- •Алматы -2008
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •Анамның тілі - ардақтым менің
- •Қазақстан Республикасының Ата заңы
- •Менің елім, менің отаным – Қазақстан.
- •Түркістан
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •3.1 Адам және табиғат
- •Орман өсімдіктері
- •Хабарлы сөйлем
- •Табиғатты қорғау.
- •Тоқылдақ
- •Құстар қайтып барады
- •1) Балалар орманға саяхатқа барады.
- •2) Оқушылар орманшының кеңесі бойынша жұмыс істейді.
- •Үй құстарын өсірудің маңызы.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •4.1 Қазақстанның өндіріс орындары
- •Қазақстанның ауыр өнеркәсібі
- •Сары-Арқа
- •Астана- Қазақстанның бас қаласы
- •Есіл жағасында еңселі қала
- •Семей полигоны
- •Батыс Қазақстан облысы.
- •Теміртау
- •Гонорар.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Нарықтық жүйедегі білім беру
- •Г.Т. Күрделі сөздер, олардың жасалу ережесі.
- •Жоғары білім беру
- •Білім берудің жаңа талаптары.
- •Университет факультеттері
- •Біздің университет
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •Г.Т. Зат есімнің түрлері
- •(Имя существительное)
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есімдер
- •Темекінің зияны
- •Г.Т. Жалпы және жалқы есім
- •«Жасыл ел» жасағы
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қазақ халқының шеберлік өнері
- •Қазақ музыкасы - өмір айнасы
- •Сазген аспабы
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Ою дегеніміз не?
- •Күй атасы
- •Қырқынан шығару
- •Сан есім , оның түрлері
- •Тұсау кесер
- •Арқан тарту
- •Г.Т. Сан есім, оның түрлері
- •Ұлттық ойындар
- •Наурыз мейрамы
- •Сан есімнің емлесі
- •8. 6. Қорытынды сабақ.
- •Сәлемдесу - парыз
- •1. Болжалдық сан есімді көрсетіңіз
- •5. Реттік сан есімді көрсетіңіз
- •Студенттердің өзіндік жұмысы
- •9.1. Қайраткерлер мен тұлғалар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ш. Құдайбердиев
- •Әдебиеттер: г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”. Ш.Құдайбердиев, м.Дулатов шығ. Жин.
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т.Міржақып Дулатов
- •Міржақып Дулатов
- •Жазушының қанағаты
- •Сабақтың тақырыбы: л.Т. Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов.
- •Әдебиеттер: ш. Бектұров, м.Серғалиев “Қазақ тілі”.
- •Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытов шығ.Жинағы.
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Жүсіпбек Аймауытов
- •Қыл қаламның хас шебері
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары.
- •10. 1 Студенттердің ғылыми жұмыстары
- •Реферат.
- •Ақша деген не?
- •Агрономиялық кендер
- •Жер табиғи ресурс ретінде
- •Инженер
- •Ветеринария ісін ұйымдастыру
- •Маркетинг қызметі деген не?
- •Мал атауы туралы
- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.
- •Ветсансарап зертханасы
- •Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны
- •Рецензия
- •Салық саясаты
- •Агрономия
- •Экология ғылымы.
- •Індет процесі туралы түсінік
- •Іріктеу және сұрыптау
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Мамандықты қалай түсінесіз?
- •Алманың пайдасы.
- •Электрмен жылынатын едендер
- •Табиғатты қорғау
- •Орман туралы не білесіз?
- •Кушумская порода лошадей
- •Университет тарихынан
- •Ауыл, орман және су шаруашылығы инженерлігі факультеті
- •Агробиология және экономика факультеті
- •Ветеринарлық және мал шаруашылығы факультеті
- •Банк жүйесі
- •Электр жабдықтары
- •Нобель сыйлығы туралы не білесіз?
- •Инженер-электрик мамандығы
- •Алғашқы трамвай қай жерде жүрген?
- •Зоогигиена туралы түсінік
- •Ветеринарлық медицина мамандығы
- •Қызылша
- •Балалық шақ
- •Ұлттық байлық дегеніміз не?
- •12. 1. Ғылым тарихынан
- •Агрономиялық химия
- •Электронды есептеуіш машина (эем)
- •Індеттану
- •Қаракөл елтірісі
- •Орман тіршілігі
- •Картоп дақылын тыңайту
- •Трактордың жалпы құрылысы
- •Валюта нарықтары
- •Наурызым қорығы.
- •Вирустар
- •Қызанақ
- •Механизм құрылымы
- •Экология
- •Экономика
- •Шартты райдың жіктелу үлгісі.
- •Қалау рай.
- •Мақал-мәтелдер
- •Бағалы аң терісінің тауарлық қасиеті және оны анықтау әдістері
- •Ауыл шаруашылығындағы үй жайлар.
- •Қаржы жүйесі
- •Машина жасау технологиясы
- •Ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыштар
- •Қарасан ауруы
- •Қаракөл қозылары
- •Литосфера
- •Экономикалық бірліктер
- •Қасиетті нан
- •Электр сымдары неге ызыңдайды?
- •Сумен жұмыс істейтін компьютор
- •Мотоциклдер неге дизельді жанармаймен жүрмейді?
- •Целлюлоза дегеніміз не?
- •Тозаң – қылмыскердің куәсі
- •Г.Т. Үстеу туралы түсінік
- •Жануарлар дыбысы.
- •Операциялық жүйе (ож)
- •Техникалық эксплуатацияның негіздері.
- •Көкөніс дақылдарын тыңайту
- •Негізгі шоттар.
- •Лимфа (сөл) жүйесінің құрылым принципі.
- •Электрлік шам
- •Көшіргіш аппарат қалай жұмыс істейді?
- •Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- •Биоотынмен автомашина жүре ме?
- •Бақалар қалай қыстайды?
- •Г.Т. Үстеудің мағыналық түрлері
- •Мезгіл үстеуі
- •Мекен үстеуі
- •Балмұздақ.
- •Жәндік жейтін өсімдік.
- •Ең лас өзен қайда ағады?
- •Капитал
- •Тағам қалдықтарынан ток алынды
- •Компьютердің жұмысын калькулятор атқарады
- •Бағалау
- •Пластиктен жанармай
- •Сүт сапасы шөптен
- •Бактериялық рак
- •Мөлшер үстеуі
- •Күшейткіш үстеу
- •Мақсат үстеуі
- •Себеп – салдар үстеуі
- •Ірі қара (сиыр)
- •Қаймақ жасау
- •Ас қорыту.
- •Микро машиналар
- •Өсімдік және музыка
- •Интернет – ол не?
- •Как были открыты витамины
- •Понятие валютного риска
- •Сүт қышқылды бактериялар
- •Жеміс бақтарына тыңайтқыштар енгізу
- •Өнер –білім, бар жұрттар
- •Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
- •Казахский архармеринос
- •Значение рыбы в жизни человека
- •Тыңайтқыш қолдану және қоршаған ортаны қорғау
- •Тікпе көшеттерді өсіру технологиясы
- •Қазақстанда қой шаруашылығының өркендеуі
- •Талшықты технология туралы
- •Сәбіз, пияз
- •Аккумулятор
- •Одағайдың түрлері.
- •15.1. Қазақ тілінің терминдік лексикасы.
- •Өсімдіктің қоректенуі
- •Түйенің түрлері, тұқымдары
- •Термос қайдан шықты
- •Тыңайтқыштар
- •Субтропикалык дақылдар тобы.
- •Тауар айналысы.
- •Бүршіктер
- •Резеңке материалдары
- •Күздік бидайды тыңайту
- •Электр жабдықтары
- •Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары
- •Мыңжапырақ
- •Сиырды азықтандыру
- •15. 6 Қорытынды сабақ
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары
1.Туынды зат есімдердің жасалу жолдарына конспект жасаңыз.
2. Оқу, білім, ғылым , жастық, денсаулық туралы мақал-мәтелдерді , қанатты сөздерді жазып, жаттаңыз.
3. „Жастар - біздің болашағымыз“ деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.
4. М.Жұмабаев „Мен жастарға сенемін“ өлеңін жаттап алыңыз.
7.1. Өнер әлемінде
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Қазақ халқының шеберлік өнері
Г.т. Сын есім
Сабақтың мақсаты: Өнер иелері, өнер түрлері, өнер жанрлары
туралы жалпы түсінік беру. Сын есімді
практикалық жолмен меңгерту.
Пайдаланылған Ж. Доспанова, С.Сәрсенбекова,
әдебиеттер: Г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”.Алматы 2002
Н.Оралбаева,Т.Әбдіғалиева Б. Шалабаев
“Практикалық қазақ тілі”.
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: Суретші, мүсінші, сазгер, ақын, кино, музыка, сурет, ән, би, сәулет, қолөнер.
220- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін мазмұнын айтып беріңіз.
Қазақ халқының шеберлік өнері
Қазақ халқының шеберлік өнері оның тұрмысымен тығыз байланысты. Қазақ халқы өз тұрмысына керек заттардың бәрін қолөнер арқылы жасаған.
Ағаш шеберлері ағаштан ойып, ою-өрнектер салып әдемі тостағандар, ожау және музыкалық аспаптар жасаған. Аңдардың мүйіздері мен сүйектерінен қобдишаларға, домбыраларға, ер-тұрмандарға әр түрлі ою-өрнек салған. Ағаш шеберлері қысқы, жазғы үйлер жасаған. Ағаштан кереует, кебеже, бесік, жүкаяқ тағы басқа бұйымдар да жасай білген.
Қазақ арасында аса шебер зергерлер болды. Олар алтын, күмістен, алуан түрлі асыл тастардан әр түрлі сақина, білезік, сырға, алқа, шолпы сияқты әшекей бұйымдарын жасаған.
Қазақ әйелдері киіз басу, кесте тігу, алаша тоқумен айналысқан. Қазақ халқы қолөнер шеберлеріне баланы жастайынан қалыптастырған.
Қазақ қолөнерінің тарихы өте бай.
221- тапсырма. Төмендегі берілген сөздермен сөз тіркесін құраңыз.
Халық, шаңырақ, қолөнер, сахна, өнер, зерттеуші, әшекей, кино, ақын, мүсін.
222- тапсырма ''Сен мұражайға бардың ба?'' мәтінін оқып, сын есімдерді көшіріп жазыңыз
Алматы қаласындағы мәдениет орындарының бірі болып саналатын академик- жазушы Сәбит Мұқанов мұражайы келуші қонақтардан арылған емес. Бүгін біз мұражайға жолы түспегендер үшін сырттай саяхат жасаймыз.
Мұражай іші үлкен екі бөлмеден тұрады. Ол “Әдеби бөлім” және “Мемориалдық бөлім” деп аталады.
Бірінші бөлімнің айтары көп. Сендер жазушы өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәліметті осыдан аласыңдар. Мұнда қаламгер өмірінің барлық кезеңін қамтитын экспонаттар бар. “Туған ауыл”, “Молдадан оқу” деп аталатын картиналар, жастық шағын өткізген үй макеті де осында. 1914 жылы Сәбит халық мұғалімі С.Көбеевпен жолығады. Ол кісі бала Сәбитке өзінің “Үлгілі бала” атты кітабын сыйға тартады. Мұнда жазушы туындыларының қолжазбаларын көруге болады.
Ал мемориалдық бөлімде жазушының жұмыс істейтін, қабылдау және демалыс бөлмелері толық сақталған. Мұражайға келген қонақтар, оның ішінде балалар да, жазушының зайыбы Мәриям апаймен сырласып, әсерлі әңгімелер тыңдайды. Сондай-ақ, көршілес елде түсірілген кино журнал мен “Көк жорға аттың үстінде” атты фотодокументтер жиынтығы музей мұрасын толықтыра түсті.
Мұражай есігі өздерің үшін әрдайым ашық, жас достар!
223-тапсырма. Сұхбатты оқып, “Кім қандай өнерді жақсы көреді” деген тақырыпта екеуара сөйлесіңіздер.
Абай: Қанат, сен қандай өнерді жақсы көресің?
Қанат: Ағашпен жұмыс істеуді ұнатамын. Ағаштан бейнелер жасау, өрнек салу мені өте қызықтырады. Ал өзің ше?
Абай: Мен техниканы жақсы көремін. Машина тетіктерінің бәрін білгім келеді.
Қанат: Машинаның жаңа үлгісін жасағың келе ме?
Абай: Иә, техникалық мамандықты таңдауым да сондықтан.
Қанат: Мен ағаштан үй жиһаздарын жасайтын шебер болғым келеді.
Г.т Сын есім
Сын есім дегеніміз - заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай? Мысалы: ақ, қара, сары, көк, жылы, аласа, кіші, тірі, қалың, т.б.
Сын есім құрамына қарай негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейміз.
Мысалы: тұнық, суық, жарық, толық, жабық, ақылды, ақ, биік, жақсы т.б.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.Мысалы: кеш-кі ауа, өнер-лі жігіт т.б.
224-тапсырма. Адамның кескін-келбетін жасауға қатысты сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
Адамның мінез-құлқын жасау үшін қажетті тірек сөздер: ашық маңдай, кең маңдай, тар маңдай, жазық маңдай, қою шаш, бұйра шаш, қара шаш.
Көз: күлім көз, мөлдір көз, бадырақ көз, өткір көз.
Жүз (бет-әлпет, келбет), түр: ат жақты, бүйрек бет, қара торы, ақшыл сары, ақ сақалды, қара мұртты, қалың қабақты, ашық қабақ.
Дене: кең иықты, шағын денелі, шымыр, қортық, ұзын бойлы.
Бел: қыпша бел, нәзік бел, құмырсқа бел.
Қас: жіңішке қас, имек қас, ұзын қас, қою қас.
Мінез-құлыққа байланысты: жайдары мінез, тұйық мінез, ақжарқын мінез, кеңпейіл, инабатты, ақкөңіл, мейірімді, дөрекі, қатал.
225–тапсырма. Көп нүктенің орнына сын есімнің тиісті жұрнағын қойыңыз.
Көрік…. қыз. Аудан…. кітапхана. Әдеп…. бала- ар… бала, әдеп… бала- сор… бала. Қар… жер. Кеш… самал жел.
7.2
Сабақтың тақырыбы: Л.т. Қазақ музыкасы - өмір айнасы
Сабақтың мақсаты: Қазақтың музыка өнері мен оны зерттеушілер жайлы
жалпы мағлұмат беру.
Пайдаланылған Ж. Доспанова, С.Сәрсенбекова,
әдебиеттер: Г.Шаһарман “Практикалық қазақ тілі”.Алматы 2002
Н.Оралбаева,Т.Әбдіғалиева Б. Шалабаев
“Практикалық қазақ тілі”.
Жаңа сабақ:
Тірек сөздер: Сазгер, өнер, ұлттық музыка, музыка аспабы, ғасыр, өмір.
226- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін мазмұнын айтып беріңіз.
