
- •Лекция №1. Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым
- •1. Педагогика ғылымы және оның даму тарихы.
- •2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары.
- •3. Педагогика ғылымының жүйесі.
- •1. Педагогикалық ғылымдар әдіснамасының ерекшеліктері.
- •2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны, құрылысы.
- •3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
- •№3 Лекция Тұлғаның даму факторлары.
- •3. Балалардың жас және жеке ерекшеліктері.
- •№4 Лекция. Біртұтас педагогикалық процесс
- •1. Біртұтас педагогикалық процесс
- •2. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
- •2 Бөлім. Тәрбие теориясы
- •Жоспар:
- •Лекция 7. Тақырыбы: Тәрбиенің түрлері
- •2. Адамгершілік тәрбиесі және оның міндеттері:
- •Лекция №8. Ұжым, оның қалыптасуы
- •2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен перспективалары
- •Оқушылар ұжымын басқарудағы мұғалімнің профессиограммасы
- •3 Модуль. Дидактика лекция 9. Дидактика туралы түсінік
- •Лекция 10. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері
- •Оқыту принциптері
3. Педагогика ғылымының жүйесі.
Педагогика ғылымы 4 бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері;
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика;
4. Мектептану немесе Педагогикалық менеджмент (басқару теориясы).
Педагогика ғылымының жүйесін немесе салаларын жіктеу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты, атап айтсақ: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, кәсіптік педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогика, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады.
Мектепке дейінгі педагогика - отбасы, балалар бақшасындағы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді. Педагогика тарихы – əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тәжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді. Сурдопедагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы. Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы. Олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы. Логопедия - тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.
Кәсіптік педагогика, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы–пәндері(дисциплины), олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.
Педагогиканың арнаулы педагогикалық жүйесіне сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигрофролопедагогика, логопедия, дене дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеумен айналысады.
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады. Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Педагогика тарихы – адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен ектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әәдістері, ал жеке ерекшелікк берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал - əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері - кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары - философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.
Педагогиканың философиямен байланысы нәтижесінде философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогикан жантану-психология ғылымымен адам жанын терең зерттей отырып, тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырады. Адам табиғатын білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар (адамның зейінін, ойлауын, есін, қиялын және адамның дербес ерекшеліктерін, темперамент, мінез, қабылдауын), жəне оларды ескеру, оқу мен тəрбие жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет - сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру педагогиканың басты мәселелерінің бірі. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогиканың медицинамен байланысының нəтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тəсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал - жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.
Педагогика экономика ғылымымен байланысты. Себебі, экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогика саясаттану ғылымымен байланысты. Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады.
Педагогика әлеуметтану ғылымымен тығыз байланысты. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін қарастырғанда педагогика ғылымы әлуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінде қарастырады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғүрпын, мәдениетін зерттейді.
Педагогика ғылымының кибернетика жетістіктерін пайдалана бастауы ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясымен жұмыс істеуге көшумен тығыз байланысты.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
– бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу əдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
– психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, əлеуметтану және басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нәтижелерін педагогикада қолдану;
– адамды жан - жақты және көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
№2 Лекция. Тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
Жоспары:
1. Педагогикалық ғылымдар әдіснамасының ерекшеліктері.
2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны, құрылысы.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
Әдебиеттер:
1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. -Шымкент, 2003.
2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Оқу-әдістемелік құрал.-А., 2004.
3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева). –М.,1998.
4. Герасимов И.Г. Структура научного исследование. – М., 1995.
5. Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.
7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов. –М.,1980.
8. Асқаров Е.С., Қойшыбаева Е.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. –А., 2004.
9.Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика.-Санкт-Петербург, 2000.
10.Вульфов В.З.,Иванова В.Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках. Уч.пособие. – М,, 1997. -288 с.