Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pedagogikadan_lektsialar_zhina_1171_y.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать
  1. Оқушылар ұжымын басқарудағы мұғалімнің профессиограммасы

Мұғалім - оқушының интеллектуалдық негізін және рухани дүниесінің қалыптасуына жауапты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық әлеуеті мол тұлға. Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Қазіргі кезде дәл осындай интеллектуалды мұғалім тұлғасы мектепте талап етілуде.

Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр, Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде былай делінеді: «мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттер сақталуы қажет. .... ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Чех педагогы Я.А.Коменский мұғалімдерге «ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады. К.Д.Ушинский: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - десе, П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында «оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту» кағидасының сақталуын талап етеді.

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды профессиографиялық тұрғыда, Н.В.Кузмина, В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, В.Г.Ковалев. Л.Ф.Спирин, М.Н.Сарыбеков, т.б. зерттеген.

В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет». Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Бүгінгі таңда болашақ мұғалімнің профессиограммасын жасау - қазіргі кездегі психология, педагогика, социология ғылымдарының өзекті міндеттерінің бірі болып саналады.

Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалым-психологтар, педагогтар пікірі бойынша педагог профессиограммасы мыналарды қамтиды:

1.         Қоғамдық-саяси сапалар.

2.         Әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке сапалары.

3.         Психологиялық және педагогикалық дайындық.

4.         Мамандық бойынша кәсіби дайындық.

5.         Пән бойынша дайындық.

Ғалым-психологтардың (В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б. [5, 6]) пікірі бойынша педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің психологиялық құрылымын ескеру қажет. Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер мыналар: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, бейімділік пен іскерлік.

Мамандар профессиограммасын жасауда социологтардың «маман моделі» қасиеттерін қамтитын мынандай төрт түрлі блок болады:

1)         кәсіптік;

2)         әлеуметтік;

3)         саяси-идеялық;

4)         әлеуметтік-психологиялық.

Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:

- жалпы адамзаттық қасиеттері;

- кәсіби-педагогикалық касиетгері;

- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.

Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық, кәсіби қасиеттерімен тығыз байланысты болатындығын: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова, т.б. зерттеген.

Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиеттерді кіргізуге болады: оқушыларға деген сүйіспеншілігі; педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы; бақылағыштығы; педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы; педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы; қарым-қатынас жасай алуы; ұжымшылдық; шығармашылығы және т.б.

Оқушылар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімге қажет қасиеттерді зерттегендер: А.Сатынская, В.А.Сластинин, Г.Сманова, К.Успанов, т.б.

И.Е.Синица мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады: байқағыштық; ілтипаттылық; сенім; әділдік; төзім және сабыр сақтау.

Ұжымға басшылық жасауда Н.Е.Щуркова келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:

1. Тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

2. Ұжымды ұйымдастыру мен дамыту.

3. Оқушының жеке тұлғасының дамуына көмектесу, жағдай жасау.

Ұжым үнемі өзеріп, оны құрайтын адамдар ауысып отырады. Ұжымға жетекшілік ету ережелері:

1. Педагогикалық жетекшілікті оқушылардың өз қызығушылығына, ынтасына қарай ұйымдастыру;

2. Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, қарым-қатынас, әсер ету жобаларын өзгертіп отыру;

3. Педагог басшы - мұғалімдер тобы мен отбасының көмегіне сүйенуі тиіс;

4. Жалаңдыққа жол бермеу;

5. Маңызды мәселерге байланысты ортақ пікір тудырып отыру;

6. Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын қадағалау;

7. Тұлғааралық қарым-қатынастың көпдеңгейлілігін ескеру;

8. Ұжым мүшелерінің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;

9. Ұжым өміріне белсенді қатысу;

10. Уақытша ұжымдар құру;

11. Ұжым мүшелерінің жаңа қатынастар жасауына мүмкіндік беретін іс-әрекеттер сипатын өзгертіп отыру.

Бұл ережелер ұжымның ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай жүзеге асырылуы ұжымның да, тұлғаның да дамуына оң әсер ететін жағдайлар жасайды. Оқушылар ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін мұғалім білім, біліктерді меңгерулері қажет.

  1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбие механиздерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

  2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

  3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайымен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диогностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

  4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құрамдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу .

  5. Әрбір оқушыны қызығушылығы мен қабілетінің сәйкес жалп мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс- әрекеттерін ұймдастыра алу.

  6. Алғашқы ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзін басқруды үйлестір алу.

  7. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну (Абай ат. АҰУ).

Мұғалімдердің оқушылар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік белсенділік ретінде мынадай күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады: жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық. Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен өзара қарым-қатынас жасаудың негізінде ұжым қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді.

Интеллектуалды ұлт білімді, ғылымды меңгерген тәрбиенің бастауларын толық қамтитын тұлғадан қалыптасады. Интеллектуалды ұлт – моральдық, мәдени, интеллектуалдық тұрғыда бәсекеге қабілетті, барлық ақпараттардан хабары бар, өзінің ғылыми, мәдени, біліми ақпараттарын еркін тарататын әлеуеті бар қоғам. Интеллектуалдық қоғам қалыптасуының басты ядросы – адам капиталы. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыруда басты құндылықтар ретінде адам капиталын дамыту басты орында тұруы заңды. Адам – қоғамның басты жемісі. Елімізде «интеллектуалды азамат» қалыптасуы жолында олардың қоғамдық санасына ықпал етерлік гуманитарлық технологиялардың кешенді зерттелуі, нәтижелері стратегиялық мақсатта орындалуы тиіс. 

Жаңа тұрпатты мұғалім интеллектуалды ұлт ұрпағын тәрбиелейтін тұлға болу керектігі қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ол креативті идея мен жаңа білімді ұсынушы, жаңа технологияны жасаушы болу керек. Креативті тұлға шығармашылық пен ізденістің нәтижесінде өз іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыра алатын тұлға болу керектігі дәлелденуде.

Осы тұста Абай атамыздың: Іздеген жетер мұратқа, өзіңе сен, өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың екі жақтан,- дей отырып, биылғы Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік ел» идеясы туралы жастардың қолында екендігін көрсетуге болады. «Ғылым жетістігімен инновацияға» мақсатымен елін сүюді, жерін сүюді мұрат еткен және сол бағытта адамзат капиталын дамытуға жұмыс жасауға үйрету қажет. Адам мәңгілік өмір сүре алмайды, мәңгілікке адамның істері ғана жасайды. Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім ғана, халқымыздың болашағы балалар тәрбиесіне ұжымшылдық бірлесе бірлікпен ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор шығармашылығын көрсеткенде ғана Қазақстан Мәңгілік ел болатындығына сенімдімін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]