Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
1.88 Mб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмысы

1. Қазақстан Республикасындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар, өсімдіктер туралы шығарма жазып келіңіз.

2. Қазақстандағы қорықтар жайлы конспект жазу.

3. Бізде қыстап қалатын құстар жайлы әңгімелеп беріңіз.

4. Табиғатты қорғауға байланысты 3 мақал-мәтел жатқа айтыңыз.

4.1 Қазақстанның өндіріс орындары

Сабақтың тақырыбы: Л.т. Қазақстанның өндіріс орындары

Г.т. Көптік жалғау. Жіктік жалғау

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өндіріс орындары туралы мәлімет

беру. Жалғаулардың түрлерін практикалық жолмен

меңгерту.

Пайдаланылған А.О.Мусинов, И.М. Туленов. Мен қазақша сөйлеймін.

әдебиеттер: Б. Құлмағамбетова, С.Мұқашев. Қазақ тілі.

А. Бектурова, Ш. Бектуров. Қазақ тілі для

начинающих.

Жаңа сабақ:

Тірек сөздер: тың игеру, солтүстік, орталық, шығыс аудандар, зәулім ғимараттар, құс шаруашылығы.

Г.т. Жалғаудың түрлері.

Қосымшалар жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағыналары өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз. Мысалы: Білім-ді, сауық-шыл, ақыл-ды, қамқор-шы.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаларды жалғау дейміз. Қазақ тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын төрт түрлі жалғау бар. Олар тәуелдік көптік, септік және жіктік жалғаулары.

Заттың атауын білдіретін сөздердің жекеше және көпше түрі болады.

Көптік жалғауы- көптік мағынаны беретін қосымша.

Сөздің жекеше түрі бір ғана заттың атауын білдіреді. Мысалы: кітап, бала, мектеп. Ал заттың атауларына -лар,-лер,-тар,-тер,-дар,-дер жалғаулары жалғанса, көптік мағына береді.

Мысалы: Бала-лар, үй-лер, ағаш-тар, терек-тер.

Жалғаулар жалғанатын сөзінің әуеніне қарай жалғанады, яғни, сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай үндесіп отырады.

Жіктік жалғау басқа қосымшалар сияқты сөзбен сөзді байланыстырып, қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді..

Жекеше Көпше

1-жақ. –мын, -мін, -бын,-бін, -мыз,-міз, -быз, -біз, -пыз, - піз

-пын,-пін

2-жақ. –сың,-сің, -ң -ңдар, -ңдер,

-сыз, - сіз, -ңыз, -ңіз -сыздар, -сіздер, -ңыздар, -ңіздер

3- жақ. Жекеше де,

Көпше де -ды, -ді, -ты, -ті

. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге де жалғанады. Мысалы: Мен инженермін. Сен инженерсің. Сіз инженерсіз. Ол инженер. Мен келдім. Сен келдің. Сіз келдіңіз. Ол келді.

Етістіктің жіктелуі

Жекеше түрде Көпше түрде

І. Мен отырмын Біз отырмыз

ІІ. Сен отырсың Сендер отырсыңдар

Сіз отырсыз Сіздер отырсыздар

ІІІ. Ол отыр Олар отыр

Зат есімнің жіктелуі

І. Мен студентпін Біз студентпіз

ІІ. Сен студентсің Сендер студентсіңдер

Сіз студентсіз Сіздер студентсіздер

ІІІ. Ол студент Олар студент

110-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]