Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_tili_6_kredit (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Жер кадастрының қазіргі міндеттері мен мазмұны

Жер заңдары бойынша «Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасуы, нысаналы пайдаланылуы, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерін бағалау туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады».

Мемлекеттік жер кадастрында қамтылатын мәліметтер тізіміне сәйкес, оның негізгі құрам бөліктері белгіленеді:

  1. Жерді сандық және сапалық есепке алу;

  2. Жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды тіркеу;

  3. Жерді бағалау, топырақты бонитеттеу және экономикалық бағалау (аналитикалық- балдық немесе құндық-ақшалай);

Жүргізілген жерге орналастырулық және арнайы кадастрлық, соның ішінде бағалау жұмыстарының нәтижесінде, жазба (аналитикалық) және сызба (карталар, картограммалар, графиктер т.б.) материалдар қамтитын, мәліметтер банкін жасау мемлекеттік жер кадастрының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

340-тапсырма. Мамандыққа сай мәтінді мәнерлеп оқып, мәтінге сәйкес 5 сұрақ әзірлеңіз.

Г.т. Негізгі және көмекші етістік.

Етістіктер білдіретін мағынасына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрлі: негізгі етістік және көмекші етістік болып бөлінеді. Жеке сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталады. Өз алдына жеке сөйлем мүшесі бола алмайтын, толық мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктер мен есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.

Қазақ тілінде етістіктердің біразы әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді. Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады. (Ы.А.) Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан (А.) Осы сөйлемдерде жатып, болма, болсаң дегендер көмекші етістік болса, қонақтар жатып қалыпты, сен үйде болма, үйде болсаң, жұмыс істе деген сөйлемдерде олар – негізгі етістіктер. Керісінше айтқым келеді, таудан асып барады т.б. дегенде келеді, барады – көмекші етістік те, айтқым, асып – негізгі етістіктер.

Қазақ тілінде тек төрт етістік көмекші мәнінде қолданылып негізгі етістік болып жұмсалмайды. Олар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деп, десе, деген, дер). Бұлар – лексикалық мағынасынан бүтіндей айырылып қалған етістіктер. Мысалы: Оны әлі күнге ырқынан шығарған емес. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп еді.

341-тапсырма. Төменде берілген көмекші етістіктерді

қатыстырып сөйлем құраңыз.

е, ет, еді, екен, емес, деп, десе, деген.

342-тапсырма. Төменде берілген сөйлемге морфологиялық

талдау жасаңыз.

Ежелгі ғасырлардан бастап бүгінгі күнге дейін ұлы ғалымдар көптеген жаңалықтар ашты.

343-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, тезис үлгісін жасаңыз.

10.4

Сабақтың тақырыбы: Л.т. Стиль оның түрлері

Сабақтың мақсаты : Студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлерін,

оның стильдік ерекшеліктерін үйрете отырып, ғылыми

жұмыстардың мақсаты мен түрлерін айқындау.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. С.Исаев «Қазақ тілі» 72б. 1993 жыл.

2. Н.Егіншібаева «Қазақ тілі», оқу құралы 67б.

2001 жыл.

3. А. Құсайынов «Энергетикалық мамандыққа

кіріспе». А.1994 ж.

4. З.Д. Дүйсенбеков «Жерге орналастырудың

және кадастрдың ғылыми негіздері».

А.2004 ж

5. Т.Тазабеков, Е.Тазабекова «Топырақтану

түсіндірме сөздігі» А.1993 ж.

6. С.Әкімбеков, А.Баймұхаметова,

А.Жанайдаров «Экономикалық теория»

А. 2000 ж.

7. Қ.Б. Бияшев, Ш.Ж. Тұрсынқұлов т.б.

«Ветеринария ісін ұйымдастыру». А.1999 ж.

Жаңа сабақ.

Тірек сөздер. Стиль, жазба әдебиеті, тіл байлықтары, саясат, мәдениет, ақпарат, ресми, іс қағаздар, публицистика.

344 – тапсырма . Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.

Стиль оның түрлері.

Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.

Стиль –латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді.

Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған.

Әдеби тіл – жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттік дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы кеңейе түседі. Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениет арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу – ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер – білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынандай стильдік тармақтары бар :

  1. ресми іс қағаздар тілінің стилі;

  2. публицистикалық стиль;

  3. ғылыми – көпшілік әдебиет стилі;

  4. көркем әдебиет стилі;

  5. ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

Ресми іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да,ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты.

Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады.

Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті,хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме,хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әрқайсысының бүрыннан белгілі бірынғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.

Публицистикалық стиль. Публицистика латын сөзі, көпшілік, әлеумет мағынасын береді. Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге газет – журнал тілінің, әдеби сын мақалалар тілінің, очерктер тілінің стилі жатады. Қазіргі әдеби тіл жүйесінде публицистикалық стиль өзіне тән дербестік, ерекшеліктерімен қалыптасып, ілгері дамып келеді. Бұл қазақ халқының баспасөз мәдениетінің, тілдік, қоғамдық санасының өскендігінің айғағы. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт –насихаттық сипат береді. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады (мақала, информациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, радио мен телевизордан берілетін хабарлар т.б.).

345 – тапсырма. Төмендегі орны ауысқан сөздерді ретімен жазыңыз.

1. Қаласы, біздің, халықтың, қасиетті, Түркістан, жері.

2. Ерекше, тарихта, қаласының, Түркістан, алатын, орны.

3. Келді, Қожа Ахмет Йасауи, көне Йасы, XII ғасырда, дүниеге, шаһарында.

3. Ақын, философ, жазушы, ол, белгілі, әлемге, адам, болды.

5. Қожа Ахмет Йасауиге, кесене, XIV ғасырдың, аяғында, Ақсақ Темір, орнатты.

6. Сол уақыттан бері, орталығы болды, Түркістан, халқымыздың, рухани, және, саяси.

346 – тапсырма. Төмендегі етістіктердің синонимдерін тауып жазыңыздар.

1. Ақылдасу. Көркейген. Танысу. Дидарласу. Өскен. Сауығу.

347– тапсырма. Мына етістіктер қай мақал-мәтелдерде кездеседі?

1. Болсаң, бол. 2. Сөкпе, төкпе. 3. Жабылса, табылады. 4. Берсең де, берме. 5. Болмай, болмас. 6. Иісе, иір. 7. Ексең, ішерсің. 8. Ойнап, ойлап.

348- тапсырма.Төмендегі тақырыптардың біріне шағын әңгіме жазыңыз.

1. Менің сүйікті пәнім.

2. Өнер алды – қызыл тіл.

3. А. Байтұрсынұлы – тілші-ғалым.

4. Біздің қоғамға кімдер керек?

5. Ұстаз ұлағаты.

349 – тапсырма. Баспасөз бетінде жарияланған бірнеше мақаланы оқып, мақаланың публицистикалық стильде жазылғанын мысалдармен дәлелдеңіз.

10.5

Сабақтың тақырыбы: Л.т. Рецензия

Г.т. Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының

түрлерін, оның стильдік ерекшеліктерін үйрете

отырып, ғылыми жұмыстардың мақсаты мен

түрлерін айқындау арқылы пікір жазуды меңгерту.

Пайдаланылған

әдебиеттер: С.Исаев «Қазақ тілі» 72б. 1993 жыл.

Н.Егіншібаева «Қазақ тілің, оқу құралы 67б.

2001 жыл.

А. Құсайынов «Энергетикалық мамандыққа

кіріспе». А.1994 ж.

З.Д. Дүйсенбеков «Жерге орналастырудың

және кадастрдың ғылыми негіздері».

А.2004 ж

Т.Тазабеков, Е.Тазабекова «Топырақтану

түсіндірме сөздігі» А.1993 ж.

С.Әкімбеков, А.Баймұхаметова,

А.Жанайдаров «Экономикалық теория»

А. 2000 ж.

Қ.Б. Бияшев, Ш.Ж. Тұрсынқұлов т.б.

«Ветеринария ісін ұйымдастыру». А.1999 ж.

Жаңа сабақ:

Тірек сөздер: қысқаша шолу, өзекті мәселе, жан-жақты қарастыру, сыни

пікір, мақала, дипломдық жұмыс.

350 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]