Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Pedagogikadan_lektsialar_zhina_1171_y.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
722.43 Кб
Скачать

2. Адамгершілік тәрбиесі және оның міндеттері:

-Оқушылардың қоғамға моральдық нормасын орындауда қатыстыру;

- тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;

- балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету;

- Отанға, халқымызға,еңбек және қоғамдық іс-әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

-Гуманизм адамның құқылы бостандығын,абыройын, ар-намысын терең құрметтеу мен мойындауға негізделеді.

Адамгершілік тәрбиесі - оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңызды болып саналады.

Қоғамдық құндылықтарға адам, отбасы, еңбек,білім, Отан, жер бетіндегі бейбітшілік т.б. жатады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға бағыт ұстайды, осындай алғашқы құндылықтарды мектептің мүмкіндігі мен оқушының бейімділігіне қарай кез-келген бағыт шеберінде қалыптастыруға болады. Адам-ең әуелі адамгершілігі мен парасатының биіктілігімен көрікті.Адам мәдениеті неғұрлым жоғары болса, оның айналасындағылармен қарым-қатынасы қарапайым, адамгершілік тәрбиесі- оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес –оқу, тәрбие, еңбек,процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңызды болып саналады.

3. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі-тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. «Адамды адам еткен, еңбек»-демекші, «еңбек процесінде адам табиғатты өзгерте отыра, өзі де өзгереді» деген қағидаға сүйенсек,еңбек әрекетінің нәтижесінде адамның дене және интеллектуалдық күші мен қабілеттері қалыптасып, дамып және одан әрі жетіліп отырады. Мақсаты: Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің , азамат болып өсудің , жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндеттілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру.

  2. Еңбек етуге деген қажеттілік және талпынысқа тәрбиелеу.

  3. Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапаларымен қаруландыру, тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру.

  4. Оқушылардың кәсіби мамандыққа даярлығын қалыптастыру, ол үшін олардың талап-тілектері мен белгілі бір мамандыққа бейімділігін ескере отыра, болашақ мамандықты таңдауларына жағдай жасап, көмектесу т.б.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты, міндеттері және мазмұны нақтылы қоғамдық-тарихи жағдайға байланысты анықталып, жетіліп отрады.

Еңбеке психологиялық тұрғыдан даяр болуы белгілі бір тәрбиелік жүйе құрып,мынандай міндеттерді шешеді:

    1. еңбектің мақсат және міндеттерін жете түсіну;

    2. нәтижелі еңбек ету әрекетін қажетсінетін түрткі тудыру;

    3. еңбек біліктілігі мне дағдысын қалыптастыру.

Педагогикада тұлғаның дамуы мен оның адамгершілік қалыптасуында еңбек тәрбиесінің қызыметі егжей-тегжей қарастырылған.Жекелеп қарастыратын болсақ,олар мыналар:

  1. Еңбек-практикалық өндірістік әрекет ретінде адамның дене құрлысының дамуына жағымды әсер етеді.

  2. Еңбек – адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығармашылық тапқырлығын дамытады.

  3. Еңбектің – тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше.

  4. Еңбектің маңызды қызыметі оқушыларда жолдастық қарым-қатынасты, ұйымшылдықты және өзара талап етушілік қасиетттерін қалыптастыру болып табылады.

  5. Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға және мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді.

Еңбек – адамның заттық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруда, дене және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасампаздық және интеллектуалдық әрекеті.Адамның еңбегінің арқасында бүтіндей заттық және рухани игіліктер жасалынады; еңбек процесінде адам баласы өзі жетіледі.

4.Азаматтық тәрбиесі және оның міндеттері.Азаматтық тәрбие мемлекеттік саясаттан басталады. Елдің азаматы болу үшін, сол елдің саясатын санаға ендіру керек.Міндеттері:

  • әлеуметтік;

  • мәдени-ағарту ісін жүзеге асыру;

  • тәрбиелілік;

  • психологиялық.

Жүйесі:

  • оқушылардың санасын қалыптастыратын жалпы азаматтық, адам баласына тән саяси идеялар.

  • Мектептегі, мектептен тыс оқу орындарында , қоғамдық еңбек орындарында ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін азаматтық тәрбиенің мазмұны мен түрлері жатады.

5. Дене тәрбиесі және оның міндеттері.Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.Дене тәрбиесі күн ырғағын, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Талаптары:

  1. Оқушы бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

  2. Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

  3. Спортпен шұғылдануға қызығушылығын және қабілетін ояту.

  4. Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Дене тәрбиесі – тұлғаны жан – жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін,денсаулығының нығаюын қамтамассыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды және жастарда ақыл – ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Сондықтан да тәрбие теориясы дене тәрбиесі мәселесіне тұлғаның дене күштері және ағзасын дамытудың негізгі бір факторы ретінде айрықша мән береді. Дененің дамуы – адам дене күштерін нығайту және жетілдірудің сапалық өзгеруін қамтиды. Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спортпен айналысу қызығушылықтарымен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру, адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау. Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып,тұлғаны жан – жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттер атқарады.

Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты.Оның барысында баланың дене бітімі, қимыл – қозғалысына қатысты эстетикалық талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Дене тәрбиесі барысында әртүрлі дене жаттығуларын оны шынықтыру процесімен бірлікте тиімді пайдалану ағзамның бірқалыпты жетілуін қамтамассыз етеді.Белсенді қимыл – қозғалыс балалардың жүрек қан тамырының дұрыс жетіліп дамуына күшті ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің ықпалы әсіресе жүйке жүйесінің қызметін шынықтыру мен жетілдіруде маңызы ерекше.Орталық жүйке жүйесімен әртүрлі дене мүшелерінің арасындағы жүйкелік күштердің өтуін тездетеді,жүйке процестерінің қызметін жандандарып,тұрақтандырады. Сондықтан оқушылардың денсаулығын шынықтыру педагогикалық ұжымның үнемі назарында болып отыр.

Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:

- денсаулықты нығайту,ағзаны шын,ықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын,мүсінің сымбатты болуын қамтамассыз ету;

- ақыл – ой және дене күштерінің жұмыс істеу қакбілеттерін көтеру;

- дененің негізгі қимыл – қозғалыс сапаларын қалыптастыру;

- гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

- дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;

- адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;

- дене шынықтыру және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;

- дененің әрқашан сау болуына,сергектікке,өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с

- ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихымен танысу,әдіс – тәсілдерін білу.

Дене тәрбесінің негізгі мазмұны дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында көрсетілген.

Дене тәрбиесінің мазмұны құрамында баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету де едәуір маңызды орын алады.Бұған қосымша дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды да көздейді. Мектепте дене шынықтыру сабағы – міндетті пән.

6. Экологиялық тәрбиесі және оның міндеттері.Экология жас ғылым. Мақсаттары:

  1. Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу.

  2. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау.

  3. Жастардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру:

  • тұлғаның мінез-құлқында;

  • айналадағы табиғатты қорғауға, күтуге;

  • экологиялық білімді насихаттауға;

  • ең алғашқы кәсіби еңбекте.

Ағартушылық қызыметі.Ол оқушыларға табиғатты адамның өмірі сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге көмектеседі.

Дамытушылық қызыметі.Ол балаларды экологиялық құбылыстарды ұғыну,табиғат жағдайына талдау жасау,табиғатпен ақылға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру процесінде жүзеге асады.

Тәрбиелік қызыметі.Ол оқушыларды табиғатқа адамгершілік және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрініс береді.Олардағы жауапкершілік сезім мен борыш органикалық тұрғыда ақиқат өмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну барысында бірлікте жүзеге асады.

Бұл оқушыларда табиғатты қоғау әрекетін жандандыруға түрткі болады.

Ұйымдастырушылық қызыметі.Ол оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін ынталандыруды көздейді.

Алдын ала болжау қызыметі.Ол балаларда адамның табиғатқа жасаған қайсыбір әрекетінде мүмкін болатын зардаптардан немесе экологиялық процестердің бұзылу жағдайының неге алып келетінін,ол үшін қандай шараларды ұйымдастыру қажеттігін алдын ала болжай білу біліктілігін тәрбиелеуді немесе дамытуды көздейді.

«Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды...Табиғат адамды қайрымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбиелейді.Ол денсаулық, шабыт және творчествоның қайнар көзі»-дейді П.И. Мариновский.

Қазақ елінің эстетикалық дүниетанымының өзекті бағытына табиғат сұлулығына, туып өскен, кіндік кескен ортадағы құбылыс-көріністердің шындығын тереңірек білу деген ұмтылысы болды.Себебі, табиғат құбылысы арқылы дүние сырын, тіршілік-тынысы мен тұрмысының мәнісін,адамның өмірдегі орнын, оның өткені мен бүгінгісін, болашағын тану басталды.

Экологиялық тәрбие-табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты ізгілікті, қайрымдылықты, парасаттылықты, қалыптастыруды көздейді.

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін «Естественная история происхождения» атты ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель (1968) кітабында Экология «ойкос» деген грек сөзі, «үй, баспана»ұғымын білдіреді. Э. Геккелдің айтуы бойынша экология зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды, мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық және апорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны жасаған эволюция туралы оқуды негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша тіршілік үшін күресу ұғымы өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негіздейді. Экология тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өз ара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Қазіргі уақытта “экология” деген ұғым үлкен теориялық және практикалық маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған саласына айналды. Былайша айтқанда, экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың ғылыми –теориялық негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:

  • Жастардың мінез – құлқын тәрбиелеу.

  • Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушылырға жол бермеу.

  • Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру.

    • тұлғаның мінез –құлқында;

    • Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда.

    • Экологиялық білімді насихаттауда .

Ең алғашқы кәсіби еңбекте.

7. Экономикалық тәрбиесі және оның міндеттері. Экономикалық тәрбие мен білім беру – шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті шарты. Міндеттері:

  1. Қоғамның экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түрінеқарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру.

  2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешу жолдарын.

  3. Өндірістегі экономикалық қатыстарға белсене қатысатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеруге мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру.

  4. Ақыл-ойға сиымды қажеттіліктерді қалыптастыру.

Экономика – белгілі бір қоғамның экономикалық құрлысын және оның базисін сипаттаитын қоғамдық өндірістік қатыныстар жиынтығы.Жастарға экономикалық тәрбиені саналы түрде беру керек.Ол үшін экономикалық тәрбиен қалыптастыру керек.Экономикалық сана-ғылыми көзқарастың негізгі бір бөлігі. Экоомикалық сана арқылы өмірдегі экономикалық өзгерістерді түсініп, өзімізше талпынып әрекет жасаймыз.Экономикалық сана бүгін халықты базарда сауда-саттықпен айналысуға кішігірім кәсіпорын құруға, ауыл шаруашылығында фермерлер қожалықтарын ұйымдастыруда т.б. итермелеп отыр.Экономикалық сана жетілген кезде бүгінгі істеп жатқан істерімізден тиімдірек жасайтын жолдарын іздестіреміз.

Экономикалық сана кейбір әлеуметтік функцияларды да атқарады: ағартушылық, даму, тәрбиелік, эстетикалық, прогностикалық. Экономикалық тәрбие дегеніміз – оқушыларға әдейі ұйымдасттырылған жұмыс жүйесі мен олардың экономикалық саласын қалыптастыруға бағытталған ұстаздың еңбегі.Экономикалық тәрбие экономикалық ойдың дамуын қамтамасыз етеді,өнегелі, іскерлік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.Мұның бәрі эконоикалық қызыметті атқару кезінде іске асады.

Экономикалық тәрбиедег қалыптасатын қасиеттері:

  • қоғамдық белсенділік;

  • іскерлік, ілкімділік, құныттылық;

  • қоғамдық немесе жеке мүлікке көзінің қарасындай қарау, талан-таражға жібермеу;

  • жаңа техниканы іске қосу, пайдалану;

  • өнімнің сапалылығын қадағалау, баюдың жолын іздеу.

Экономикалық тәрбиені әр пәнде, әр сабақты, сабақтан тыс шараларды іске асыру керек. Оқушылардың экономикалық сауатын ашу қажет.Әрине мұндай нәрсені мектептің өзінің кішігірім өндіріс орындары арқылы іске асырса,өте дұрыс болған болар еді.

8. Эстетикалық тәрбиесі және оның міндеттері. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануына мүмкіндік береді.Міндеттері:

-эстетикалық сезімді, эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу;

-Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру.Негізгі құралы -әдебиет және өнер.

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырды.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қканыш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Эстетика- эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрамын ашады. Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика –болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды қайдағы бір ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді. Тарихи қоғамдық формацияның әрбір дәуірінде әр түрлі дамуына байланысты эстетикалық мұраттарға көзқарас әртүрлі болуда.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту.

Оның негізі компоненттер: Эстетикалық қабылдау; Эстетикалық сезім; Эстетикалық талғам.

9.Құқық тәрбиесі және оның міндеттері: Мәні: Жас мепмлекетіміздегі маңызды қатынастарды реттей отыра қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай туғыза отырып қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тиым салатын құрал. Ол құқықтық сауаттан басталады. Әрбір азаматтың құқық туралы сауаты болуы керек. Құқықтық сананың негізгі элементтері: өнегелі, адамгершілік және саяси сезімдер.Ол отансүйгіштік сезіммен байланысты.Құқықтық мәдениетіне:

  • құқықтық нормадан білімі, сауаты;

  • өнегелі, құқықтық эмоционалды сезімді, ой-өрісті дамыту;

  • құқықтық норманы пайдалану,қолдану.

Тәрбиенің маңызыды салаларының бірі –мектеп оқушыларына, жасөспірімдерге, жастарға құқықтық тәрбие беру. Ол жаңа адамды қалыптастырудың, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан мемлекетінің заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізуден басқа жолмен шешуге болмайтын міндеттері екенін атап көрсеткен болатын. Көбіне құқықтық сананың төмендегі маретиалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықты

тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.

  1. Бұл құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.

  2. Тұлғаның педагогикалыұқ және психологиялық мәніне қарау. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.

Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.

  • заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;

  • заңның орындалуын бекіту;

  • қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат қатынасуы қажет.

Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтық мәдениеті қалыптастыру барысындағы кемшіліктердіжеңу орын алады. Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғаназейін аударады да, ал құқықтық талаптары мойындалмаған көп жағдайларды байқамайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]