
- •Лекция №1. Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым
- •1. Педагогика ғылымы және оның даму тарихы.
- •2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары.
- •3. Педагогика ғылымының жүйесі.
- •1. Педагогикалық ғылымдар әдіснамасының ерекшеліктері.
- •2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны, құрылысы.
- •3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
- •№3 Лекция Тұлғаның даму факторлары.
- •3. Балалардың жас және жеке ерекшеліктері.
- •№4 Лекция. Біртұтас педагогикалық процесс
- •1. Біртұтас педагогикалық процесс
- •2. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
- •2 Бөлім. Тәрбие теориясы
- •Жоспар:
- •Лекция 7. Тақырыбы: Тәрбиенің түрлері
- •2. Адамгершілік тәрбиесі және оның міндеттері:
- •Лекция №8. Ұжым, оның қалыптасуы
- •2. Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен перспективалары
- •Оқушылар ұжымын басқарудағы мұғалімнің профессиограммасы
- •3 Модуль. Дидактика лекция 9. Дидактика туралы түсінік
- •Лекция 10. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері
- •Оқыту принциптері
Лекция №1. Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым
1. Педагогика ғылымы және оның даму тарихы.
2. Педагогиканың негізгі ұғымдары.
3. Педагогика ғылымының жүйесі.
Әдебиеттер
1. Педагогика. Дәріс курсы. Абай атындағы ҰПУ.-А.:Нұрлы Әлем,2003.-368 .
2. Подласый И.П. Педагогика. – М.: Владос, 2003. -576 с.
3. Вайндорф-Сысоева М.Е.,Л.П.Крившенко.Педагогика.-М.: Юрайт,2004.-254
4. Әбиев Ж., С.Бабаев, А.Құдиярова. педагогика. – А.: Дарын, 2004. -448 б.
5. Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Гардарики, 1990. -519 с.
6. Байжанова З. Педагогика. – А.: Таймас, 2008. -168 б.
7. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М.: Юрайт, 1999. -523 с.
8. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –А.: Эверо, 2004. -420 б.
9. Дүйсембекова Ш. Педагогика. – Семей., 2012. -246 б.
10. Мұхамбетова С. Педагогика. – Ақтөбе., 1999.
1. Педагогика ғылымы және оның даму тарихы.
«Педагогика» ұғымы «пайдагогос» (paіda - бала, gogos - жетектеуші) деген грек сөзінен шыққан. Педагогикалық еңбектерде бұл ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған делінген. Ертегі Грецияда қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепке оқымысты басқа құл оқытқан.
Қоғамның дамуына байланысты баланы оқытатын тұлғаның рөлі түбірімен өзгерді. Енді «баланы өмірге жетелеу» өнері ретінде қабылданатын бұл ғылым, баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсіндірілетін болды. Сондықтан да оның аты баланы тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым – Педагогика деп аталды. Педагогика - тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиынтығы.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың қарым-қатынасы ым мен ишарадан тұрды. Адамзаттың даму эволюциясында еңбек пен ұрпаққа беретін тәжірибелерінің күрделене түсуі бала тәрбие ісінің де дамып отырғандығын байқатады.
Соған байланысты алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дәуірдегі тәрбие мен білім беру жүйесінің өз ерекшеліктері болды. Ежелгі грек философтары Фалес, Гераклит, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, ежелгі рим философ-педагогтары Тит Лукреций Кар, Марк Фабий Квинтилиан, т.б. жеке тұлға тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырды.
Орта ғасырда (феодалдық қоғамда) педагогтар тәрбиені дінмен тығыз байланыстырып, догматикалық оқыту принциптерін ұсынған пікірлер қалыптасты. Тертуллиан, Августин, Аквинаттың педагогикалық трактаттары пайда болды.
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикада гуманизм бағыты жақсы дамыды. Оның өкілдері: Э.Роттердамский, В. да Фельтре, Ф.Рабле, М.Монтень, Т.Мор, В.Ратке, Т.Кампанелла жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді. Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.
Педагогика өз алдына ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуына Ян Амос Коменскийдің, Ф.Бэконның, Д.Локктың, Д.Дидро, К.Гельвеций, П.Гольбах, Жан-Жак Руссоның, И.Пестолоццидың, И.Гербарттың, А.Дистервегтың педагогикалық және психологиялық еңбектерінің рөлі зор болды.
Ресейде педагогикалық ойлардың негізін салушылар: А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов; Л.Н.Толстой, Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, К.Н.Вентцель, В.И.Водовозов, В.П.Острогорский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф.Каптерев, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский, А.П.Пинкевич, т.б. кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады.
Қазақстан педагогикасының теориялық және практикалық мәселелерінің дамуына ағартушылық идеялардың өкілдері мен педагогтары Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Шәкірім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Шәрапи Әлжанұлы, Әбдіхамит Сембайұлы, Сұлтанбек Қожахметұлы, Қартбай Бержанұлы, т.б. еңбектері педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосты.
ХХ ғасырдың ортасына дейін педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар ғана емес сонымен қатар үлкендерде білікті педагогикалық басшылықты қажет ететіндігі мойындауда. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол тәрбие туралы ғылым болып табылады.
Қазіргі кезеңде педагогика ұғымына берілген анықтамалар:
«Педагогика – қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырушы ғылым» (1,8).
«Педагогика – адамды тәрбиелеу туралы ғылым» (2,10).
«Педагогика - балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым» (3,12).
«Педагогика – адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды» (4,11).