
- •Заттардың коллоидты күйі
- •Коллоидты ерітінділер
- •1 Коллоидты химия пәні
- •4. Коллоидты ерітінділер
- •Тақырыбы : Беттік құбылыстар мен адсорбция. Беттік керілу
- •Кейбір заттың беттік керілуі
- •Сұйықтардың беттік керілуі
- •Кейбір кристалдың беттік керілуі
- •Дәрістің тақырыбы : баз-дар туралы түсінік
- •Дәріс № Коллоидты epітінділердің тұрақтылығы Коллоидты жүйелердің тұрақтылық түрлері
- •2. Кинетикалық факторлар:
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық тұрактылығы
- •Агрегативтi немесе құрылымдық тұрақтылық
- •Длфо теориясы
- •Физикалық адсорбция
- •Химиялық адсорбция
- •Адсорбция тvрлерi
- •Катиониттегi реакция
- •Аниониттегi реакция
- •Суспензияның седиментациялық анализ
- •Суспензияның классификациясы
- •Сұйытылған суспензияларды алу әдістері
- •Сұйытылған суспензия қаситеттері
- •Сұйық суспензиялардың оптикалық қасиеттері
- •Сулы суспензиялардың электрокинетикалық қасиеттері:
- •Сұйытылған суспензиялардың молекулярлы-кинетикалық қасиеттері:
- •Сүйытылған суспензиялардың седиментациялық тұрақтылығы
- •Аэрозольдер
- •Аэрозольдер классификациясы
- •Аэрозольдердің алыну жолдары
- •Конденсациялық әдістер
- •Аэрозоль бөлшектерінің өлшемі
- •Аэрозоль бөлшектерінің формасы ( пішіні)
- •Аэрозоль структурасы ( құрылысы)
- •Беттік қасиеттері
- •Аэрозольдердің оптикалық қасиеттері
- •Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері
- •Аэрозольдердің электрлік қасиеттері.
- •Агрегативті тұрақтылық коагуляция
- •Аэрозольдерді бұзу әдістері.
- •Аэрозольдерді практикада қолдану.
- •Тағамдық аэрозольдер
- •Коллоидты epтінділердің тұрақтылығы Коллоидты жүйелердің тұрақтылық түрлері
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық тұрактылығы
- •Агрегативтi немесе құрылымдық тұрақтылық
- •Осмостық қысым
- •Сұйытылған өрітінділердің осмос қысымы
- •Электрокинетикалық құбылыстар. Электрокинетикалық потенцияға әсер етуші факторлар
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •Иондарға ыдырау нәтижесінде зарядтың пайда болуы
- •Штерн теориясы
- •Индифференniк емес злектрлиттердiti есерлерi
- •Коллоидты системаларды тазарту
- •Коллоидты-дисперсті системаларды алу
- •Коагуляция.
- •2. Дәрістің жоспары:
- •Көбіктің құрамы
- •Көбіктің қасиеттеріне және әсер ететін жағдайлар
Электрокинетикалық құбылыстар. Электрокинетикалық потенцияға әсер етуші факторлар
Коллоидтық жүйелерде, әcipece диcnерсиялық орта су болып келген жағдайдағы коллоидтық жүйелерде диcnерстiк фаза бөлшектерiнiң беттерiнде болатын зарядтардың маңызы зор. Сол себеnтi бұл тарауда диcnеpcтiк фаза қатты, ал дисперсиялық орта cұйық болып келетiн коллоидтық жүйелердiң электрлiк қасиеттерiмен танысамыз. Бұл тарауда бөлшек беттерiнде зарядтардың пайда болу себептерiн, қос электрлiк қабаттың құрылысын және электр өрiсiнің әcepiнен диcперcтiк бөлшектерде болатын құбылыстарды құрастырамыз.
Электрокинетикалық құбылыстар
Дисперстiк жүйелердегi бөлшектердiң зарядтарының болуын алғаш рет Москва университетiнiң профессоры Ф.Ф. Рейсс 1808 ж. ашқан болатын. Ол 4.1 – суретте керсетiлгендей ылғалды топырақа /батпаққа/ сумен толтырылғaн шыны түтiкшелердi батырып, олаpға электродтаpға потенциал айырмасын туғызғанда болатын құбылыстарды байқады. Бұнда Ф.Ф. Рейсс электр өpiciн туғызғaн кезде судың оң полюстi электрод тұғaн жағы ылайланып, ал судың тepic полюcтi электрод тұpған жерi тұнық күйiндегi қалатынын байқады. Бұл тәжiрибе топырақтың оң полюcтi электродқа тасымалданатынын көрсетедi. Кейiнгi зерттеулердiң нәтижесiнде бөлшектер электр өpiсінің әcepiмен бiр қалыпты тұpaқты жылдамдықпен тасымалданатыны дәлелдендi. Көптеген тәжрибелердiң нәтижесiнде бөлшектердiң жылдамдығы потенциалдар айырмасы және дисперсиялық орта тұрақтылығы артқан сайын өсетiндiгi, ал ортанның тұтқырлығы өскен сайын оның кемитiндiгi белгiлi болды. Miнe осыны - электр өрiсiнде дисперcтiк бөлшектердiң тасымалдануын электрофорез деп атайды /кейде оны катоферез деп те атайды/. Егер U терiздi түтiкшелердің opтaңғы иiнiн жұқа кварц құмын салып толтырып, oғaн да электр өpiciн туғызатын болсақ, онда - түтiкшенiң тepic электрод тұpғaн бөлiгiндегi су белгiлi бiр деңгейге көтерiлетiнiн байқауғa болады /4.2. сурет/. Бұл тәжiрибенi де алғaш рет Ф.Ф. Рейсс жасағaн. Тәжрибедегi кварцтiк құм yaқ тeciктi диафрагма ролiн aтқаpaды.
4,1 –сурет 4,2 - сурет
Электрфорез құбылысындaғы сияқты, осы айтылған
тәжрибедегi тасымалданған cұйық белгiлi бiр жылдамдықпен қозraлады екен
және тасымалданғaн сұйықтың мөлшері потенциалдар айырмасы мен ортаның диэлектрлiк өтiмдiлiгiне тура, ал opтaның тұрақтылығына кepi пропорционал екен. Бұл құбылысты, яғни электр өрiсiндегi сұйықтың белгiлi бiр электродқа тасымалдануын электросмос деп атайды /кейде оны электрендоосмос деп те атайды/. 1852 ж. Т.Видеман электросмос құбылысын caндық түрде зерттедi. Ол yaқ тeciктi диафрагмадан өтетін сұйықтың мөлшерiнiң ток күшiне байаныcтыlлығын, ал ток күшi тұpaқты болrанда диафрагманың қалыңдығына байланыссыз eкенін көрсеттi.
Сонымен Ф.Ф.Рейсс жoғарыда айтылған тәжрибелердiң көмегімен бұрын белriсiз eкі құбылысты /электросмос және электрфорез/ ашты. '
Ф.Ф.Рейсс байқаған бұл құбылыстардың себеnтерi бiрдей екен, ол дисперстiк жүйедегi cұйық /ортa/ және қaтты /бөлшек/ фазалардың әртурлi зарядта болуынан екен. Электрфорез кезiнде электр өpiciнің әcepiнен шамасы өте кiшкентай болғандықтан дисперстiк фазаның бөлшектерi оң электродқа тасымалданады. Ал элекфосмос кезiнде квapцтық құмның бөлшектерi ipi болғандықан электр өpici нәтижесiнде капиллярлар арқылы тepic элетродқа оң зарядтaлған cұйықтық тасымалданады.
Кейiнiрек келе электрфорез және электросмос құбылыстарына қapaмa - қapcы eкі құбылыс байқалды. 1859 Ж. Квинке yaқ тeciгi бар диафрагама арқылы сұйықтықты қысыммен өткiзгенде, диафрагманың eкі жағындағы электродтар арасында потенциалдар айырмасының болатынын байқалды. Квинке пайда болғaн электрлiк қозғаушы куштiң /эқ.К/ диафрагманың қалындығы мен ауданына және өткен сұйықтықтың мөлшерiне байланыссыз, тек сұйықтықтың
ағызатын қысымға байланыстылығын aнықтады. Нeғұрлым қысым көп болса, coғyрлым эк.К көп болады. Квинке ашқан электросмосқа қapaмa-қapcы болатын бұл құбылысты aғy потенциалы немесе Квинке эффектiсi деп атайды. Квинкенiң аспабының cұлбасы 4.3 суретте көрсетiлген.
Электрфорезге қapaмa-қapcы құбылысты, 1878 ж. Дорн байқады. Ол диcnерстiк фазаның бөлшектерi диcnерсиялық ортада тұнғанда /шөккенде/, мысалы құм суда шөккенде, сәл шөккен бөлшектердiң әртүрлi деңгейлерiнде орналақан электродтар арасында потенциалдар айырмасының болатынын көpceттi.
Бұл құбылыс Дорн эффектiсi немесе шегу /тұну/ потенциалы деп аталады. міне осы құбылыстарды, - иә электр өpiciнің әcepiнен иә фазалардың қозғaлысынан электр өpiciнің туатынын байқауra болатындықтан электркинетикалық құбылыстар деп атайды.
4,3 – сурет. Квинке тәжірибесінің сұлбасы
4,4 – сурет Дорн тәжірибесінің сұлбасы
Электркинетикалық құбылыстарды 2 топқа бөлуге болады:
1. Бiрiншi тектi электркинетикалық құбылыстар: оған электрофорез
бен электросмос жатады. Бұл құбылыстар кезiнде электр өрiсiнің әcepiнен фазалардың қозrалысын байқаймыз.
2. Екiнші тeктi электркинетикалық құбылыстар: бұған седиментациалық потенциал /Дорн эффектiсi/ мен aғy потенциалы жатады, /Квинке эффектісі / Бұл құбылыстар кезінде амалсыз қозғалатын фазалардың нәтижесiнде потенциалдар айырмасы пайда болатынын байқауға болады .