Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры по ввсп(для специальности хтов 5В072100)...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742.04 Кб
Скачать

44. Мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық қасиеттерi

Мұнайдың қасиеттері оны өндеу мен пайдалану үшін маңызды. Мұнайдың қасиеттері мұнай құрамына байланысты. Мұнадң түсі өзгереді. Көптеген мұнайлардың тығыздығы 200С – та 0,83-0,97 г/см3 аралығында болады. Тұрақтылығы,тығыздығы секілді қасиеттері мұнайды құбырмен айдауға қажетті энергия шығынын анықтайды. Мұнайдың тұтқырлықтары бірдей емес және де температура артқан сайын төмендейді. Қатаю температурасының шегі үлкен шектерде тербеледі: 10 – нан – 200С – қа дейін. Ол мұнайдың аққыштық қабілетінің жоғалу жағдайларын сипаттайды. Мұнайдың жану жылуы 39800 – 44000 кДж/кг.

Физикалық қасиеттері:

Мұнай көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық, қызыл –қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл –сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Суда ерімейді бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Өзіндік иісі бар.Судан жеңіл мұнай= (0.73-0.98)г/см3. Жерде тұнбалық қабатында орналасады. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Химиялық қасиеттері:  Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиеттер жайлы тек шартты түрде ғана айтамыз. Мысалы: Ембі, Мақат мұнайлары –нафтенді көмірсутектерге бай болса, Өзен мен Жетібай мұнайлары –парафиндерге, ал Прорва мұнайы  ароматты көмірсутектерге бай

45. Мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық қасиеттерiн анықтау

Молекулалық салмақ мұнайлар және мұнай өнiмдерiнiң физика-химиялық шамасының негiзгi көрсеткіші болып табылады, ол осы заттың молекуласы 12С көмiртек изотоп атомының массаның 1/12 бiр бөлiгiнен неше есе көп екенін көрсетеді. Мұнай фракцияларының қайнау температурасы мен молекулалық салмақ арасында нақтылы тәуелдiлiк бар болады; мұнай фракциясының молекулалық салмағы көбiрек болған сайын қайнау температурасы солғұрлым жоғары болады. Б.М. Воинов бұл тәуелдiлiктi есепке ала отырып, мұнай фракциясының молекулалық салмағын анықтау үшiн келесi ортақ формуланы ұсынды:

Мср=α+btСP+сtср2, (1)

мұндағы, а,b,с - көмiрсутектердiң әрбiр класы үшiн тұрақты; tср - мұнай өнiмiнiң тиiстi кестелер және номограммалар бойынша анықталатын орташа қайнау температурасы.

(1) формула парафиндi көмiрсутектерi үшiн келесі түрге ие болады:

Мср=60 + 0,3tСр+0,001 tср2 (2)

Циклоалкандар үшін:

Мср=( 7К-21,5)+ ( 0,76-0,04К) tср+(0,0003К- 0,00245) tср , (3)

Мұндағы, К - 10,0-12,5 шектерде өзгеріп тұратын мiнездемелiк фактор.

Молекулалық салмақ қайнау температурасымен және сыну көрсеткiшімен байланысын көрсететін өрнекпен:

lgМ=1,939436+0,0019764tкип+lg (2,1500 - nр20),

мұнадғы, tкип фракцияның орташа қайнау температурасы.

Бiрнеше мұнай фракцияларынан тұратын араластың молекулалық салмағын келесі формула бойынша анықтауға болады:

Мср = m1 +m2 +….m) (4)

m1 +m2 +……..mn

M1 M2 Mn

Мұндағы, m1, m2 , mn , мұнай фракцияларының массасы, кг;

M1 , M2 , Mn –фракцияның молекулярлық салмағы.

Қоспаның орташа молекулалық салмағын әрбiр компоненттiң мольдік үлесін және молекулалық салмағын бiле отырып анықтауға болады:

n

Мор = Σ х i Мi ( 5)

1

Мұндағы, х I - қоспадағы компоненттің мөлшері, мол.үлес; Мi - барлық компонентің молекулярлық салмағы.