
- •Заттардың коллоидты күйі
- •Коллоидты ерітінділер
- •1 Коллоидты химия пәні
- •4. Коллоидты ерітінділер
- •Тақырыбы : Беттік құбылыстар мен адсорбция. Беттік керілу
- •Кейбір заттың беттік керілуі
- •Сұйықтардың беттік керілуі
- •Кейбір кристалдың беттік керілуі
- •Дәрістің тақырыбы : баз-дар туралы түсінік
- •Дәріс № Коллоидты epітінділердің тұрақтылығы Коллоидты жүйелердің тұрақтылық түрлері
- •2. Кинетикалық факторлар:
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық тұрактылығы
- •Агрегативтi немесе құрылымдық тұрақтылық
- •Длфо теориясы
- •Физикалық адсорбция
- •Химиялық адсорбция
- •Адсорбция тvрлерi
- •Катиониттегi реакция
- •Аниониттегi реакция
- •Суспензияның седиментациялық анализ
- •Суспензияның классификациясы
- •Сұйытылған суспензияларды алу әдістері
- •Сұйытылған суспензия қаситеттері
- •Сұйық суспензиялардың оптикалық қасиеттері
- •Сулы суспензиялардың электрокинетикалық қасиеттері:
- •Сұйытылған суспензиялардың молекулярлы-кинетикалық қасиеттері:
- •Сүйытылған суспензиялардың седиментациялық тұрақтылығы
- •Аэрозольдер
- •Аэрозольдер классификациясы
- •Аэрозольдердің алыну жолдары
- •Конденсациялық әдістер
- •Аэрозоль бөлшектерінің өлшемі
- •Аэрозоль бөлшектерінің формасы ( пішіні)
- •Аэрозоль структурасы ( құрылысы)
- •Беттік қасиеттері
- •Аэрозольдердің оптикалық қасиеттері
- •Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері
- •Аэрозольдердің электрлік қасиеттері.
- •Агрегативті тұрақтылық коагуляция
- •Аэрозольдерді бұзу әдістері.
- •Аэрозольдерді практикада қолдану.
- •Тағамдық аэрозольдер
- •Коллоидты epтінділердің тұрақтылығы Коллоидты жүйелердің тұрақтылық түрлері
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық тұрактылығы
- •Агрегативтi немесе құрылымдық тұрақтылық
- •Осмостық қысым
- •Сұйытылған өрітінділердің осмос қысымы
- •Электрокинетикалық құбылыстар. Электрокинетикалық потенцияға әсер етуші факторлар
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •Иондарға ыдырау нәтижесінде зарядтың пайда болуы
- •Штерн теориясы
- •Индифференniк емес злектрлиттердiti есерлерi
- •Коллоидты системаларды тазарту
- •Коллоидты-дисперсті системаларды алу
- •Коагуляция.
- •2. Дәрістің жоспары:
- •Көбіктің құрамы
- •Көбіктің қасиеттеріне және әсер ететін жағдайлар
Физикалық адсорбция
Физикалық адсорбция теориясының бiрнеше түрлерi белгiлi. Олардың арасында 1915 жылы Ленгмюр ұсынған мономолекулалық адсорбция теориясы едәуiр назар аударарлықтай. Бұл теорияны тұжырымдарда, оның авторы бiрнеше қағидаларға сүйендi:
1.Адсорбция валенттi күштер не артылып қалған (қосымша) химиялық валенттiлiк күштерi арқылы жүзеге асады.
2.Адсорбция берiлген адсорбент бетiнiң (бәрiнде бiрдей жүре бермей, тек ондағы активтi орталықтарда ғaнa жүредi. Осы активтi орталықтардың әcepi онда пайда болатын қанықпаған күш өpiciнің күштi болу салдарынан және соның нәтижесiнде осы орталықтарда газ молекулалары ұсталынып тұрады. әрине, мұндағы адсорбент атомы не молекуласы аз қаныққан сайын, активтi орталықтардың активтiлiгi артық болады.
3. Адсорбциялық күштердiң әсер етушi радиусы кiшi және осының салдарынан әрбiр активтi орталық адсорбтив молекуласының бiреуiн ғана адсорбциялайды, сөйтiп адсорбент бетiнде адсорбтив молекуласының бiр молекулалық (мономолекулалық) қабаты пайда болады.
4. Адсорбент бетiне адсорбцияланған газ молекулалары онда берiк ұсталмайды: олар ылғи тоқтаусыз газды орта мен сол шеңберде алмасуда болады және бұл құбылыс динамикалық адсорбция тепе-теңдiгi орнағанша жүредi. Осы құбылыстар кезiндегi әрбiр молекула өзi адсорбцияланған бетте, дәлiрек айтқанда активтi орталықта аса ұзақ уақыт ұсталып тұра бермейдi, энергияның басқа молекулаларға ауысуына орай, әуелгi молекулалар жаңадан келгендерге орнын бередi.
Химиялық адсорбция
Химиялық адсорбцияны немесе хемасорбцияны физикалық адсорбциямен салыстырғанда ол химиялық күш арқылы не соның көмегімен жүзеге асады. Адсорбцияның бұл түpi басқалардан мынадай өзгешелiктерiмен оқшауланады: физикалық (адсорбция қайтымды құбылыс, ал хемосорбция қайтымсыз және физикалық адсорбция жылуы небәрi 8,4-33,5 кДж/моль шамасында болса, ал химиялық адсорбция жылуы бірнеше жүздеген кДж/мольге тең. Температура жоғарылаған сайын физикалық адсорбция төмендесе, химиялық адсорбция жоғарылайды. Химиялық адсорбция жүру үшін, оған біршама көбірек активтендіру энергиясы (40-120 кДж/моль) қажет.
Химиялық адсобция қамтамасыз болғандықтан, бұл процестегі десорбция адсорбцияланған молекуланы жай ғана жұлып алумен аяқталмайды, адсорбцияланған беттегі химиялық құбылыстың ыдырауы бітеді. Химиялық адсорбцияға бірден-бір мысал ретінде активті көмірдің оттекті адсорбциялауын алуға болады. Хемосорбция процесін схемалық түрде, мына келесідей етіп көрсетуге болады.
О
О
О О
| | | | | | | |
С С С С С С С С
С С С С С С
С С С С С С С С
Егер оттекпен адсорбцияланған активтелген көмiрдi ауасыз ортада қыздырса, одан таза көмір (көміртек) белiнбестен, көміртек (IV) оксидi бөлiнедi.
Адсорбция құбылысына қазiргi теория мен қолданылмалық тарапынан қарасақ, онда физикалық әpi химиялық күштердiң болатыны аңғарылады, яғни адсорбция физикалық-химиялық құбылыс екен. Оны совет ғалымдары Н. А. Шилов, М. М. Думанский мұқият зерттей келiп, адсорбент пен адсорбцияланушы заттар арасындағы әрекеттесулерде физикалық және химиялық құбылыстардың өзiндiк орны болатынын дәлелдедi. Бұл, әcipece, газдар адсорбцияланған кезде айқын көрiнедi. Мұндағы зерттеулерге зер салса, әуелi газдар таза адсорбент бетiмен жанасқанда химиялық адсорбция жүредi екен, өйткенi осы тұста химиялық күш әсер етедi, ал сонан cоң адсорбция құбылысы онан әpi жалғасса және осы кезде қысымды арттырса, онда физикалық адсорбция жүреді.