деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – ДҚ жасау және қолдану үшін қызмет атқарады. ДҚБЖ ДҚ технологиялық негізінде ақпараттық жүйелер құру арқылы ақпараттық қызметтерді ұйымдастыруда жаңа концепциялардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде муниципальді, банкілік, биржалық ақпарат жүйелері, көтерме және бөлшектеп сату ақпараттық жүйелері, сауда үйлері, еңбек және жұмыс басқару қызметтері, тауар және қызмет нарығының ДҚ, анықтамалық және аналитикалық болжау ақпараттарының ДҚ және т.б. Бұл жүйелердің жұмысы глобальді интернет желісі көмегімен ғана әрі қарай интеграцияланатын әр түрлі сәулетті немесе олардың қосындыларынан тұратын локальді (жергілікті) есептеу желілерінде, яғни корпоративті желілер атына ие болған желілерде жүзеге асады.

Ақпараттық-есептеу жүйесінің жоғары деңгейде интернетті қолдану арқылы ұйымдастырылуы - мамандардың тек қана еңбегі мен уақытын үнемдеу ғана емес, осы жүйені жұмысында пайдаланатын әр түрлі категориялы жұмысшылар еңбегінің шығармашылық үлесін арттырады. Басқаша айтқанда, мұндай жүйені қолдану, ең біріншіден, еңбек сапасын артырып, кей жағдайларда, тікелей экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. ДҚЖ технологиясы – қолданбалы есептерді шешу үшін аз шығынданумен және өте жоғары әсерлікпен ақпарат жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, деректерді өңдеуде перспективті технологиялардың бірі болып табылады.

Деректер деп – кезекті өңдеуге, сақтауға және жіберуге қажет, белгілі формада бекітілген ақпаратты айтамыз. Деректер – белгілі объектілер немесе шынайы өмір құ- былыстарының тіркелген факторларына сәйкес келеді.

Деректерді өңдеудің дәстүрлі технологисында әрбір программа деректерді қосарлануға алып келетін, өзінің деректер файлдарымен жұмыс атқарады. Әр түрлі программаларды бір деректер файлдарын қолдану арқылы деректердің қосарлануын болдырмау әрекеттері, - программалардың бір-біріне тәуелді болуына соқтырады. Осыған тоқталсақ, деректерді өңдеудің дәстүрлі жүйесінде сақталатын деректер пішімі мен деректер файлының құрылымы – оны түзейтін (жасайтын) программамен анықталады және осы файлды пайдаланатын программаларда ескерілуі керек. Деректер файлының құрылымындағы өзгерістер - оларды қолданатын программалардағы өзгерістерге алып келеді.

Деректер қосарлануының және деректер мен программалар арасындағы тәуелділіктің алдын алу үшін түзу және құрылымның өзгеруі белгілі бір нақты қолданушы программасымен анықталмайтын деректер файлдары болу қажет және осы файлдар жиынтығын –дерекқор деп атайды. Ал, осы дерекқорды құру және басқару үшін ойлап табылған программалық жүйелер дерекқорды басқару жүйелері атына ие болды.

Дерекқор (ДҚ) – есептеу жүйесінде сақталатын және оларды пайдаланатын программаларға тәуелсіз (объектілердің күйін және олардың пәндік аймақтағы қаралуына қатынасын көрсететін деректердің аттары бар жиынтығы), арнай ұйымдастырылған деректер массиві. Пәндік аймақ (ПА) деп – пайдаланушыны қызықтыратын шынайы әлемнің бөлігі, яғни нақты ДҚ қолданылу аймағы. ДҚ ұжымдар мен серіктестіктерді басқару ортасында, транспорт, медицина, ғылыми зерттеуде және т.б. қолданылатын түрлерін ажыратады.

Дерекқор басқару жүйесі (ДҚБЖ) деп – ДҚ көптеген қолданушылардың түзу-жасауға, жүргізуге және бірге қолданылған арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығын айтамыз.

Дерекқор жүйесі (ДҚЖ) – бұл деректерді орталықтан жинақтауды қамтамасыз етуге және көп бағытты коллективті пайдалануға бағытталған, арнайы түрдегі ұйымдастырылған деректердің – ДҚ, программалық, техникалық, тілдік, ұйымдастыру – методикалық құралдардың жиынтығынан тұратын жүйе.

ДҚБЖ даму тарихы 40 жылдан аса уақытқа созылған. 1968 ж. IBM фирмасының ең бірінші өндірістік ДҚБЖ жүйесі эксплуатацияға енгізілген. 1975 ж. ДҚ жүйесінің теориясында бірқатар фундаментальды түсініктерді анықтаған және әлі күнге дейін деректердің желілік үлгісі үшін негіз болып табылатын – деректер жүйесінің тілдер бойынша бірінші ассоциациялық стандартты – Conference of Data System Languages (CODASYL) пайда болды.

ДҚ әрі қарай теориялық дамуына – деректердің реляционды үлгісін ойлап тапқан америкалық математик Э.Ф. Код үлкен үлес қосты. 1981 ж. Э.Ф. Код реляционды үлгі мен реляционды алгебраны жасағаны үшін есептеу техникасының америкалық ассоциациясының дәрежелі тьюринг премиясын алды.

Негізгі әдебиет: [1] с.3-7, [2] с.4-:5, [3] с.3-5.

Қосымша әдебиет: [8] с.13-28, [9] с.35-44.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат түсінігіне анықтама беріңіз.

  2. Деректер түсінігіне анықтама беріңіз.

  3. ДҚ анықтама беріңіз.

  4. ДҚБЖ анықтама беріңіз.

  5. ДҚЖ анықтама беріңіз.

№2 дәріс