Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

75. Химиялық өндірістердің қалдықтары. Қалдықтарды азайту қағидалары.

Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :

1 улы қалдықтар

2 улы емес қалдықтар

Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:

  • құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;

  • құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;

  • гальваникалық өндіріс қалдықтары;

  • мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;

  • хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.

Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.

Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

Тұрмыстық және өндірістік қалдықтар проблемаларын қарастырған кезде келесі сұрақтарға назар аудару керек:

1. Қалдықтар кадастрымен бекітілген тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды, мал шаруашылығының ағынды суларын және басқа қалдықтарды қайта өңдеу, көму, орналастыру және қолдану.

2. Кендерді байытудан қалған қалдықтарды және сапасы төмен тау жыныстарын қайта өңдеу; оларды бұзылған және ластанған жерлерді қалпына келтіру іс-шаралаларында (мысалы, техникалық рекультивация), кеніштерді, шахталарды, жол ойықтарын толтыруда; бөгеттер мен дамбалар салуда қолдану.

3. Кез келген қалдықтарды, оның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу технологияларын енгізу.

4. Зауыттарды, цехтарды және өндірістерді  салу, қайта құру, қондырғыларды сатып алу және пайдалану:

- қалдықтардың барлық түрлерін жинауға арналған  полигондар;

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтарын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, қайта пайдалану және көму;

- қалдықтарды екіншілік шикізат ретінде жинау және қайта өңдеу;

- жер асты суларын және су қоймаларын ластайтын өндірістік сұйық қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және жою;

- өндірістік және тұрмыстық қалдықтардан пайдалы компоненттерді бөліп алу арқылы, қалдықтардан екіншілік шикізат немесе дайын өнімдер алу (бос кен жыныстарын, сапасы төмен тау жыныстарын, күлдерді, металлургия шлактарын, техногендік қалдықтарды  қайта өңдеу арқылы).

5. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру және жою.

6. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту мақсатында технологиялық үрдістермен қондырғыларды жаңарту және қайтадан құру.

7. Рұқсатсыз ұйымдастырылған қоқыс орындарын, тарихи ластанған жерлерді жою, келешекте оларды болдырмау шараларын жүргізу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен бұзылып ластанған алаңдарды уақытылы қалпына келтіріп отыру.

8. Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша аймақтық ғылыми негізделген іс-шараларды жасау; сонымен қатар, қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, есепке алу жүйесін жасау; өндіріс мекемелерінде қалдықтарды азайту, қайта өңдеу және қайта тұтыну әрекеттерін қолдау.

9. Қоршаған ортаны қорғау саласының өкілетті мекемелерінің ұйғарымдарын және ұсыныстарын орындау; экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкес қалдықтардың айналымын ретке келтіру, қалдықтарды қайта өңдеу