- •Лекция №1. Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым
- •1. Педагогика ғылымы және оның даму тарихы.
- •2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары.
- •3. Педагогика ғылымының жүйесі.
- •1. Педагогикалық ғылымдар әдіснамасының ерекшеліктері.
- •2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны, құрылысы.
- •3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
- •№3 Лекция Тұлғаның даму факторлары.
- •3. Балалардың жас және жеке ерекшеліктері.
- •№4 Лекция. Біртұтас педагогикалық процесс
- •1. Біртұтас педагогикалық процесс
- •2. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
- •2 Бөлім. Тәрбие теориясы
- •Жоспар:
- •Лекция 7. Тақырыбы: Тәрбиенің түрлері
- •2. Адамгершілік тәрбиесі және оның міндеттері:
- •Лекция №8. Ұжым, оның қалыптасуы
- •2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен перспективалары
- •Оқушылар ұжымын басқарудағы мұғалімнің профессиограммасы
- •3 Модуль. Дидактика лекция 9. Дидактика туралы түсінік
- •Лекция 10. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері
- •Оқыту принциптері
Лекция 7. Тақырыбы: Тәрбиенің түрлері
Жоспары:
1.Ақыл-ой тәрбиесі, мәні мен мақсат, міндеттері
2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны.
3. Еңбек тәрбиесінің мәні және кәсіптік бағдар жүйесі. Оқушылардың еңбек әрекетінің негізгі түрлері.
4. Азаматтық және патриоттық тәрбие, ұлтаралық қатынастар мәдениеті. Праволық мәдениетті қалыптастыру.
5. Дене тәрбиесі – жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың мәні.
6. Экологиялық тәрбиенің мәні және оның мазмұны.
7. Экономикалық тәрбие мәні, мақсат, міндеттері. Оқушыларға экономикалық тәрбие беру жолдары.
8. Жеке тұлғаның дамуындағы эстетикалық тәрбиенің рөлі. Эстетикалық тәрбиенің мәні және оның мазмұны.
9. Құқықтың тәрбиенің мақсат. Міндеттері.
1. Ақыл-ой тәрбиесі, мәні мен мақсат, міндеттері. Ақыл-ой тәрбиесі - дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіа аен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін игеру. Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін - ақыл-ой күштері деп атайды.Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға,негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді. Міндеттері:
ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
негізгі ойлау операцияларын меңгеру;
зиялылық біліктерді қалыптастыру;
дүниетанымды қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесі әр қашанда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогикалық анықтамалары мен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп – шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана сезімін, оқу мен еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикасының анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушының ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой, еңбек мәдениетін дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндурді айтамыз. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты негізі. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн. Ақыл-ой тәрбиесі табиғат пен қоғам дмауының заңдылықтары бейнеленген ғылымының деректерін, заңдарын мақсатты меңгерту
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері: ойлау әрекетінің шарты болатын білім қорларын жинақтау, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктерді қалыптастыру, дүние танымдарын қалыптастыру. Ақыл-ой тәрбиесіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез- құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат пен қоғам құбылыстарының талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселесін шешеу мүмкін емес. Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын , оқу әрекеттерін орындайтын, танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыталған оқыту әдістемесі дамыта оқытудың тұжырымдамасынан орын алады. Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу. Оқушылардың жасын ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылды. Зиялылық іскерлікті қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады.
Зерттеу және бақылау ісіне қатысты бар тапсырмалар; бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстар т.б.
Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, сурет салу, рефераттар т.б.
салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар; алгаритмдерді, алгаритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар; заттарды, құбылыстарды топқа бөлу.
Жалпы айтқанда , ақыл-ой тәрбиесін ақыл ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды түрлендіріп, үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап тұрғысынан оқушы тұрғысын қалыптастырғысы келсе,өзі бұл тұрғыдан жоғары болуы тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешу мұғалімнің біліміне, жалпы және әдістемелік мәдениетіне, оның өзінің танымдық күшінің дамуына байланысты екендігі сөзсіз. Барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсырмаларды пайдалану, оқытуды лұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттерінің өсуін қамтамасыз етеді.
